- •Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
- •Азаматтық процестік құқықтың әдісінің ерекшеліктері:
- •Азаматтық-процестік нысанның сипаттамасы
- •Азаматтық процестік құқық нормаларының қолданылуы
- •Ғылымның пәні
- •Азаматтық процестің (сот ісін жүргізудің) түрлері
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың ерекшеліктері
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың пайда болу алғышарттары
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың мазмұны
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың субъектілерін топтау
- •Азаматтық процестегі тараптардың белгілері
- •Тараптардың азаматтық процестік құқықтары Жалпы
- •Тараптардың азаматтық процестік міндеттері
- •Жалпы Арнайы
- •Процестік-құқықтық мәнде тең қатысу Материалдық-құқықтық мәнде тең қатысу
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың процестік ерекшеліктері Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың құқықтық салдары
- •Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының түрлері
- •Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының пайда болу негіздері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың тең талап қоюшылардан ерекшеліктері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың процестік ерекшеліктері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың процеске қатысу ерекшеліктері
- •Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуының процестік негіздері Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуының процестік нысандары
- •Процеске қатысу негіздері
- •Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
- •Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
- •Сотта өкілдік етудің міндеттері
- •Сотта өкілдік етудің процестік ерекшеліктері
- •Шартты Қоғамдық
- •Қоғамдық
- •Пайда болу негіздері:
- •Процестік мерзімдерді есептеу және тоқтата тұру тәртібі
- •Процестік әрекеттер жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіле отырып айқындалады
Пайда болу негіздері:
Белгіленген тәртіп бойынша тіркелген баланың туу тегін анықтайтын деректер.
Белгіленген тәртіп бойынша тіркелген асырап алу туралы деректер.
Қорғаншы мен қамқоршы тағайындау туралы әкімшілік актісі.
Хабарсыз кетті деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша хабарсыз кеткен азаматтың мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асыратын тұлға оның өкілі ретінде әрекет етеді.
Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп заңда белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұрагерлік мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген тұлға мұрагердің өкілі ретінде әрекет етеді.
40-сұрақ. СОТТА ӨКІЛ БОЛА АЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАР
Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар (ҚР АПК-59-б.)
Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
Егер мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса тапсырма бойынша өкіл бола алмайды. .
Егер бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе куәгер ретінде қатысса тапсырма бойынша өкіл бола алмайды. .
Егер тұлға басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса тапсырма бойынша өкіл бола алмайды. .
Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда, сотта өкіл бола алмайды.
Егер тұлға психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса тапсырма бойынша өкіл бола алмайды. .
41-сұрақ. СОТТАҒЫ ӨКІЛДІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
Тапсырма бойынша өкіл талап қою арызына қол қоюдан, iстi төрелікке беруден; татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаудан, талап қоюдан немесе талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартудан, талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтудан немесе азайтудан, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгертуден, өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруден (сенімді басқаға аударудан); сот актісіне апелляциялық, кассациялық тәртіптермен шағым жасаудан, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруден, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуден, сот алып берген мүлікті алудан, апелляциялық шағымнан, өтінішхаттан бас тартудан басқа, заңда көзделген барлық процестік әрекеттерді өзі өкілі болып отырған тұлғаның атынан жасауға құқылы (ҚР АПК-60-б.1-б.)
.
Соттағы өкілдің өкілеттіктері (көлемі және ресімдеу)
(ҚР АПК-60, 61-б.б.)
Адвокаттар ҚР АПК-60-б. 1-б. көзделген құқықтармен қатар мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, заңды тұлғалардан анықтамаларға немесе өзге де құжаттарға сұрау салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заң көмегін көрсету үшін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
Өкілдің ҚР АПК-60-б.1-б. көрсетілген процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуге тиіс.
Сенімхат сотқа жазбаша нысанда немесе сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.
Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері ордермен куәландырылады. Адвокаттың ҚР АПК-60-б.1-б. көзделген процестік әрекеттерді жасауы сенімхатпен куәландырылады.
Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуінің өкілеттіктері сенімхатта немесе сот отырысына жеке өзі қатысқан жағдайда сенім білдірушінің сот отырысының хаттамасына енгізілген ауызша мәлімдемесінде көрсетілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген өзге де тұлға береді.
Іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар басқа да адамдар жоғары заң білімі туралы дипломның расталған көшірмесін ұсынады.
42-сұрақ. ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР
Процестік мерзімдер – заңмен белгіленген немесе сот тағайындаған процестік әрекеттер атқарылуы тиіс уақыт аралығы (ҚР АПК-121,126-б.б.).
Заңмен белгіленген процестік мерзім – процестік әрекеттер заңмен белгіленген процестік мерзімдерде жасалады. Егер заңмен белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.
Сот тағайындаған процестік мерзім – егер процестік әрекеттер жасауға арналған мерзім заңмен белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды. Сот тағайындайтын процестік мерзім процестік әрекеттер жасау үшін ақылға қонымды және жеткілікті болуға тиіс.
Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады.
43-сұрақ. ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ
