Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 сын. .т. 3 чтв саб. ж. 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102.11 Кб
Скачать

III. Жаңа сабақ.

Сәулет өнерінің тарихы өте тереңде жатыр. Адам баласының алғашқы баспанасы табиғи үңгірлер, жартас, тау қуыстары болған. Ауа райының үнемі өзгеріске ұшырауы және адам баласының біртіндеп жетіле түсуі ерте кездің адамдарына жаңа өмірге лайық баспана салуды қажет етті.

Сонымен адамдар баспананың жаңа түрін салып, оны біртіндеп жетілдірді.

Баспана салуға шикізат ретінде табиғи тас, ағаштарды пайдаланды.

Мемлекеттің қалыптасуы, шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына негіз болды. Осфлай сәулет өнері де дамыды. Құрылыс, тұрғын үй салу өнерін сәулет өнері дейді. Орта ғасырларда Қазақстан аумағында сарай, мешіт, кесене, керуен сарайлары, монша сияқты құрылыстар көп салынғаан. Бүгінде Қазақстан жерінде Айша бибі, Қарахан, Жошы хан, Қожа Ахмет Йасауи т.б. сәулет туындылары сақталған.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Терминдермен жұмыс:

Кесене –

Мешіт –

Монша –

Үй –

Киіз үй –

2) Қазақстан жеріндегі діни ескертікштердің уақытын анықтау ?

V. Бағалау:

1) Даукенов М. - ­­­­­­­_________;

2) Нұржанова А. - ­­­­­­­_________;

3) Смағұлова Г. - ­­­­­­­_________.

VІ.Үйге тапсырма: параграф 38, оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының музыка, күй өнері.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға қазақтың халық музыкасының қалыптасуын, халықтың ой арманының музыкада бейнелеуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру;

  • Халық әндері мен күйлері арқылы өз халқының салт-дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  • Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Негізгі ұғымдар: күй, жыр, күйші.

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақ мемлекетінде шешендік өнерімен ерекшеленген адамдардың негізгі кәсібі ?

  2. Қазақ халқында өз шешендішімен ерекшеленген билер ?

  3. Билердің негізгі функциясы ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Дала әуендері.

  2. Қазақ халқының музыкалық аспаптары.

  3. Қазақ музыкасының даңқты музыканттары.

III. Жаңа сабақ.

Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар – жыр,толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы,Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса,Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 – 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады.

Қазақ музыкалық аспаптары :

  1. Ішекті, шертіп ойналатын аспаптарды ата:

        1. (домбыра, шертер, жетіген)

  2. Ысқышпен орындалатын аспап:

        1. (қобыз, қылқобыз, нарқобыз)

  3. Ұрып ойналатын соқпалы, ұрмалы аспаптар:

        1. (дабыл, даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, кепшік, дудыға)

  4. Сілкіп ойналатын аспаптар:

  5. (асатаяқ, шың, сылдырмақты қамышы, қоңырау, тұяқтас, шартылдақ, сақпан)

  6. Үрлеп тартылатын аспаптар:

    1. (сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқырауық, керней мүйіз сырнай, ұран)

  7. Сым тілшелі аспап: (шаңқобыз)

Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқушыларды 3 топқа бөліп, осы карторчка тақырыптарының мағынасын ашу ұсынылады.

А) Қорқыт;

В) Құрманғазы;

С) «Сарыжайлау».

2) Мәтін астындағы сызба-нұсқаны толтыру.

Дала әуендері

V. Бағалау:

1) Даукенов М. - ­­­­­­­_________;

2) Нұржанова А. - ­­­­­­­_________;

3) Смағұлова Г. - ­­­­­­­_________.

VІ.Үйге тапсырма: параграф 41, оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Діннің пайда болуы, діни наным-сенім.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Қазақ халқының бұрынғы кездегі наным-сенімдерімен, дінімен, жал-пы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным-сенім түрлерінің пайда болу тарихымен таныстыру;

  • Дінге деген оқушылардың жан-жақты көзқарастарын қалыптастыру, дін және наным-сенімдердің адам баласының рухани өмірінде алатын орнын анықтауға үйрету, ежелгі наным-сенімдерді нақты түсіне білу қабілетін дамыту;

  • Халқымыздың ежелден келе жатқан рухани мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету, діни сенімдердің адам баласына пайдалы жақтарын анықтауға көмектесу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Негізгі ұғымдар: түрік діні – тәңіршілдік, зороатризм, тотемизм.

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақ халқында қандай музыкалық аспаптары бар ?

  2. Қазақ халқында қандай музыканттары болды ?

  3. Домбыраның рөлі қандай болды ? Қазіргі кезі ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ежелгі діни түсініктер.

  2. Қазақтардың алғашқы сенімдері.

III. Жаңа сабақ.

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи. Дін ежелден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Адам баласы алғаш жаратылғаннан бастап табиғаттан тыс жаратушы бар деп ойлап, сол белгісіз күштерге сенген. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған. Алғашқы адамдар көптеген табиғат күштерінің алдында дәрменсіз болды, сондықтан табиғи күштерге табыну да кең орын алды. Бірақ адамдар осының бәрін бір Жаратушының ісі деп ойлады.

Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте заманда, яғни тас дөуірінде пайда болған.

Ол кездің бір қызығы адамдар жаратушыны ағаштан немесе тастан ойып жасаған. Оны түл деп атайды. Тас дәуірінде адамдар сонымен қатар табиғат күштеріне және отқа табынған. Қола дәуірінде адамдардың діни түсініктері одан әрі дамиды.

Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын алған.

  • Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным - Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай - Ахурамазда. Қасиетті кітабы - «Авеста». Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.

  • Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.

  • Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып есептелген.

  • VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның көптеген жерлеріне тарап үлгерді.

Қазақ мәдениетіне үлкен ықпал тигізген келесі діни наным-тип – шаманизм болды. Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке XVІІІ ғасырда енгенмен, ол туралы айқын түсінік әлі қалыптасқан жоқ.

“Қазақстан жеріне әлемдік діндердің ішінде алғашқысы болып буддизм келді. Бумынның ұлы Мұхан қаған осы дінді қабылдады. Буддизмен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы христиандық та таралды. Ол басында несториандық, кейіннен яковиттік түрінде V ғасырдан бастап қазіргі Қазақстан жеріне ене бастады және Шығыс Рим империясынан шыққан әулие Несторий сектасының өкілдерімен байланысты болды.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Мәтін астындағы кесетін толтыру.

Ежелгі түркілердің діни нанымы

Ұлы Жібек жол арқылы тараған діни ілімдер

V. Бағалау:

1) Даукенов М. - ­­­­­­­_________;

2) Нұржанова А. - ­­­­­­­_________;

3) Смағұлова Г. - ­­­­­­­_________.

VІ.Үйге тапсырма: параграф 43, оқу, оқушыларға мәтін астындағы сұрақтарды бөліп, үй жұмысына қалдырамын.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ресей құрамында.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақ мемлекетінің Ресей империясымен одақ жасасып, оның қандай себептермен көрші елдің тәуелділігіне түскені туралы баяндау;

  • Оқушылардың сол кездегі жағдай туралы толық әлімет бере отыра, олардың қазақ халқының қандай күйде екендігін түсінуіне үйрету;

  • Оқушыларға Қазақ хандығының жағдайы туралы айта келе патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді ояту.

Сабақтың түрі: аралас.

Негізгі ұғымдар: күй, жыр, күйші.

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақстан аумағында діни сенімдер қашан қалыптасты ?

  2. Алғашқы адамдар неге табынды ?

  3. Қазақстан аумағында негізгі діндер қайсысы ?

  4. Зороастризм діні Қазақстанға қалай крді ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1.  Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруінің алғышарттары.

  2. Әбілқайыр хан мен Тевкелев елшілігі.

  3. Патша үкіметінің қазақ жерін отарлау шаралары.

III. Жаңа сабақ.

Әбілқайыр хан (1718-1748 ж.ж.)

І. 1731 ж. 19 ақпан – қазақ елшілері – Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді Ресей империясы құрамына алу туралы патшайым Анна Иоановнаға ұсыныс білдіруі. Қазақ жері мен Кіші жүздегі саяси дағдарыстың белең алуы. 

 Ресей патшайымы Анна Иоановнаның бұйрығымен тілмаш әрі елші Тевкелев А.И. Кіші жүз ханы ордасы Ырғыз өзені бойындағы Майтөбеге барады. Әбілқайыр хан мен билермен кездесіп келіссөздер жүргізді. 1731 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оны қолдаған 29 би-старшындар Ресей бодандығын қабылдап, грамотаға қол қойды. Қазақ жерін отарлау: 1734 ж. сенат хатшысы И.К.Кириллов экспедициясы. 1735 ж. Ор өзені бойында Орынбор бекінісі салынды. Қазақ жерін отарлау үшін Орынбор генерал-губернаторы – И.И.Неплюев басқар реформаларын жасады. Патша үкіметінің қазақ жерін отарлаудағы «бөліп ал да билей бер» саясатының жүзеге асуы. Бекіністердің салынуы. 1748 ж. тамызда Әбілқайыр ханның Борақ сұлтан қолынан қаза табуы. Кіші жүздегі билік үшін талас-тартыстың күшейе бастады.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Әбілқайыр ханның бодандығыналу себептерін көрсету:

  1. .............

  2. ..........

  1. Қазақ мемлекетіне қай жылдары експедициялар ұйымдастырылды ?

  2. Қазақ хандығы Қазақ-жоңғар соғысынан қандай күйде шықты ?

V. Бағалау:

1) Даукенов М. - ­­­­­­­_________;

2) Нұржанова А. - ­­­­­­­_________;

3) Смағұлова Г. - ­­­­­­­_________.

VІ.Үйге тапсырма: оқушыларға Әбілқайыр хан туралы ақпарат іздеу тапсырылады.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ зиялылары.

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ халқының зиялы қауым туралы, яғни Қазақ мемлекеттілігі үшін күрескен, жанын аямағын қайраткерлері туралі білім қалыптастыру;

  • Қазақ халқының ұлт зиялыларына баға беруге, олардың халық үшін күресе отырып, одан әрі болған нәтижеге баға беруге үйрету;

  • Оқушыларды патриоттық, отансүйгіштік бағытта тйрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Негізгі ұғымдар: күй, жыр, күйші.

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. 17 ғасырда қазақ халқы қай халықпен жауласты ?

  2. Қазақ-жоңғар соғысының нәтижесі ?

  3. Ресей қол астына өтудің қандай себептері болды ?

  4. Әбілқайыр ханының басқаруы жылдары ? Ресей елімен қарым-қатынас орнатудың мақсаты ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1.  Қазақстанның ХХ ғасырдағы жағдайы ?

  2. Алаш Автономиясы. Оның құрылуы, жеңілісі.

  3. «Қазақ» баспасөзі.

III. Жаңа сабақ.

ХХ ғасырдағы Қазақстанның жағдайы барлық салаларынан болса өте ауыр болды. Қазақстан Ресей қол астында нағыз отар ел ретінде, шикізат база ретінде болды. Патша үкіметінің зорлық саясатының нәтижесінде Қазақ Даласында көптеген саяси ағымдар, партиялар пайда бола бастады. Олардың басты мақсаты – тәуелсіздік, патша үкіметінің қол астынан шығу. Солардың бірі – Алаш партиясы. Алаш партиясы Қазақстанның жеке болып құрулуын, өз тілін, әдет-салтын сақтап, өркеиетке жетуін аңсады. Алашордалықтар сол кезде де Кеңес Одағының құрамында болса дами түсуіне екі талай екендігін түсінді. Алаш партиясының жетекшісі – Ә. Бөкейханов болды және оған үлкен көмек көрсетіп отырған А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б. болды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ съездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді.1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда Екінші Жалпы Қазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылғандығы жарияланды. Алашордалықтардың негізгі мақсаттары :

  1. Өзіндік жеке автономия құру;

  2. Шекараларын бекіту;

  3. Оқыту жүйесін бекіту және т.б.

АлашОрда үкіметінің баспасөз орталығы – «Қазақ» газеті болып жарияланды. Осы газетте бағдарламалар жарияланды, бағдармалар елдің білім беру, басқару, құқық т.б. салаларын қамтыды.

Алашорда құрылғаннан бастап кеңес үкіметінің қарсылығына ұшырады.

Азамат соғысы өткен кезде кеңестер Алаш Орда үкіметін таратты.

Алаш арыстары соңда да өз күресін тоқтатқан жоқ.

«Қазақ» газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды.

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.