- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •Қазақстандықтар
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Қаныш Сәтбаевке сипаттама беру.
Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті
Қазақстанда Ғылым академиясын құрды
Тұңғыш қазақ академигі
Қаныш Сәтбаев
Кесте толтыру.
реті |
Аты-жөні |
Атқарған қызметі |
жауаптары |
1 |
Ш. Жиенқұлова |
? |
(Биші) |
2 |
К. Бәйсейтова |
? |
(Әнші) |
3 |
Т. Әубәкіров |
? |
(Ұшқыш) |
4 |
Қ. Сәтбаев |
? |
(Ғалым, академик) |
5 |
Ш. Айманов |
? |
(Талантты режиссер) |
6 |
М. Әуезов |
? |
(Жазушы) |
V. Бағалау:
Даукенов М. - _________; Нұржанова А. - _________;
Смағұлова Г. - _________.
VІ.Үйге тапсырма: параграф 54, оқу, мәтін астындағы кестені толтыру.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері |
Атақты опера әншілері |
Олимпиада чемпиондары |
Көрнекті режисерлар |
|
|
|
|
Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Ғарышты игеру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанда ашық космосқа тұңғыш адамды жіберу туралы, жалпы КСРО-дағы космонавтика ісінің дамуы туралы білім қалыптастыру;;
Оқушыларға топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, білім-білік қиыншылықтарын жеңуге тырысу;
Оқушыларда ғылымға, мәдениетке білім алуға дағдыландыру, үйрету.
Сабақтың түрі: аралас.
Негізгі ұғымдар: ғарыш, Ю. Гагарин, Т. Мұмабаев.
Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың кестені салғанын тексеру, кестеге сүйеніп оқушылар өткен тақырыпты сипаттайды.
Қазақстандық Ғылым Академиясы қай жылы салынды ?
Қазақ мәдениетіне үлес қосқан қандай жазушылар, артисттерді білесіңдер ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Ғарыш саласының орталығы.
Т. О. Әубәкіровтың космонавтикаға қосқан үлесі.
Т. А. Мұсабаевтің сіңірген еңбегі.
III. Жаңа сабақ.
Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
