Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Созылмалы гастрит.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.83 Кб
Скачать

Аутоиммундық гастрит. ( а типті)

А типті гастрит – гендердің белгісіз кемістігінен дамуы мүмкін аутоиммундық ауру. Гастриттің бұл түрі тұқым қуалауға бейім және өзге аутоиммундық аурулармен жұптасуы жиі байқалады, мысалы Хошимото тиреоидитімен, уытты жемсаумен , I типті қант диабетімен, Аддисон ауруымен, витилигомен т.б. Гастриттің басталу кезінен асқазанның түбі мен денесінде орналасатын басты бездер зақымданады. А типті гастритте париеталды жасушаларға, ішкі факторға, асқазанда түзілетін т.б. заттарға аутоантиденелер түзіледі. Сондықтан , париеталдық жасушалардың табиғи орналасатын аймақтары – ақазанның түбі мен денесі ерте атрофияланады, ахилия тез пайда болады. Егер аутоантиденелер ішкі факторға, В12 витаминге түзілсе, онда гастритте В12 витамин жетіспеушілік анемиясы дамиды. Аутоантиденелердің түзілу себебі белгісіз, болжамдар бойынша ол тұқымдық бұзылыстардан болады. Аутоимунды гастритте түзілетін антиденелердің келесі түрлері болады:

-«классикалық» париеталдық жасушалардың микросомалық антигендеріне;

- гастринбайланыстыратын белоктарға(гастринге деген рецепторларды блоктайды);

- тұз қышқылының секрециясында протондық помпаның функциясын қамтамасыз ететін Н+ + -АТФ-азаға;

-цитотоксикалық антиденелер;

- ішкі факторға (гастромукопротеинге).Гастромукопротеинге қарсы антиденелер 2 түрде болады: витамин В12 –ні ішкі фактормен байланысуын бөгейтін және витамин В12- мен комплекс түзетін. Атрофияланған аймақтарда қалыпты бездер жойылады, орнына псевдопилорикалық бездер немесе ішектік метаплазия пайда болады, яғни «антралдық метаплазия» қалыптасады, сонымен қатар кілегей қабық лимфоциттер-мен инфильтрацияланады. Ахилияның салдарынан антралды бөліктегі гастринтүзуші(G) жасушалар гипертрофияланады, сондықтан қанда гастриннің мөл-шері жоғарылайды.

Аутоимундық және хеликобактерлік гастриттердің салыстырмалы

Диагностикасы.

белгілер

Аутоимундық гастрит

Хеликобактерлік гастрит

Басым зақымдайтын аймағы

Асқазанның түбі, денесі

Асқазанның антрал бөлігі

Қабыну реакциясы

шамалы

Айқын, гастриттің түрі активті

Асқазанның кілегей қабығында эрозиялар болуы

Тән емес

Өте жиі

Helicobacter pylori

жоқ

Бар

Қанда НР- ға антиденелердің болуы

Жоқ

Бар

Париеталдық жасушаларға антиденелер

Бар

Жоқ

Н+К+ АТФ-азаға антиденелер

Бар

Жоқ

Гипергастринемия

Айқын

Биіктейді немесе гастриннің деңгейі қалыпты

Асқазанның тұз қышқылын түзу функциясы

Күрт төмендейді, өрістей келе анацидтік күй қалыптасады

Алғашқы кезде қалыпты немесе жоғары, кеш сатысында – төмендейді, бірақ анацидтік күйге келмейді

В12- жетіспеушілік анемия

тән

Тән емес

Жара ауруымен жұптасуы

Тән емес

Өте жиі

Малигнизация

Өте сирек

жиі

Реактивті гастрит. Бұл асқазанның кілегей қабығының агрессиялық әсерлі химиялық заттармен ұзақ тітіркенуінен дамитын гастриттің түрі . Асқазанды көбіне зақымдай-тын : рефлюкстің салдарынан ұйқы безінің ферменттері, өт қышқылдары немесе ұзақ қолданылған кейбір дірмектер, алкоголь. Ертеректе гастриттің бұл түрі асқазан резекциясынан кейін, өттің рефлюксінен дамитын рефлюкс- гастрит немесе С типті гастрит аталатын.

Реактивті гастритте зақымданатын – антралдық бөлік. Кілегей қабықта қабыну процессінен гөрі дистрофиялық, некробиоздық процесстер басым. Асқазан резекциясынан кейін дамыған рефлюкс- гастритте анастомозит және анастомоздың рецидивтеуші жаралары жиі дамиды.