Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГПП Схемы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.4 Кб
Скачать

Процесуалдық тең қатысу – бірнеше талап қоюшы бірлесіп бір немесе бірнеше жауапкерге талап қою беруі мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес әрекет етеді. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне сенімхат негізінде тапсыра алады (ҚР АПК-49-б.), (процесте әруақытта екі тарап болып қала береді: талап қоюшы және жауапкер).

Негізгі белгілері: тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің материалдық-құқықтық талаптары немесе міндеттерінің бірлесіп орын алу мүмкіндігі. Тараптардың немесе соттың бастамасымен орын алуы мүмкін.

Тәжірибелік мәні: – соттың және тараптардың уақытын үнемдеу.

Процестік-құқықтық мәнде тең қатысу Материалдық-құқықтық мәнде тең қатысу

Міндетті – істегі даулы материалдық құқыққатынасының сипаты бойынша бір қатысушының құқықтары мен міндеттерінің көлемін материалдық құқыққатынастың басқа қатысушыларын процеске түгел қатыстырмай шешу мүмкін емес (даудың пәні – бірнеше талап қоюшылар мен жауапкерлердің жалпы құқықтары немесе міндеттері).

Аралас бірнеше талап қоюшының бірнеше жауапкерге талап қоюы.

Белсенді – бірнеше талап қоюшының бір жауапкерге талап қоюы.

Белсенді емес – бір талап қоюшының бірнеше жауапкерге талап қоюы.

Факультативті (қосалқы) – тараптардың бірінің құқықтары немесе міндеттері туралы мәселені басқа қатысушының құқықтары мен міндеттерін қарастыруға тәуелсіз жеке бейтарап процесте шешу мүмкін (даудың пәні – ұқсас құқықтар мен міндеттер).

25-сұрақ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ТИІСТІ ЕМЕС ЖАУАПКЕРДІ АУЫСТЫРУ

Тиісті емес жауапкерді ауыстыру – сот талап қою бойынша жауап беруге тиісті емес тұлғаға талап қою беріліп отырғанын анықтап, істі тоқтатпай, талап қоюшының өтінішхаты бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі (ҚР АПК-50-б.).

Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың процестік ерекшеліктері Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстырудың құқықтық салдары

Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және оны сот отырысында қарау басынан бастап жүргізіледі.

Істі сот талқылауына дайындау барысында орын алады.

Істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі.

Істі қарау мерзімі істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.

Талап қоюшының өтінішхаты бойынша ауыстыра алады.

Істі тоқтатпай тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.

Тиісті емес жауапкер атқарған әрекеттер тиісті жауапкер үшін заңды мәнге ие емес.

26-сұрақ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚҰҚЫҚ МИРАСҚОРЛЫҒЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]