Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акпарат 2222.doc новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.99 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН

Оқу және оқу ісі жөніндегі проректор ___________ Төребаева К.Ж.

«___» ___________ 2016

5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арналған

OUAKTKA 3305-«Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесі»

курсының

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ақтөбе

2016

І. ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ КУРСЫН ҚҰРАСТЫРҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН

Орындаушылар:

«Білім беру педагогикасы және психолгиясы»

кафедрасының профессоры, п.ғ.д. _______ Курманова Б.Ж.

«___» ___________ 2016ж.

«Білім беру педагогикасы және психолгиясы»

кафедрасының

_______ «___» ___________ 2016ж.

Жауапты орындаушы-кафедра меңгерушісі

«Білім беру педагогикасы және психологиясы»

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент _______ Жукенова Г.Б.

«___» ___________ 2016ж.

ІІ КАФЕДРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНҒАН

Хаттама № __ «___» ___________ 2016ж.

ІІІ РЕЦЕНЗЕНТ

П.ғ.к., доцент _______ Сейтенова С.С.

«___» ___________ 2016ж.

IV ИНСТИТУТТЫҢ ОӘК БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Хаттама № __ «___» ___________ 2016ж.

V Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ОӘК ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Хаттама № __ «___» ___________ 2016ж.

VI АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20_ жыл

ТЕКСЕРІС УАҚЫТЫ 1 жыл

VIІ ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ

Алғысөз

Бүгінгі күнгі әлемдік деңгейдегі өзгерістердің білім саласына енуі, адам қызметінің барлық саласының сандық технологияларға көшуі қоғамның өндіруші күшіне өз әсерін тигізетін тұрақты заңдылықтарды қалыптастыруда. Ақпараттар ағынының көбеюі, еңбек, білім беру саласындағы технологиялардың жедел өзгеруі, заманның ерекшелігі болып табылатын ғылыми және ақпараттық технологиялардың адам өміріне енуі, оны өңдеуші техниканың жедел бағдарламалану қажеттілігі өз кезегінде барлық әлеуметтік салада кәсіби шебер маманға деген сұраныстың өсуіне әкеліп отыр.

Ұсынылып отырған таңдау компонентінің пәнінің мақсаты студенттерге қазіргі кездегі білім мен оқытуда қолданып жүйрген ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мәні мен мағынасын, атқаратын рөлі мен білім берудегі алатын орнын, оқыту үдерісіндегі қызметін анықтап көрсету және осы пән аясындағы негізгі ұғымдар мен терминдерді меңгертіп, алған білімдерін тәжірибелік тұрғыда қолдана біліге төселдірі болып табылады. Осыған байланыст мына міндеттер қойылады:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бүгінгі білім беру мен оқудағы диадктикалық мәні мен оқыту үдерісіндегі қызметі, әдістемелік мүмкіншіліктері мен оларды қолдану арқылы ұйымадстырылатын сабақтардың түрлері туралы білім қалыптастыру;

  • ақпараттық-комуникациялық технологиялардың дидактикалық қасиеттерін анықтап көрсету және оқыту үдерісінде қолдану барысындағы әдістемелік ерекшеліктерді игерту және тәжірибе жүзінде қолдана білуге төселдіру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқу ақпаратының оңтайлы құрылымын жасау мен пән материалдарын игертудегі тиімді әдістер жүйесін игертіп, оларды тәжірибеде пайдалануға дағдыландыру;

  • электронды оқу басылымдарының жасалу ерекшеліктері мен оларға қойылатын талаптармен таныстыру және электронды оқу құралын дайындаудың алғашқы тәжірибелерін дайын бағдарламалар арқылы игерту.

Курстың жалпы сағат саны – 3 кредит (45 сағат), 2 кредит лекция (30 сағат), 1 кредит практикалық сабақ (15 сағат).

Тақырып 1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мәні (4 сағат). Білім беру мен оқытуды ақпаратандыру. Білімді ақпараттандырудың мәні. Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар. ҚР білім беруді ақпараттандыруға арналған заңнамалық-нормативтік құжаттар. Қазіргі кездегі білім беру мен оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Ақпараттық-коммуникациялық оқыту құралдарының жіктемелері. Оқыту үдерісінде компьютерлік және программалық оқыту құралдарының жіктемелері. Интеллектуалды оқыту жүйесі және компьютерлік программалық оқыту жүйесі.

Тақырып 2. Компьютерлік оқыту бағдарламалары және олардың оқыту үдерісіндегі қолдану ерекшеліктері (4 сағат). Қолданбалы программалық құралдар және пәнге бағдарланған орталар. Компьютерлік оқыту программаларын қолдану тиімділігі. Жоғары білім дидактикасындағы ақпараттық-коммуникациялық техно

логиялар. Қашықтықтан оқытудың дидактикалық ерекшеліктері. Мультимедиалық оқыту технологияларының сипаты. Компьютерлік оқыту технологиясы.

Тақырып 3. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының дидактикалық қасиеттері (4 сағат). Ақпараттық коммуникациялық технологиялар жүйесімен оқытудың дидактикалық қағидалары. Оқу материалын берудегі дидактикалық міндеттер. АКТ дидактикалық қасиеттерінің негізгі қызметтері. Ақпараттық қызмет. Коммуникативтік қызмет. Оқу үдерісіндегі ақпараттарды беру тәсілдері. Ақпараттармен жұмыс істеу тәсілдері. Оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілдері. Оқу материалын бақылау мен бекіту тәсілдері.

Тақырып 4. Оқу үдерісіндегі оқу ақпараты туралы түсінік (2 сағат).. Оқытудағы білім алушы мен білім берушінің коммуникациялық қызметі. Оқытудағы ақпаратты беру мен қабылдаудың мәні. Оқу ақпаратына қойылатын талаптар. Оқу ақпаратын берудегі білім берушінің қызметі мен рөлі. Оқу ақпаратының оңтайлы құрылымын жасаудың принциптері. Оқу ақпаратының ағынын өлшеу ерекшеліктері.

Тақырып 5. Оқытудың имитациялық технологияларының ерекшеліктері (В.А.Трайнев бойынша) (4 сағат). Оқытудың ойын емес әдістерінің негізіндегі педагогикалық қызметті модельдеу. Оқытудың ойын түріндегі әдістермен оқу қызметін модельдеу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша оқытудың принциптері. Педагогикалық технологияларды таңдауға әсер ететін факторлар.

Тақырып 6. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқытудағы педагогикалық технологиялар (4 сағат). Педагогикалық технологиялардағы негізгі түсініктер. Педагогикалық технологиялардың белгілері және оларды іске асыру көрсеткіштері. Педагогикалық технологиялардың жіктемесі және педагогикалық технологияларға қатысты тұғырлар. ЖОО педагогикалық технологиялардың бағытының құрамы. Білім берушіге деген қарым-қатынас негізінде ажыратылатын педагогикалық технологиялар. Қашықтықтан оқыту үдерісіндегі кейс технологиясы, Интернет-технология, телекоммуникациялық технология.

Тақырып 7. Пәнді ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда студенттердің оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру (2 сағат). Әдістердің сипаты. Білім берпушінің қызметі мен білім алушының қызметі. Оқу қызметінің меңгерілуі деңгейі. Ақпараттық технология құралдарының оқу материалы. Сабақ түрлері және білім алушының қызметі. Пәндерді оқытуда электронды басылымдарды жасауға және қолдануға қойылатын әдістемелік талаптар.

Тақырып 8. Пәндерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқытудың әдістері (6 сағат). Пәндерді оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әдістемелік мүмкіншіліктері. Пән материалдарын игертудегі тиімді әдістер жүйесі. Тренингтік әдістер. Демонстрациялық әдіс. Проблемалық-іздестіру әдісі. Коммуникативтік-интерактивтік әдіс. Шығармашылық-зерттеу әдісі әлеуметтік құзыреттілікті игерту мен дамытудың тиімді әдісі ретінде. Жобалау әдісі. Телекоммуникациялық әдіс. Әлеуметтік сипаттағы веб-жобалар.