- •Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
- •Азаматтық процестік құқықтың әдісінің ерекшеліктері:
- •Азаматтық-процестік нысанның сипаттамасы
- •Азаматтық процестік құқық нормаларының қолданылуы
- •Ғылымның пәні
- •Азаматтық процестің (сот ісін жүргізудің) түрлері
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың ерекшеліктері
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың пайда болу алғышарттары
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың мазмұны
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың субъектілерін топтау
- •Азаматтық процестегі тараптардың белгілері
- •Тараптардың азаматтық процестік құқықтары Жалпы
- •Тараптардың азаматтық процестік міндеттері
- •Жалпы Арнайы
- •Процестік-құқықтық мәнде тең қатысу Материалдық-құқықтық мәнде тең қатысу
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың процестік ерекшеліктері Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың құқықтық салдары
- •Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының түрлері
- •Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының пайда болу негіздері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың тең талап қоюшылардан ерекшеліктері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың процестік ерекшеліктері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың процеске қатысу ерекшеліктері
- •Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуының процестік негіздері Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуының процестік нысандары
- •Процеске қатысу негіздері
- •Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
- •Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
- •Сотта өкілдік етудің міндеттері
- •Сотта өкілдік етудің процестік ерекшеліктері
- •Шартты Қоғамдық
- •Қоғамдық
- •Пайда болу негіздері:
- •Процестік мерзімдерді есептеу және тоқтата тұру тәртібі
- •Процестік әрекеттер жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіле отырып айқындалады
Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығы – даулы немесе сот шешімімен белгіленген құқықтық қатынастардан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда сот сол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстыруға жол береді. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады (ҚР АПК-53-б.).
Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының түрлері
Әмбебап (универсалды) – барлық құқықтар мен міндеттердің басқа тұлғаға өтуі.
Сингулярлы (ішінара) – жекелеген субъективтік құқықтардың басқа тұлғаға өтуі.
Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының пайда болу негіздері
Адамның қайтыс болуы.
Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы.
Талапты басқаға беру.
Борышты аудару.
Даулы материалдық құқықтық қатынастардағы тұлғалардың басқа да ауысу жағдайлары.
27-сұрақ. ДАУДЫҢ НЫСАНАСЫНА ДЕРБЕС ТАЛАПТАРЫН МӘЛІМДЕЙТІН ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАР
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа да талап қою арқылы істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін процеске кірісе алады (ҚР АПК-51-б.).
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың тең талап қоюшылардан ерекшеліктері
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың процестік ерекшеліктері
Өз құқығын қорғау үшін басқа субъектілер арасында қозғалған процеске кірісе алады.
Үшінші тұлғалар әр уақытта басталып кеткен процеске кіріседі.
Бір немесе екі тарапқа да талап қою арқылы істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін процеске кірісе алады.
Талап қоюшының талабынан басқа немесе ұқсас негіздерден туындайтын үшінші тұлғалардың талабының бейтарап сипаты әруақытта бүтіндей немесе ішінара алғашқысының(талап қоюшының) талабын жояды.
Процеске кірісуі ұйғарым шығару арқылы рәсімделеді.
Олар барлық құқықтарды пайдаланады және талап қоюшының барлық міндеттерін орындайды.
Талаптың пәніне қатысты қарсы талап қойылуы мүмкін.
Іске қатысу немесе бірінші сатыдағы сотта дербес талап қою құқығын іске асырмаса, сот істі талап қоюшының қойған талабы бойынша қарайды және шешеді.
28-сұрақ. ДАУДЫҢ НЫСАНАСЫНА ДЕРБЕС ТАЛАПТАРЫН МӘЛІМДЕМЕЙТІН ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАР
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар – іс тараптардың біреуіне қатысты олардың құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, бірінші сатыдағы сот іс бойынша шешім шығарғанға дейін талап қоюшының немесе жауапкердің жағында процеске кірісе алады (ҚР АПК-52-б.).
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың процеске қатысу ерекшеліктері
Олар тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысуға тартылуы мүмкін.
Сот істі сот талқылауына дайындаған және қойылған талаптар үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі туралы анық деректер болған кезде көрсетілген тұлғаларға осындай арыздың қабылданғаны туралы хабарлайды.
Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы шешімді сот істі сот талқылауына дайындау сатысында қабылдайды, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда немесе сот отырысында ұйғарыммен көрсетіледі, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар процестік құқықтарды пайдаланады және өзі қай тараптың жағында қатысса, сол тараптың процестік міндеттерін атқарады.
Талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талаптардың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талап қоюдан бас тартуға, талап қоюды тануға, татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасуға, қарсы талап беруге, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап етуге құқылы емес.
Дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлға іске кіріскен кезде осы тұлғаға іс материалдарымен, оның ішінде іске қатысатын адамдардың бұрын берген түсініктемелерімен танысу мүмкіндігі беріле отырып, істі қарау жалғастырылады.
29-сұрақ. ПРОКУРОРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУЫ
Сот ісін жүргізуде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей, сондай-ақ өзіне бағынышты прокурорлар арқылы жүзеге асырады (ҚР АПК-54-б.).
