- •2 Тарау энзимология негіздері Ферменттер (энзимдер): құрылысы, қасиеттері, жіктелуі, номенклатурасы. Метаболизм процесстерін реттеуі.
- •2.2. Ферменттердің әсер ету жағынан бейорганикалық катализаторлармен ұқсастықтары:
- •2.3. Ферменттер мен бейорганикалық катализатор-лардың айырмашылықтары:
- •2.4. Ферменттің активті орталығы : әсер ету арнайлығы
- •2.5.Ферменттердің әсер ету механизмі
- •2.6. Кофакторлар және коферменттер
- •2.7. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы
- •2.8. Ферментативті катализдің кинетикасының негіздері
- •2.9.1. Температураның әсері
- •2 .6 Сурет – Ферментативті реакция жылдамдығының (V)температураға тәуелділігі
- •2.9.2. Орта рН-ның әсері
- •2.7.Сурет. Ферментативті реакцияның жылдамдығының ортаның рН на тәуелділігі.
- •2.9.3. Субстрат пен ферменттің концентрацияларының әсері.
- •2.9.4. Реттеуші заттардың әсері.
- •2.9.5.Фермент белсенділігінің ингибиторлары
- •2.7 Сурет. Фермент белсенділігін бәсекелес ингибирлеу сызбанұсқасы.
- •2. Конкурентті емес қайтымды ингибирлену
- •2.15. Сурет. Дфф-тің көмегімен химотрипсиннің белсенділігінің арнайылықты ингибирленуі.
- •2.16. Сурет. Фермент активтілігінің йод ацетатымен арнайылығы жоқ ингибирленуі
- •2.10. Ферменттер активтілігінің реттелуі
- •2.2. Кесте. Ферментативті реакциялар жылдамдықтарының реттелу жолдары
- •2. Белок-белокпен әрекеттесу көмегімен реттелуі
- •2.20 Сурет. Протеинкиназа а (пка) белсенділігін белок-белоктық әрекеттесу көмегімен реттеу.
- •3. Фосфорлану-дефосфорлану жолымен ферменттің каталитикалық белсенділігін реттеу.
- •4. Ферменттердің каталитикалық белсенділігін шектеулі протеолизбен реттеу.
- •2.11. Ферменттердің медицинада қолданылуы
- •2.11.1. Энзимодиагностика
- •2.11.2. Энзимотерапия
- •2.11.3. Энзимопатиялар
- •2.8 Кесте. Миокард инфарктісі ауруының креатинкиназа (кк), аспартатаминотрансфераза (аст) және лактатдегидрогеназа(лдг) ферменттерінің анализінің нәтижелері.
- •Квантталған текстер
- •Ферменттер
- •Ферменттердің формалары.
- •Ферменттердің активтілігіне әсер ететін факторлар
- •Ферменттердің 1- класы- оксидоредуктазалар
- •Дегидрогеназалар (дг)
- •Дегидрогеназалар Пиридиндік ферменттер (пф)
- •Флавиндік ферменттер (фп)
- •Убихинон – коферментQ (KoQ10)
- •Убихинон(KoQ10) химиялық табиғаты жағынан 6-жағдайында изопреннің қалдығы бар (10 молекуласы) 2,3-диметокси-5-метил-1,4-бензохинонға жатады. KoQ дың апоферменті жоқ.
- •Цитохромдық жүйенің ферменттері Цитохромдардың құрылысы
- •Гидроксилазалар мен оксигеназалар
- •2)Диоксигеназалар
- •Каталаза
- •Пероксидазалар
Квантталған текстер
№1 Текст
Ферменттер
Түсінік
Ферменттер – табиғаты белок болып келетін биологиялық катализаторлар, олар тірі ағзаларда биологиялық реакцияларды жылдамдатады.
Ферменттердің әсер ету жағынан бейорганикалық катализаторлармен ұқсастығы
1) активтену энергиясын төмендеті ; 2) энергетикалық мүмкіндігі бар реакцияларды ғана тездетеді; 3) реакциялардың бағытын, тепе-теңдігін өзгертпейді, тек оның тепе- теңдікке жетуін тездетеді ;
4) реакция кезінде жұмсалмайды және өнімнің құрамына кірмейді
Ферменттердің жалпы қасиеттері
Ферменттердің жалпы қасиеттері олардың бейорганикалық катализаторлардан айырмашылықтарын көрсетеді :
1) табиғаты белоктық болғандықтан, белоктарға тән қасиеттерді көрсетеді;
2) құрылысы күрделі;
3) жоғары арнайлықтарға ие: субстраттық және әсер ету арнайылығы;
4)өте жоғары биологиялық белсенділікті көрсетеді, ол ферменттің субстратқа деген ынтықтығынан туады;
5) ферменттер өте жайлы жағдайда әсер етеді; ( tо= 37-45о градус, қысым 1 атм.)
6) ферменттер – белсенділіктері реттелінетін катализаторлар.
Ферментативтік катализдің механизмі
Ферментативтік катализ механизмінде үш сатыны ажыратады.
1-саты. Фермент-субстрат комплексінің түзілуі. Субстрат активті орталықпен байланысады. Байланыс субстраттың химиялық табиғатына тәуелді. Комплекстің түзілуі иондық байланыс, сутектік байланыс, гидрофобты әрекеттесуі арқылы мүмкін. Активті орталықтың кеңістіктегі құрылымына субстраттың өзгеруі де байланысты.
2- сатысы. Фермент- реакция өнімі комплексінің түзілуі. Активті орталықтың функционалды топтары субстратқа әсер етеді. Субстраттың конфигурациясы өзгеріп, деформацияға ұшырайды, субстрат молекулалары поляризацияланып, субстраттың құрамындағы байланыстар созылып, электрондардың қайта бөлінуі жүреді. Активтендіру энергиясы төмендейді және субстрат ыдырайды. Бұл саты қысқа мерзімді және барлық процесті лимиттейді.
3- сатысы. Фермент-реакция өнімі комплексінің фермент пен өнімге ыдырауы. Үшінші реакция жай жүреді, барлық реакцияның жылдамдығы осыған байланысты.
Сіздердің назарларыңызға бір, екі, ұш немесе одан да көп жауабы бар тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауабы бар клавиштерге басыңыз:
1. Организмде каталитикалық қызмет атқаратын белоктар
1) иммуноглобулиндер
2) ферменттер
3) коллагендер
4) альбуминдер
5) миоглобиндер
2. Ферменттер – биологиялық катализаторлар, олар
1) бейорганикалық катализаторларға қарағанда әсер ету қуаты аз
2) орта жағдайынан байланыссыз реакцияны жылдамдатады
3) соңғы өнімдердің құрамына кіреді
4) кез-келген субстратқа әсер етеді
5) бейорганикалық катализаторларға қарағанда қуаты күштірек
3. Ферменттердің әсерінен болады
1) реакция жылдамдығының төмендеуі
2) энергетикалық тосқауылдың және активтену энергиясының төмендеуі
3) реакция өнімінің және субстраттың оптималды концентрациясына жетуі
4) рН-тың оптималды мәніне келуі
5) әрекеттесетін заттардың активтену энергиясының өсуі
болады
4. . Химиялық табиғаты жағынан ферменттер:
1) көмірсулар
2) ерекше қызметі бар белоктар
3) ерекше қызметі жоқ белоктар
4) бейорганикалық катализаторлар
5)аминқышқылдары
5. Бейорганикалық катализаторлармен салыстырғанда ферменттер:
1) активтену энергиясын бірден төмендетеді
2) реакцияның бағытын өзгертпейді
3) ферменттер жоғары арнайылыққа ие
4) қайтымды реакцияның тепе-теңдікке жету уақытын тездетеді
5) реакция барысында жұмсалмайды
Толықтырыңыз:
6) Ферменттермен катализденетін реакциялар -------------- сатыда жүреді.
7) Субстрат ферменттің активті орталығымен байланысады және----------------комплекс түзеді.
8) Белоктармен салыстырғанда ферменттер -------------------- құрылымына ие.
9) Ферменты жоғарғы боилогиялық…………………… ие
10)Ферменттер активтілігІН -------------------- болады.
№2 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Ферменттердің құрылысы.
Құралысы жағынан ферменттер жай ферменттер (бір компонентті) және күрделі (екі компонентті) болып бөлінеді
Бір компонентті ферменттер
Жай белоктар тәрізді құралады, бірақ оларға қарағанда ферменттерде активті орталық болады. Активті орталық ферменттің каталитикалық активтілігін қамтамасыз етеді. Бір компенентті ферменттерге асқазан ішек жолының ферменттерінің барлығы дерлік жатады.
Ферменттің активті орталығының құрылысы
Активті орталық — бұл ферменттің субстратпен әрекеттесетін аймағы. Активті орталық амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады. Активті орталық екі аймақтан тұрады: а) субстраттық аймақ , ферменттің субстраттық арнайлығына жауапты және субстратпен байланысады; б) каталитикалық аймақ, субстраттың химиялық жаңаруына жауапты, ол әсер ету арнайлығына жауапты.
Ферменттің аллостерикалық орталығы
Кейбір ферменттерде активті орталықтан басқа аллостерикалық орталық болады, ол орталық ферменттің активті орталығының қызметін реттейді. Аллостерикалық орталыққа эффекторлар әсер еткен кезде активті орталықтың конформациясы өзгереді. Аллостерикалық орталық бірнеше суббірліктен тұратын ферменттерде болады.
Екікомпонентті ферменттер
Екікомпонентті ферменттер (холоферменттер) белоктік бөліктен (апофермент) және белоксіз бөліктен (кофермент) тұрады. Кейбір ферменттерде апофермент пен кофермент мықты байланысқан және осы байланыс үзілгенде фермент бүлінеді. Бірақ бұл байланыс әлсіз ферменттер де бар. Апофермент субстраттық арнайлыққа жауапты, кофермент әсер ету арнайлығына жауапты,реакцияның түрін анықтайды. Кофермент рөлін әртүрлі витаминдер мен металдар (темір, мыс) атқарады.
Фермент құрамындағы металдардың рөлі:
1)Коферментті – металл фермент жүргізетін реакцияға міндетті түрде қатысады. Мысалы: цитохромдар құрамындағы темір коферменттік негізгі бөлігі болып табылады және электрондарды тасымалдайды.
2)Кофакторлы – фермент құрамына кіреді, сонымен қатар апофермент пен коферментті байланыстырады. Мысалы: пиридинферментте бұл ферменттердің апоферменті мен коферментін байланысу үшін мырыш иондары.
Сіздердің назарларыңызға бір, екі, ұш немесе одан да көп жауабы бар тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауабы бар клавиштерге басыңыз:
1. Жай ферменттер болып келеді
1) белоктар
2) олигопептидтер
3) липидтер
4) көмірсулар
5) амин қышқылдары
2. күрделі ФЕРМЕНТТЕР
1) амин қышқылы және липидтерден;
2) амин қышқылы және көмірсулардан;
3) фосфолипидтерден;
4) полисахаридтерден;
5) белоктар және белок емес бөліктерден
құралады
3. Активті орталық – бұл
1) альфа- амин қышқыл қалдықтарының бірегей жүйелігі;
2) минералды қышқыл қалдықтарының бірегей жүйелігі;
3) бетта- амин қышқыл қалдықтарының бірегей жүйелілігі;
4) гамма- амин қышқыл қалдықтарының бірегей жүйелілігі;
5) гирокси қышқыл қалдықтарының бірейгей жүйелілігі
6) карбон қышқылы қалдықтарының бірегей жүйелілігі.
4. Субстратпен комплементарлы байланысты қамтамасыз ететін, фермент молекуласындағы амин қышқылы қалдықтарының бірегей жүйелілігі аталады...
1) активті орталық
2) аллостерикалық орталық
3) молекулярлы орталық
4) кофактор
5) кофермент
5. Ферменттің полипептидтік бөліГі:
1) апофермент
2) изофермент
3) кофермент
4) холофермент
5) простетикалық топ
6. Ферменттің белоксыз бөліГі
1) апофермент
2) изофермент
3) кофермент
4) холофермент
5) мультифермент
7. Кофермент – бұл
1) күрделі ферменттің тез бөлінетін белоктық бөлігі
2) күрделі ферменттің бөлінбейтін белоксыз бөлігі
3) күрделі ферменттің белоктық бөлігі
4) жай ферменттің белоксыз бөлігі
5) күрделі ферменттің тұрақсыз байланысқан белоксыз бөлігі
8. Қандай да бір төмен молекулалық затпен байланысқанда фермент активтілігі өзгеретін ферменттің орталығы
1) каталитикалық 2) аллостерикалық
3) субстраттық 4) активті
9. Металдардың ферменттегі рөлі
1) коферменттік
2) апоферменттің құрамына кіреді
3) апофермент пен коферментті байланыстырады
4) аллостерикалық орталықтың құрамына кіреді
5) кофакторлық
Толықтырыңыз :
10. Ферменттік каталИЗДІ ДЕ, СУБСТРАТТЫ ДА қосып алуға жауапты фермент молекуласының аймағы - __________________________
11. Активті орталықтан алыстаған реттеушІ орталық -______________________
№3 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
