Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ СОҢҒЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.83 Mб
Скачать

Гидроксилазалар мен оксигеназалар

Монооксигеназалар(гидроксилазалар)

Монооксигеназалар(гидроксилазалар) – тотығатын субстратқа оттек молекуласының бір атомын ғана қосуды катализдейтін оксидоредуктазалар класының ферменті.

Құрылысы

Монооксигеназалар- апофермент пен коферменті- тетрагидробиоптерин (Н4БП) болатын екі компонентті ферменттерге жатады. Құрамына С витамині де кіреді. Бұл фер-менттер цитозольде немесе бауыр жасушаларының эндоплазматикалық ретикулумның мембранасында тізбек түзеді немесе бүйрекүсті қыртысты қабаты жасушаларының митохондрия мембраналарында болады, онда олар стероидты гормондардың аралық зат алмасуындағы түзілген өнімдердің тотығуына қатысады.

Әсер ету механизмі

1)Монооксигеназалар (гидроксилазалар) - тотығатын затқа оттектің бір атомын береді де , екінші атомын тотықсыздандырғыштан (негізінен – НАДФН2, сирек- басқалардан: мысалы, С витаминінен) алған екі атом сутекке қосады:

SH + O2 +HADФН+ H+ ↔ SOH + Н2О + НАДФ+

Биологиялық рөлі

Биологиялық рөлі – субстратты гидроксилдеу. Монооксигеназалар көптеген эндогендік заттарды гидроксилдеуге қатысады: амин қышқылдарын, фенолдарды, стериндерді және басқаларын, сонымен қатар бөтен улы заттарды- ксенобиотиктерді усыздандырады (дәрілік препараттарды; өсімдіктердің компоненттерін;сыртқы ортаны ластандырушы заттарды). Бұл кезде ксенобиотиктердің ерігіштігі артады да, ағзадан шығуы тездетіледі.

Мысалы, фенилаланин тіндерде аздаған мөлшерде өзгерістерге ұшырайды. Белок молекуласының құрамына кіруден басқа фенилаланин дені сау адамның метоболизмнде тек тирозинге дейін ғана тотығады, бұл арнайылық микросомалды тотықтыратын монооксигеназа - фенилаланин-4-гидроксилаза арқылы жүреді, оның коферменті тетрагидробиоптерин (Н4БП)болып табылады:

Бұл реакция ағза жасушаларында фенилаланиннің артық улы мөлшерін кетіруге қажет. Оның артық мөлшерінен улы- фенилжүзім қышқылы және фенилсүт қышқылы түзіледі, олар қалыпты жағдайда ағзада болмайды. Бұл адамның ақыл ойының кемуіне жарыместікке әкеледі.

2)Диоксигеназалар

Диоксигеназалар – субстрат молекуласына оттектің екі атомын енгізуді катализдейтін оксидоредуктазалар класына жатады.

Әсер ету механизмі

Диоксигеназалар, гидроксилазалардан өзгешелігі, субстратты тотықтыру кезінде оған оттек молекуласының екі атомының қосылуын катализдейді, бұл кезде қос С=С байланыс үзіледі.

Мысалы, триптофанның құрылысының бұзылуы формилкенурениннің түзілуінен басталады, оның құрамына оттектің екі атомы кіреді. Бұл реакцияны катализдейтін фермент гемопротеинге жатады- триптофан 2,3-диоксигеназа деп аталады..

Бұл реакция эндоплазматикалық ретикулумде және митохондрия мембранасының ішкі жағында жүреді.

Биологиялық жүйелердегі диоксигеназалардың қатысымен жүретін ароматты сақиналы қосылыстардың тотығу процестеріндегі бұзылыстарының барлығына жуығын биохимик Осами Хайяни ашқан.

«Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар»

1.ОКСИГЕНАЗАЛАР

    1. екі компонентті ферменттер

    2. барлық жасуша түрлерінде болады

    3. оттек молекуласын белсендіреді

    4. субстрат молекулаларына екі оттек атомдарын енгізеді

    5. биологиялық жүйелердегі ароматты сақиналарды ажыратады

    6. тотығатын заттың молекуласына оттектің атомын енгізеді

2. МОНООКСИГЕНАЗАЛАР

    1. тотықсыздандырғыштан екі сутек атомын үзіп алады

    2. ксенобиотиктердің ерігіштіктерін арттырады

    3. оттек молекуласының бір атомы тотығатын затқа қосылады

    4. оттек молекуласының екі атомы да тотығатын затқа қосылады

3. МОНООКСИГЕНАЗАЛАР ЖАТАТЫН КЛАСС

    1. гидролазалар

    2. изомеразалар

    3. лигазалар

    4. трансферазалар

    5. оксидоредуктазалар

4. КСЕНОБИОТИКТЕР МЕТАБОЛИЗМІНІҢ ФАЗАСЫНА КІРЕДІ

    1. ксенобиотикті гидрлеу

    2. ксенобиотикті дегидрлеу

    3. макроэргиялық байланыстардың гидролизденуі

    4. ксенобиотиктің гидроксилденуі

    5. оттек молекуласынан ксенобиотиктерге бір атом оттегін енгізеді

5.ФЕНИЛАЛАНИННІҢ ТИРОЗИНГЕ АЙНАЛУЫН КАТАЛИЗДЕЙДІ

    1. фенилаланин-4-гидроксилаза

    2. фенилаланинтрансаминаза

    3. тирозингидроксилаза

    4. дегидрогеназа

6. ФЕНИЛАЛАНИННІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ АРТЫҚ МӨЛШЕРІ

    1. ақыл ойды төмендетеді

    2. жасуша үшін улы

    3. жарыместікке әкеледі

    4. гидроксилденуге қатысады

7. ДИОКСИГЕНАЗАЛАР ТОТЫҒАТЫН ЗАТҚА ТАСЫМАЛДАЙДЫ

    1. электрондарды

    2. екі атом оттекті

    3. бір атом оттекті

    4. протондар мен электрондарды

8.ГИДРОКСИЛАЗАЛАР ГИДРОКСИЛДЕНУІНЕ ҚАТЫСАДЫ

1) фенолдардың

2) стериндердің

3) амин қышқылдарының

4) ксенобиотиктердің

5) коферменттердің

9.СӘЙКЕСТІКТІ ТАБЫҢЫЗ : «Фермент – катализдейтін реакция »

  1. анаэробты дегидрогеназалар а) тотығатын затқа екі атом оттекті қосады

  2. убихинон б) электрондарды тасымалдайды

  3. диоксигеназа в) протондар мен и электрондарды тасымалдайды

  4. монооксигеназалар г) тотығатын затқа бір атом оттекті қосады

10.МОНООКСИГЕНАЗДЫ РЕАКЦИЯЛАР ТӨМЕНГІ ТОТЫҒАТЫН ЗАТТАРДЫҢ ТЕК

БІРЕУІНЕН БАСҚА БӘРІНЕ ҚАТЫСАДЫ

1) зәр қышқылы

2) стероидты гормондар

3) ксенобиотиктер

4) дәрілер

5) қаныққан май қышқылдары

17 Текст