Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FarmakologiaCessia_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.48 Кб
Скачать

7.Жалпы рецептура. Әртүрлі дәрілік препараттарға рецепт жазудың жалпы принциптері.

Фармакология– дәрілік заттардың ағзаға әсер етуі туралы ғылым. Латын тілінен (pharmacon –дәрі,logos – білім, ғылым) деген мағананы білдіреді.

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:

1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.

2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.

3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.

4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.

5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.

6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Дәрілік заттардың ағзамен әсерлесіне байланысты фармакология екі бөлімнен тұрады.

Фармакодинамика – фармакологиялық тиімділігін зерттейді, әсер ету механизмін, дәрілік заттардың ағзаға әсерін.

Фармакокинетика– дәрілік заттардың ағзаға енгізу жолдарын, сіңуі, таралуы, биотрансформациясы (өзгеруі), дәрілік заттардың ағзадан шығуы.

Жалпы рецептура – фармакологияның бөлімі болып саналады. Рецепттерді дұрыс жазылып, тиімді қолдануын тексеріп, бақылайды.

Дәрілік пішін – дәрілік аттардың бір қалыпты жағдайы, қабылдағанға ыңғайлы болып табылады, тиімді пайдаланады.

Дәрілік жабдықтар – құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттар бар, дертті емдеуге арналған, диагностика немесе дерттің алдын алу үшін.

Дәрілік заттек – жеке химиялық қосылыстардан тұратын, дертті емдеуге арналған, диагностика немесе дерттің алдын алу үшін.

Дәрілік препарат - дәрілік жабдық, қабылдағанға ыңғайлы болып табылады, өзіне тән дәрілік формасы бар.

Дәрілік шикізат өсімдіктен, жануардан, микробтан немесе минералдан тұрады, дәлілік заттың құрамына кіреді.

 

Жалпы дәрілердің барлығы үш тобқа бөлеміз:

(А):тізімі - уытты заттар.

(Б):тобы - қатты әсер ететін заттар.

Жалпы топқа - қатты әсер етпейтін заттар жатады.

Рецептсіз босатылатын дәрілік заттар жалпы топқа жатады.110 бұйрық бойынша осы дәрілік заттардың тізімі берілген.Наркотикалық заттар А тізіміне жатады.

Рецепт– бұл дәрігердің фармацевтке арналған қол хаты. Дәрілік заттарды дұрыстап дозамен, қабылдау мерзімін ескере отырып қабылдалынуы керек. Рецепт медициналық, құқықтық, финансалық мағынасы бар құжат болып табылады.

Рецептің пайдалану мерзімі болады :

Наркотикалық дәрілерге - 5 күн .

Уытты дәрілік заттар кодеин, этилморфин гидрохлориді, ұқтататын дәрілік заттар, антипсихотропты заттар, стероидты гормондар, этил спирті - 10 күн.

Қатты әсер етпейтін заттарға жазылатын рецептер бір ай.

1,0 – грамм;

0,1 – дециграмм;

0,01 – сантиграмм;

0,001 – миллиграмм;

0,0001 – дицимиллиграмм;

0,00001 – сантимиллиграмм;

0,000001 – микрограмм;

Сұйық заттар литрмен, тамшымен.

Қатты заттар граммен өлшенеді.

Әсер ету бірлігімен антибиотиктер, гормондар дозаланады.

Биологиялық белсенді заттардың мөлшері .

Қатты дәрілік заттарға таблеткалар, ұнтақтар, драже, капсулалар жатады. Жұмсақ дәрілік заттарға маздар - жағылмалар, майлар, пасталар, суппозиторилер жатады. Сұйық дәрілік заттарға ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, қайнатпалар, тұнбалар.

Жалпы фармакология - дәрілік заттардың заңдылықтарын, фармакокинетикасын, фармакодинамикасын зерттейді. Және дәрілік заттарды тиімді қолдануға қатысты жолдарды іздестіреді.Уытты әсерін,кері әсерлерін қарастырады.

 

Фармакокинетика. Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары.

1. Энтеральді енгізу жолдары – ас қорту жолдары арқылы: пероралді peros– ауыз қуысы арқылы. Әсер ету 30-60 мин. кейін басталады. Кейбір дәрілік заттар асқазан сөлінің әсерінен өзінің тиімділігін төмендетеді. Бауыр арқылы өтіп, қанға барады. Тез арада әсер ету керек болған жағдайда бұл әдіс тиімді емес. Асқазандағы астың да әсері болуы мүмкін. Дәрілік заттың белсенділігі азаяды.

Сублингвальді – sublingua тіл асты арқылы. Бірден қанға барады. Бауыр арқылы өтпейді. 1-3 мин. кейін әсер етеді. Белсенді заттар ғана тиімді әсер етеді, мысалы нитроглицирин.

Ректальды енгізу жолы - per rectum тоқ ішек арқылы. Көбінесе суппозиторларды енгізеді. Клизма жасалынады. 15-30 мин. кейін әсер етеді. Жергілікті немесе резорбтивті әсер етеді. Резорбтивті әсер – бүкіл ағзаға әсер ету. Дәрілік заттар бірден қанға енеді. Бауыр арқылы өтпейді. Суппозиторлар дене температурасымен тез еріп, ағзаға әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]