- •1. Даму генетикасының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •2.Даму генетикасының мақсаты мен міндеттерін айтып түсіндіріңіз.
- •3. Днқ молекуласыныңқұрылымынсипаттаңыз
- •4.Днқ молекуласының клеткада қатталу механизмі (сипаттаңыз).
- •5. РРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі.
- •6. АРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •7. ТРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •8. Генетикалық код туралы түсінік.
- •9.Drosophila melanogaster шыбынының биологиясы мен морфологиясы.
- •10. Дрозофиланың кейбір мутантты линияларына сипаттама беріңіз.
- •11. Дрозофиланың даму циклін сипаттаңыз
- •12. Дрозофиланың даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •13. Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы туралы ойларыңыз.
- •14. Дрозофила дамуының гендік бақылануы. Аналық гендерге сипаттама беріңіз.
- •15. Дамудағы гендер сегментациясының рөліне сипаттама беріңіз.
- •16. Гомеозистік гендердің ашылуы және олардың дамудағы рөлін сипаттаңыз.
- •17. Дрозофиладағы мобильді
- •18.Молекулалы-генетикалық деңгейдегі детерминация және дифференцировка туралы ойларыңыз.
- •1.Трансплантация- клеткалардың өздерінің қалай көрсетеінін анықтауға болады.
- •19. Клетканың генетикалық бағдарланған өлімі (апоптоз) туралы түсінігіңіз.
- •22. Мутация, жалпы сипаттама беріңіз.
- •23. Мутацияныңтүрлерінеқысқашатоқталыңыз.
- •25. Ісік дамуының генетикалық тұрғыдан бақылануы бойынша түсінігіңіз
- •26. Сүтқоректілердегі мейоз процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •27. Сперматогенез процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •28. Онтогенез процесі. Жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Жеке және тарихи даму арасындағы ерекшеліктерге тоқталыңыз.
- •30.Жеке дамудың генетикалық тұрғыдан бақылануының жалпы заңдылықтары туралы ойларыңыз.
1.Трансплантация- клеткалардың өздерінің қалай көрсетеінін анықтауға болады.
2.Ин видро жағдайында клеткаларды арнайы қоректік ортада өсіру арқылы анықтауға болады. Детерминация – ол басталған дифференциация процестерінің кері айналмау процесі. Басқаша айтқанда, детерминация клеткаларының потенциалдарына байланысты. Потенция дамудың жасырын түрдегі мүмкіндіктері. Дифференциация – онтогенездегі бластомерлер арасындағы айырмашылықтардың пайда болуын жіне әртүрлі клеткалардың, ұлпалардың пайда болуын, әртүрлі мөшелердің түзілуін айтады. Мұның нәтижесінде, клетка, ұлпа, мөше және организм бір түрліден көп түрліге айналады. Осы уақытқа дейін компетенцияның молекулық-генетикалық негізі белгісіз болып отыр, алайда индуктор молекуласын «тануға» қабілетті рецепторларды т‰зу және оларды клетка ішіне тасымалдауды қамтамасыз ету процестерімен байланысты болуы мүмкін деп жорамалдайды. Осындай жолмен, индуктор тәрізді жауап беру ж‰йесі индукцияны жүзеге асыру үшін пісіп-жетілу керек. Бұл жетілу бұл жағдайда компетенцияның өзгеру деңгейіне байланысты жүзеге асады.
19. Клетканың генетикалық бағдарланған өлімі (апоптоз) туралы түсінігіңіз.
Апоптоз деген термин – грекше «жапырақтардың түсуі» деген мағынаны береді. Апоптоз - жасушаның алдын-ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша тіршілігін жоюы.Апоптоз – бұл генетикалық бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі. Апоптозға ұшыраған жасушалардың ДНҚ-лары бөлшектеніп , жасушалары бір-бірлерінен ажырап , езіліп , ыдырайды. Мұндай процестің болуы және оның уақыты әрбір ағзаның геномында жазылған. Бұларға қоса ұрпақтан ұрпаққа берілетін кейбір тұқым қуалайтын аурулар болады. Оларда адам өмірінің ұзақ қысқалығына әсеретеді. Осы салада айта кететін бір жаңалық, кейінгі кезде адам геномын зерттеу нәтижелеріне байланысты мұндай тұқым қуалайтын ауруларды генотерапиямен емдеу ісі қолға алынып келе жатыр. Апоптоз процесін шартты түрде 3ке бөліп қарастырамыз: сигналды, эффекторлы және деградациялық фаза.
Сигналды фаза: апоптоздың инициациясы клеткаішілік және келткасыртқы факторларға байланысты жүреді. Мысалы: гипоксия, гипероксия нәтижесінде, клеткалық циклдық сигналдардың ақаулары, химиялық немесе физикалық агенттер, т.б. Алайда, осы факторлардың алуан түрлілігіне қарамастан сигналдың берілуінің екі негізгі жолын ажыратамыз: рецептор-тәуелді және митохондриялық.
Рецептор тәуелді жол – клетканың сыртындағы лигандтардың өлу рецепторларымен байланысуы нәтижесінде жүзеге асады. Апоптоз туралы сигналды қабылдайтын рецепторлардың барлығы TNF-рецепторларға жатады. Яғни трансмембраналық рецепторлар болып табылады. Олар өз кезегінде каспазаларды активтендіреді. Митохондриялық жол – клеткаішілік жолға жатады. Бұл митохондриядағы бұзылыстардың пайда болуынан басталады. Митохондрияның мембранааралық кеңістігінен апоптогенді белоктар шығарылады. Осы белоктар каспазаларды активтендіреді.
Эффекторлы фазасы – бұл фазада инициациялық жолдар бір ортақ апоптоздық жолға бірігеді. Каспазды каскад жүзеге асады. Каспазды каскад – инициациялық және эффекторлық каспаздардың өзара әрекеттесуі.
Деградациялық фаза - Апоптоздың алғашқы кезеңінде хроматинде маргинация, ал цитоплазма мен жасуша оргоноидтарында конденсация құбылыстары дамып, жасуша қалдықтары мембранамен қоршалған апоптоздық денешіктерге айналады. Олар фагациттік клеткалармен макрофагтармен жұтылады.
20. Апоптоз процесін бақылайтын негізгі гендерге сипаттама беріңіз. Апоптоз – бұл жасушаның табиғи генетикалық бағдарланған өлім процессі. Бұл бірнеше сатыда өтетін динамикалық процесс. Апоптоз генетикалық бақыланатын процесс болып табылады. Оған арнайы фермент – казпазаның синтезін бақылайтын гендерболады. Казпаздың белсенділігі активатор және ингибитор гендерімен бақыланады. Апоптоз процессіне арнайы «апоптоздық» ядролық эндонуклеазалар қатысады. Апоптоз процессінде негізгі рөлді р53 ақуызы атқарады. Апоптоз механизмінің негізінде жасушаның генетикалық материалының зақымдалған жерін танып түзету, жасушаның элиминациясы мен жасушаның және жалпы ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету жатыр. Апоптоз процесінің генетикалық бақылануы нематодта жақсы зерттелген. Жоғарыда көрсетілгендей бірқатар ерекшеліктеріне байланысты нематода (Caenorhabditis elegans) онтогенездің генетикалық негіздерін зерттеуде өте ыңғайлы объект болып табылады. Мұндай құрттар әсіресе гомеозистық мутацияны және клетканың бағдарланған өлімі процесін, яғни организмнің қалыпты даму барысында кейбір клеткалардың өлетіндігін зерттеуде кеңінен қолданылады. Нематодадағы апоптоз процесі төрт кезеңнен өтеді. Ең алдымен клетканың тіршілік етуі немесе өлімі туралы “шешім” қалыптасады, содан соң клетканың өлуі, оның фагоциттермен немес басқа клеткалармен жұтылуы және клетканың жұтылған қалдықтарының деградациясы ж‰реді. Бұл процесті әртүрлі кезеңдерде бақылап отыратын 14 ген табылған. Клеткалық суицид үш геннен (ced-3, ced-4, ced-9) тұратын жиынтықпен бақыланатындығы анықталған, олар апоптозды реттейтін Ced-3, Ced-4, Ced-9 белоктарының синтезін қамтамасыз етеді. Сed-3, Сed-4 гендерінің активтігі клетканың өлімін жеделдететін болса, Сed-9 гені бұл құбылыстың бетін қайтарады, сөйтіп клетканы өлімнен құтқарады. Сed-9 генінің өнімі Сed-3 пен Сed-4 гендерінің проапоптивтік активтілігіне кедергі келтіреді. Осы гендердің арасындағы эпистаздық қарым-қатынастың болатындығы анықталған. Өлімге әсер ететін гендер тек аздаған клеткаларда ғана активті болып шыққан. Осыған қарама-қайшы клетка өлімінің келесі кезеңдерін жүзеге асыруға қатынасатын гендер организмнің б‰кіл дене клеткаларына ортақ болып есептелінеді. Соңғы жылдары апоптозға жауапты барлық үш негізгі гендер өнімінің әсері тікелей немесе жанама түрде болса да митохондриямен байланысты екендігі анықталған, бірақта митохондриялық геномның апоптозға қатысы болмауы да мүмкін. Bcl-2 белогы митохондриялық ДНҚ-ы жоқ клетканың апоптозына кедергі келтіруі мүмкін. Митохондриялық мембранада саңылаулардың пайда болуы апоптоздық механизмде басты рольді атқарады деген болжам бар.
21. Апоптоз процесінің молекулалық механизмдері туралы түсінігіңіз. Апоптоз – жасуалардың сырттан немесе хромосомалық ДНҚ, зақымдалған митохондриялар, цитоплазма, ДНҚ хромосомалары, т.б. тұратын апоптоздық денешіктер түзілуінің жасушаішілік өлімінің бағдарламасыныңжүзеге асуы нәтижесінде қандай да бір сигналға жауап ретінде бағдарланған өлімі.Апоптоздық денешіктер фагоциттік макрофагтар немесе сңірілген дендрит жасушалары бола алады, соның нәтижесінде тіршілігін жоятын жасушаның құрамы жасушаішілік ортаға түспейді, ал ұлпаларда қабыну дамымайды.
Апоптоздың бағдрлануы жаасушада сыртқы сигналдармен активациялануы үшін белгілі бір өнімдер – жасушаның барлыққ ДНҚ-сының және жасушанң қалған құраушыларының заңдылықты түрдегі және қайтымсыз дезинтеграциясына арналған ферменттерді кодтайтын нақты гендер болатындығын білдірді. Бірақ қалыпты жасушаларда апоптоз дербес жасушаның жасушаішілік даму бағдарламасына дейін іске қосылмайды. Сыртқа сигнал қажет. Апоптоз өмірлік циклында физиология лық болатын жасушада оның қабылдануы үшін арнайы рецептор бар, яғни қазіргі кезде бар сигналдар мен жасушалық өлімі.
Сонымен қатар, жасушаның өмірлік белсенділігі сипаттайтын басқа Рц – мен сигналдардың болмаы белгілі бір жағдайда жасушаның апоптозға өтуне жағдайлар жасайды. Тіршілікті сақтауға сигнал мысалы тимуста тимоциттердің позитивті селекциясы кезінде МНС-1 немесе МНС-11 TCR-байланыстыру болып табылады. Перифериялық Т-лимфоциттер үшін иммундық жауаптың даму реежимінен тыс тіршілікті сақтауа сигнал болып МНС кешенінің эндогенді пептидтер – бөліктей агонистермен байланыстыру болып табылады.
Апоптоз – арнайы жасушаішілік ферменттермен жүзеге асатын жасуша ішінің құрамының фрагментациясы, олардың активациясы мен индукциясы жасушаның сырттан сигнал алуынан немес апоптоздық машинаның фермент активаторларының жасушасына еріксіз иньекция қабылдауы кезінде жүзеге асады. Апптоз некрозға әкелметін, бірақ апоптозды инициациялауға қабілетті сыртқы факторлармен жасушаның зақымдалуы кезінде дамиды.
Перифериялық лимфоциттерде үш Рц және апоптоға Fas-FasL, TNFR-TNF, Рц глюкокртикоидтар үшін үш сигнал болады. Осы Рц экспресиясы иммундық жауаптың басталуымен бірге инициацияланады және иммундық лимфоциттердің активациясы мен дифференцировкасы бойынша артады. Иммундық жүйеде тек перифериялық ұлпаларда ғана емес, лимфопоез кезінде Рц-лигандтардыңкелесі жұптары белгілі, оларды байлныстыруды тасушы жасушада Рц апоптозды индукциялайды.
Каспаза – арнайылық протеазалар, қабыну мен апоптоздың негізгі ферменттері; жасушалық ақуыдардың көпшілігінің дегредациясын жүзеге асырады, апоптоздың жүзеге асуының аралық және ақырғы сатыларында жасушаішідік сигналдық жолдарға қызмет етеді. Апоптозға каспазаның екі класы қатысады- инициаторлар мен эффекторлар. Проапатоздық сигналмен инициаторлық каспаза -2, -8, -9 белседіріледі. Инициаторлық каспазалар эффекторлвқ каспаза -3, -6, -7 процесстейді, олардың әсері арнайы субстраттардың, ең алдымен, нуклеин қышқылдарының метаболизм ферменттері полимераза, КФ ыдырау нәтижесінде жасуша өліміне алып келеді.
