- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •Қазақстандықтар
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
III. Жаңа сабақ.
Мәдениет ұғымы біркелкі емес. Мәдениет дегеніміз халқының тек қана ғылым, ән-күйлері, шешендік сөздер емес. Жалпы мәдениет екі тармаққа бөлінеді: «материалдық» және «рухани».
Бұрынғы кезде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болған. Оныңщ ең басты себебі киіз үйдің көшіп-қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып және құрастырылуы болды. Маусымдық көшу кезінде киіз үй бұйымдарын негізінен түйеге артқан.Ерте заманда киіз үйді арбаға да бекіткен. Оны күйме деп атаған.Киіз үйдің іші жазда салқын болумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Киіз үй 6, 8,12 қанатты болып бөлінген. Оның ішінде 12 қанатты киіз үй бай да дәулетті адамдарда болған. Мұндай үйлерді атпен жүріп тігетін.Киіз үйдің бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі негізінен ағаштан жасалған. Киіз үйге жабатын киіздер: туырлық, үзік, гщндік. Бұның барлығын жасауда шикізат ретінде қойдың жүні пайдаланылған.
Қазақтың ұлттык, киімдері материалдык, мәдениеттің ірі жетістігі екені даусыз. Қазақ халқында ұлттық киім-дер жас шамасына қарай ерекшеленген. Ұлттык киімдер: тон, қамзол, шапан, тақия, бөрік, сәукеле, кимешек, бешпент т.б.
Бұрынғы кезде қазақ халқында қолөнер өте жоғары дәрежеде дамыған. Зергерлік бұйымдар жасауда шеберлер алтын, күміс, асыл тас, түрлі сүйектерді қолданған. Әсіресе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасау кең тараған. Сырға, білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы т.б. сәндік бұйымдар Қазақ әйелдерінің көбінің тағатын әшекей заттары ретінде белгілі. Көшпелі халық үшін ат әбзелдерінің қажеттілігі өте жоғары болған. Ер-тұрман, сәнмен өрілген арқандар әр қазақтың үйінен табылатын. Жаугершілік кездері қазақ ұсталары қылыш, найза, семсер, дулыға, қанжар сияқты қару-жарақтарды да көптеп жасаған.
Тапсырма кезең.
Қазақтардың колөнер бұйымдар түрлеріне сипаттама беру.
Сырға - ; Білезік - ; Сақина - ; және т.басқаларына.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Киіз үй құрылымы жайлы әңгімелеу.
Қазақ халқы қандай шикізат түрлерінен бұйымдар жасады.
Қазақ халқының киімі қандай болды ?
V. Бағалау:
Даукенов М. - _________;
Нұржанова А. - _________;
Смағұлова Г. - _________.
VІ Үйге тапсырма: параграф 44, оқу, қазақ халқының киім түрлеріне сипаттама беру.
Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының рухани мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Қазақ халқының бұрынғы кездегі наным-сенімдерімен, дінімен, жал-пы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным-сенім түрлерінің пайда болу туралы, ауызекі шығармашылық туралы, тарихты жазудағы орны жайында мәлімет бере отырып оқушылардың білімін қалыптастыру;
Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу кабілеттерін дамыту;
Рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Негізгі ұғымдар: мәдениет: рухани түрі, эпос, аңыз, шежіре т.б.
Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақстан аумағында сәулет өнерінің ескерткітері ?
Қазақстанда діни ескерткіштер ?
Сәулет өнері дегеніміз не?
Ежелгі адамдардың баспанасы қандай болған?
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қандай сәулет ескерткіштерін білесің?
Жаңа сабақтың жоспары:
Ауызша тарих – ежелгі дүние айнасы.
Эпикалық шығармалар.
Ауызша тарих айту дәстүрі.
III. Жаңа сабақ.
Ауызша тарих - бізге дейін жеткен рухани мұра. Біздің ата-бабаларымызда тарихты, өткен оқиғаны ауызша айту дәстүрі өте ерте кезден қалыптасқан, және де оны үнемі дамытып отырған.
Ауызша тарих:
эпос,
аңыз,
шежіре т.б.
Ауызша деректер жазу пайда болғанға дейінгі кезде адамдардың тарихын, өз білгендерін, бастарынан кешкендерін кейінгі ұрпаққа қалдырудың ең басты құралы болған. Өте ерте кездегі тарихи оқиғалардың көбі дерлік бізге ауызша тарихи деректер арқылы жеткен. Ең алғаш жаратушы туралы аңыздар пайда болса, кейіннен батырлар туралы эпостық жырлар дүниеге келген. Ауызша тарихты зерттеуде Ш. Уәлиханов, М. Көпейұлы, М. Тынышбяев сияқты белгілі ғалымдар мол үлес қосқан. Халық аузындағы аңыздарды, жырларды, шежірелерді жинақтап, қағаз бетіне түсірумен айналысқан ғалымдар бірқатар нәтижеге жеткен. Мысалы, Ш. Уәлиханов «Манас» эпостық жыры мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларын қағаз бетіне түсірген.
Ауызша тарих айтудың бір түрі ол - шежіре. Шежіре Қазақ халқының шығу тегін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан көне ғылым. Кейінгі кезде XIX ғасырдың аяғында шежіре қағаз бетіне түсіріле бастады. Шежірені зерттеуде, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуде М.Көпейұлы, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердиев сияқты ойшыл ғұламалар көп еңбек сіңірген.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Ауызша тарих дегенді қалай түсінеміз?
Ерте кездегі тарихи оқиғалар қазіргі кезге қалай жетті?
Қандай көне мұралар, жыр-эпостарды білесіңдер?
Шежіре дегеніміз не?
Қазақ халқында ауызекі шығармашылық қалай дамыған?
V. Бағалау:
Даукенов М. - _________;
Нұржанова А. - _________;
Смағұлова Г. - _________.
VІ.Үйге тапсырма: параграф 42, оқу, тақырыпты толық бекіту үшін сөзжұмбақ құрастыру беріледі.
Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының шешендері, айтыс өнері.
Сабақтың мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Оқушылардың рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу кабілеттерін дамыту.
Оқушыларды рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Негізгі ұғымдар: мәдениет: рухани, күйші, күй, айтыс, айтыскер.
Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардығ сөзжұмбақты орындалуын тексеру;
Қазақ халқының рухани мәдениетке қандай салалар жатады ?
Қазақ халқының фольклор жанрындағы шығармалар ?
Қазақтардың жыл мезгілдерін бақылау ісініңерекшеліктері, мәні ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Сөз өнері.
Дала әуендері.
III. Жаңа сабақ.
Қазақ тілі әлем халықтарының тілдерінің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Мұны бір кездері белгілі шығыстанушы ғалым, түркітанушы В. В. Радловтың өзі мойындап кеткен. Атақты ғалым қазақ тілінің құдіретін Еуропадағы ғажап тілдердің бірі француз тілімен салыстырған. Осындай бай тілге иелік еткен қазақ халқында сөз өнері, оның ішінде шешендік өнер барынша жақсы дамығаны белгілі. Бұрынғы кезде қазақ халқында сөздің жүйесін тауып сөйлеу, орынды сейлеу өзінше бір өнер саналған. Шешендік өнер жалпы алғанда адамға жас кезінен, балалық шақтан бастап қалыптасады. Жас кезінен бастап шебер сөйлей білу, сезді орынды қолдану жалпы қазақ халқына тән ерекше қасиеттердің бірі болып саналған. Қазақ халқында «бұрынғы билер мен шешендерден қалды» деген асқан шеберлікпен айтылған, қазақ тілінің байлығын паш еткен қанатты сездер өте көп. Бір ғана XV ғасырда ғұмыр кешкен атақты ойшыл Асан қайғының өзі артына, келер ұрпаққа тағылымы мол сөздерді көп қалдырған. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер өздерінің шешен де мірдің оғындай сөздерімен қазақ елін сыртқы жаулардан қорғауда, ел арасында ауызбіршілікті сақтап мемлекеттің іргесін берік ұстауда мол үлес қосты.
Музыка өнері - халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Халқымызда ежелден қалыптаскан дәстүр бойынша адам дүниеге әнмен келіп (Бесік жыры) о дүниеге әнмен (Жоқтау) аттанған. Осының өзі музыканың қазақ халқының арасында алатын орнының жоғары екенін айғақтайды. Қазақ халқында барлық той-думан, мерекелер ән-күйсіз өтпеген.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Оқушыларға карточкалар таратамын –
1-ші карточка – сөз өнерінің майталмандарын атап шығу.
2-ші карточка – музыка өнерінің өкілдерін атап шығу.
Тәттімбеттің музыка саласында қандай жанрдің өкілі болды ?
V. Бағалау:
1) Даукенов М. - _________;
2) Нұржанова А. - _________;
3) Смағұлова Г. - _________.
VІ.Үйге тапсырма: параграф 40-41, оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.
Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Архитектуралық ескерткіштер.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік бере отырып Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді ұғындыру.
Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан нақты мысалдар келтіре отырып оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі замандағы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардьщ сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас.
Негізгі ұғымдар: құрылыс, киіз үй, үйтас, кесене, күмбез, пантеон.
Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
В. В. Радловтің қазақ халқның шешендік өнері туралы пікірі ?
Қазақ билерінің сөз өнері көмегімен қандай дауларды шешкен болды ?
Қазақ халқының музыкалық аспатарын атап шығу ?
Қазақ мемлекетінің аумағында музыка өнерінің ең көп таралған аумағы ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақстан аумағындағы ежелгі құрылыстар.
Қазақ халқының баспанасы. Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері.
Қазақстан аумағындағы діни ғимараттар.
