Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 нуска.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.76 Кб
Скачать

10 Жасар науқас қыз бала, мерзімінен бұрын жыныстық жетілу. Ішінің аздап ұлғаюы. Ректальлды тексеру кезінде құрсақ қуысында айқын контурсыз түзіліс анықталады. Диагноз. Дәрігер тактикасы.

- жатыр миомасы. Жатыр денесі эндометриозы. Жатыр ампутациясы (экстирпация)

+ аналық бездердің эстрогенөндіруші ісігі . Операция көлемін алынып тасталған ісіктің экспресс-гистологиясы нәтижесімен шешу.

- басталған өздігінен болған түсік. Синтетикалық прогестиндерді тағайындау

- жатырдан тыс жүктілік, түтіктік түсік типі бойынша үзілген.

- мед.түсіктен кейінгі іріңді эндометрит. Флораны анықтау үшін себу және консервативті антибактериальды қабынуға қарсы терапия

?

Науқас менопаузада 2 жыл. 10 жыл бұрын қосалқылар аймағында көлемі 5*6 см ісіктәрізді түзіліс анықталған. Қараған кезде ісік көлемі бұрынғы, консистенциясы тығыздалған. Беткейі тегіс емес, қозғалғыштығы шектелген. Диагноз.

+ аналық без обыры.

- аналық без апоплексиясы.

- алимактериялық кезеңнің ДМК.

- жедел вульвовагинит (бейспецификалы этиологиялы)

- ювенильді кезеңнің ДМК (ДЖҚК)

?

Науқас 20 жаста. Тұрмыс құрмаған. Жыныстық өмірі тұрақсыз. Шағымдары: қышыну, жыныс мүшелерінің тітіркенуі және бөлінділер. Айнамен қарағанда қынап қабырғаларының гиперемиясы мен эндоцервицит белгілері анықталды. Бөлінділер көпіршікті, сұр-жасыл түсті. Диагноз. Дәрігер тактикасы.

- түйіні субмукозды орналасқан жатыр миомасы

- жыныс мүшелерінің туберкулезі. Биологиялық провокация

+ трихомонадды кольпит, цервицит. Цервикальды каналдан флораға жұғынды алу.

- жатыр мойны обыры. Мақсатты биопсиямен кеңейтілген кольпоскопия.

- мед.түсіктен кейінгі іріңді эндометрит. Флораны анықтау үшін себу және консервативті антибактериальды қабынуға қарсы терапия

?

Науқас 60 жаста. Шағымдары: сол жақ шап аймағы мен сол жақ сандағы ауырсыну. Әсіресе түнгілікте, «кеміріп» ауырады. Зәр шығаруы ауырсынумен. Үлкен дәреті қиындаған. Зәр мен нәжісте қан. Бір жылдам астам уақыт ауырады, дәрігерге қаралмаған. Тексерген кезде: қынап қысқарған. Жатыр мойны орнындағы күмбезінде некротикалық жабындымен қапталған кратер көрінеді. Қынап қабырғалары инфильтрацияланған. Кіші жамбаста тығыз консистенциялы ісік конгломераты, жамбас қабырғаларына екі жақтан да жетеді, қозғалмайды. Тік ішектің шырышты қабаты қозғалыссыз, саусақта – зертеу кезінде қан. Диагноз.

- жатырдан тыс жүктілік, түтіктік аборт типі бойынша үзілген.

- оң жақ аналық бездің дермоидты кистасы

- аналық без андробластомасы

+ IV дәрежелі жатыр мойны обыры

- аналық бездердің эстрогенөндіруші ісігі

?

Науқас 44 жаста. Етіккірдің 2 айға кідіруінен кейін жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністер, 10 күнге жалғасқан. Екі қолды зерттеу кезінде сыртқы аңқа жабық. Жатыр 5-6 апталық жүктілікке дейін ұлғайған. Қосалқылары анықталмайды. Диагноз.

+ климактериялық кезеңнің ДЖҚК

- жедел вульвовагинит

- трихомонадты кольпит, цервицит.

- гениталий туберкулезі

- мед.түсіктен кейінгі іріңді эндометрит.

?

Науқас 19 жаста. Аменорея. Екіншілік жыныстық белгілері айқын емес. Гипофизарлы гормондар мөлшері жоғарылаған. Аналық без гормондары айтарлықтай төмендеген. Екі саусақтық зерттеуде жатыр кішкентай. Қосалқылар екі жақтан да анықталмайды. Диагноз.

+ гонадалар дисгенезиясы

- пайда болған субмукозды түйін

- гениталий туберкулезі

- жайылмалы перитонит

- жатыр денесі эндометриозы

?

Науқас 26 жаста. Балалық шағында плевритпен ауырған, ішіндегі ауырсыну мазалаған. Етеккірі аздап азайған және ұзарған. Қарағанда патология анықталмайды. Диагноз.

- хорионэпителиома

- оң жақ аналық бездің дермоидты кистасы

+ гениталий туберкулезі

- жедел жайылмалы перитонит

- қосалқылар эндометриозы

?

Науқас 30 жаста. Шағымдары: іштің төменгі жағындағы ауырсыну және аз мөлшерде қанды бөліністер. Анамнезінде 2 өздігінен болған түсік. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны ұзындығы өзгеріссіз. Көгерген, «қарашық» симптомы теріс. Сыртқы аңқаға саусақ ұшы өтеді. Жатыр консистенциясы жұмсарған, жүктіліктің 8 аптасына дейін ұлғайған. Қосалқылар анықталмайды, күмбездер терең. Диагноз.

-аналық бездер дисфункциясы

+түсік болу қаупі

-толық емес түсік

-жолдағы түсік

- жатырдан тыс жүктілік

?

Алғаш жүті, 40 апта. Ұрық қалпы тігінен. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жамбас өлшемдері 25-28-30-18,5см. Соловьев индексі 14 см. ішкі зерттеуде жатыр мойны толық ашлыған. Ұрық қабы жоқ. Диагональды конъюгата 10,5 см. Жамбас формасы.

- жалпы тар жамбас

- көлденең тарылған жамбас

- қалыпты өлшемді жамбас

- жалпақ рахиттік жамбас

+ қарапайым жалпақ жамбас

?

Алғаш жүкті, мерзімі 20 апта. Шағымдары: іштің төменгі жағындағы ауырсыну. Жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністер. Жатыр тонусы жоғарылаған. Ұрық қозғалысын сезеді. Бимануальды тексеріс кезінде жатыр жүктілік мерзіміне сай өзгерген. Жатыр мойны 0,5 см дейін қысқарған. Сыртқы аңқа 2 см ашық. Қанды бөліністер, аздаған мөлшерде. Жатыр жүктілік мерзіміне сай ұлғайған. Диагноз.

- жолдағы түсік

- толық емес түсік

+жүктіліктің үзілу қаупі

- мерзімінен бұрын босану қаупі

- ұрықмаңы суларының мерзімінен бұрын төгілуі

?

Алғашқы босану, 9 сағатқа жалғасуда. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Толғақтар әлсіз, ретті. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 соққы/мин. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр мойны жазылған, шеттерінің қалыңдығы орташа. Жатыр мойны ашылуы 4 см, ұрық қабы бүтін. Қынаптық зерттеуді 4 сағ кейін өткізгенде көрсеткіштер сол қалыпта. Диагноз

- жатыр мойны дистоциясы

- координациясы бұзылған босану қызметі

+ босану қызметінің біріншілік әлсіздігі

- патологиялық прелиминарлы кезең

- босану қызметінің екіншілік әлсіздігі

?

Кесар тілігі кезінде жатырдан ұрық алынған соң, босанушы әйелде Кювелер жатыры анықталды. Кювелер жатыры мына патологиялық процессте анықталады:

- ұрықжолдастың тума патологиясы

- плацентаның төмен жатуы

- эорионэпителиома

+ қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

- толық емес жатыр жыртылуы

?

Әйел 29 жаста. Босану қызметі белсенді. Ұрықмаңы сулары толғақ басталғаннан кейін 8 сағ соң басталды. Жатыр аңқасының ашылуы толық. Осыдан кейін толғақтар ретсіз, қысқа. Ұрық басының қозғалуы жоқ.

- жатыр тетаниясы

- босану қызметінің біріншілік әлсіздігі

- жатыр мойны дистоциясы

+ босану қызметінің екіншілік әлсіздігі

- координациясы бұзылған босану қызметі

?

Варикозды ауруы бар босанушы әйелде кенттен ентігу, құрғақ жөтел, қозғыштық пайда болды. Кеуде клеткасында ауырсыну, қан түкіру. Тахипноэ, тахикардия, еріндер цианозы. Аускультативті: өкпе артериясы үстінде екінші тон акценті. Асқыну

- эклампсия

+ өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- ұрықмаңы суларымен эмболия

- өкпе ісінуі

- бронхиалды астма ұстамасы

?

Жүкті әйел 20 жаста. Қалыпты босану қызметі. Қараған кезде ұрықмаңы сулары мекониймен қою боялған. Жатыр мойны тегістелген, ашылуы 6 см. Ұрық басымен келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы тұйықталған, ырғақты, 160 соққы/мин. Диагноз

- резус-конфликт

- ұрық өсуінің кідіруі синдромы

+ұрықытың дистрессі

- босану қызметінің аномалиясы

- қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

?

37 жасар алғаш босанушы әйелде босану қызметі 10 сағат жалғасуда. Толғақтар 20-25 сек-тан әрбір 3-4 мин сайын. Ұрық қалпы тігінен. Басымен кіші жамбас кіреберісіне тіреліп тұр. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны ұзындығы 1 см дейін, 2 көлденең саусақ өтімді. Ұрық қабы жоқ. Диагноз

- патологиялық прелиминарлы кезең

- координациясы бұзылған босану қызметі

- босану қызметінің екіншілік әлсіздігі

- қалыпты босану қызметі

+ босану қызметінің біріншілік әлсіздігі

?

Босану қызметі тым белсенді босанушы әйелде күтпеген жерден тыныс алу жеткіліксіздігі белгілері пайда болды. Дірілдеу, дене температурасы 40 С дейін жоғарылады, АҚ төмендей бастады. Тез арада өкпе ісінуі клиникасы дамыды. Қандай асқыну дамыды

- эклампсия

+ұрықмаңы суларымен эмболия

- сепсис

- ішкі қан кету

- жедел бүйрекүсті жеткіліксіздігі

?

Әйел 22 жаста. Шағымдары: іштің төменгі жағындағы ауырсыну, дене температурасының 39,5 С дейін жоғарылауы. Іші аздап үрілген, гипогастральды аймақта қатты ауырсынады. . Бимануалды зерттеу: жатыр денесі мен қосалқылар құрсақ қабырғасының қатаюынан анықталмайды. Артқы күмбез шұғыл ауырсынады, салбырап тұр. Диагноз

- жедел эндометрит

- жедел аднексит

- жатырдан тыс жүктілік

- аналық без апоплексиясы

+ Пельвиоперитонит

?

Босану жедел, асқынусыз. АҚ 120/80 мм сын.бағ. ұрықжолдас туылған соң бір сағат өтті. Жатыр жиырылды, тығыз, кіндік деңгейінде. Жыныс жолдарынан қанды бөліністер , аздаған мөлшерде. Босанушы босану залында. Әйел қай кезеңде?

- босанудан кейінгі

+босанудан кейінгі ерте

- прелиминарлы

- босанудан кейінгі кеш

- айдау кезеңі

?

Босанушы 25 жаста. Босанудың екінші кезеңінде. Ұрықтың антенатальды өлімі. Жатыр аңқасының ашылуы толық, баспен келу. Жатыр жыртылу қаупінің белгілері пайда болды. Тактика.

- кесар тіліг

- жоғары акушерлік қысқыштар

- медикаментозды демалыс-ұйқы

+ краниотомия

- күту тактикасы

?

Жүкті әйел 20 жаста. Қалыпты мерзіммен босану. Қарау кезінде ұрық маны суы қою мекониймен боялған. Жатыр мойны тегіс, 6 см.ашылған. Ұрықтың басымен келуі. Ұрықтың жүрек соғысы әлсіз, ритмді 160уд/мин. Диагноз

- резус-конфликт

- ұрықтың өсуінің баялау синдромы

+ұрықтың дистрессі

- туу жолдарының аномалиясы

- қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын сыдырылуы

?

Босанушы 27 жаста. Екінші босану әрекеті 2 сағатқа созылуда. Ұрықтың болжам салмағы 4800г. Ұрықтың жүрек соғуы әлсіз, ритмді 120уд/мин. Жамбас мөлшері 25-28-30-20см. Вастена белгілері оң. Қынаптық тексеру: жатыр мойны толық ашылған, ұрық көпіршігі жоқ. Ұрық басы кіші жамбасқа қысылған. Мүске қол жетімсіз. Босанудың тактикасы:

- ұрықтың экстракциясы

- ұрықтың дистресінің емі

+кесар тілігі

- босанудың консервативті такикасын окситоцинмен жүргізіу

- акушерлік шипцы

?

Науқас 29 жаста, біріншілік бедеулікпен зардап шегеді. Анамнезінде операция: 3 жыл бұрын оң жақ қабынуға байланысты жатырды қосалқысымен бірге алып тастаған . 1 ай бұрын УЗИ де сол жақ аналық безінде жұқа түйін размері 4x5 см. табылған. Диагноз

+ сол жақта ісікті процес

- жатыр мойнының эндометриозы

- жатырдан тыс жүктілік

- ірінді параметрит

- гениталий туберкулезі

?

Науқас 27 жаста. Шағымдары: қышымаға, сыртқы жыныс мүшелердің тітіркенуіне. Қатты шөлдеуге, май алмасуының бұзылысы, аппетиттің жоғарылауы байқалады. Айнамен қараған кезде қынаппен сыртқы жыныс мүшелерінің гиперемиясы көрінеді. Диагноз

- аналық безінің обыры

- субмукозды жатыр миомасы

+жедел вульвовагинит (бейспецификалық этиологиясы)

- цервицит, трихомонадты кольпит

- оң жақ аналық бездің кистомасы

?

Жүкті әйел 35 жаста. Диагнозы: Артериальді гипертензия III стадия. АД=180/110 мм рт.ст. гинекологиялық қарау кезінде 10 апталық жүктілік анықталды. Дәрігердің тактикасы.

- кардиологиялық бөлімде ем қабылдау және жүктілікті жалғастыру

- жүктіліктің 1 триместірінде медикаментозды жолмен үзу

- 2 триместрде грамидицинді интраамниальді енгізу

+ 1 триместрде жүктілікті жасанды түрде үзу

- гипертониялық ауруды комплексті терапия фонында және акушерлік асқынудың алдын алып жүктілікті жалғастыру

?

Алғашқы босанушы 26 жаста. Босану әрекетінің екінші кезеңі. Ұрықтың басы кіші жамбас шұңқырында. Жүктілік бойынша тіркеуде тұрмайды. Ұрықтың жағдайы қанағаттанарлық. Бет пен жоғарғы бөліктерінде қабақтың фибриллярлы тартылуы байқалды. Босанудың тактикасы

- консервативті жансыздандыруды енгізу арқылы босандыру, эпизиотомия жасау

- кесар тілігі.

- тамырарқылы наркоз, ұрықты бұзу операциясы

- тамырарқылы наркоз, ұрықты ваккум экстракциялау

+ тамырарқылы наркоз, акушерлік щипцилар

?

11 апталық қайта босануша жүкті әйелді шөлдеу, ауыз қуысының кебуі мазалайды. Полиурия, салмақтың жоғалуы, жалпы әлсіздік. Анамнезінде: 4600 г. Өлі ұрық,. Қандағы глюкоза– 10,8 ммоль/л. Окулистің қорытындысы – ретинопатия. Жүктілікті өткізу тактикасы

- инсулинотерапия.

- метаболитикалық терапия.

+жүктілікті үзу

- регидратация.

- диетотерапия.

?

Экламсия кезінде қолданылатын препарат:

- атенолол.

- морфин.

- пропофол.

+ магния сульфат.

?

Жүкті әйел 27 жаста. Гестационды мерзім 38-39 апта. Іштің жедел ауруына шағымданады. Тері мен шырышты қабаттар бозарған , жиі пульс. Артериальды қысым төмендеуде. Ұрықтың жүрек соғысы 170 уд/мин. Пальпация кезінде жатыр ауырсынады, локальді гипертонус. Ұрық көпіршігі сақталған. Жатыр мойны 3 см ашылған, қара қызғылт қанды бөліністер. Диагноз: қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын сыдырылуы. Босануды өткізу тактикасы:

- кесар тілігі.

+амниотомия.

- амниотомия кейінгі босану медикаментозды стимуляцияы

- ұрықты бұзуды операция

- амниотомиясыз босану медикаментозды стимуляция

?

Жасынды түсік кезінде массивты қан кету пайда болды. Ерте диагностикаланбаған жатыр мойнының жүктілігімен негізделген . Сіздің тактикаңыз

- кюреткамен ұрық жұмырқасын алуды тездету.

- саусақпен ұрық жұмыртқасын алуға тырысу.

+ жатырды алып тастау, жатыр экстирпациясы.

- вакуум-экскохлеатор көмегімен ұрық жұмыртқасын алу.

- жатырды алып тастау, жатырды қынап үстілік ампутациялау.

?

30 жастағы әйелде қайта босану, ұзақтығы 14 сағат. Ұрықтың жүрек соғысы әлсіз, ырғақсыз, 100/мин. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы толық. Ұрықтың басы кіші жамбас шұңқырының шығуында. Сагитальді тігіс тігінен. Кіші еңбек қасаға маңында. Босануды жүргізу тактикасы:

- Гаусу-Иванову бойынша бас тері щипцилары

+акушерлік шығару щипциларын қолдану

- щұңқыр акушерлік щипциларды қолдану

- кесар тілігі

- окситоцинмен стимуляция жасау

?

Әйел 34 жаста. Ұрық мойын аймағында кіндікпен оралынып туылды. Баланы қараған кезде бозарған, атониялық, тынысы жоқ. Рефлекстер байқалмайды. Жүрек соғысы 66 соққы минутына. Апгар шкаласы бойынша бағалау:

+1 балл

-2 балл

-3 балл

-4 балл

-8 балл

?

Босанушы 40 жаста. 2ші босанудан 1 сағаттан кейін жыныс жолдарынан 300 мл.ге дейін қанды бөліністер пайда болды. Қан жоғалту 500 мл және жалғасуда. Жатыр бос,тері жамылғысы бозарған. Әлсізденуге көздің қараюына, шөлденуге шағымданады. Пульс 100 соққы минутына. АД 90/60 мм.рт.ст. Асқынуды анықтаңыз:

+геморрагиялық шок

-жатыр жыртылу

-жүктілік гипертензиясы

-аналық бездің апоплексиясы

-rардиогенді шок

?

Жүкті әйел, 35 апта. Аяқтың төменгі бөлігінің ісінуіне шағымданады. . АД170/110 мм.рт.ст. Зәрде ақуыз. Диагноз:

+кеш гестоз I ауырлық дәреже

-преэклампсия

-ерте гестоз

-жедел пиелонефрит

-нефритикалық синдром

?

23 жастағы әйел уақытылы толғақтармен босануға келді, жүктілік 38 апта. Ұрықтың болжамды салмағы 4500 гр. Ұрық көпіршігі сақталған. Кіші жамбас кіреберісіне ұрық басы жақын жатыр. Ұрықтың жүрек соғысы 140 соққы минутына, анық, ырғақты. Ұрық өлшемі:

+ірі

-өте ірі

-орташа

-гипотрофик

-нормотрофик

?

Әйел 17 жаста, босанбаған, жүктілігі 35 апта. Зерттеу кезінде жамбас өлшемі: 25-26-30-22 см. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты 144 соққы минутына. Ұрықтың келуі анықталмайды. Жатырды пальпациялаған кезде ұрық басы жатырдың сол жағында анықталды. Ұрықтың позициясы мен орналасуын анықтаңыз:

+көлденең орналасу, бірінші позиция

-көлденең орналасу, екінші позиция

-тігінен орналасу, бірінші позиция

-тігінен орналасу, екінші позиция

-жамбаспен келу, бірінші позиция

?

Бірінші босанушы әйелде жүктілік мерзімі 42 апта. Мекониада боялған ұрық маңы суының босанудан бұрын кетуі. Босану әрекеті жоқ. Ұрық басы кіші жамбастың кіреберісінде. Жүрек соғысы 148 соққы минутына, ырғақты, әлсіз. Жатыр мойны сақталған, ұзындығы 3 см. Артқа қарай ауытқыған, тығыз консистенциялы. Цервикальді каналға саусақты қыйындықпен өткізеді. Диагноз:

+жүктілік 42 апта, ұрық маңы суының уақытынан бұрын кетуі

-жүктілік 42 апта

-ұрық маңы суының уақытынан бұрын кетуі

-бала жолдасының ажырауы

-перитонеум

?

Жас әйел. Жыныстық өмірі некеден тыс. Кезекті етккірден соң дене температурасы 38 С дейін көтерілді. Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Іш пальпациясында – перитонеальды симптомдар. Диагноз

- хламидиялы сальпингоофорит;

- бейспецификалы этиологиялы жедел пельвиоперитонит ;

+өрлемелі гонорея;

- созылмалы бейспецификалы сальпингоофориттің өршуі

- іріңді сальпингит.

?

Әйел 32 жаста. Үлкен жыныс ернінің төменгі үштен бірінің қалыңдығында тығыз эластикалы консистенциялы димаетрі 6 см дейін түзіліс анықталды. Диагноз.

+ бартолин безінің кистасы;

- гемангиома;

- парауретральды киста;

- нейрофиброма;

- ұлғайған май безі.

?

Науқас 14 жаста. Аднекстумор тығыз эластикалы консистенциялы, контурлары анық, ауырсынбайды, диаметрі 20 см. Диагноз.

- серозды кистома

- киста;

- эндометриоз;

+муцинозды кистома;

- фиброма.

?