Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГПП Схемы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.4 Кб
Скачать

Сұрақ 1. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

Азаматтық процестік құқық – бұл азаматтық істерді қарап, шешу барысында сот пен процестің басқа қатысушыларының арасында қалыптасатын әрекеттер мен құқыққатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Азаматтық процестік құқықтың пәні азаматтық процесс (азаматтық сот ісін жүргізу) болып табылады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері

(ҚР АПК-4-б.)

Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру

азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау

дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу

құқық бұзушылықтардың алдын алу

     

қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру.

Сұрақ 2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСІ

Азаматтық процестік құқықтың әдісі осы саламен реттелетін қатынастарға әсер етуші тәсіл ретінде процестік құқыққатынастың субъектілерінің құқықтық мәртебесі арқылы айқындалатын императивті-диспозитивті әдіс.

Императивті құқықтық реттеу әдісі –барлық азаматтық процестік қатынастар билікті уәкілеттілікке ие, әділеттілікті атқаруға өкілетті мемлекеттік орган ретінде сот қатысатындықтан билікті және бағынышты.

Диспозитивті әдіс азаматтык процестегі сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесін ерікті жүзеге асыруы үшін процестік заңнамалармен берілген шекте қажетті әрекет атқару мүмкіндігін таңдауына байланысты аспектісінің көрінісі

(ҚР АПК-49-б.).

Сот заңды қатаң сақтап, азаматтық процестің барлық қатысушыларына осы талапты қою тиіс.

Сот актілерінде бекітілген соттың нұсқаулары олар жолданған заңды және жеке тұлғалардың барлығы үшін міндетті.

Азаматтық процестік құқықтың әдісінің ерекшеліктері:

Азаматтық істі қозғау бастамасы мүдделі тұлғаға тән.

Азаматтық істі қарау шегі мүдделі тұлғалармен анықталады.

Сот актілерін шағымдау, орындау мүдделі тұлғалардың еркіне байланысты.

Процеске қатысушылар тек өзіне тән бір процестік жағдайды иеленеді және процестік нормалармен рұқсат етіліп, көзделген процестік әрекеттер атқара алады.

Сұрақ 3. АЗАМАТТЫҚ-ПРОЦЕСТІК НЫСАННЫҢ МӘНІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

Азаматтық процесс әділеттілікті атқарудың бір нысаны және өзіне тән арнайы процестік нысанмен ерекшеленеді.

Азаматтық процесс (азаматтық сот ісін жүргізу) – азаматтық істер бойынша әділеттілікті атқаруға байланысты процестік әрекеттердің жиынтығы және осы әрекеттер барысында туындайтын процестік қатынастар.

Азаматтық-процестік нысанның сипаттамасы

Заңи реттелуі (азаматтық істерді сотта қарау және шешу тәртібі ҚР АПК-мен анықталады).

Сотта іс қараудың барлық рәсімдерінің бөлшектілігі.

Азаматтық процесс әділеттілікті атқарудың бір нысаны және өзіне тән арнайы процестік нысанмен ерекшеленеді.

Сотта дауды шешудің процестік нысанының әмбебаптылығы (ҚР АПК-сі азаматтық процестің барлық түрлері мен сатыларында істі қараудың және шешудің барлық рәсімдерін қамтыған).

Процестік нысанның сөзсіздігі (ҚР АПК-мен белгіленген іс қарау тәртібі процестің барлық қатысушылары және сот залындағылар үшін міндетті).

Іс қараудың белгіленген тәртібін бұзу жағымсыз салдар тудырады: сот шешімінің күшін жою, тәртіп бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану т.с.с..

Сұрақ 4. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕСІ

Азаматтық процестің жүйесі – қаралып отырған азаматтық істің басқа субъектілері және соттың құқыққатынастары мен әрекеттерін реттеуші нормалар мен құқықтық институттар. Азаматтық процестің жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы және арнайы.

Жалпы бөлімнегізгі ережелерден тұрады: қатысушылардың құрамы, олардың процестік құқықтарын қорғау жүйесі, соттың уәкілеттігі, процестік мерзімдер, сот шығыстары, сотта дәлелдеу және оның құралдары (ҚР АПК-1-10- тараулары).

Ерекше бөлім – азаматтық процестік қызметтің қозғалуынан аяқталуына дейін істің сот ісін жүргізудің процестік сатылары бойынша қозғалысын реттейді. Бұл бөлімде: оңайлатылған іс жүргізу, талап қою ісін жүргізу, ерекше талап қою ісін жүргізу, ерекше іс жүргізу, сол сияқты, сот актілерін апелляциялық, кассациялық тәртіптерде қайта қарау бойынша іс жүргізу, сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу. Жоғалған сот ісін жүргізуді немесе атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру бойынша іс жүргізу және халықаралық процесс ерекше бөлімнің жеке бөлімдеріне жатады (ҚР АПК-2-бөлімнің 5-кіші бөлімі, 4- бөлім).

Сұрақ 5. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

Азаматтық процестік құқықтың қайнар көздері – оларға сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу жүзеге асырылатын нормативтік актілер.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мәні бойынша негізгі қайнар көз.

ҚР Конституциялық заңдары

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, 31 қазан 2015 жылы қабылданған

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары

Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамалар

Сұрақ 6. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ

Заң аса жоғары нақтылық деңгейінде шығарылады, дегенменде оны әр түрлі түсіну орын алады. Сондықтан заңды дұрыс қолдану үшін оны дұрыс түсіндіру қажет.

Норманы түсіндіруші субъектісіне байланысты түсіндіру түрлері (заңды түсіндіру құқығы қатаң нақтыланған субъектілерге тән)

Сұрыптау пәніне байланысты түсіндіру түрлері

Грамматикалық – заңның мәнінің сөздерді грамматикалық дұрыс орналастыруға тәуелді болуы.

Аутентикалық түсіндіру сәйкес нормативті актіні шығарған органға тән (ондай түсіндіру жағдайлары өте сирек кездеседі).

Жүйелі заңның бір нормасын екіншісімен салыстыру.

Легальді түсіндіру заңмен процестік және басқа нормаларды түсіндіруге құқық берілген органдармен жүзеге асырылады.

Тарихи алдыңғы басылып шығарылған заң нормаларына жүгіну.

Логикалық

Соттық түсіндіру кез келген азаматтық істі қарау барысында нақты мәселеге байланысты процестік норманы түсіндіру қажеттігі туындағанда сот жүзеге асырады.

Доктриналды түсіндіру процессуалдық нормаларды қолдануды түсіндіру заңға комментарийлерде, оқулықтарда, монографияларда көрсетіледі, бұл түсіндірулер сот үшін міндетті емес.

Сұрақ 7. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]