- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •Қазақстандықтар
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Кесте толтыру.
Тың игерудің пайдасы
Тың игерудің зияны
Тың игеру қай облыстарды қамтыды
.................. (Солт. Қаз. Облысы)
.................. (Павлодар облысы)
.................. (Қостанай облысы)
................. (Көкшетау облысы)
................. (Ақмола облысы)
................. (Торғай облысы)
3) Қазақстанда космоноавтика күні қашан өткізіледі, қай қала космонавтика орталығы болып есептеледі.
V. Бағалау:
Даукенов М. - _________; Нұржанова А. - _________;
Смағұлова Г. - _________.
VІ.Үйге тапсырма: параграф 52-53, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру, мәтін астындағы кестені толтыру.
Қазақстанда қанша га жер жыртылды |
Қазақстанның қай облыстарында тың игеру болды |
Алғашқы тың игеруші, механизатор, Еңбек Ері |
|
|
|
Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанда ғылым мен мәдениттің орталықтары туралы, соғыс кезіндегі мәдениеттің орталықтарының жұмысы туралы түсінік қалыптастыру;
Оқушыларға топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, білім-білік қиыншылықтарын жеңуге тырысу;
Оқушыларда ғылымға, мәдениетке білім алуға дағдыландыру, үйрету.
Сабақтың түрі: аралас.
Негізгі ұғымдар:Ғылым Академиясы, киноиндустрия, «Абай жолы».
Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың кестелерін толтырғанын тексеру, кестеге сүйеніп оқушылардың сипаттамаларын тексеру.
«Тың және тыңайған жерді игеру» жоспары қай жылы қабылданды ?
Тың игерудің кері әсері неден көрінді ? Өмірдің қай салаларына әсер етті ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Қ.И. Сәтбаев және Қазақ Ғылым Академиясы.
Қазақстандағы мәдени ахуал. Өнері.
Қазақ киносы. Әдебиет.
III. Жаңа сабақ.
Қоғамда қандай ел болмасын өзінің даму жолындағы бірінші орынға ғылым мен мәдениетті қояды. Өйткені, онсыз мемлекеттің де дамуы жоқ. Осы орайда, қазақ елінің дамуы үшін қазақ ғалымдары мен өнер қайраткерлері зор үлес қоса білді. Ал, солардың ішінде қазақ ғылымының өрге басуына аянбай тер төккен тарихи тұлға – академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болды. Жоғары білімді жас маман өзінің алғашқы еңбек жолындағы он бес жылын Жезқазғанның Ұлытау ауданындағы пайдалы қазбаларды іздеу мен зерттеуге арнады. Ғылым жолындағы шынайы ізденісі пен қажырлы еңбегінің нәтижесінде Қаныш Сәтбаев толағай табыстарға қол жеткізіп, талантты инженер, білікті басшы және көрнекті ғалым ретінде қалыптасты. Өзінің кәсіби қызметі барысында ол Жезді марганец рудасын, сондай-ақ, Орталық Қазақстан жерінен темірдің, мыс пен басқа да пайдалы қазбалардың орасан зор қорын тауып қазақ ғылымының дамуына баға жетпес үлес қоса білді. Нәтижесінде, Қаныш Сәтбаев – 1946 жылы 1 маусымда елімізде бірінші болып ашылған Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып сайланды. Бұл күнде оның есімі Қазақ Ұлттық техникалық университетіне және Қазақстан қалаларындағы бірқатар мектептер мен көшелерге берілді.
Қазақ халқы ертеден қалыптасқан ұлттық мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жетілдіріп отырған. Себебі, қазақ арасында сөз өнері мен жыраулар поэзиясы кең тарады. Соның ішінде қазақ операсын ерекше бөліп айтуымызға болады. Қазақ операсы сахнасында Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Шара Жиенқұлова, Ермек Серкебаев және Әлібек Дінішевтей саңлақтар өнер көрсетті. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елінің тарихы мен әдебиеті туралы еңбектердің саны артып, шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған қазақ жазушылары пайда болды. Олардың қатарында көркем сөз шеберлері Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Есенберлин, Сәбит Мұқанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов тәрізді танымал тұлғалар бар. Осылайша, қазақ көркем әдебиеті дамуының ықпалымен еліміздің ұлттық мәдениетіне деген қызығушылық деңгейі де арта түсті. Мәселен, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов 1947 жылы аяқтаған «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, 1955 жылы әйгілі «Абай жолы» шығармасының төрт томын жазып шықты.
Бұл жылдары қазақ кино өнері де зор қарқынмен дамыды. Осы жерде біз қазақ киносының өркендеуін көрнекті режиссер, әрі актер Шәкен Айманов есімімен тікелей байланыстырамыз. Өйткені, Шәкен Айманов қазақ кино өнерінің негізін қалаушы және оның фильмдерінің бәрінен қазақтың ұлттық болмысы айқын көрініс беріп тұратын. Олардың қатарында «Жамбыл», «Махаббат туралы дастан», «Алдар Көсе», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры» т.б. фильмдері бар. Сонымен қатар, қазақ кино өнерін дамыту ісіне Нұрмұхан Жантөрин, Серке Қожамқұлов, Әмина Өмірзақова, Кәукен Кенжетаев, Торғын Тасыбекова және Фарида Шәріпова тәрізді тағы басқа танымал өнер қайраткерлері теңдессіз үлес қоса білді.
Қазақстан мәдениетінің дамуында қазақтың музыка саласындағы өнер қайраткерлері де елеулі табыстарға қол жеткізген болатын. Мәселен, театрлар мен концерт залдары сахнасында Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Құдыс Қожамияров, Роза Бағланова, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев және тағы да басқа өнер саңлақтарының шығармалары орындалды. Бүгінде қазақ халқы Шәмші Қалдаяқовтың әуеніне жазылған әндерді ерекше ықыласпен қабылдайды. Музыка әлемінде қайталанбас туындылар тудыра білген Шәмшінің ел арасында «қазақ вальсінің королі» атануы да жігерлі ізденістің нәтижесі. Ал, Шәмші Қалдаяқовтың музыкасына жазылған «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы Қазақстан Республикасының әнұраны ретінде бекітіліп, бүгінде қазақ елінің ұлттық ұранына айналды.
Сондай-ақ, қазақтың бейнелеу өнерінде де бағалы жетістіктер болды. Бұл ретте қазақ өнері мен ұлттық рухани мәдениетіндегі ұлы тұлға – Әбілхан Қастеев туындыларының қазақ мәдениетінде алар орны ерекше. Ол қазақ бейнелеу өнерінің көпжанрлы кәсіби деңгейге көтерілуіне баға жетпес үлес қосып , сол арқылы тек өзін ғана емес, қазақ елін де асқақтатты. Осы ретте, Қазақстанның Халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қазақтың кім екенін білгің келсе, Шәмшінің әндерін тыңдап, Әбілханның суреттерін зертте» деген сөзінен шынайы ізденіс пен қажырлы еңбектің арқасында мәдениет тұғырында өзіндік орын қалыптастыра білген өнер қайраткерлерінің келбетті тұлғасы тағы бір қырынан байқалады.
