- •Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
- •Азаматтық процестік құқықтың әдісінің ерекшеліктері:
- •Азаматтық-процестік нысанның сипаттамасы
- •Азаматтық процестік құқық нормаларының қолданылуы
- •Ғылымның пәні
- •Азаматтық процестің (сот ісін жүргізудің) түрлері
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың ерекшеліктері
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың пайда болу алғышарттары
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың мазмұны
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың субъектілерін топтау
- •Азаматтық процестегі тараптардың белгілері
- •Тараптардың азаматтық процестік құқықтары Жалпы
- •Тараптардың азаматтық процестік міндеттері
- •Жалпы Арнайы
- •Процестік-құқықтық мәнде тең қатысу Материалдық-құқықтық мәнде тең қатысу
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың процестік ерекшеліктері Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың құқықтық салдары
- •Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының түрлері
- •Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының пайда болу негіздері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың тең талап қоюшылардан ерекшеліктері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың процестік ерекшеліктері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың процеске қатысу ерекшеліктері
- •Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуының процестік негіздері Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуының процестік нысандары
- •Процеске қатысу негіздері
- •Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
- •Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
- •Сотта өкілдік етудің міндеттері
- •Сотта өкілдік етудің процестік ерекшеліктері
- •Шартты Қоғамдық
- •Қоғамдық
- •Пайда болу негіздері:
- •Процестік мерзімдерді есептеу және тоқтата тұру тәртібі
- •Процестік әрекеттер жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіле отырып айқындалады
Азаматтық процестік құқыққатынастардың ерекшеліктері
Азаматтық процестік құқыққатынастар әртүрлі қайнар көздердегі азаматтық процестік құқық нормалары негізінде пайда болады және тек екі субъектің арасында қалыптасады – істі қараушы сот және процестің кез келген қатысушысы (сот-талап қоюшы, сот-куә, т.с.с.).
Сот азаматтық процестік құқыққатынастардың міндетті субъектісі болып табылады. Тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар өзара процестік қатынаста болмайды. Бұл қатынастар соттың қатысуынсыз туындамайды.
Азаматтық процестік құқыққатынастар тек құқықтық нысанда орын алуы мүмкін. Бұл қатынастардың материалдық қатынастардан айырмашылығы – нақтылы түрде орын ала алмайды, олар азаматтық процестік құқық нормаларымен реттелуі тиіс.
Азаматтық процестік құқыққатынастардың спецификалық ерекшелігі жүйелілігінде – бір-бірімен тығыз байланысты, бағынышты, кезекпен дамитын және бір-бірін алмастырып отыратын жүйені қалыптастырады. Бұл жүйе барынша өзара бейтарап құқыққатынастардың жиынтығынан тұрады.
14-сұрақ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Азаматтық процестік құқыққатынастардың пайда болу алғышарттары
Азаматтық процестік құқық нормаларының болуы – азаматтық процестік құқыққатынастар пайда болуы үшін ең алдымен, азаматтық процестік құқық нормалары болуы қажет.
Азаматтық процестік құқыққатынастардың қатысушыларының құқықтықсубъектілігі – азаматтық процестік құқыққатынастар пайда болуы үшін субъектілері барлық азаматтар және материалдық құқық субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін бірдей шамада танылатын азаматтық процестік құқықтар мен міндеттерге ие қабілеттілігіне, яғни азаматтық процестік құқық қабілеттілікке ие болуы тиіс (ҚР АПК-44-б.).
Азаматтық процестік құқыққатынастар пайда болуы үшін субъектілерінің сотта өздерінің әрекеттерімен өз бетінше өз құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерін орындау қабілеттілігі, яғни азаматтық процестік әрекет қабілеттілігі, болуы тиіс (он сегіз жасқа толған азаматтарға, заңды тұлғаларға толық көлемде тиесілі болады) (ҚР АПК-45-б.).
Заңды фактілер – олардың орын алуы немесе болмауын құқықтық нормалар процестік құқықтар мен міндетердің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуымен байланыстырады.
15-сұрақ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚҚАТЫНАСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Азаматтық процестік құқыққатынастардың мазмұны
Азаматтық процестік құқыққатынастардың мазмұны туралы мәселе азаматтық процестік құқық теориясындағы күрделі мәселелердің бірі.
Ал келесі бір тобы, азаматтық процестік құқыққатынастардың мазмұнын өздерінің құқықтары мен міндеттеріне сәйкес атқарған оның субъектілерінің әрекеттері құрайды деп санайды.
Кей авторлар азаматтық процестік құқыққатынастардың мазмұнын сот пен басқа да қатысушылардың құқықтары мен міндеттері құрайды деп есептейді.
Орындысы ретінде, азаматтық процестік құқыққатынастардың мазмұнын тек оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттері емес, сонымен қатар олардың процестік әрекеттері құрайды деген авторлардың көзқарастарын ұстанғанымыз жөн.
16-сұрақ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Азаматтық процестік құқыққатынастардың объектілері болып бұл құқыққатынастар неге бағытталғаны болып табылады.
Жалпы объект – процессуалдық қатынастардан тыс туындаған, соттың талап қою ісін жүргізу арқылы шешуін қажет ететін материалдық-құқықтық қатынастардың субъетілерінің арасындағы туындаған құқық туралы дау, сонымен қатар, ерекше іс жүргізу бойынша заңды фактілерді анықтау немесе басқа мән-жайларды анықтауы туралы талаптары, және ерекше талап қою ісін жүргізу бойынша тұлғалардың арыздары.
Арнайы объект – бұл оны шешу мақсатына бағытталған барлық құқыққатынастар. Әр құқыққатынас, сол сияқты оның топтары (мысалы, сот - тараптар, сот - сот өкілдері, сот - куә) өзінің арнайы объектісіне ие.
17-сұрақ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Азаматтық процестік құқыққатынастардың субъектілері (ҚР АПК-8, 47, 54, 55-б.б.)
Азаматтар.
Заңды тұлғалар.
Азаматтық процесте мемлекет тарап болуы мүмкін.
Заңда көзделген жағдайларда, заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкін.
Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы талап қоюмен, арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе азаматтар сотқа басқа тұлғалардың өтініші бойынша олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып, жүгіне алады.
18-сұрақ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІН ТОПТАУ
