Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Очетка дайын.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28 Кб
Скачать
☆

9. Тежегіш жүйесі

Автомобильдер мен тракторларды жүргізу қауіпсіздігі тежеуіштердің түзулігіне және оны шебер пайдалануға байланысты болады. Пайдалану барысында жиі, әрі кенеттен тежеуден аулақ болу керек, өйткені ол тежеу колодкаларының фрикциялық жапсырма мен тежеуіш барабандарының жылдам тозуына соқтырады.

Фольксваген Гольф – 3 көлігінің тежеуіш жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Автомобильдердің алдыңғы тежеуіш колодкаларының желінуіне байланысты көлікті толық тоқтату қиындыққа соққан. Соған бейім қып, тежеуіш басқышына басқаша реттеу жұмысы жүргізілген екен. Соны қалпына келтіру үшін және колодкаларын ауыстыру үшін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Алдымен көлікті жөндеу орнына кіргізіп, доңғалағын ағытамыз. Суппорттың болттарын ағытып, колодкаларды қысып тұрған тежеуіш поршенін кері итеру арқылы колодкаларды босатып аламыз. Сөйтіп жаңа колодкалардың оған сәйкес келетіндігін тексереміз. Егер қалыңдау болып жатса, колотканы қажетінше жонып орнына саламыз. Оны тежеуіш дискісіне бекітіп, суппорттың болттарын қатайтып бұраймыз. Сонан соң тежеуіш басқышына реттеу жұмысы жүргізіледі. Басқыш еркін әрі өте қатты баспай-ақ тежеуге болатындай етіп реттеледі. Доңғалақты салмастан бұрын сұйықтық шлангтерінің бүтін егендігін тексерілді. Одан кейін доңғалақты салып гайкаларын керегінше қатайтамыз. Көлікті көтергіштен түсіріп, жөндеу орнынан шығарамыз.

10. Жүру бөлімі

Жүріс бөлігі жетекші доңғалақтың жартылай осіне берілетін айналдыру моментін трактордың не автомобильдің ілгерілемелі қозғалысына түрлендіреді. Ол рамадан, аспадан және қозғалтқыштан тұрады. Раманың басты ақауларына, олардың тойтарма бекімелерінің босауы, майысу жатады. Тойтарма бекіткіштерінің босауын, автомобиль жүрісінде діріл пайда болуынан байқауға болады. Оны балғамен раманы соғу арқылы да байқап біледі. Жарық пен майысуын сырттай бақылап байқауға болады.

Жөндеу мекемесіне Мерседец Бэнс – 190 көлігі жүріс бөлігіне жөндеу жұмыстарын жасатуға келген болатын. Көлікті жөндеу орнына кіргізіп, ауыстыратынбөлшектерін анықтап, көлік иесінен сұрап, жаңа бөлшектерін қабылдап алдық. Ол көлік жүріс бөлігінің шар опорын, сергасын, алдыңғы екі аспа серіппесін ауыстыру керек. Көлікті жөндеу орнына кіргізіп, көтергішпен көтереміз. Доңғалағын ағытып алып, рычагты ағытып аламыз. Сергасын және шар опорын бөлек ағытып орнына жаңасын саламыз. Оны салмастан бұрын алдыңғы аспаны капотты ашып аспаның жоғарғы бөлігін және төменнен ағытып аламыз. Оны серіппе қысқышқа апарып, серіппесін қысып, ағытып аламыз. Орнына жаңа серіппе салып бекітеміз. Аспаны орнына бекітіп саламыз. Сонан соң рычагты салып, болттарын бекітіп, шар опорының болтын және гайкасын қатайтамыз. Сергасын келтіріп гайкасын тартып, доңғалақты орнына саламыз

11. Кабина, платформа және қауырсын

Кабинаның негізгі ақауларына майысып қалуы, жапырылып кетуі, және дат басып коррозияға ұшырау жатады. Көлік жөндеу мекемесіне Ауди – 80 көлігі келген болатын. Қауырсынының ішке қарай майысып сыры кеткен екен. Сонымен қатар тозып қиылып қалуға қораған. Көлікті жөндеу мекемесіне кіргісіп, доңғалағын ағытып, көліктің қауырсынына түзету жұмыстары жүргізіледі. Оны арнайы тегістегіштермен және балғаның көмегімен іске асырады. Тегістеу барысында қауырсынды тесіп алмау керек. Қауырсын тегістелген соң. Кір қалқанды шешіп алып тастап оның орнына жаңасын салдық. Түзету жұмыстарынан соң доңғалақты салып гайкаларын орнына қатайтамыз. Есіктерінің құлыптары жағдайымен әрекетін тексеріп, есіктің толық ашып жабылуын тексердік. Көлікті көтергішпен көтеріп, астына түсіп, жанармай багын бүтін екендігін тексердік. Тексеру жұмыстарынан кейін. Көлік төмен түсіріліп, көтергіштен алынды.