- •1. Даму генетикасының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •2.Даму генетикасының мақсаты мен міндеттерін айтып түсіндіріңіз.
- •3. Днқ молекуласыныңқұрылымынсипаттаңыз
- •4.Днқ молекуласының клеткада қатталу механизмі (сипаттаңыз).
- •5. РРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі.
- •6. АРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •7. ТРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •8. Генетикалық код туралы түсінік.
- •9.Drosophila melanogaster шыбынының биологиясы мен морфологиясы.
- •10. Дрозофиланың кейбір мутантты линияларына сипаттама беріңіз.
- •11. Дрозофиланың даму циклін сипаттаңыз
- •12. Дрозофиланың даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •13. Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы туралы ойларыңыз.
- •14. Дрозофила дамуының гендік бақылануы. Аналық гендерге сипаттама беріңіз.
- •15. Дамудағы гендер сегментациясының рөліне сипаттама беріңіз.
- •16. Гомеозистік гендердің ашылуы және олардың дамудағы рөлін сипаттаңыз.
- •17. Дрозофиладағы мобильді
- •18.Молекулалы-генетикалық деңгейдегі детерминация және дифференцировка туралы ойларыңыз.
- •1.Трансплантация- клеткалардың өздерінің қалай көрсетеінін анықтауға болады.
- •19. Клетканың генетикалық бағдарланған өлімі (апоптоз) туралы түсінігіңіз.
- •22. Мутация, жалпы сипаттама беріңіз.
- •23. Мутацияныңтүрлерінеқысқашатоқталыңыз.
- •25. Ісік дамуының генетикалық тұрғыдан бақылануы бойынша түсінігіңіз
- •26. Сүтқоректілердегі мейоз процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •27. Сперматогенез процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •28. Онтогенез процесі. Жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Жеке және тарихи даму арасындағы ерекшеліктерге тоқталыңыз.
- •30.Жеке дамудың генетикалық тұрғыдан бақылануының жалпы заңдылықтары туралы ойларыңыз.
12. Дрозофиланың даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Дрозофила ғылыми мақсатта және генетикалық зерттеулерде қолданғанда өте қолайлы обьект болып табылады. Дрозофила шыбынының 4-ерекшелігі бар: 1.Жұмыртқадан еркек шыбынның дамуының аз уақыт аралығында өтуі.
2.Ұрпақ беруінің жоғарылығы
3.Тұқым қуалаушылықтағы мутацияға байлығы
4.Хромосома сандарының аздығы
Дрозофила жұмыртқасының (ұзындығы 0,5 мм) екі қабаты болады: сарысы және хорионы. Жұмыртқаның алдыңғы тесігі (микропиле) болады, ол сперматозоидтардың енуіне қажет болып келеді. Жұмыртқаның артқы жағында сабағы (филаменттері) болады, олар жұмыртқаның сұйық ортаға түсуден сақтайды. Дрозофила жалпы буынаяқтылар типі, қосқанаттылар класына жатады. Жұмыртқаның орналасуы мозайкалы.
Дрозофиланың даму кезеңдері: dr.melanogaster-дің 4 даму циклі бар: Жұмыртқа 2-3 сағат- 20-22 сағат; Дернәсіл 20-22 сағат – 120 сағат; Қуыршақ 70-72 сағат;Имаго
Даму кезеңдерін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады:
-Ерте эмбриондық кезең (ұрықтанудан кейін) 2-3 сағат целлюларизацияға дейінге кезең 20-26 сағ.
-кеш эмбриондық кезең (целлюляризациядан дернәсілдің пайда болғанға дейінгі кезең)
-дернәсілдік кезең дернәсілдің пайда болағннан бастап қуыршақпайда болғанға дейінге кезең.
-қуыршақ кезеңі – қуыршақ кезеңінен имагоға дейінгі кезең
Дернәсілдің кезеңнің өзі 3 кезеңнен:- I-кезеңдегі дернәсіл;-II-кезедегі дернәсіл; -III-кезеңдегі дернәсіл; Бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі түлеу процесінің нәтижесінде экдизон деген гормон әсерімен жүреді. Түлеу дегеніміз кутикулалық түзіліс пен сыртқы жабынның алмасуы. Қуыршақ кезеңі (қуыршақ кезңінен имагоға дейін 70-72 сағат аралығында) Осы кезеңдер 9 күн ішінде жүреді. Дрозофиланың жұмыртқа кл/ң пісіп жетілуі, жалпы жетілген аналық дараның премордиальды (алғашқы фолликула немесе презумптивті) жыныс кл. 4 реттік бөлінуден өтеді, нәтижесінде 16 кл. пайда болады. Осы 16 кл. ішінде бір ғана клетка жұмыртқа клеткасына айналады. Қалғаны қоректендіруші клеткаларға айналады. Фолликулярлы клетканың қоректендіруші клеткадан айырмашылығы олар соматикалық клеткадан шығады. Вителинді қабық жұмыртқа кл. плазмалық мембранасын қоршап тұратын спермийдің енуін қамтамасыз ететін клеткадан тыс зат. Қоректендіруші клеткамен ооцит арасындағы байланыс цитоплазмалық көпір немесе сақиналы канал деп аталады. Оогенез кезінде қоректендіруші клеткадан плазмаға белок, РНК, полисахаридтер, липидтер тасымалданады. Кейде митохондрия мен органеллалар да тасымаланады. Алғашқы 9 рет бөліну кезеңі 10 минут уақыт алады. Цитокинез процесі болмайды (сұйықтықтардың бөлінуі). Кариокинез ядроның бөлінуі. Синцитий бір цитоплазмадағы ядролар жиынтығы. 9 рет бөлінуден кейін ядролар артқы полюсқа жинақталады, оны полярлы плазма деп атайды. Алғашқы клетка құрылымдары түзіле бастайды.
13. Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы туралы ойларыңыз.
Синцитиалды бластодерма кезеңіне дейінгі ядролар тотипотентті болып келеді. Тотипотентті дегеніміз ядродағы генетикалық ақпараттың жүзеге асуыы, яғни олардың дифференциациясын қамтамасыз ететін тұтас организмнің дамуын жүзеге асыратын клетканың қасиеті. Тотипотенттілік қасиетті дәлелдеген бірнеше тәжірибелер бар. Соның бірі дамудың әр түрлі кезеңіндегі эмбрионнан алынған ядроны энуклеинді жұмыртқа клеткаларында трансплантациялау кезеңдері: 1-реттік – 3 реттік бөлінудегі эмбриондар ядро саны – 8; 2-реттік – 7 жағдай бөлінуден кейінгі синцитиалды бластодерманың полярлы зонасынан алынған ядролар3-реттік – синцитиалды бластодерма кезеңдегі латеральді жағында ораласқан ядролар. Бұлар донор ядролар деп аталады. Ал енгізетін клеткалар реципиент деп аталады. Энуклеинді жұмыртқалар клеткалар жұмыртқаның өс. Ядросы микропипипетка алынып, оның орнына3 жағдайдағы ядролар енгізеді. In vivo әдісі кезінде эмбриондардың кезі келген бөліктері ересек шыбынның құрсағына орналастыру әдісін ұсынды. Осындай жолмен трансплантация сәтті болған. Ересек қалыпты шыбын алынған. Бұл тәжірибелер донорлық ядролардың синцитиалды бластодерманың кез келген жерде орналасуына тәуелсіз тотипотенттілігін сақтайды. Гаструляцияның ерте кезеңіне алынған ядролар қолданылған. Бірақ целлюризациядан кейінгі клеткалар тотипотентті емес. Одан ересек организм алынбайды. Демек клеткалар предетерминацияланған. Детерминация – гендер жиынтығы бірдей (тотипотентті) болып келетін клеткалардың сыртқы белгілері, яғни фенотиптік белгілері бойынша ерекшеленуге алып келетін дамудың ерекше жолы. Әр клеткалардың бағдарланған даму жолы болады. Детерминацияны коммитерлеу деп атайды. В.Геринг анықтамасы бойынша тотипотентті клеткалар 2 фаза бойынша жүреді: 1-фаза – клеткалардың бағдарлануы; 2-фаза – маманданған клеткалардың морфологиялық және биохимиялық белгілерінің дамуына көрінуіне әкелетін даму бағдарламасының жүзеге асуы. Пролиферация – жануар немесе өсімдік организміндегі клеткалардың көбею жолы мен клеткалардың ұлғаюы. Генетикалық зерттелген тәжірибелер болған. Дрозофилада сақиналы болып келетін х-хромосоманың мутациясы табылған. Осы мутация бойынша гетерозиготалы организмнің ерте дамуы кезеңінде 1х хромосомасынан айрылатындығы байқалған. Детерминацияның ооплазмада атқаратын рөлі зор. В.Фое ғалымының айтуы бойынша дрозофиланың ерте эмбриогенезіндегі критикалық кезең асинхронды бөлінуі болып табылады. Бластодерма клеткалардың асинхронды бөліну уақыты целлюляризация және клеткалардың тотипотентті қабілетінен айырылу уақытымен сәйкес келген. Дамудың дернәсілдік сатысында имагинальді дискілер маманданбаған клеткалардан тұрады. Имагинальді таспа – насекомдар, құрттар, тікентерілілер, дернәсілдердің болашақта ересек имагоға ауысу кезіндегні соңғы дефинитивті соңы мүшелердің түзілуіне әкелетін маманданбаған клеткалардың жиынтығы.
