Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ СОҢҒЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.83 Mб
Скачать

2.11.2. Энзимотерапия

Ферменттердің дәрілік заттар ретінде қолданылыуы келесі бағыттарда белсенді дамуда:

1)орынбасушы терапия - ферменттердің жетіспеушілігінде ферменттерді пайдалану;

2) комплексті терапия элементтері –ферменттерді басқа терапиялармен қосып қолдану.

● орынбасушы энзимотерапия тағамқорыту сөлдерінің секрециясының жетіспеушілігімен байланысты асқазан-ішек аурулары үшін тиімді. Мысалы, пепсинді секреторлық қызметі төмендеген гастритте қолданады;

● сонымен қатар, панкреатиттік ферменттердің жетіспеушілігін белгілі деңгейде құрамында ұйқы безінің негізгі ферменттері (фестал, энзистал, мезим-форте, панзинорм- форте және т.б.) болатын препараттарды қабылдаумен толықтыруға болады.

● бірқатар ауруларда ферменттер қосымша терапиялық заттар ретінде пайдаланылады. Протеолиттік ферменттер (трипсин, химотрипсин) іріңді жараларды өңдеуде өлі жасушалардың белоктарын ыдырату, тынысалу жолдарының қабынуында қан түйіршіктері немесе тұтқыр секреттерді жою мақсатында қолданылады;

● ферментті препараттар рибонуклеаза мен дезоксирибонуклеаза аденовирустық конъюктивитті, герпетикалық кератиттерді емдеуде вирусқа қарсы препараттар ретінде пайдаланады;

● ферментті препараттар тромбоздарда және тромбоэмболияда тромбтарды жою мақсатымен кең пайдалынылады. Осы мақсатпен фибринолизин, стрептолиаза, стрептодеказа, урокиназа препараттары қолданылады;

● гиалуронидаза ферменті(лидаза), гиалурон қышқылының ыдырауын катализдейтін жасушааралық заттың өткізгіштігін қайтымды өзгерту үшін теріасты және бұлшық етке енгізу арқылы, күйік және операциядан қалған тыртықтарды жоюға пайдаланады;

● аспарагиназа ферментін (қанда аспарагин аминқышқылын ыдыратады) Асп аминқышқылының ісік жасушаларына түсуін шектейтін қанның онкологиялық ауруларында пайдаланады. Лейкозды жасушалардың осы аминқышқылын синтездеуге қабілеттері жоқ, сондықтан, қандағы мөлшерінің төмендеуі ісік жасушаларының өсуін тежейді;

● цитохром с – тіндік тыныс алу процесіне қатысатын фермент. Оны жаңа туған нәрестенің асфиксиясында, астматикалық жағдайларда, жүрек жетіспеушілігінде, гепатиттің түрлерінде және т.б. қолданылады;

● фармпрепараттар ферменттің белсенділігін реттеуші Е =>жасуша метаболизмін өзгертеді; молекулалық генетикада (геномды зерттеуді, геннің рекомбинациясында) қолданылады.

2.11.3. Энзимопатиялар

Энзимопатия (enzymopathies грекше–ұйытқы, уайым және ауру), ферментопатия –организмдегі қандай да бір ферменттің белсенділігінің төмендеуі нәтижесінде пайда болатын аурулар мен патологиялық жағдайлардың жалпы аталуы.

Энзимопатиялардың біріншілік (тұқымқуалайтын) және екіншілік (жүре пайда болған) түрлерін ажыратады. Жүре пайда болған энзимопатиялар, жалпы протеинопатия сияқты, барлық ауруларда байқалады.

Тұқымқуалайтын энзимопатияларға аминқышқылдарының алмасуының тұқымқуалайтын аурулары ( алкаптонурия, аминоацидурия, альбинизм, фенилкетонурия ); көмірсулар алмасуының тұқымқуалайтын аурулары(гликогепоздар, қантты диабет, мелитурия, мальабсорбция белгісі, лактозаны қабылдай алмайтындығы немесе лактатацидоз); липидтік алмасудың бұзылыстары (Лоренс - Мун - Бидл синдромы, Ниманн-Пик ауруы, Гоше ауруы, амавротикалық идиотия); стероидты алмасудың тұқымқуалау бұзылыстары (мысалы, адреногенитальды синдром), билирубин алмасуының (Дабин — Джонсон синдромы, Жильбер – Мейлен-грахт синдромы); металдар алмасуы (гепатоиеребральдыдистрофия), дәнекер тіннің алмасуы(мукополисахаридоз, Марфан синдромы, хондродистрофия); қан және қан түзу мүшелерінің аурулары (гемофилия, Минковский — Шоффар ауруы, агранулоцитоз, энзимопеникалық анемия); асқорыту жолдарының ферменттерінің сіңірілуі мен өндірілуінің бұзылыстары (целиакия, муковисцидоз); белок синтезі дефектісі (агаммаглобулинемия) және т.б.

Біріншілік энзимопатияларда дефектілі ферменттер рецессивті-аутосомды түр бойынша тұқым қуалайды. Бұл кезде дефекті ферменті бар метаболиттік жол бұзылады, мысалы Е3 (2.25-сурет). Аурудың дамуы бұл жағдайда келесі «сценарий» бойынша өтуі мүмкін:

2.25-сурет. Е3ферменті энзимопатиясының метаболиттік жолы

1. Соңғы өнімдер түзілуінің бұзылыстары. Осы метаболиттік жол соңғы өнімнің (Р) жетіспеушілігі ауруға тән клиникалық белгілердің дамуына әкелуі мүмкін;

Клиникалық көріністері. Мысал ретінде альбинизмді қарастыруға болады. Альбинизмде меланоциттердегі пигменттердің (меланиннің) синтезі бұзылған. Меланин шашта, теріде, көз эпителиінде орналасқан және олардың түсіне әсер етеді. Альбинизмде терінің әлсіз пигментациясы, ашық түсті шаштар, көз түсінің қызғылт болуы байқалады. Альбинизмнің көрінуі тирозингидроксилаза (тирозиназа) ферментінің жетіспеушілігімен байланысты. Бұл фермент меланиннің түзілуін катализдейді.

2. Субстраттардың алғы заттарының жинақталуы. Е3 ферментінің жетіспеушілігінде С заты жинақталады, Сонымен қатар, алғы қосылыстар да жинақталады. Ферменттің жетіспеушілігінен алғы заттардың субстратының көбеюі – көптеген аурулардың дамуының бастапқы буыны болып саналады.

Клиникалық көріністері. Тіндерде гомотензин қышқылының тотығуының бұзылуымен байланысты алкаптонурия ауруы белгілі (гомогентизин қышқылы – тирозин катаболизмінің аралық өнімі). Осындай ауруларда диоксигеназа ферментінің жетіспеушілігі байқалады. Диоксигеназа гомогентизин қышқылының тотығуына керек фермент. Нәтижесінде гомогентизин қышқылының концентрациясы және зәрмен шығарылуы артады. Оттегінің қатысуымен гомогентизин қышқылы түсі қара алкаптон қосылысына айналады. Сондықтан аурулардың зәрі ауада қара түске боялады. Алкаптон сонымен қатар биологиялық сұйықтықтарда түзіледі, тіндерде, теріде, сіңірде, буындарда жиналады. Алкаптонның буындарда көп жиналуы олардың қозғалғыштығын бұзады.

3. Соңғы өнімдердің түзілуінің бұзылыстары және негізін қалаушы субстраттардың жинақталуы. Өнімнің жетіспеушілігімен бірге бастапқы субстраттың жинақталуы кейбір аурулардың клиникалық көріністерін туғызады.

Клиникалық көріністері

Кликикалық көріністері

Клиникалық көріністері. Мысалы, Гирке ауруымен ауыратын адамдарда (гликогеноздың I түрі) тағам қабылдау арасындағы үзілістерде қандағы глюкозаның концентрациясының төмендеуі (гипогликемия) байқалады. Бұл глюкозо-6-фосфатфосфатаза ферментінің жетіспеушілігі салдарынан бауырда гликоген ыдырауының бұзылысы мен одан глюкозаның шығуы тежеледі. Мұндай адамдарда гликогеннің жинақталуы нәтижесінде бауырының көлемі ұлғаяды (гепатомегалия).

АУДИТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Тапсырмаларды орындаңыз:

1. Қазіргі кезде биохимиялық зертханаларда адамның биологиялық сұйықтықтарындағы фермент белсенділігін анықтау үшін автоматты биохимиялық анализаторларды пайдаланады.Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) белсенділігін анықтау үшін қажетті реактивтерді дайындаңдар. Екі пациенттің ЛДГ белсенділігін есептеңдер. Ол үшін:

а) ЛДГ катализдейтін реакцияны жазыңыз;

б)субстрат, кофермент, витаминнің негізін қалаушыны, фермент көзін көрсетіңіз;

в) реакция өту жағдайларын атап өтіңіз (температура, уақыт);

г) ферментативті реакция жылдамдығын қай параметр бойынша бағалауға болатынын түсіндіріңіз;

е) пациент қанындағы ЛДГ белсенділігін МЕ/л бірлігімен есептеңіз. Қорытынды жасаңыз: Қай пациенттің белсенділігі жоғары?

2.4- кесте. ЛДГ белсенділігін анықтауға арналған мәліметтер

Параметрлер

Пациент 1

Пациент 2

Рекцияға алынған субстраттың бастапқы мөлшері, мкмоль

40

40

Пациенттің қан сарысуының көлемі, мл

5

5

Инкубация уақыты, мин

10

10

Реакциядан кейін қалған субстрат мөлшері, мкмоль

31

4

2. Адам гомойотермді тірі организмдерге жатады(температура бірқалыпты ұсталады). Медицинада кейбір жағдайда емдеу үшін экстремалды темпе-ратуралар қолданылады. Кейбір жағдайларда ұзақ операция кезінде гипотермиялық жағдайлар пайдаланылады. Әсіресе, бас миына және жүрекке гипотермиялық жағдайлар тіндерді коагуляциялау мақсатында қолданылады. Энзимология тұрғысынан, осы жәйттің дұрыстығын түсіндіріңіз. Жауап үшін:

а) адам үшін көптеген ферменттердің оптималды температурасы қандай болатынын көрсетіңіз;

б) ферментативті реакция жылдамдығының температураға тәуелділік графигін салыңыз;

в) гипотермиялық жағдайда ұзақ операцияның қажеттілігін түсіндіріңіз;

г) тіндердің термиялық коагуляциялау әдісінің негізін суреттеңіз;

д)адамға критикалық температураның әсерінің салдарын айтыңыз.

3. 35 жастағы ауру клиникаға ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуына, бұлшық еттерінің әлсіреуіне, конъюктивитке шағымданды. Ауру ұзақ уақыт бойы бірсарынды тамақтанған, рационында бауыр, сүт, ашытқы, қара бидай өнімдері болмаған. Дәрігер В2 витаминінің гиповитаминозын қойған. Байқалатын белгілердің себептерін түсіндіріңіз. Ол үшін:

а) В2 витаминінен түзілетін коферменттерді атаңыз;

б) осы коферменттер қандай реакцияға қатысатынын көрсетіңіз;

в) коферменттердің тотыққан және тотықсызданған формулаларын жазыңыз;

г) осы коферменттердің қатысуымен өтетін реакцияларды мысалға келтіріңдер (оқулықтан мысал келтіріңіз).

4. Қышқылды фосфатаза ферменті фосфор қышқылының күрделі эфирлерінің гидролизін катализдейді. Бұл фермент бауыр, көкбауыр жасушаларында, эритроциттерде, тромбоциттерде, макрофагтарда, остеокластарда синтезделеді. Бұл фермент сонымен қатар, сперматозоидтардың акросомасында бар, ұрықтануда ооцит плазмолеммасының фосфолипидтерін ыдыратады. Қышқылды фосфатазаның ең жоғарғы белсенділігі рН-тың қышқылды мәндерінде (4,7-6,0) байқалады. Реакция жылдамдылығының рН-қа тәуелділігінің графигін суреттеңіз. Қышқылды фосфатазаның белсенділігі өзгеруінің рН өзгеруіне қалай байланысты? Реакция сызбанұсқасын келтіріңіз. Ферменттің класын және арнайылығын анықтаңыз.

5. Пациент клиникаға миокард инфарктісі күдігімен түскен. Аурудың айтуынша дәрігерге келуінен 5 сағат бұрын алқыну пайда болған. Дәрігер миокард инфарктісін болжамдап, ауруды емханаға жатқызды. Емханада диагнозды дәлелдеу үшін бірнеше күн ішінде қанның биохимиялық анализін жасаған. Анализ нәтижелері 2.9 кестеде келтірілген. Алынған нәтижелер дәрігердің диагнозын расстайды ма? Жауап үшін:

а)2.9 кестені дәптерге көшіріңіз, фермент белсенділігінің мәндері келесідей болатынын ескере отырып, аурудың ферменттік белсенділігінің артуын есептеңіз. МЕ/л, КК үшін <190, АСТ үшін <47, ЛДГ үшін<250;

б)зерттелетін ферменттердің белсенділігінің өзгеру динамикасының графигін салыңдар (абсцисса өсіне- уақыт, ордината өсіне – еселі өсуі);

в)Диагноз қоюдағы алынған нәтижелердің маңыздылығы туралы қорытынды жасаңыз.