Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 сын. .т. 3 чтв саб. ж. 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102.11 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. анықтама, сипаттама беру.

  1. Ұлы Отан соғысы дегеніміз – ..................

  2. Ұлы Отан соғысы болған жылдар - .................

  1. Сызбаны толтыру.

Мәскеу үшін шайқаста:

Қазақстандықтар

Ленинград үшін шайқаста:

  1. Қазақстанда соғыс жылдарында қандай оқиғалар болды:

жылы

оқиғасы

V. Бағалау:

Даукенов М. - ­­­­­­­_________; Нұржанова А. - ­­­­­­­_________;

Смағұлова Г. - ­­­­­­­_________.

VІ.Үйге тапсырма: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова – ерліктің үлгісі атты шығарма жазу.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Тың игеру.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда қалыптасқан жағдайға байланысты, елдегі жаңа экономикалық рефомалар, яғни тың игеру туралы білім қалыптастыру;

  • Оқушыларға Қазақстанды Ұлы Отан соғысы кезінде және тың игеру жылдарында болып өткен өзгерістерге сипаттама жасай келе, салыстыру дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушыларда ұлтжанды, патриот тұлға етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Негізгі ұғымдар: ғарыш, Ю. Гагарин, Т. Мұсабаев.

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Оқушылардың шығармаларын тексеру.

  2. Одан әрі шығарманың тақырыбына байланысты әр түрлі сұрақтар қою.

  3. Жауынгер қыздардың өмір сүрген жылдары.

  4. Олар Қазақстанның қай бөлігінен шыққан болатын ?

  5. Олардың ерлік істері үшін қалай марапаттады ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1.  Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.

  2. Тың игерудің басталуы.

  3. Тың игерудің барысы. Тың игерудің ардагерлері, рекордтары.

III. Жаңа сабақ.

Кеңес үкіметі басшылары 1954 жығы ақпан-наурыз пленумында «Тың және тыңайған жерлерді игеру» жоспарын бекітті. Яғни бос жатқан Еуразияның кең-байтақ жерлерін жыртып, оны егіс алқабына айналдыру, елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту керек деп шешті.

   Тың игеру Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ сияқты аймақтарда жүрді. Қазақстанның алты облысында тың және тыңайған жерлерге түрен түсті. Бұлар: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстары. Алғашқы жылдың өзінде Қазақстанда 6,5 млн гектар жер жыртылды. Ал жалпы тың игеру жылдары (1954-1965) Қазақстанда 25 млн гектар жерге егін егілді. КСРО бойынша 42 млн гектар жер жыртылған екен.

   Алғашқы екі-үш жылда Қазақстанға тың игеру жеген желеумен Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден, Молдавиядан 650 мың жұмысшы көшіп келлді. Ал шындығында 130 мың адам ғана керек еді.

   Тыңгерлерге мемлекет тарпынан көп көмек, жеңідіктер жасалды. Олар 2-5 жылға ауыл шаруашылық салығынан босатылды. Мемлекет тұрғын үй салуға 10 мың сом несие, мал сатып алуға 1500-2000 сом тегін берді. Әрбір отбасы мүшелеріне 150-200 сом, ал отбасы басшысына 500-1000 сом бір реттік көмек көрсетілді.

   Тың жерлерді игерген жылдары  Отан қоймасы алтын дәнге толып, астық мәселесі шешілгенімен, оның жағымсыз жақтары болды. Бұрын болып көрмеген көп көлемде жер жыртылды. Оның бетіндегі топырақтың гумус деп аталатын құнарлы бөлігі желге ұшып, жер эрозияға ұшырады. Мысалы, 1960 жылы бір ғана Павлодар облысының өзінде 9 млн гектар эрозияға ұрынған. Бұл Францияның бүкіл мемекеттік ауыл шаруашылық жер көлеміне тең екен.

   Сонымен қатар кең-байтақ даланы есепсіз жырту қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал шаруашылығына көшіп-қону үшін кең жайылым алқабы керек екендігі белгілі. Қажетті жайылымдық жерлердің көлемін егістік алқаптары тарылтты.

   Дегенмен тың игеру кезеңі қазақтың талай-талай қайсар, еңбекқор адамдарын тәрбиелеп шығарды. Соның бірі Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева 1945 жылы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. 

Ғарышты игеру. Әлемде тұңғыш адам баласы ғарышқа 1961 жылы 12 сәуірде қазақ топырағынан аттанды. Бұл-адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Ғарышкер Юрий Гагарин еді. Атақты ақын Олжас Сүлейменов кеңес ақын-жазушыларының ішінде бірінші болып тұңғыш ғарышкер  Гагариннің ғарыштық сапарына жыр арнады. Ол өзінің «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасын жазды.

   Ғарыш кемелері Қазақастанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады. ТМД-дан, басқа шетелдерден келген ғарышкерлерді Қазақстан даласы қарсы алып, шығарып салады.

   1991 жылы 2 қазанда – Қазақстан тарихына ғасырдың тағы бір ұлы оқиғасы жазылды. Қазақ ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

   Қазақстнда бүгінде Тоқтар Әубәкіровтың ұйымдастыруымен болашақ ғарышкерлерді дайындайтын мектеп ашылды.