Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
546 Кб
Скачать
☆
  1. Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары

Ұзақ мерзімдегі орта шекті шығындарды қарастырмас бұрын ұзақ мерзім ұғымын аңықтап алайық.Ұзақ мерзім- бұл барлық фактор өзгеріссіз қалатын уақыт аралығы.

Ұзақ мерзімде фирманың ғимарат не құрылыстың жалпы көлемін қолданылатын құрал жабдық пен машина санын өзгертуге ал салада өзіндегі әрекет ететін фирмалар санын өзгертуге мүмкіндік береді.Ұзақ мерзімді салаға кіру не шығуға кедергілер жойылады, ұзақ мерзімде фирма өңдірістің барлық параметрлерін өзгерте алады.

Ұзақ мерзімде шығындар тұрақты және өзгермелі деп бөлінбейді. Барлық шығындар өзгермелі болып табылады. Ұзақ мерзімді фирма төменгі орта шығындармен өндірісті жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді шығындар динамикасы кемімелі өнімділік заңы ықпалымен құралған болатын.

Жалпы шығын қисығы (LTC) координат басынан басталады, себебi ұзақ мерзiмде тұрақты шығындар болмайды. LTC қисығы қысқа мерзiмдегi ТС қисықтарын жанап өтедi.

Үшiншiден, ұзақ мерзiмдегi шығындар қисығының иiлу бұрышы қысқа мерзiмдегi қисықтармен салыстырғанда азырақ болады. Ұзақ мерзiмдегi орта шығындар LAC қысқа мерзiмдегi орта шығындар қисығын қимай оған жанама болады.

С

AC1 LMC AC2

MC2

LAC

MC1

0 Q1 Q2 Q

(мың бірлік)

Сурет 6.1. Ұзақ мерзімдегі орта және шекті шығындар.

Осыған қоса оның формасы ұзақ мерзiмде фирманың өндiрiстi кеңейтудегi масштабтан қайтымдылық сипатына байланысты әртүрлi болады. Келесi суретте LAC қисығының әртүрлi конфигурациясы көрсетiлген: ауқымнан өспелi, тұрақты, кемiмелi қайтымдылық.

С С С

а) өспелі в) тұрақты с) кемімелі

Сурет 6.2. Ауқымнан оң және теріс әсерге байланысты ұзақ мерзімді шығындар қисығы.

Осыдан келiп оң әсерлерге не жатады, терiс әсерлерге не жатады деген сұрақ орынды туады.

Оң эффектiлер:

  1. Техника (маманданған жұмысшы күшi, еңбектiң мамандануы)

  1. Капиталды тиiмдi пайдалану

  1. Басқару персоналының мамандануы

  1. Жанама өнiмдердi шығару (қалдықсыз технология).

Терiс эффектiлер:

  1. Басқару проблемасы (бюрократизмге жол берiлу)

  1. ҒТП-ке iлесе алмау.

Тұрақты жағдайда орта шығындар тұрақты болады.

Ұзақ мерзiмдегi шекті шығындар (LМС) шығындарды төмендету мақсатында фирма барлық шығын түрiн өзгерткенде қосымша өнiм бiрлiгiмен байланысты шығындардың өскенiн көрсетедi.

Ұзақ мерзiмдегi шектi шығындар сызығы (LMC) қысқа мерзiмдегi шектi шығындар сызығының АС мен LAC сызықтарының жанасу нүктесiмен абцисса өсiне түсiрiлген перпендикулярлардың қиылысу нүктесi арқылы өтедi.

Қортындылай келгенде, маркетингтiк зерттеулер негiзiнде өндiрiстiк фирмалар менеджерлерi нарыққа жеткiзетiн тауарлар мен қызметтердi өндiруiнiң шарттарын анықтайды. Бұл кезде болашақ шығындарға көп көңiл бөлiнедi.

Ұзақ мерзiмде барлық шығындар өзгермелi болады. Бұл кезде әр фирма тепе-теңдiк жағдайға жетуге ұмтылады, яғни ол максималды пайда табумен анықталады (минимум шығын болғанда). Осы жағдайда әрбiр фирма өз шығындарын ұзақ мерзiмге жоспарлау керек.

  1. Жетілген бәсеке нарығының негізгі сипаттамасы.

Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз – төмендегідей шарттар орындалатын нарық :

  1. нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтары :

  2. әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан,оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдерді жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды:

  3. баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады :

  4. жаңа фирмалардың салаға кіріуіне немесе одан шығыуына тосқауылдар қойылмайды :

Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл- өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.

P D = MR

Q

Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген Po бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.

Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы.

Шекті және графиктік талдау.

Пайда дегеніміз – жалпы түсім (TR) мен жалпы шығындар (TC) арасындағы айырма ;

П=TR – TC

Бұл жерде және әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың мақсаты – белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе мейлінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады. Қысқа мерзімді кезенде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді. Енді қысқа мерзімді кезенде нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсетейік.

Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:

  1. өндіру қажет пе ?

  2. егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде ?

  3. алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады ?

Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және фирма қысқа мерзімде өз қызметін жалғастырғандығы шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян (У) тұрақты шығындарға (FC) тең болады.

Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде FC – тан кем зиян шегетін болса, онда өз өнімін қысқа мерзімді кезенде өндіруге тиіс болады . Сонымен, бірінші сұраққа былай жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе TFC – кем зиян шексе, онда өндіріс жүргізуге болады.

Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан туындайды : фирма мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді .

Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір өндіріс стртегиясын тандап алуға болатын 3 ықтимал жағдайды қарастыру қажет. Барлығыда өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық :

П =Р: Q – АС : Q = ( P –АС ) : Q .

Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардын ен төменгі денгейінен жоғары делік, яғни

Р > АС MIN.

Онда ( 2 ) формула бойынша есептесек фирма экономйкалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (R) Қосатын өсімі оның жалпы шығындарға ( ТС ) қосатын өсімнен артық немесе тен болғанша ұлғайтуы қажет : MR MC немесе жетілген бәсеке жағдайында Р МС, өйткені MR=P.

Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.

Мейлінше көп пайда мынадай тендік орындалған жағдайда шығарылған өнім көлеміне Q сәйкес келеді.

Р=МС.

Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары денгейде жеткізетін шарт болып табылады.

Пайданы мейлінше арттырудын графиктік талдауы төмендегі суретте көрсетілген.

2-суретте фирманың шекті ( МС ) және орташа (АС)шығындарының қисықтары мен сұраныс қисығы Р = МR көрсетілген. МС қисығы сұраныс қисығымен В нүктесінде қиылысады. Оған сәйкес өнім көлемі – Q.

АВСД - тік төртбұрышының биіктігі өнім клемінің бір бірлігіне шаққандағы пайда немесе төмендегі көрсеткіштердің айырмасына тең

( Р-АС ).Оның ені -өндірілген таурлар саны. Сонымен фирманың жалпы пайдасы АВСД тіктөртбұрышының ауданына тең болады. Мейлінше көп пайда өнім шығару көлемі Q-ға тен болғанда алынады, ал бұл өнім көлемі үшін орташа шығындардың ен аз мөлшерінде болуы міндетті емес.