Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 нуска.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.76 Кб
Скачать

16 Жасар науқаста қосалқылар аймағында айқын контурлы домалақ түзіліс пальпацияланады. Диаметрі 20 см, ауырсынбайды. Ультрадыбыстық тексерісте – көпкамералы. Диагноз.

- серозды цистаденома;

- дермоидты киста;

+ муцинозды кистома;

- фиброма;

- дисгерминома.

?

Гистеросальпингография әдісімен жатыр денесінің ішкі эндометриозын диагностикалау үшін етеккір циклының мына күндері неғұрлым қолайлы.

- етеккір басталғаннан 1-2 күн бұрын

+ етеккір біткеннен соң бірден

- 2-14-күндері

-16-18-күндері

- 20-22-күндері

?

Науқас 47 жаста. Жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділер. Нb 112 г/л. Соңғы етеккірі 5 аптаға кешігіп келді. 9 күн бойы жалғасуда. Әлсіздік пен басы айналады. Анамнезінде 2 босану, 1 эндометритпен асқынған түсік. Бір жыл бойы етеккірі тұрақсыз. Қынаптық зерттеуде жатыр мойны ерекшеліксіз. Жатыр өлшемдері қалыпты, тығыз, қозғалмалы, ауырсынбайды. Қосалқылары анықталмайды. Диагноз.

- жатырдан тыс жүктілік

- өздігінен болған түсік

+ дисфункциональды жатырлық қан кету

- созылмалы эндометриттің өршуі

- жатыр мойны обыры

?

Қайталап жүкті әйелде соңғы айда екі рет қанды бөліністер байқалған. Гемодинамикасы тұрақты қалған. Жатыр ауырсынбайды. 35 апталық жүктілік мерзімінде босану қызметі басталысымен жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кету басталды. Жатыр мойны шұғыл қысқарған, мойын өзегіне 1 саусақ өтімді. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісі үстінде. Ұрықтың жүрек соғысы анық, 140 соққы/мин, ырғақты. Келіп тұрған бөлігі қынаптық зерттеуде нақты анықталмайды. Диагноз.

- мерзімінен бұрын босану

- қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы

- жатыр жыртылуы

+ плацентаның төмен жатуы

- истмико-цервикальды жеткіліксіздік

?

Қалыпты орналасқан плацентаның ажырауының себебі:

- шамадан тыс қатты толғақтар

- жарақат

- ұрықмаңы суларының мерзімінен бұрын төгілуі

- кіндікбаудың абсолютті қысқалығы

+ ұзақ ағымды гестоз

?

25 жасар босанушы әйелде салмағы 3650 гр.ұрықпен мерзімді 2-босану. Босанудың бірінші кезңі 6 сағат. Екінші кезең 30 мин. 10 мин соң плацента өздігінен бөлініп, ұрықжолдас шықты. Плацентаны қарағанда оның бүтіндігіне күдік туды. Диагноз.

+ плацентаның қалдықтары

- жатыр гипотониясы

- жатыр жыртылуы

- ДВС-синдром

- жатыр мойны жыртылуы

?

Постменопаузадағы гормондар деңгейі

- өзгермейді

+ ФСГжәне ЛГ жоғарылайды

- пролактин деңгейі төмендейді

- ФСГ және ЛГ деңгейлері төмендейді

- прогестерон деңгейі жоғарылайды

?

Науқас 27 жаста. Шағымдары: сыртқы жыныс мүшелері аймағындағы ауырсыну, температураның жоғарылауы. 4 күн бойы жүру кезіндегі ыңғайсыздық. Бақшадағы жұмыспен байланыстырады. Анамнезінде – 2 босану мен 1 аборт. Объективті: оң жақ үлкен жыныс ерні аймағында өлшемі 4*3 см түзіліс анықталады. Оның үстіндегі терісі қызарған. Пальпация кезінде флюктуация мен қатты ауырсыну. Диагноз. Дәрігер тактикасы:

+ Бартолин безінің абсцессі. Қабынуға қарсы антибактериальды терапия. Ашу. Түзілісті дренаждау.

- оң жақ аналық без кистасының бұралуы. Лапаротомия, оң жақтан цистотубовариоэктомия.

- жатырдан тыс жүктілік, түтікшенің жыртылуы типі бойынша үзілген. Оперативті ем.

- гонадалар дисгенезиясы. Генетиктің консультациясы, жыныс мүшелерінің УДЗ, кариотиптік зерттеу.

- эндометриозбен қосарланған жатыр миомасы. Оперативті ем.

?

32 жасар науқаста бедеулік, екі жақты аднексит, жиі өршулермен. Жоғары температура, дірілдеу, барлық іштегі ауырсыну. Іші үрілген, барлық аймақтарында қатайған. Ауырсынады, Щеткин симптомы барлық аймақта айқын оң нәтижелі. Тілі құрғақтау, пульс 120 соққы/мин. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнын қозғалту қатты ауырсыну тудырады. Қосалқылар мен жатырды ауырсыну салдарынан анықтау мүмкін емес. Қынаптың артқы күмбезі тығыздалған, ауырсынады. Диагноз. Дәрігер тактикасы.

- жатырдан тыс жүктілік, түтіктік аборт типі бойынша үзілген. Артқы күмбез арқылы пункция.

+жайылмалы перитонит. Оперативті ем

- басталған өздігінен болған түсік. Синтетикалық прогестиндерді тағайындау

- жатыр мойны эндометриозы. Синтетикалық прогестиндерді тағайындау

- жатыр миомасы. Жатыр денесінің эндометриозы. Жатыр ампутациясы.

?

Науқас 28 жаста. Шағымдары: іштің төменгі жағындағы ауырсыну. ЖІС енгізгеннен 7-күні пайда болған қанды бөліністер. Етеккірі 14 жастан бастап, 7 күн бойы әрбір 30 күн сайын. Көп мөлшерде, соңғы жылда үшінші түсіктен кейін ауырсынумен келетін болды. Анамнезінде 2 босану, 3 артифициальды түсік, фолликулярлы жалған эрозияр. Объективті: жатыр қалыптыдан үлкендеу, пальпацияға сезімтал, қосалқылары өзгермеген. Бөлінділері шырышты-қанды. Диагноз. Дәрігер тактикасы.

- гонадалар дисгенезиясы. Генетиктің консультациясы, жыныс мүшелерінің УДЗ, кариотиптік зерттеу.

- жыныс мүшелерінің туберкулезі. ПАСК, фтивазин тағайындау.

+ эндометрит. ЖІС алып тастау, гормональды контрацептивтер фонында қабынуға қарсы ем.

- түйінінің субмукозды орналасуымен жатыр миомасы. Жатырды шұғыл түрде алып тастау.

- аналық бездердің эстроген өндіруші обыры. Лапаротомия

?

Науқас 43 жаста. Шағымдары: соңғы 5 жылдағы ауырсынатын және ұзақ мерзімді етеккір. Қараған кезде жатыр мойны таза. Жатыр аздап ұлғайған, тығыз, екі жақтан да қосалқылар ерекшеліксіз. Диагноз. Дәрігер тактикасы.

+жатыр денесінің эндометриозы. Гестагендер тағайындау.

- аналық без апоплексиясы. Оперативті ем.

- климактериялық кезеңнің ДМК. Жатыр қуысының диагностикалық қырнауы.

- жедел вульвовагинит (бейспецификалы этиологиялы). Қынап флорасына жұғынды алу

- аналық бездер обыры. Диагностикалық лапаротомия?

?

Науқас 54 жаста. Шағымдары: бөлінділер мен жанасқан кездегі қанды бөліністер. 3 ай бұрын пайда болған. Диагноз. Қосымша зерттеу.

+ жатыр мойны обыры. Мақсатты биопсиямен кеңейтілген кольпоскопия.

- жедел жайылмалы перитонит. Шұғыл түрде оперативті ем.

- етеккір алды синдром. Контрацепциялық тәртіпте синтетикалық прогестиндер тағайындау.

- Хорионэпителиома. Химиотерапия .

- ІV дәрежелі жатыр мойны обыры. Биопсия және симптоматикалық ем.

?