Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 нуска.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.76 Кб
Скачать

3 Нуска

Жүкті әйел 25 жаста. Мерзімі 34 апта. Жағдайы ауыр. Шағымдары: басының ауырсынуы, көруінің бұзылысы, құсу. Объективті: жайылмалы ісінулер. АҚ – 170/130 мм сын.бағ. Кенеттен әйелде беттің бұлшықеттерінің фибриллярлы тырысулары, тоникалық және клоникалық тырысулар басталды. Тыныс алуы тоқтады. 1,5 мин соң тыныс алуы қалпына келді. Аузынан қанмен боялған көбік шықты. Зәрдің клиникалық талдауында – ақуыз 3,5 г/л. Диагноз.

- эпилепсия

+эклампсия

- миға қан құйылу

- бас миының ісінуі

- асқазан жарасы

?

Жүкті әйел 22 жаста. Мерзімі 38 апта. Есін жоғалтқан ауыр жағдайда. 3 күн бойы ісінулер мен бас ауруы пайда болған. Лоқсу мен бір ретті құсу. Объективті: АҚ=160/130 мм сын.бағ. Беттің бұлшықеттерінің ұсақ фибриллярлы тырысулары, мұрынмен тыныс алуы қиындаған. Тасымалдау барысында қолдарының тырысуы басталды. Жүкті әйелдің денесі созылып, омыртқа жотасы иіліп, жақтары тығыз қарысып қалды. Тыныс алуы тоқтады. Сосын клоникалық тырысулар мен айқын көгеру пайда болды. Тырысулар тоқтаған соң терең шулы тыныс шығару пайда болды. Аузынан қанмен боялған көбік шықты. Диагноз.

- сіреспе

- эпилепсия

- хорея

- гипертониялық криз

+эклампсия

?

Босанушы 28 жаста. Шағымдары: басының ауырсынуы, көруінің бұзылысы, есінің кідіру. Объективті: АҚ=200/110 мм сын.бағ., аяқтарының және алдыңғы құрсақ қабырғасының айтарлықтай ісінуі. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 190 соққы/мин. Акушерлік зерттеу кезінде: жатыр аңқасының ашылуы толық. Ұрықтың басы кіші жамбастың қуысында. Босануды жүргізу тактикасы:

+кесар тілігі

- акушерлік қысқыштар салу операциясы

- ұрық бұзушы операция

- эпизиотомия жасап, босануды консервативті жүргізу

- босану қызметін белсендіру

?

Нәресте физиологиялық босанумен мерзімінде туылды. Екінші тәулікте оның терісі мен шырышты қабаттарының сарғаюы пайда болды. Тура емес билирубин 136 мкмоль/л. Анасында қан тобы [І]Rh(-), балада — А[ІІ]Rh(+). Сарғаюдың пайда болу механизмі.

+ эритроциттер гемолизі

- холестаз

- гепатит

- өт ағуының бұзылысы

-билирубин алмасуының бұзылысы

?

Ұрықжолдас туылғаннан 10 мин кейін жыныс жолдарынан қан ұйындылары аралас көп мөлшерде қан кету басталды. Бала жолдасы және босану жолдары бүтін. Жатыр палпацияда жұмсақ, нашар жиырылады. Оның түбі кіндіктен 2 көлденең саусаққа жоғары. Утеротоникалық заттарды енгізген соң қан кету тоқтады. Бірнеше минуттан соң жатыр қайтадан босаңсып кетті. Қан кету себебі:

- жатыр жыртылуы

+жатыр гипотониясы

- ТШҚҰ-синдром

- ұрық маңы суларымен эмболия

- поагулопатия

?

Босанушы әйелде ұрық туылған соң бірден қан кету басталды. Қан жоғалту физиологиялықтан көп, әрі жалғасуда. Плацентаның ажырау белгілері жоқ. Дәрігер тактикасы.

- жатыр қуысы қабырғаларына аспапты тексеруді жүргізу

- жатыр тампонадасын жүргізу

+бала жолдасын қолмен бөліп ұрық жолдасын алып шығу

-Креде-Лазаревич әдісімен ұрық жолдасты бөлу

-т/і метилэргометринмен глюкоза енгізу

?

Жүкті әйел 30 жаста. Қынаптан айқын қызыл түсті қанды бөлінділердің пайда болуына шағымданады. Жүктілік 32 апта. Стационарға бала жолдасының төмен жатуына күдіктеніп жатқызылды. Ішкі зерттеуді жүргізу шарттары.

- босану бөлмесінде, барлық асептика ережелерін сақтай отырып

- әйелдер кеңесінің қарау бөлмесінде

- босану үйінің қабылдау бөлімінде

+операцияға дайын кезінде операция бөлмесінде

- профузды қан кету қауіптілігі болғандықтан жүргізілмейді

?

Босанушы әйел 35 жаста. Екінші босанудың бірінші кезеңі. Толғақтар күші орташа. Осы жүктілік бесінші. Алдындағы үшеуі медициналық түсікпен аяқталған. Төртіншісі – плацентаның төмен жатуына байланысты кесар тілігі жасалған. Кенеттен әйелде іште қатты ауырсыну мен әлсіздік пайда болды. АҚ 80/50 мм сын.бағ. дейін төмендеді. Қынаптан- аздаған қанды бөлінділер. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Ұрықтың ұсақ бөліктері іштің ортаңғы сызығының сол жағынан сезіледі. Босану қызметі тоқтады. Диагноз.

- қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

+ескі тыртықтан жатырдың жыртылуы

- плацентаның төмен жатуы, құрсақішілік қан кету

- жатыр мойны жыртылуының ІІІ дәр., құрсақішілік қан кету

- жатырдың басталған жыртылуы, құрсақішілік қан кету

?

Босанушы әйел 29 жаста. Жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданады. Тұрықты босану қызметі басталғаннан пайда болды. Гестация мерзімі 38 апта. Толғақтар 30-35 сек, әрбір 4-5 мин сайын. Ұрықтың жүрек соғысы 150 соққы/мин. Ішкі акушерлік зерттеу кезінде: жатыр мойны жұмсарған, 2 см дейін қысқарған. Мойын өзегі 2 см ашық. Ұрық қабы бүтін. Бала жолдасы тіннің шеті анықталады. Амниотомиядан соң қан кету азайды. Жалпы қан кету 300 мл құрады. Босануды жүргізу жоспары.

+босануды кесар тілігі жолымен аяқтау

- тері-бас қысқыштарын салу

- босану қызметін белсендіруді жүргізу

- қан кету жылдамдығын бағалай отырып күту тактикасы

- гемостатикалық және инфузионды-трансфузиондық терапияны жүргізу

?

Алғаш босанушы 20 жасар әйелде ұрық туған соң қынаптан аздаған қанды бөлінділер пайда болды. Бала жолдасының ажырау белгілері жоқ. 5 мин соңбала жолдасы өздігінен бөлініп, туылды, ақау жоқ. Қан жоғалту 100 мл. Жатыр жақсы жиырылды. Алайда қан ұйындылары аралас қанды бөлінділер жалғасуда. Қан кету себебі.

- жатыр гипотониясы

+босану каналының жұмсақ тіндерінің жыртылуы

- жатырда плацентарлы тіннің қалып қоюы

- қанның коагуляциясының бұзылысы

- жатыр жыртылуы

?

26 жасар босанған әйелде босанудан кейінгі 4-тәулікте жатырлық қан кету басталды. 400 мл құрады. Жалпы жағдайы нашарлауда – дене температурасы 36,70С, Пульс 94 соққы/мин. АҚ 90/70 мм сын.бағ. Жатыр тығыз, түбі кіндік деңгейінде. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны 4 см дейін ашылған. Ішкі аңқаның артында жұмсақ тін мен қан ұйындылары анықталады. Қарау кезінде қан кету күшейді. Тактика.

- жатыр қуысын қолмен тексеріп, плацента бөліктерін алу

- жатырды жиыратын препараттар енгізу

+жатыр қуысын аспаптық қарауды жүргізу

- қынап үсті жатыр ампутациясы

- зәрді шығарғаннан кейін сыртқы жатыр массажын жүргізу

?

Жүкті әйел К. жүктілік 38 апта. Шағымдары: 1 сағ бұрын пайда болған іштегі қатты ауырсыну, жыныс жолдарынан мардымсыз қанды бөлінділер. Босану қызметі жоқ. Әйел бозарған. Пульс – 100 соққы/мин. АҚ=100/60 мм сын.бағ. Пальпацияда жатыр қатты, ауырсынады. Ұрықтың жүрек соғысы жоқ. Диагноз.

- жатыр жыртылуы

+қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

- құрсақ ішілік қан кету

- ішек өтімсіздігі

- плацентаның төмен жатуы

?

Қайталап босанушы әйелде шұғыл босану басталған соң қынаптан қанды бөлінділер пайда болды. Ішкі акушерлік зерттеу кезінде: жатыр мойны жазылған. Аңқаның ашылуы 6 см, ішкі аңқаның 1/3 жұмсақ тінмен жабылған. Қалған бөлігінде ұрық қабы пальпацияланады. Босану қызметі белсенді. Тактика.

- босану қызметін белсендіру

- кесар тілігі

+амниотомия

- жатырлық токолиз

- гемостатикалық терапия

?

Босанушы әйел С., 25 жаста. Босанудың ІІІ кезеңі. Ұрық босанғанынан 15 мин өтті. Жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділер көрінеді. Тағы 5 мин кейін ұрық жолдасы туылды. Плацента беткейінде1,5*2,5 см ақау анықталды. Жыныс жолдарынан қан кету. Дәрігер тактикасы.

- босану жолдарын айнамен қарау

+жатыр қуысын қолмен ревизиялау

- жатыр мойнына және/немесе т/і утеротоникалық заттар енгізу

- физиологиялық кезеңді физиологиялық жүргізу

- жатыр қуысына босанудан кейінгі кюреткамен аспаптық тексеруді жүргізу

?

Жүкті әйел 34 апталық жүктілік мерзімінде босану үйіне әкелінді. Жыныс жолдарынан қан кету ұйықтап жатқанда пайда болған. Қан жоғалту 300 мл шамасында Диагноз.

- қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

+плацентаның төмен жатуы

- жатыр мойны обыры

- жатыр мойны эрозиясы

- кіндікбау тамырларының жарылуы

?

Босанушы әйел 29 жаста. Плацентаның толық төмен жатуы. Кесар тілігі операциясы жасалды. Плацентаны алған соң қан кету басталды. 5*6 см плацента бөлігі анықталды, алып тастау мүмкін емес. Жатыр тығыз, нашар жиырылады. Қан кету себебі.

- жатыр гипотониясы

- плацентаның жартылай тығыз бітісуі

+плацентаның жартылай шынайы бітісіп кетуі

- қан коагуляциясының бұзылуы

- плацентаның жартылай ажырауы

?

Босанушы әйелде егіз бала туғаннан соң ауқымды қан кету басталды. Терісі бозарған, көгерген, ылғалды, ұстағанда суық. Тахикардия 140 соққы/мин. АҚ=70/40 мм сын.бағ. Тыныс алуы жиі, беткей. Қарашықтары кеңейген. Ступор. Қан жоғалту 2000 мл (40% ОЦК). Диагноз.

- септикалық шок

- ұрықмаңы суларымен эмболия, шок

- жатыр жыртылуы, геморрагиялық шок

+жатыр атониясы, геморрагиялық шок

- геморрагиялық шок

?

28 жасар науқасқа толық емес түсікке байланысты жатыр қуысын қырнау жасалған. Қан жоғалту 900 мл құрады. Гемотрансфузия басталды. 60 мл эритромассаны енгізген соң бел аймағында ауырсыну пайда болды. Дірілдеу. Гемотрансфузия тоқтатылды. 20 мин соң науқастың жағдайы күрт нашарлады: адинамия, терінің қатты бозаруы. Акроцианоз, қатты тершеңдік, қызба (t=38,50С). PS=110 соққы/мин., АҚ=70/40 мм сын.бағ. Диагноз.

- геморрагиялық шок

- септикалық шок

+гемотрансфузиондық шок

- анафилактикалық шок

- ТШҚҰ-синдромы

?

32 жасар босанушы әйелде табиғи жолдармен егіз бала туған соң ауқымды қан кету басталды. Бала жолдасы мен босану жолдары бүтін. Жатыр түбі кіндіктен биік, пальпацияда жұмсақ. Тономоторлы заттарды енгізген соң жатыр тонусы өзгерген жоқ. Қан кету себебі.

- жатыр гипотониясы

- жатыр жыртылуы

+ жатыр атониясы

-босану жолдарының жарақаты

-ТШҚҰ-синдромы

?

Босанушы әйел босанғаннан кейінгі 3-тәулікте әлсіздік пен ұйқысының бұзылуына шағымданады. Тәбеті төмендеген, іштің төменгі бөлігінде ауырсынулар. Дене температурасы 390С көтерілген, тахикардия. Қарағанда пальпацияда жатыр ауырсынады, түбі кіндіктен 2 см төмен. Лохиялары лайлы-қанды, жағымсыз иісті. Диагноз.

- параметрит

- жатыр көктамырының тромбофлебиті

- перитонит

+босанудан кейінгі эндометрит

- жатыр субинволюциясы

?

Босанғаннан соң 14ші күні босанушы әйел келді. Шағымдары: сол жақ сүт безінің ауырсынуы, гиперемиясы, тығыздалуы. Дене температурасы 39 С көтерілген, басының ауырсынуы, әлсіздік Объективті: емізік маңайының жарылуы , сол жақ сүт безі көлемінің ұлғаюы. Пальпацияда ауырсынуы күшейеді. Диагноз.

- сол жақ сүт безінің фиброаденомасы

- сол жақ сүт безінің іріңдеген кистасы

+лактациондық мастит

- сүт безінің обыры

- сүт безінің флегмонасы

?

Әйел 22 жаста. Кесар тілігінен соң 15ші тәулікте келді. Шағымдары: оң жақ сүт безіндегі ауырсыну. Дене температурасы 390С, дірілдеу. Объективті: сүт безі ұлғайған, қызарған, тығыздалған. Баланы ана сүтімен 8-тәуліктен бастап емізеді, сүтін сауады. Алдын алу.

- емізген соң сүт бездерін тұрақты сауу, босануға дейінгі емізіктер мен сүт бездерін дайындау

- етеккір циклының реттелуі

- тұрақты профтексерістер, ЖІС қолдану

- әр емізгеннен соң сүт безін сауып тастау

+төске ерте салу және төспен емізу

?

Плацентаны қарағанда 2*3 см ақау анықталды. Қан кету жоқ. Тактика.

- жатырдың сыртқы массажы

- утеротоникалық препараттар тағайындау

- босанушы әйелді бақылау

+жатыр қуысын қолмен тексеру

- жатыр қуысын аспапты тексерісу

?

Алғаш босанушы әйелде жамбас өлшемдері 25-28-31-20 см. Белсенді босану қызметі басталды. Сулары кетті, таза. Ұрық салмағы – 4500 г. Басы кіші жамбас кіреберісіне келіп тұр. Вастен белгісі оң. Жатыр мойнының ашылуы толық. Ұрық қабы жоқ. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 соққы/мин. Босануды жүргізу тактикасы.

- ұрықтың вакуум-экстракциясы

+кесар тілігі

- акушерлік қысқыштар

- босануды консервативті жүргізу

- босану қызметін белсендіру

?

28 жасар науқас әйелді кездейсоқ жыныстық қатынастан 3 тәулік өткен соң гинекологиялық бөлімге әкелді. Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мен зәр шығарғандағы ауырсыну мазалайды. Қынаптан мардымды ірің тәрізді бөлінділер. Дене температурасы 37,8С көтерілген. Диагноз: жедел екі жақты аднексит. Қосымша зерттеуде анықталды: уретрадан алынған жұғындыда барлық көру алаңында лейкоциттер. Жасуша сыртында да, ішінде де орналасқан диплококк – бактериялар. Этиология.

- трихомонадты

- Коли-бациллярлы

- хламидиялы

+гонореялы

-Стафилококктық

?

ЖІС қолданғанда ең жиі кездесетін асқыну.

- истмико-цервикальды жеткіліксіздік

- жатырдан тыс жүктілік

- әдетке айналған түсік

+ кіші жамбастың жедел инфекциясы

- жамбас көк тамырларының тромбозы

?

Жатырішілік спиральдарды қолдануға қарсы көрсеткіш:

- эпилепсия

+ кіші жамбас мүшелерінің жедел және созылмалы аурулары

- асқорыту мүшелерінің аурулары

- артық салмақ

- қантты диабет

?

Контрацепция әдісінің эффективтілігін анықтайтын индекс

+Перл индексі

- Соловьёв индексі

- Тернер индексі

- Адамс индексі

- Селеванов индексі

?

Науқас 24 жаста. Ауырсыну мен жанасқандағы қанды бөлінділерге шағымданады. Етеккір қызметі бұзылмаған. Жыныстық өмірі 23 жастан. Тұрмыс құрған. Жүктіліктен сақтанбайды.

+ жедел кольпит, жатыр мойнының шынайы эрозиясы

- жатыр мойны обыры

- эндометриоз

- вагиноз

- сепсис

?

Е., 54 жаста. Бірнеше күн бұрын пайда болған іріңді, «ет жуындысы» тәрізді бөлінділерге шағымданады. Менопауза 45 жастан. Анамнезінде: менопауза алдында ациклді қан кетулер, жатыр қуысын қырнау – эндометрийдің безді гиперплазиясы. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны босанған әйелдікі, аңқасы шамалы ашық. Бөлінділер «ет жуындысы» түстес. Жатыры аздап ұлғайған, тығыз, қозғалмалы, қосалқылары ерекшеліксіз. Параметриялар аймағында аздаған инфильтрация. Диагноз.

+ жатыр денесі обыры, жайылу кезеңі II-III

- жатыр мойны обыры, жайылу кезеңі II-III

- сальпингоофорит

- жатырдан тыс жүктілік

- жатыр мойны эрозиясы, жедел кольпит

?

Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: сыртқы аңқа жабық, жатыр аздап ұлғайған, жұмсарған. Оң жақ қосалқылар аймағында жұмсақтау, ауырсынатын түзіліс анықталады. Жатыр мойнынан қозғалтқанда ауырады. Диагноз.

+ үдемелі түтіктік жүктілік

- оң жақ аналық без апоплексиясы

- созылмалы сальпингоофариттің өршуі

- аналық бездердің обыры

- жамбас көктамырының тромбозы

?

Сперматозоидтар жатыр мен жатыр түтікшелеріне енген соң ұрықтандыруға қабілетті

- 6-12 сағат

+ 24-48 сағат

- 3-5 тәулік

- 10 тәулік

- 20 тәулік

?

Науқас 49 жаста. 3 қалыпты босану мен 2 асқынусыз мед жасанды түсік. Соңғы жыл ішінде 2-3 айға дейін кідіріспен тұрақсыз етеккір. 3 апта бұрын қанды бөлінділер пайда болған. Осы уақытқа дейін жалғасуда. Гинекологиялық тексерісте патология жоқ. Қанды бөлінділер аздаған мөлшерде. Диагноз.

- аденомиоз

+ дисфункциональды қан кету

- эндометрий обыры

- жатырдың субмкозды миомасы

- жатыр мойны обыры

?

Жас ерлі зайыптылар бедеулікке шағымданады бірінші кезекте көрсетілген.

- гистеросальпингография

- қынап жұғындысының цитологиясы

- базальды температураны өлшеу

- эндометрий биопсиясы

+ сперманы зерттеу

?

Тұрмыс құрған әйел, 35 жастан асқан. Қантты диабетпен, өттас ауруымен, тромбофлебитпен ауырады. Баласы бар. Контрацепция әдісі.

- оральды контрацептивтер

+ хирургиялық стерилизация

- жатырішілік контрацепция

- ерінің хирургиялық стерилизациясы

- мүше қап

?

Жатыр миомасы әйелдерде бірінші рет анықталады:

- пубертатты кезеңде

+ репродуктивті кезеңде

- пременопауза кезеңінде

- постменопауза кезеңінде

- ерте балалық шақ кезеңінде

?

Әйел баланы төспен емізеді. Контрацепция әдісі.

- монофазалы комбинирленген оральды контрацептивтер

+ Мини-пили

- екіфазалы комбинирленген оральды контрацептивтер

- үшфазалы комбинирленген оральды контрацептивтер

- хирургиялық стерилизация

?

Әйелде постменопаузальды кезеңде қосалқылар аймағында түйірлі түзіліс анықталды. Тағайындау керек

- 6 айға гестагендермен емдеу

- онкоцитологияға жұғынды алып, 6 аптадан кейін қайталап қарау

- остеопорозды жоққа шығару үшін рентгенологиялық тексеріс жасау

- тәуліктік зәрдегі эстрогендердің жалпы мөлшерін анықтау

+ шұғыл тексеріс жүргізіп, хирургиялық ем жүргізу үшін госпитализациялау

?

Әйел бедеуліктен зардап шегеді. Ампулярлы бөлімдегі жатыр түтікшелерінің өтімсіздігі анықталды. Емдеудің тиімді әдісі.

- жасанды инсеминация

- гормонотерапия

- иммунотерапия

+ сальпингостоматопластика

- ЭКО

?

Әйел 32 жаста. Екіншілік аменореямен ауырады. Эстрогендер мен прогестеронның циклды горманальды емінен кейін етеккір тәрізді реакция пайда болған жоқ. Диагноз.

- гипоталамикалық аменорея

- гипофизарлық аменорея

- аналық бездік аменорея

+ жатырлық аменорея

- психогенді аменорея

?

Әйел 28 жаста. Етеккір кідірісі 4 апта. Науқастың тілегі бойынша жүктілікті үзу мақсатында жатыр қуысын қырнау жүргізілді. Қырындыны гистологиялық тексеруде хорион бүрлерінсіз децидуальды реакция анықталды. Қырнаудан кейін жағдайы қанағаттанарлық болып қалды. Пульс – 76 соққы/мин., АҚ - 110/60 мм.с.б. жыныс жолдарынан қанды бөлінділер жалғасуда. Диагноз.

+жатырдан тыс жүктілік

- жатырлық аменорея

-жатырлық жүктілік

- жатыр мойны обыры

- обыр алды

?

Науқас әйел ұзақ уақыт бойы жедел пиелонефритке байланысты антибиотик қабылдауда. Қынапта ашу сезімі, қышу, көп мөлшерлі бөліністер пайда болды. Асқыну.

- жедел эндометрит;

- жатырдан тыс жүктілік

- қосалқылардың қабынуы;

+ кандидоздық кольпит;

- жатыр мойны эрозиясы.

?