- •Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
- •Азаматтық процестік құқықтың әдісінің ерекшеліктері:
- •Азаматтық-процестік нысанның сипаттамасы
- •Азаматтық процестік құқық нормаларының қолданылуы
- •Ғылымның пәні
- •Азаматтық процестің (сот ісін жүргізудің) түрлері
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың ерекшеліктері
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың пайда болу алғышарттары
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың мазмұны
- •Азаматтық процестік құқыққатынастардың субъектілерін топтау
- •Азаматтық процестегі тараптардың белгілері
- •Тараптардың азаматтық процестік құқықтары Жалпы
- •Тараптардың азаматтық процестік міндеттері
- •Жалпы Арнайы
- •Процестік-құқықтық мәнде тең қатысу Материалдық-құқықтық мәнде тең қатысу
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың процестік ерекшеліктері Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың құқықтық салдары
- •Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының түрлері
- •Азаматтық процестегі құқық мирасқорлығының пайда болу негіздері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың тең талап қоюшылардан ерекшеліктері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың процестік ерекшеліктері
- •Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың процеске қатысу ерекшеліктері
- •Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуының процестік негіздері Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуының процестік нысандары
- •Процеске қатысу негіздері
- •Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
- •Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
- •Сотта өкілдік етудің міндеттері
- •Сотта өкілдік етудің процестік ерекшеліктері
- •Шартты Қоғамдық
- •Қоғамдық
- •Пайда болу негіздері:
- •Процестік мерзімдерді есептеу және тоқтата тұру тәртібі
- •Процестік әрекеттер жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіле отырып айқындалады
Азаматтық процестің (сот ісін жүргізудің) түрлері
Оңайлатылған іс жүргізу: бұйрық арқылы іс жүргізу – өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша жүргізіледі (ҚР АПК-134-143-б.б.); оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу - пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) дәлелдемелерді зерттейді және шешім қабылдайды (ҚР АПК-144-147-б.б.). Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің тізімі заңмен реттеледі (ҚР АПК-145-б.).
Талап қою ісін жүргізу – азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша бұзылған құқықтарды немесе мүдделерді қорғау мақсатында азаматтық істер қаралады. Негізінде, материалдық-құқықтық даулар бойынша жүргізіледі, бірақ, кей жағдайларда дау жоқ болса да орын алуы мүмкін. Мысалы, кәмілетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар ажырасқанда
(ҚР АПК-148-222-б.б.).
Сырттай іс жүргізу талап қою ісін жүргізудің оңайлатылған түрі –отырыстың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін
(ҚР АПК-256-267-б.б.).
Ерекше талап қою ісін жүргізу – мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтеріне байланысты туындаған құқық туралы даулар бойынша істер қаралады. Тараптар арасында билікті-бағынышты қатынастарға негізделеді (мысалы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушы мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағым)
(ҚР АПК-286-301-б.б.).
Ерекше іс жүргізу – құқық туралы дау жоқ істерді қарау. Негізгі ерекшелігі: дауласатын тараптардың болмауы
(ҚР АПК-302-386-б.б.).
Сұрақ 10. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ САТЫЛАРЫ
Азаматтық процестің сатылары
Азаматтық істі қозғау – судья талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді. Талап қою арызын бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдап, судья сот ісін жүргізу тілін көрсетумен бірге азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
(ҚР АПК-150-162-б.б.).
Істі сот талқылауына дайындау – азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы ҚР АПК-де және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. (ҚР АПК-163-173-б.б.).
Сот талқылауы – сот (судья жеке-дара) іс материалдарын сот отырысында қарайды, шақырылған адамдарды тыңдайды және істі мәнімен шешіп, шешім шығарумен аяқтайды (ҚР АПК-183-222-б.б.), немесе іс шешім шығарылмай аяқталады
(ҚР АПК-268-б.).
Сот актілеріне апелляциялық шағым жасау, наразылық білдіру – заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін (ҚР АПК-401-433-б.б.).
Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу – жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртiппен қайта қарауы мүмкiн (ҚР АПК-434-454-б.б.).
Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу – туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған, бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін айтарлықтай маңызы бар заңды фактілер шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар қайта қаралуы мүмкін (ҚР АПК-455-463-б.б.).
Сот актілерін орындау – сот актілері және басқа органдардың қаулыларын атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға байланысты іс бойынша өндірістің соңғы сатысы.
Сұрақ 11. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Азаматтық процестік құқық принциптері – Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларында және азаматық процестік заңнамаларда бекітілген соттың процестік қызметін, оның құқықтық табиғатын және азаматтық істер бойынша әділ сот билігін атқару кепілдіктерін анықтайтын негізгі құқықтық идеялар.
Азаматтық процестік құқық принциптерінің мәні:
Осы құқық саласының нормалар мен институттарын біріктіруге әсер етеді, яғни пәнін, әдістерін және міндеттерін ерекшелендіретін қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге қосымша осы құқық саласына сәйкес белгілері.
Азаматтық процестік құқықтың аса маңызды бастауларын білдіре отырып, осы құқық саласының нормаларын, олардың мағынасы мен мәнін түсіндірудің бастапқы негізі болып табылады.
Соттың және сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайын бекіте отырып, сотта қорғанудың, іс бойынша негізді және заңды шешім шығарудың берік кепілдігі.
Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығынығ негізгі белгілерін сипаттай отырып, оларды әр түрлі құқықтық жүйеге жататын шет елдердің азаматтық процестік құқығымен салыстырғанда негізгі бастау алатын ережелер болып табылады.
Сұрақ 12. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІН ТОПТАУ
Азаматтық процестік құқтың принциптерін топтау
Нормативтік бекіту қайнар көздеріне байланысты
Құқықтық реттеу объектісі бойынша
Жалпықұқықтық принцип: заңдылық принципі (ҚР АПК-6, 427-б.б.)
Ұйымдастырушы-функционалды – азаматтық істерды қарау барысында соттың құрылымы мен қызметін ұйымдастырушы принциптер.
Конституциялық
Салалық
Функционалды – азаматтық процесте соттың және басқа қатысушылардың тек процестік қызметін анықтаушы принциптер.
13-сұрақ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Азаматтық процестік құқыққатынастар – азаматтық істерді қарап, шешу барысында сот пен басқа қатысушылар арасында қоғамдық қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар азаматтық процестік құқық нормаларымен реттеледі және азаматтық процестік қатынас болып табылады.
