- •2 Тарау энзимология негіздері Ферменттер (энзимдер): құрылысы, қасиеттері, жіктелуі, номенклатурасы. Метаболизм процесстерін реттеуі.
- •2.2. Ферменттердің әсер ету жағынан бейорганикалық катализаторлармен ұқсастықтары:
- •2.3. Ферменттер мен бейорганикалық катализатор-лардың айырмашылықтары:
- •2.4. Ферменттің активті орталығы : әсер ету арнайлығы
- •2.5.Ферменттердің әсер ету механизмі
- •2.6. Кофакторлар және коферменттер
- •2.7. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы
- •2.8. Ферментативті катализдің кинетикасының негіздері
- •2.9.1. Температураның әсері
- •2 .6 Сурет – Ферментативті реакция жылдамдығының (V)температураға тәуелділігі
- •2.9.2. Орта рН-ның әсері
- •2.7.Сурет. Ферментативті реакцияның жылдамдығының ортаның рН на тәуелділігі.
- •2.9.3. Субстрат пен ферменттің концентрацияларының әсері.
- •2.9.4. Реттеуші заттардың әсері.
- •2.9.5.Фермент белсенділігінің ингибиторлары
- •2.7 Сурет. Фермент белсенділігін бәсекелес ингибирлеу сызбанұсқасы.
- •2. Конкурентті емес қайтымды ингибирлену
- •2.15. Сурет. Дфф-тің көмегімен химотрипсиннің белсенділігінің арнайылықты ингибирленуі.
- •2.16. Сурет. Фермент активтілігінің йод ацетатымен арнайылығы жоқ ингибирленуі
- •2.10. Ферменттер активтілігінің реттелуі
- •2.2. Кесте. Ферментативті реакциялар жылдамдықтарының реттелу жолдары
- •2. Белок-белокпен әрекеттесу көмегімен реттелуі
- •2.20 Сурет. Протеинкиназа а (пка) белсенділігін белок-белоктық әрекеттесу көмегімен реттеу.
- •3. Фосфорлану-дефосфорлану жолымен ферменттің каталитикалық белсенділігін реттеу.
- •4. Ферменттердің каталитикалық белсенділігін шектеулі протеолизбен реттеу.
- •2.11. Ферменттердің медицинада қолданылуы
- •2.11.1. Энзимодиагностика
- •2.11.2. Энзимотерапия
- •2.11.3. Энзимопатиялар
- •2.8 Кесте. Миокард инфарктісі ауруының креатинкиназа (кк), аспартатаминотрансфераза (аст) және лактатдегидрогеназа(лдг) ферменттерінің анализінің нәтижелері.
- •Квантталған текстер
- •Ферменттер
- •Ферменттердің формалары.
- •Ферменттердің активтілігіне әсер ететін факторлар
- •Ферменттердің 1- класы- оксидоредуктазалар
- •Дегидрогеназалар (дг)
- •Дегидрогеназалар Пиридиндік ферменттер (пф)
- •Флавиндік ферменттер (фп)
- •Убихинон – коферментQ (KoQ10)
- •Убихинон(KoQ10) химиялық табиғаты жағынан 6-жағдайында изопреннің қалдығы бар (10 молекуласы) 2,3-диметокси-5-метил-1,4-бензохинонға жатады. KoQ дың апоферменті жоқ.
- •Цитохромдық жүйенің ферменттері Цитохромдардың құрылысы
- •Гидроксилазалар мен оксигеназалар
- •2)Диоксигеназалар
- •Каталаза
- •Пероксидазалар
Ферменттердің 1- класы- оксидоредуктазалар
Анықтамасы
Оксидоредуктазалар- тірі ағзада жүретін тотығу- тотықсыздану реакцияларын катализдейтін ферменттер.
Құрамы
Оксидоредуктазалардың барлық ферменттері екі компонентті, жасушаларда болады.
Әсер ету механизмі
Жасушаларда тотығу тотықсыздану процестері үш жолмен жүреді: сутек атомдарын тасымалдау (гидрид- иондары), оттекті қосып алу және бір субстраттан (тотығатын) екінші субстратқа(тотықсызданатын) электрондарды тасымалдау арқылы.
Оксидоредуктазалардың жіктелуі
Оксидоредуктазалардың топшалары сутектің (электрондардың) доноры болатын функционалды топтарының табиғатына қарай құрылады. Барлығы 90 топшаға бөлінеді, бірақ тотығу әдісіне қарай ыңғайлы болу үшін 5 топшаға бөледі: 1) дегидрогеназалар (ДГ); 2)оксигеназалар; 3) каталазалар; 4) пероксидазалар; 5) цитохромдар.
Дегидрогеназалар (дг)
Дегидрогеназалар – органикалық заттардан сутекті бөлу арқылы катализдейтін ферменттер. Дегидрогеназалар барлық тірі жасушаларда кездеседі, көмірсулары мен майлардың реакцияларындағы зат алмасуына, сонымен қатар биологиялық тотығуға қатысады.
Дегидрогеназалардың өкілдері
Дегидрогеназалардың өкілдері: 1)пиридиндік ферменттер,2) флавиндік ферменттер және 3)убихинон.
Дегидрогеназалардың топшалары
Барлық дегидрогеназалар екі топшаға бөлінеді: анаэробты және аэробты.
Егер реакция анаэробты жағдайда жүрсе (оттектің қатысынсыз), мұндай оксидоредуктазалардың топшасы анаэробты дегидрогеназалар деп аталады. Анаэробты ДГ протондарды(электрондарды) оттекке емес, аралық субстаттарға тасымалдауды тездететін реакцияларды катализдейді (пиридиндік ферменттер, убихинон).
Егер реакция аэробты жағдайда жүрсе (оттектің қатысымен), мұндай оксидоредуктазалардың топшасы оксидазалар немесе аэробты дегидрогеназалар деп аталады, олар протондарды(электрондарды) тікелей оттекке тасымалдауды катализдейді (флавиндік ферменттер).
Оксигеназалар
Оксигеназалар органикалық субстраттардың молекулаларына оттектің қосылуын екі жолмен катализдейді:
а) монооксигеназалар немесе гидроксилазалар–субстратқа бір атом оттекті енгізеді;
в) диоксигеназалар– субстратқа 2 атом оттекті енгізеді. Бұл жиі заттың сақиналы құрылысын үзеді. Үзілген жерге оттектің отомдары байланысады.
3.Цитохромдар
Цитохромдар – тек электрондарды тасымалдауды катализдейтін ферментер.
4.Каталаза
Каталаза – тіндік тыныс алу кезінде түзілетін улы сутек пероксидін су мен молекулалық оттекке дейін ыдыратуды катализдейтін фермент.
5. Пероксидазалар
Пероксидазалар– тірі жасушалардағы әртүрлі заттардың тотығуын сутек пероксиді арқылы катализдейтін ферменттер.
«Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар»
ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫН (ТТР) КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТТЕР
лиазалар
лигазалар
изомеразалар
гидролазалар
трансферазалар
оксидоредуктазалар
2. ЖАСУШАДАҒЫ ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ ЖҮРЕДІ
судың қосылуымен
оттектің қосылуымен
электрондардың тасымалдануымен
гидрид-иондардың тасымалдануымен
сутек атомының тасымалдануымен
3. ЕКІКОМПОНЕНТТІ ФЕРМЕНТТЕР
липазалар
амилазалар
каталаза
цитохромдар
монооксигеназалар
4. ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР ТЕЗДЕТЕДІ
субстраттардың гидролизін
анаэробты ортадағы ТТР
оттектің қатысындағы ТТР
тек электрондарды тасымалдайтын реакцияларды
субстраттан сутектің және электрондардың аралық тотықтырғышқа ауысуын
5. МОЛЕКУЛААРАЛЫҚ СУТЕКТІ ТАСЫМАЛДАУДЫ (ЭЛЕКТРОНДАР МЕН ПРОТОНДАРДЫ) КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ЖАТАТЫН ТАПШАСЫ
оксигеназдар
пероксидаздар
дегидрогеназалар
аэробты дегидрогеназалар
анаэробты дегидрогеназалар
6. АНАЭРОБТЫ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАРДЫҢ ЖАТАТЫН КЛАСЫ
лиазалар
гидролазалар
изомеразалар
трансферазалар
оксидоредуктазалар
7. АНАЭРОБТЫ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР ТАСЫМАЛДАУ РЕАКЦИЯЛАРЫН
КАТАЛИЗДЕЙДІ
субстратқа екі атом оттегін
субстратқа бір атом оттегін
аралық субстратқа тек электрондарды
аралық субстратқа протондарды (электрондарды)
протондарды (электрондарды) тікелей оттекке
8. МОНООКСИГЕНАЗАЛАР МЕН ДИОКСИГЕНАЗАЛАРДЫҢ ЖАТАТЫН КЛАСЫ
лиазалар
лигазалар
гидролазалар
изомеразалар
трансферазалар
оксидоредуктазалар
9. ЦИТОХРОМДАР ТАСЫМАЛДАЙДЫ
электрондарды
протеиндерді
сутек атомдарын
оттек атомдарын
10. КАТАЛАЗА КАТАЛИЗДЕЙТІН РЕАКЦИЯЛАР
тотығу-тотықсыздану
фенилаланиннің гидроксилденуі
сутек пероксидімен сутек пероксидін тотықтыру
сутек пероксидін молекулалық оттекпен тотықтыру
сутек пероксидін молекулалық оттек пен суға ыдырату
11. СУТЕК ПЕРОКСИДІНІҢ КӨМЕГІМЕН ӘРТҮРЛІ ЗАТТАРДЫ ТОТЫҚТЫРАТЫН ФЕРМЕНТТЕР
каталаза
оксидазалар
цитохромдар
пероксидазалар
дегидрогеназалар
12. ОКСИДОРЕДУКТАЗА КЛАСЫНА ЖАТПАЙДЫ
оксидазалар
цитохромдар
изомеразалар
карбоксилазалар
дегидрогеназалар
13. ФЕРМЕНТТЕРДІҢ КЛАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ БОЙЫНША
ТӘРТІППЕН ОРНАЛАСАДЫ:
1) Оксидоредуктазалар, гидролазалар, лигазалар, лиазалар, трансферазалар, изомеразалар
2) Трансферазалар, гидролазалар, оксидоредуктазалар, изомеразалар, лиазыалар, лигазалар
3) Гидролазалар, оксидоредуктазалар, трансферазалар, лиазалар, изомеразалар,л игазалар
4) Оксидоредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, изомеразалар, лигазалар, лиазалар
5) Оксидоредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, лиазалар, изомеразалар, лигазалар
№ 12 Текст
