- •1. Мекемемен танысу. Қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж.
- •2 . Автомобильдерге тқк және аж бойынша жұмыстар
- •3. Автомобильдерді жалпы қарау
- •4. Қозғалтқыш, салқындату және сылау жүйелері
- •6. Ілінісу, арна қорабы, кардан қорабы
- •8. Көпір және рульдік басқару
- •9. Тежегіш жүйесі
- •11. Кабина, платформа және қауырсын
- •12. Автомобильдің электр құралжабдықтары
- •13. Сылау – тазарту жұмыстары
6. Ілінісу, арна қорабы, кардан қорабы
Автомобильді пайдалану кезінде ілініс толық қосылмай, не толық ажырамауы мүмкін. Оның толық қосылмауы немесе автомобильдің орнынан қозғалмауы сығымдауыш подшипнигі мен сығу рычагының арасында саңылаудың болмауынан дискілердің майлануынан, фрикциялық жапсырманың желінуінен, басқыш серіппесінің босап кетуінен болады. Іліністің толық ажырамауы салдарынан Митцубици Паджеро көлігі жөндеу орнына келген болатын. Оны жөндеу орнына кіргезгеннен кейін оның ілінісін қорап, ақауын тауып алады. Ақауы ілініс тартқышының ұзындығы нормаға сай келмейтіндіктен толық ажырамайды. Сондықтан оның ілініс тартқышының ұзындығын өзгерте отырып, басқыштың еркін қозғалуын қадағалау керек.
BMW-5 көлік жөндеу мекемесіне беріліс қорабынан май ағуына және корпустың қосылған жерінен немесе корпуспен қақпақша арасындағы аралық төлемнің нашар болуына байланысты келген болатын. Май ағуды корпустың қосылған жеріндегі болт пен гайканы қаттырақ тарту арқылы тоқтатуға болады. Бірақ аралық төлемнің нашарлануына байланысты май тоқтамауы мүмкін. Сондықтан аралық төлемді алмастырамыз. Ол үшін беріліс қорабының майын таза ыдысқа құйып аламыз. Корпустың қақпашасын шешіп аламыз. Аралық төлемнің жаңасын салып, қақпақшасын қайта бекітеміз. Арасынан май ақпас үшін болт пен гайкаларын қаттырақ тартамыз.
Ваз 2121 “Нива” көлігінің кардан қорабына қарау жұмысы жүргізіледі. соның нәтижесінде карданды біліп арнайы стендтерде теңгеріледі. Егер дұрыс теңгерілмеген кезде діріл күшейіп, карданды беріліс пен трансмессияға түсетін қосымша жүк шамадан артып кетеді.
7. Артқы көпір
Жалпы пайдаланылатын автомобильдердің алдыңғы және артқы жетекші белдігі болады. Корпусынан басқа екі белдіктің құрылымы бірдей. Олар жетекші белдіктерден, корпустан, басты берілістен және дифференциалдан тұрады.
ВАЗ 2121 “Нива” көлігінің артқы көпіріне жөндеу мекемесінде тексеру жұмыстары жүргізілген болатын. Автомобильдің жетекші белдігінің негізгі ақауларына; майдың ағуы, тежеуіштің нашар жұмысы, жетекші белдік механизмдерінің шуылының артуы және қызып кетуіне себепші бөлшектердің тозуы немесе олардың сынуы жататынын ескере отырып тексеру жүргізілді. Көлікті көтергішке қойып, жоғары көтердік. Артқы көпірінен майдың ақпағанын тексердік, көлікті оталдырып, артқы көпірді іске қосып оның шуылы тексерілді. Тексеру жұмыстарынан соң артқы көпірдің майын ауыстырдық. Майын бүтін ыдысқа құйып алып, орнына қажетіне сай жаңа май құйдық. Ластанған жерін сүртіп, қақпақтары жабылды.
Дифференциаль тозғанда шуыл тек бұрылыста туындайды. Егер май аз болса, үстеп құяды, сынған не тозған бөлшекті алмастырады. Май аз болғанда шестрнялар мен подшипниктер тозғанда не тісі сынғанда да шуыл мен тарсыл пайда болады.
8. Көпір және рульдік басқару
Рульдік басқару автомобильдің жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Басқарудағы мардымсыз қиыншылықтардың өзі жол апатына ұшыраудың себебі болуы мүмкін.
Мазда-626 көлігі жөндеу мекемесіне көліктің астынан майдың ағып кетуіне байланысты келген болатын. Машинаны кіргізіп, көтергішке қойылды. Көтергіш арқылы машинаны жоғары көтеріп, оның астына кіріп, май ағып тұрған жер тексерілді. Ол көліктің рульдік рейкасы. Рульдік рейкадан май кетіп, екі жағындағы пильниктері жыртылған. Сондықтан рейканы, пильниктерді ауыстыру керек болды. Көліктің қожайынына мән-жай түсіндіріліп, ол аталған бөлшектердің жаңасын алып келді. Алдыңғы екі доңғалақты ағытып, наконечниктерді екі жағын, сонан соң рульдік рейканың бекіп тұрған болттарын ағытып бір жағынан жайлап аламыз. Алған соң рульдік рейканы екі жағындағы рульдік тягасын ағытып алып жаңа рейкаға бекітеміз. Сол аралықта оның пильниктерін ауыстырып аламыз. Пильниктерін салып, оған сәйкес келетін хамуттармен қысып бекітеміз. Рульдік тяганы рейкаға бекіткен соң оны көліктің алған жағымыздан қайтадан салдық. Оны болттармен бекітіп, наконечнигін салып, доңғалақтарының бірдей болуы үшін ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Одан соң доңғалақтарын салып, рульдік механизімінің сұйықтығын қажетінше үстеп құйдық. Көлікті оталдырып, рульдің еркін бұрылуын, доңғалақтың арақашықтығының дұрыс екендігіне көз жеткізіп, оны көтергіштен түсіріп, қалақшаларын алып тастаймыз. Жөндеу орнынан машина шығарылып, жұмыс орнындағы құрал – саймандар жинастырылды.
