- •1. Мекемемен танысу. Қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж.
- •2 . Автомобильдерге тқк және аж бойынша жұмыстар
- •3. Автомобильдерді жалпы қарау
- •4. Қозғалтқыш, салқындату және сылау жүйелері
- •6. Ілінісу, арна қорабы, кардан қорабы
- •8. Көпір және рульдік басқару
- •9. Тежегіш жүйесі
- •11. Кабина, платформа және қауырсын
- •12. Автомобильдің электр құралжабдықтары
- •13. Сылау – тазарту жұмыстары
1. Мекемемен танысу. Қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж.
Жөндеу мекемелері түрлі жұмыстар жүргізеді, осы жұмыстар кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптары қатаң түрде сақталуы керек.
Өндірістік тәжірибеге кірер алдында және жұмыс барысында көлік жөндеу мекемесімен, оның ерекшеліктерімен, еңбекті қорғаудың жалпы заңдылығымен, өрт қауіпсіздігі ережелері және мекемеде жұмыс жасау кезінде кездесетін қауіпті жағдайлармен таныстыру үшін инструктаж жүргізіледі.
2 . Автомобильдерге тқк және аж бойынша жұмыстар
Көліктерді жөндеу мекемесінің атауы ТОО “ПАТП”. Мекеме бойынша 2 бокс жұмыс істейді.2 яма бар . Мекеменің жұмыс уақыты таңғы 8.30-ден 17:00-ге дейін жұмыс жасайды, жәнеде сенбі жексенбі күні демалыс. Негізінен жүргізілетін жұмыстар автокөліктің ходовкасынан бастап барлық бөлшектерін жөндейді. Атап кететін болсам, амортизаторларын, рульдік тяга, рульдік рейка, шар опорын, ступица, подщибниктерін, саленблоктар және ілініс жүйесін, каропканың передосын және корзинасын қарау және ауыстыру, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тежеуіш жүйесін реттеу, колоткаларын ауыстыру жұмыстары, көлікке бақылау және техникалық бақылау жұмыстары орындалады. Алдыңғы және артқы көпір мотор майларын ауыстыру және т.б. қызметтер көрсетіледі.
Көлік жөндеу кезінде қауіпсіздік ережесі қатаң сақталған жөн. Көлік көтергішпен жұмыс істегенде машинаны көтергіштің 4 қалақшасына қоя білу керек. Көтеру барысында көліктің төбесі тиіп қалмауын қарау керек. Әйтпесе көліктің төбесін сырып немесе майыстырып кетуі мумкін. Көлік астында жүргенде козл топырақ майдың ағып кетуінен сақтану керек. Болт және гайкаларды ағыту кезінде сындырып алудан, кілт бұрау кезінде, бөлшектерді шешуде қолдың қысылып қалуынан, жырылып қалуынан сақтану және жұмыс кезінде қолғап киіп жүру керек.
Автомобильдерге ТҚК көрсеткенде, өндіріс құралдарына техникалық процестерді ұйымдастырылғанда қойылатын санитарлық ережелермен гигиена талаптарын, сондай – ақ мемлекеттік стандарт талаптарын дұрыс орындау керек.
Автомобильдер мен сынақтарды маусымдық ТҚК кезінде байқалған сынақтарды қарап, талдап, өңдеп жөндеуіміз керек. Автомобильді пайдалануға бермес бұрын тексеруге бағытталған сынақтарды ТҚК бөлімшесінде жүргізіп байқайды.
Автомобильдер мен тіркемелерге ТҚК – 1 және ТҚК – 2 ауыспалы агрегаттардың көмегімен жұмыс орнында жасалады, отын және жағармай құю операцияларын жүргізгенде автомобильдің негізгі бөлімдеріне шаң, топырақ және ылғал түспеуі керек. Жұмыстан кейін автомобильдің бөлшектерінен алынған майларды гидравликалық жүйенің сұйықтарын, ТҚК кезінде алынған басқада мұнай өнімдерін арнайы ыдысқа жинап. Есебін жүргізеді. Жұмыстан шыққан мұнай өнімдерін жерге төгуге болмайды. Күрделі немесе ағымдағы жөндеу алдында ТҚК – 2 жүргіздей диагностикаға жіберіп, оны жұмысқа пайдалануға немесе жөндеуге қойылатыны анықталады.
3. Автомобильдерді жалпы қарау
Автомобильдерді жалпы қарау уақытылы жасатылып тұрған жөн. Жалпы қарау автокөліктің тозып, бұзылып яғни істен шығып тұрған жерлерін (бөлшектерін) дер кезінде анықтау мақсатында жүргізіледі.
Opel Vectra автокөлігі жөндеу мекемесіне көліктің жүріс бөлігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында келген болатын. Көлікті кіргізіп, көтергішке орналастырдық. Көлікті жоғары көтеріп, доңғалақты төмен қозғалту арқылы және екі қапталға қозғалту арқылы шар опорын, сергасын, рульдік рейкасын тексереміз. Онан соң монтажка алып сол арқылы рычагтың саленблоктарын қараймыз. Шар опорының пильнигін, рульдік рейканың пильниктерін қараймыз. Көліктің подвескасын, серіппесін, стойкаларын, көлікті жоғарыдан салмақ салу арқылы тексереміз. Сонымен қатар подвеска пильниктерінің бүтіндігін тексереміз. Доңғалақтың пильниктерін доңғалақты айналдыру арқылы анықтаймыз. Арна қорабынан, кардан қорабынан, көпірінен майдың ағып тұрмағандығын тексереміз. Капотты ашып, мотор майының деңгейін, иісін, түсін байқаймыз. Тексеру жұмыстарын аяқтаған соң көлікті көтергіштен түсіріп, арнайы жалпы қарау қағазына көліктің ауыстыруы керек бөлшектерін белгілеп беремиз.
