Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Очетка дайын.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28 Кб
Скачать

4. Қозғалтқыш, салқындату және сылау жүйелері

Мотор сенімді, үздіксіз және діріл – соққысыз, автомобильдердің динамикалық (тартымдылық) қасиетін, жанармай және жағармай шығынының белгіленген нормадан аспауын қамтамасыз ететін жағдайда жұмыс істелуі қажет.

Поршеннің цилиндр қабырғаларына тиіп тұратын бөлігі тозады. Майлаудың жеткіліксіз болуынан немесе поршень мен цилиндрдің қабырғаларының арасындағы саңылаудың жеткіліксіз болуынан, поршеннің цилиндр қабырғаларын жыртып, тырнауы мүмкін. Сондықтан ол ақауы болдырмас үшін поршенді салу барысында цилиндр қабырғалары арасында, нормативті саңылау қалдырып,үйкеліске түсетін, яғни поршеньмен цилиндр қабырғаларының арасына жеткілікті етіп, майлау жұмыстары жүргізіледі. осындай жұмыс Газель автокөлігіне жүргізілген болатын. Ең алдымен машинаны көлік көтергішке түзеу кіргізу керек. Көтергіштің төрт қалақшасын машинаның астыңғы бөлігіне машинаға зақым келмейтіндей етіп қою керек. Алдымен капотты ашып, маторға бекіп тұрған бөлшектерді шешіп аламыз. Сонан соң мотордың раммаға бекіп тұрған болттарын, гайкаларын ағытамыз. Гайкалардың резбалары дат басып шешілмей қалуы мүмкін. Арнайы датқа шашатын сұйықтықты шашу арқылы оның ағытылуын оңайлатамыз. Тек болт гайкаларды сындырып алмауымыз керек. Сонан соң машинаны көтеріп астыңғы бөлігін ағытамыз. Бәрін ағытып алмас бұрын моторға тіреу қойылады. Толық ағытып әріптестеріңнің көмегімен мотор ағытылып алынады. Поршень цилиндр бөлігі шешіліп, жоғарыда айтылған жөндеу жұмыстары орындалып, қайта жиналынады. Қайта көтеріліп мотор орнына салынады. Алдымен астыңғы бөлігін бекітеміз. Қосымша тіреулер қойылады. Машина төмен түсіріліп үстіңгі бөлігі бекітіліп, ағытылған бөлшектерді қайта бекітеміз. Мотордың бекінісін тексеріп болт, гайкаларын нормаға сай тартылғанын қадағалау керек. Моторды іске қосып жұмыс істеп тұрғанын тексеріп, көтергіш қалақшасынан босатып көлікті шығарады.

Салқындату жүйесі бұзылса мотор аса қызып кетеді де, әсіресе ауыр жүк тиелгенде радиатордағы суды қайнатып жібереді.

Фольксваген Пассат авто көлігі ауаға қатысы бар себептерден жете суымай қалып желдеткіш белдігі тұрып қалғанына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Көлікті жөндеу орнына кіргізіп, желдеткіш белдігін тарту жұмыстары орындалуы қажет. Желдеткіш белдігін тек моторды тоқтатып барып тарту қажет әйтпесе белдік айналып қолына зақым келуі мүмкін. Моторды тоқтатып капотты ашып желдеткіш белдігін өзінің нормативті өлшеміне сай тартылды. Капотты жауып жұмыс істеу барысы тектеріліп, оған қосымша салқындату жүйесін тазалау, күту жұмыстары жүргізілуі керек екендігі түсіндірілді.

5. Сіңіру жүйесі

Отын беру жүйесінің жұмысты дұрыс істеуі негізінен алғанда мотордың жұмыстың қалыпты түрде істеуін жолға салады. Яғни отынның жұмсалуы тиімді болып келгенде, мотордан талап етілетіндей қуат алуды қамтамасыз етеді мотор жұмыс үзбей істейтін болады. Автокөліктің қоректендіру жүйесіне жиі-жиі тексеру жұмыстары жүргізіліп отырған жөн.

Тайота Камри – 20 автокөлігінің қоректендіру жүйесіне тексеру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Ең алдымен көліктің отын багының тесік еместігін және оның тазалығын тексердік. Бактың отын сүзгілері сонымен қатар қалтқы камерасының жұмыс істеуін және тазалығын тексердік. Тексеру жұмыстары болған соң корбюратордың толық бекіп тұрғандығы тексерілді. Соңында бүкіл отын беру жүйесі таза ұсталуы керектігі. Отын бактерін мезгіл-мезгіл алып жуып отыру керектігі, бактың отын сүзгілері, сондай-ақ қалтқы камерасының сүзгіші де тазартылып, жуылып отыруы керектігі, ауа тазартқышы да дер кезінде жуылып отыруы керектігі түсіндірілді.

Отынның нашар тозаңдатылып, нашар жануын тудыратын форсунканың ақаулары нашар жинастырылудан және қызып кетуден, иненің қарысып қалуы салдарынан, отынның ағынының біркелкі болмауынан, бүркудің қысымы бірқалыпты болуынан ағынның тозаңдалу корпусы дұрыс болмауынан тозаңдатқышта кір болуынан, ине және шектегіштің арасындағы саңылаудың қалыптағыдай болмауынан болады.

Тайота Лэнд Крузер Прадо-120 көлігінің форсункасы бітеліп, кірлеп қалуына байланысты тазалау жұмысы жүргізілген болатын. Көліктің форсункасын алып бензинге немесе дизильге малынған кішкене ағаш шыбықпен тазалап, форсунканың инесін әбден таза, түпсіз шүберекпен тазаладық. Қатты үшкір заттарды- наждап қағазбен, қырғышбен пайдалануға болмайды. Тазалай жұмысынан кейін инені форсунканың корпусына орнатпастан бұрын оны таза дизель отынмен майладық. Форсунканы моторға орнатқанда оның тесігінің бітеліп қалмағандығын тексеріп, сорғының отын беретінін, түтікте ауаның тоқтығын біліп алып барып салдық.

Кейде дизельдің салмақсыз, аз айналыспен жұмыс істеуі немесе сапасыз отынды пайдалануы салдарынан форсунка соплосының бетіне құрым тұнып қалады. Соплоның бетінде құрым болуы отынның толық жанбауына, түтін шығуына әкеп соғады. Құрымды қырып алу жұмысын, тозаңдатқыш инесінің ұшын бүлдіріп алмау үшін мұқият, есеппен жүргізу керек.