- •1 Нуска
- •10 Күндегі лохиялардың сипаты:
- •3 Нуска
- •16 Жасар науқаста қосалқылар аймағында айқын контурлы домалақ түзіліс пальпацияланады. Диаметрі 20 см, ауырсынбайды. Ультрадыбыстық тексерісте – көпкамералы. Диагноз.
- •10 Жасар науқас қыз бала, мерзімінен бұрын жыныстық жетілу. Ішінің аздап ұлғаюы. Ректальді тексеру кезінде құрсақ қуысында айқын контурсыз түзіліс анықталады. Диагноз. Дәрігер тактикасы.
- •42 Жасар науқаста – жатыр мойны дисплазиясының жеңіл дәрежесі. Емдеу әдісі.
- •16 Жасар науқаста қосалқылар аймағында айқын контурлы домалақ түзіліс пальпацияланады. Диаметрі 20 см, ауырсынбайды. Ультрадыбыстық тексерісте – көпкамералы. Диагноз.
- •10 Жасар науқас қыз бала, мерзімінен бұрын жыныстық жетілу. Ішінің аздап ұлғаюы. Ректальлды тексеру кезінде құрсақ қуысында айқын контурсыз түзіліс анықталады. Диагноз. Дәрігер тактикасы.
- •42 Жасар науқаста – жатыр мойны дисплазиясының жеңіл дәрежесі. Емдеу әдісі.
- •20 Апталық жүкті әйелде удз де ұрықтың шемені анықталған, шағымдары жоқ. Әйелдер кеңесіндегі дәрігерінің тактикасы:
- •36 Апталық жүкті әйелде , сыртқы акушерлік тексеру кезінде ұрықтың арқасы алдынан және оң жақтан анықталады, жұмсақ бөлігі қасаға үстінде. Ұрықтың позициясын, орналасуын және келуін анықта:
- •27 Жастағы әйел, қынап аймағындағы ашуға және қышуына әйелдер кеңесіне шағымданып келді. Жұғындыда : pH- 5,0; ; 50% негізгі жасушалар. Науқаста бөлінді бактериальді вагиноз:
- •30 Мин ішінде плацентаның бөлінуі болмағандағы дәрігер тактикасы.
42 Жасар науқаста – жатыр мойны дисплазиясының жеңіл дәрежесі. Емдеу әдісі.
- жатыр мойнының криодеструкциясы;
+диатермоэлектроконизация
- диатермоэлектрокоагуляция;
- ваготилмен күйдіру;
- төменинтенсивті лазеротерапия.
?
Әйел 34 жаста. 3 тірі баласы бар. Онкоцитологиялық зерттеуде жатыр мойны дисплазиясының ауыр дәрежесі анықталды. Айнамен қарағанда жатыр мойнында патология жоқ. Дәрігердің әрекеті.
- 5-флюурацил жақпасымен жергілікті химиотерапия;
- сәулелі терапия;
- жатырды қосалқыларымен бірге экстирпациялау;
- жүйелі химиотерапия;
+мақсатты биопсиямен кеңейтілген кольпоскопия
?
Жатырдан тыс жүктілікке күдіктенген науқасқа қынаптық тексеріс жасалды. Анықталды: сыртқы аңқа аздап ашық. Цервикальды каналдан алқызыл қанды бөліністер. Жатыр жүктіліктің 8 аптасына дейін ұлғайған. Қосалқылар анықталмайды, қынап күмбездері бос. Диагноз.
- түтіктік жасанды түсік
+бұзылған жатырлық жүктілік;
- аналық без апоплексиясы
- жатыр қосалқыларының қабыну процесі
- жатыр қосалқыларының ісігі
?
Жатыр түтікшелерінің өтімсіздігін анықтағанда ақпаратты әдіс:
- гистеросальпингография;
- пневмопельвиография;
- кульдоскопия;
+ хромогидротубациямен лапараскопия;
- кимографиялық пертубация?
?
Эндометрийдің функционалды қабатының десквамациясы осының салдарынан жүреді
- лютеотропиннің «пиктік» лақтырылымы;
+ қандағы эстрогендер мен прогестеронның мөлшерінің төмендеуі;
- қандағы пролактин деңгейінің төмендеуі;
- қандағы эстрадиол деңгейінің жоғарылауы;
- фоллитропиннің «пиктік» лақтырылымы
?
Науқас Д. Қатты бас ауруы мен лоқсу пайда болды. Естуі мен көруі нашарлады. Жүктілік 36 апта. Объективті: терісі бозарған, анасарка, бұлшықеттерінің фибриллярлы жиырылуы. Осының салдарынан тоникалық және клоникалық тырысулар мен есін жоғалту. Жүрек тондары ырғақты, АҚ 230/130 мм сын.бағ. зәр қышқылы – 30 ммоль/л, гемоглобин — 100 г/л, зәрдегі ақуыз – 6,6 г/л, плазма хлоридтері – 86 ммоль/л. Диагноз.
- уремиялық кома
+эклампсиялық кома
- хлорпениялық кома
- эпилептикалық кома
- плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
?
Алғаш жүкті әйел 18 жаста. Жүктіліктің 27-28 апталық мерзімінде флегмонозды аппендицитке байланысты операция жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде қандай асқыныстардың алдын - алуын жүргізу керек.
- кеш гестоздың
- ішек өтімсіздігінің
- ұрық гипотрофиясының
- плацентаның мерзімінен бұрын ажырауының
+жүтілікті көтере алмаушылықтың
?
Науқас 17 жаста. Жыныс жолдарынан көп мөлшердегі қанды бөліністерге, іштің төменгі жағындағы толғақтәрізді ауырсынуға шағымданады. Соңғы етеккірі 10 апта бұрын. Объективті: АҚ 100/60 мм сын.бағ. пульс 90 соққы/мин. Гинекологиялық тексеру кезінде: жатыр мойнының сыртқы аңқасына 1 саусаққа өтімді. Жатыр денесі жүктіліктің 6 аптасына дейін ұлғайған, ауырсынбайды. Қосалқылар анықталмайды, күмбездері бос. Диагноз:
- толық жасанды түсік
- жатырдан тыс жүктілік
+толық емес жасанды түсік
- қатып қалған жүктілік
- жасанды түсік болу қаупі
?
Алғаш жүкті әйел 22.03.10 күні іштің төменгі жағындағы тартып ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: соңғы етеккірі 4.01.10 болды. Гинекологиялық тексеріс кезінде: жатыр мойны сақталған, сыртқы аңқа жабық. Жатыр 9 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынбайды. Асқыныс.
+жүктіліктің 9 аптасындағы түсік болу қаупі
- толық емес түсік
- жатыр лейомиомасы
- қатып қалған жүктілік
- көпіршікті кірме
?
Қайта жүкті әйел 8 апталық жүктілікте іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауырсыну пайда болды. Жыныс жолдарынан мардымды қанды бөліністер. Анамнезінен – жүкітілігі үшінші. Жүктіліктің ерте мерзімдерінде 2 рет өздігінен түсік болған. Гинекологиялық тексеріс кезінде: қынапта – қан ұйындылары, мойын өзегі 1 көлденең саусақты өткізеді. Каналда ұрық жұмыртқасының төменгі полюсы анықталады. Жатыр көлемі гестация мерзіміне сай. Тактика.
- утеротоникалық препараттарды енгізу
+жатыр қабырғаларын қырнау
- жатыр мойнына тігіс салу
- гемостатикалық препараттар енгізу
- спазмолитикалық препараттарды енгізу
?
Науқас 22 жаста. Іштің төменгі бөлігіндегі кезеңді ауырсынуға, жыныс жолдарынан мардымды қанды бөлінділерге, етеккірдің 3 аптаға кешігуіне шағымданады. Айнамен қарағанда цервикальды каналда ұрық жұмыртқасының элементтері көрінеді. Жатыр денесі жүктіліктің 5-6 аптасына дейін ұлғайған, тығыз, қозғалмалы, палпацияда ауырсынады. Қосалқылар екі жақтан да пальпацияланбайды. Күмбездер мен параметриялар бос. Пульс 92 соққы/мин, АҚ=105/75 мм сын.бағ. Іші пальпацияда жұмсақ, ауырсынбайды. Дәрігер тактикасы.
- жатыр мойнына Лосицкая бойынша тігіс салу
- жүктілікті сақтауға бағытталған терапия
+жатыр қабырғаларын қырнау
- іш қуысын артқы күмбез арқылы пункциялау
- гемостатикалық терапия
?
Жүкті әйел 9-10 апталық жүктілік мерзімінде тәулігіне 15-20 ретке дейінгі құсуға шағымданады. Көп мөлшерде сілекей бөлінеді. 2 апта ішінде дене салмағы 2 кг азайған. АҚ 100/60 мм сын.бағ. Пульс 110 соққы/мин. Терісі құрғақ, бозарған. Жүкті әйел психикалық тұрақсыз. Диурез төмендеген. Диагноз.
- түкті әйелдің жеңіл дәрежелі құсуы
- жүкті әйелдің орташа дәрежелі құсуы
+ жүкті әйелдің ауыр дәрежелі құсуы
- Боткин ауруы
- тағамдық токсикоинфекция
?
Жүкті әйел 28 жаста. Коматозды жағдайда. Жүктілігі бірінші, 34 апта. Күйеуінің айтуы бойынша, әйелінде 2 рет тырысу ұстамасы болып, есін жоғалтқан. Қараған кезде: есі жоқ, беті ісінген, цианозды. Алдыңғы құрсақ қабырғасының және аяқтарының айтарлықтай ісінуі. Жатыр қалыпты тонуста. Ұрық қалпы тігінен, басы кіші жамбас кіреберісіне келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы тұйық, 140 соққы/мин. АҚ 180/100 мм сын.бағ. жүкті әйелді жүргізу тактикасы.
- гестоздың емін жасап, жүктілікті созу
- амниотомия және окситоцинді т/і енгізіп, босануды белсендіру
- жүкті әйелді коматозды жағдайдан шығарып, табиғи жолдармен босандыру
+ургентті кесар тілігі
- жүктілікті созып, мерзіміне жеткенде кесар тілігі операциясымен босандыру
?
Алғаш жүкті әйел 28 жаста. Босану қызметі қарқынды. Шағымдары: басының ауырсынуы, көруінің бұзылысы, есінің кідіруі . АҚ — 180/110 мм сын.бағ. Алдыңғы құрсақ қабырғасының және аяқтарының айтарлықтай ісінуі. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты – 160 соққы/мин. Акушерлік зерттеуде: жатыр аңқасының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ. Ұрықтың басы кіші жамбастың тар бөлігінде. Босануды жүргізу тактикасы.
- кесар тілігі
+акушерлік қысқыштар салу операциясы
- ұрықбұзушы операция
- эпизиотомия
- босану қызметін белсендіру
?
Босанушы әйел 24 жаста. Босану қызметі басталған соң 4 сағ кейін бастың ауырсынуы мен көрудің нашарлауына шағымданып түсті. АҚ – 180/100 мм сын.бағ. аяқтарында мардымды ісінулер. Ұрық қалпы тігінен, басымен келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы – 130 соққы/мин. Акушерлік зерттеу кезінде тырысу ұстамасы болып есін жоғалтқан. Асқыну.
- эпилепсия
- преэклампсия ауыр дәрежелі
- преэклампсия орташа дәрежелі
- гипертониялық криз
+эклампсия
?
Жүкті әйел 30 апталық жүктілік мерзімінде үйінде эклампсия ұсатамысы болған. АҚ 150/100 мм сын.бағ. ұрықтың болжамды салмағы 1500 г. беті мен тобықтары ісінген. Зәрде ақуыз – 0,66‰. Босану жолдары босануға дайын емес. Қарқынды комплексті терапия басталды. Жүргізу тактикасы.
+кесар тілігі операциясымен босандыруды шешу
- 1-2 аптада емдеу барысын жүктілікті созу
- 3-4 аптада емдеу барысын жүктілікті созу
- т/і окситоцин немесе простогландиндер енгізу жолымен босандыруды белсендіру
- гестозды емдеп, босандыруды консервативті жүргізу
?
Алғаш жүкті әйел 23 жаста. 37-38 аптаға сәйкес келеді. Жағдайы ауыр – үйде эклампсия ұстамасы болған. АҚ 180/100 мм сын.бағ., пульс 98соққы/мин. Жайылмалы ісінулер. Есі кідірген. Жүкті әйелді жүргізу тактикасы.
- қарқынды терапия фонында жүктілікті созу
- 2-3 күн бойы интенсивті терапия жүргізіп, артынан кесар тілігі операциясымен босануды шешу
- акушерлік қысқыштар салу
+қарқынды терапия барысында кесар тілігімен ургентті босануды шешу
- ерте амниотомия
4нуска
Жүкті әйел 30 жаста. Қынаптан айқын қызыл түсті қанды бөлінділердің пайда болуына шағымданады. Жүктілік 32 апта. Стационарға бала жолдасының төмен жатуына күдіктеніп жатқызылды. Ішкі зерттеуді жүргізу шарттары.
- босану бөлмесінде, барлық асептика ережелерін сақтай отырып
- әйелдер кеңесінің қарау бөлмесінде
- босану үйінің қабылдау бөлімінде
+операцияға дайын кезінде операция бөлмесінде
- профузды қан кету қауіптілігі болғандықтан жүргізілмейді
?
Босанушы әйел 35 жаста. Екінші босанудың бірінші кезеңі. Толғақтар күші орташа. Осы жүктілік бесінші. Алдындағы үшеуі медициналық түсікпен аяқталған. Төртіншісі – плацентаның төмен жатуына байланысты кесар тілігі жасалған. Кенттен әйелде іште қатты ауырсыну мен әлсіздік пайда болды. АҚ 80/50 мм сын.бағ. дейін төмендеді. Қынаптан- аздаған қанды бөлінділер. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Ұрықтың ұсақ бөліктері іштің ортаңғы сызығының сол жағынан сезіледі. Босану қызметі тоқтады. Диагноз.
- қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
+ескі тыртықтан жатырдың жыртылуы
- плацентаның төмен жатуы, құрсақішілік қан кету
- жатыр мойны жыртылуының ІІІ дәр., құрсақішілік қан кету
- жатырдың басталған жыртылуы, құрсақішілік қан кету
?
Босанушы әйел 29 жаста. Жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданады. Тұрықты босану қызметі басталғаннан пайда болды. Гестация мерзімі 38 апта. Толғақтар 30-35 сек, әрбір 4-5 мин сайын. Ұрықтың жүрек соғысы 150 соққы/мин. Ішкі акушерлік зерттеу кезінде: жатыр мойны жұмсарған, 2 см дейін қысқарған. Мойын өзегі 2 см ашық. Ұрық қабы бүтін. Бала жолдасы тіннің шеті анықталады. Амниотомиядан соң қан кету азайды. Жалпы қан кету 300 мл құрады. Босануды жүргізу жоспары.
+босануды кесар тілігі жолымен аяқтау
- тері-бас қысқыштарын салу
- босану қызметін белсендіруді жүргізу
- қан кету жылдамдығын бағалай отырып күту тактикасы
- гемостатикалық және инфузионды-трансфузиондық терапияны жүргізу
?
Алғаш босанушы 20 жасар әйелде ұрық туған соң қынаптан аздаған қанды бөлінділер пайда болды. Бала жолдасының ажырау белгілері жоқ. 5 мин соңбала жолдасы өздігінен бөлініп, туылды, ақау жоқ. Қан жоғалту 100 мл. Жатыр жақсы жиырылды. Алайда қан ұйындылары аралас қанды бөлінділер жалғасуда. Қан кету себебі.
- жатыр гипотониясы
+босану каналының жұмсақ тіндерінің жыртылуы
- жатырда плацентарлы тіннің қалып қоюы
- қанның коагуляциясының бұзылысы
- жатыр жыртылуы
?
26 жасар босанған әйелде босанудан кейінгі 4-тәулікте жатырлық қан кету басталды. 400 мл құрады. Жалпы жағдайы нашарлауда – дене температурасы 36,70С, Пульс 94 соққы/мин. АҚ 90/70 мм сын.бағ. Жатыр тығыз, түбі кіндік деңгейінде. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны 4 см дейін ашылған. Ішкі аңқаның артында жұмсақ тін мен қан ұйындылары анықталады. Қарау кезінде қан кету күшейді. Тактика.
- жатыр қуысын қолмен тексеріп, плацента бөліктерін алу
- жатырды жиыратын препараттар енгізу
+жатыр қуысын аспаптық қарауды жүргізу
- қынап үсті жатыр ампутациясы
- зәрді шығарғаннан кейін сыртқы жатыр массажын жүргізу
?
Жүкті әйел К. жүктілік 38 апта. Шағымдары: 1 сағ бұрын пайда болған іштегі қатты ауырсыну, жыныс жолдарынан мардымсыз қанды бөлінділер. Босану қызметі жоқ. Әйел бозарған. Пульс – 100 соққы/мин. АҚ=100/60 мм сын.бағ. Пальпацияда жатыр қатты, ауырсынады. Ұрықтың жүрек соғысы жоқ. Диагноз.
- жатыр жыртылуы
+қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
- құрсақ ішілік қан кету
- ішек өтімсіздігі
- плацентаның төмен жатуы
?
Қайталап босанушы әйелде шұғыл босану басталған соң қынаптан қанды бөлінділер пайда болды. Ішкі акушерлік зерттеу кезінде: жатыр мойны жазылған. Аңқаның ашылуы 6 см, ішкі аңқаның 1/3 жұмсақ тінмен жабылған. Қалған бөлігінде ұрық қабы пальпацияланады. Босану қызметі белсенді. Тактика.
- босану қызметін белсендіру
- кесар тілігі
+амниотомия
- жатырлық токолиз
- гемостатикалық терапия
?
Босанушы әйел С., 25 жаста. Босанудың ІІІ кезеңі. Ұрық босанғанынан 15 мин өтті. Жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділер көрінеді. Тағы 5 мин кейін ұрық жолдасы туылды. Плацента беткейінде1,5*2,5 см ақау анықталды. Жыныс жолдарынан қан кету. Дәрігер тактикасы.
- босану жолдарын айнамен қарау
+жатыр қуысын қолмен ревизиялау
- жатыр мойнына және/немесе т/і утеротоникалық заттар енгізу
- физиологиялық кезеңді физиологиялық жүргізу
- жатыр қуысына босанудан кейінгі кюреткамен аспаптық тексеруді жүргізу
?
Жүкті әйел 34 апталық жүктілік мерзімінде босану үйіне әкелінді. Жыныс жолдарынан қан кету ұйықтап жатқанда пайда болған. Қан жоғалту 300 мл шамасында Диагноз.
- қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
+плацентаның төмен жатуы
- жатыр мойны обыры
- жатыр мойны эрозиясы
- кіндікбау тамырларының жарылуы
?
Босанушы әйел 29 жаста. Плацентаның толық төмен жатуы. Кесар тілігі операциясы жасалды. Плацентаны алған соң қан кету басталды. 5*6 см плацента бөлігі анықталды, алып тастау мүмкін емес. Жатыр тығыз, нашар жиырылады. Қан кету себебі.
- жатыр гипотониясы
- плацентаның жартылай тығыз бітісуі
+плацентаның жартылай шынайы бітісіп кетуі
- қан коагуляциясының бұзылуы
- плацентаның жартылай ажырауы
?
Босанушы әйелде егіз бала туғаннан соң ауқымды қан кету басталды. Терісі бозарған, көгерген, ылғалды, ұстағанда суық. Тахикардия 140 соққы/мин. АҚ=70/40 мм сын.бағ. Тыныс алуы жиі, беткей. Қарашықтары кеңейген. Ступор. Қан жоғалту 2000 мл (40% ОЦК). Диагноз.
- септикалық шок
- ұрықмаңы суларымен эмболия, шок
- жатыр жыртылуы, геморрагиялық шок
+жатыр атониясы, геморрагиялық шок
- геморрагиялық шок
?
28 жасар науқасқа толық емес түсікке байланысты жатыр қуысын қырнау жасалған. Қан жоғалту 900 мл құрады. Гемотрансфузия басталды. 60 мл эритромассаны енгізген соң бел аймағында ауырсыну пайда болды. Дірілдеу. Гемотрансфузия тоқтатылды. 20 мин соң науқастың жағдайы күрт нашарлады: адинамия, терінің қатты бозаруы. Акроцианоз, қатты тершеңдік, қызба (t=38,50С). PS=110 соққы/мин., АҚ=70/40 мм сын.бағ. Диагноз.
- геморрагиялық шок
- септикалық шок
+гемотрансфузиондық шок
- анафилактикалық шок
- ТШҚҰ-синдромы
?
32 жасар босанушы әйелде табиғи жолдармен егіз бала туған соң ауқымды қан кету басталды. Бала жолдасы мен босану жолдары бүтін. Жатыр түбі кіндіктен биік, пальпацияда жұмсақ. Тономоторлы заттарды енгізген соң жатыр тонусы өзгерген жоқ. Қан кету себебі.
- жатыр гипотониясы
- жатыр жыртылуы
+ жатыр атониясы
-босану жолдарының жарақаты
-ТШҚҰ-синдромы
?
Босанушы әйел босанғаннан кейінгі 3-тәулікте әлсіздік пен ұйқысының бұзылуына шағымданады. Тәбеті төмендеген, іштің төменгі бөлігінде ауырсынулар. Дене температурасы 390С көтерілген, тахикардия. Қарағанда пальпацияда жатыр ауырсынады, түбі кіндіктен 2 см төмен. Лохиялары лайлы-қанды, жағымсыз иісті. Диагноз.
- параметрит
- жатыр көктамырының тромбофлебиті
- перитонит
+босанудан кейінгі эндометрит
- жатыр субинволюциясы
?
Босанғаннан соң 14ші күні босанушы әйел келді. Шағымдары: сол жақ сүт безінің ауырсынуы, гиперемиясы, тығыздалуы. Дене температурасы 39 С көтерілген, басының ауырсынуы, әлсіздік Объективті: емізік маңайының жарылуы , сол жақ сүт безі көлемінің ұлғаюы. Пальпацияда ауырсынуы күшейеді. Диагноз.
- сол жақ сүт безінің фиброаденомасы
- сол жақ сүт безінің іріңдеген кистасы
+лактациондық мастит
- сүт безінің обыры
- сүт безінің флегмонасы
?
Әйел 22 жаста. Кесар тілігінен соң 15ші тәулікте келді. Шағымдары: оң жақ сүт безіндегі ауырсыну. Дене температурасы 390С, дірілдеу. Объективті: сүт безі ұлғайған, қызарған, тығыздалған. Баланы ана сүтімен 8-тәуліктен бастап емізеді, сүтін сауады. Алдын алу.
- емізген соң сүт бездерін тұрақты сауу, босануға дейінгі емізіктер мен сүт бездерін дайындау
- етеккір циклының реттелуі
- тұрақты профтексерістер, ЖІС қолдану
- әр емізгеннен соң сүт безін сауып тастау
+төске ерте салу және төспен емізу
?
Плацентаны қарағанда 2*3 см ақау анықталды. Қан кету жоқ. Тактика.
- жатырдың сыртқы массажы
- утеротоникалық препараттар тағайындау
- босанушы әйелді бақылау
+жатыр қуысын қолмен тексеру
- жатыр қуысын аспапты тексерісу
?
Алғаш босанушы әйелде жамбас өлшемдері 25-28-31-20 см. Белсенді босану қызметі басталды. Сулары кетті, таза. Ұрық салмағы – 4500 г. Басы кіші жамбас кіреберісіне келіп тұр. Вастен белгісі оң. Жатыр мойнының ашылуы толық. Ұрық қабы жоқ. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 соққы/мин. Босануды жүргізу тактикасы.
- ұрықтың вакуум-экстракциясы
+кесар тілігі
- акушерлік қысқыштар
- босануды консервативті жүргізу
- босану қызметін белсендіру
?
28 жасар науқас әйелді кездейсоқ жыныстық қатынастан 3 тәулік өткен соң гинекологиялық бөлімге әкелді. Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мен зәр шығарғандағы ауырсыну мазалайды. Қынаптан мардымды ірің тәрізді бөлінділер. Дене температурасы 37,8С көтерілген. Диагноз: жедел екі жақты аднексит. Қосымша зерттеуде анықталды: уретрадан алынған жұғындыда барлық көру алаңында лейкоциттер. Жасуша сыртында да, ішінде де орналасқан диплококк – бактериялар. Этиология.
- трихомонадты
- Коли-бациллярлы
- хламидиялы
+гонореялы
-стафилококктық
?
ЖІС қолданғанда ең жиі кездесетін асқыну.
- истмико-цервикальды жеткіліксіздік
- жатырдан тыс жүктілік
- әдетке айналған түсік
+ кіші жамбастың жедел инфекциясы
- жамбас көк тамырларының тромбозы
?
Жатырішілік спиральдарды қолдануға қарсы көрсеткіш:
- эпилепсия
+ кіші жамбас мүшелерінің жедел және созылмалы аурулары
- асқорыту мүшелерінің аурулары
- артық салмақ
- қантты диабет
?
Контрацепция әдісінің эффективтілігін анықтайтын индекс
+Перл индексі
- Соловьёв индексі
- Тернер индексі
- Адамс индексі
- Селеванов индексі
?
Науқас 24 жаста. Ауырсыну мен жанасқандағы қанды бөлінділерге шағымданады. Етеккір қызметі бұзылмаған. Жыныстық өмірі 23 жастан. Тұрмыс құрған. Жүктіліктен сақтанбайды.
+ жедел кольпит, жатыр мойнының шынайы эрозиясы
- жатыр мойны обыры
- эндометриоз
- вагиноз
- сепсис
?
Е., 54 жаста. Бірнеше күн бұрын пайда болған іріңді, «ет жуындысы» тәрізді бөлінділерге шағымданады. Менопауза 45 жастан. Анамнезінде: менопауза алдында ациклді қан кетулер, жатыр қуысын қырнау – эндометрийдің безді гиперплазиясы. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны босанған әйелдікі, аңқасы шамалы ашық. Бөлінділер «ет жуындысы» түстес. Жатыры аздап ұлғайған, тығыз, қозғалмалы, қосалқылары ерекшеліксіз. Параметриялар аймағында аздаған инфильтрация. Диагноз.
+ жатыр денесі обыры, жайылу кезеңі II-III
- жатыр мойны обыры, жайылу кезеңі II-III
- сальпингоофорит
- жатырдан тыс жүктілік
- жатыр мойны эрозиясы, жедел кольпит
?
Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: сыртқы аңқа жабық, жатыр аздап ұлғайған, жұмсарған. Оң жақ қосалқылар аймағында жұмсақтау, ауырсынатын түзіліс анықталады. Жатыр мойнынан қозғалтқанда ауырады. Диагноз.
+ үдемелі түтіктік жүктілік
- оң жақ аналық без апоплексиясы
- созылмалы сальпингоофариттің өршуі
- аналық бездердің обыры
- жамбас көктамырының тромбозы
?
Сперматозоидтар жатыр мен жатыр түтікшелеріне енген соң ұрықтандыруға қабілетті
- 6-12 сағат
+ 24-48 сағат
- 3-5 тәулік
- 10 тәулік
- 20 тәулік
?
Науқас 49 жаста. 3 қалыпты босану мен 2 асқынусыз мед жасанды түсік. Соңғы жыл ішінде 2-3 айға дейін кідіріспен тұрақсыз етеккір. 3 апта бұрын қанды бөлінділер пайда болған. Осы уақытқа дейін жалғасуда. Гинекологиялық тексерісте патология жоқ. Қанды бөлінділер аздаған мөлшерде. Диагноз.
- аденомиоз
+ дисфункциональды қан кету
- эндометрий обыры
- жатырдың субмкозды миомасы
- жатыр мойны обыры
?
Жас ерлі зайыптылар бедеулікке шағымданады бірінші кезекте көрсетілген.
- гистеросальпингография
- қынап жұғындысының цитологиясы
- базальды температураны өлшеу
- эндометрий биопсиясы
+ сперманы зерттеу
?
Тұрмыс құрған әйел, 35 жастан асқан. Қантты диабетпен, өттас ауруымен, тромбофлебитпен ауырады. Баласы бар. Контрацепция әдісі.
- оральды контрацептивтер
+ хирургиялық стерилизация
- жатырішілік контрацепция
- ерінің хирургиялық стерилизациясы
- мүше қап
?
Жатыр миомасы әйелдерде бірінші рет анықталады:
- пубертатты кезеңде
+ репродуктивті кезеңде
- пременопауза кезеңінде
- постменопауза кезеңінде
- ерте балалық шақ кезеңінде
?
Әйел баланы төспен емізеді. Контрацепция әдісі.
- монофазалы комбинирленген оральды контрацептивтер
+ мини-пили
- екіфазалы комбинирленген оральды контрацептивтер
- үшфазалы комбинирленген оральды контрацептивтер
- хирургиялық стерилизация
?
Әйелде постменопаузальды кезеңде қосалқылар аймағында түйірлі түзіліс анықталды. Тағайындау керек
- 6 айға гестагендермен емдеу
- онкоцитологияға жұғынды алып, 6 аптадан кейін қайталап қарау
- остеопорозды жоққа шығару үшін рентгенологиялық тексеріс жасау
- тәуліктік зәрдегі эстрогендердің жалпы мөлшерін анықтау
+ шұғыл тексеріс жүргізіп, хирургиялық ем жүргізу үшін госпитализациялау
?
Әйел бедеуліктен зардап шегеді. Ампулярлы бөлімдегі жатыр түтікшелерінің өтімсіздігі анықталды. Емдеудің тиімді әдісі.
- жасанды инсеминация
- гормонотерапия
- иммунотерапия
+ сальпингостоматопластика
- ЭКО
?
Әйел 32 жаста. Екіншілік аменореямен ауырады. Эстрогендер мен прогестеронның циклды горманальды емінен кейін етеккір тәрізді реакция пайда болған жоқ. Диагноз.
- гипоталамикалық аменорея
- гипофизарлық аменорея
- аналық бездік аменорея
+ жатырлық аменорея
- психогенді аменорея
?
Әйел 28 жаста. Етеккір кідірісі 4 апта. Науқастың тілегі бойынша жүктілікті үзу мақсатында жатыр қуысын қырнау жүргізілді. Қырындыны гистологиялық тексеруде хорион бүрлерінсіз децидуальды реакция анықталды. Қырнаудан кейін жағдайы қанағаттанарлық болып қалды. Пульс – 76 соққы/мин., АҚ - 110/60 мм.с.б. жыныс жолдарынан қанды бөлінділер жалғасуда. Диагноз.
+жатырдан тыс жүктілік
- жатырлық аменорея
-жатырлық жүктілік
- жатыр мойны обыры
- обыр алды
?
Науқас әйел ұзақ уақыт бойы жедел пиелонефритке байланысты антибиотик қабылдауда. Қынапта ашу сезімі, қышу, көп мөлшерлі бөліністер пайда болды. Асқыну.
- жедел эндометрит;
- жатырдан тыс жүктілік
- қосалқылардың қабынуы;
+ кандидоздық кольпит;
- жатыр мойны эрозиясы.
?
