- •1. Даму генетикасының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •2.Даму генетикасының мақсаты мен міндеттерін айтып түсіндіріңіз.
- •3. Днқ молекуласыныңқұрылымынсипаттаңыз
- •4.Днқ молекуласының клеткада қатталу механизмі (сипаттаңыз).
- •5. РРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі.
- •6. АРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •7. ТРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •8. Генетикалық код туралы түсінік.
- •9.Drosophila melanogaster шыбынының биологиясы мен морфологиясы.
- •10. Дрозофиланың кейбір мутантты линияларына сипаттама беріңіз.
- •11. Дрозофиланың даму циклін сипаттаңыз
- •12. Дрозофиланың даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •13. Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы туралы ойларыңыз.
- •14. Дрозофила дамуының гендік бақылануы. Аналық гендерге сипаттама беріңіз.
- •15. Дамудағы гендер сегментациясының рөліне сипаттама беріңіз.
- •16. Гомеозистік гендердің ашылуы және олардың дамудағы рөлін сипаттаңыз.
- •17. Дрозофиладағы мобильді
- •18.Молекулалы-генетикалық деңгейдегі детерминация және дифференцировка туралы ойларыңыз.
- •1.Трансплантация- клеткалардың өздерінің қалай көрсетеінін анықтауға болады.
- •19. Клетканың генетикалық бағдарланған өлімі (апоптоз) туралы түсінігіңіз.
- •22. Мутация, жалпы сипаттама беріңіз.
- •23. Мутацияныңтүрлерінеқысқашатоқталыңыз.
- •25. Ісік дамуының генетикалық тұрғыдан бақылануы бойынша түсінігіңіз
- •26. Сүтқоректілердегі мейоз процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •27. Сперматогенез процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •28. Онтогенез процесі. Жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Жеке және тарихи даму арасындағы ерекшеліктерге тоқталыңыз.
- •30.Жеке дамудың генетикалық тұрғыдан бақылануының жалпы заңдылықтары туралы ойларыңыз.
6. АРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
Матрикстік рибонуклеин қышқылы немесе ақпараттық РНҚ – белоктардың бірінші құрылымы (аминқышқылдық тізбек) туралы ақпараттан тұратын РНҚ болып табылады. аРНҚ ДНҚ-ның негізінде транскрипция процесі кезінде түзіліп, өз кезегінде трансляция процесінде белок синтезі үшін матрица ретінде қолданылады. Сондықтан, аРНҚ гендер экспрессиясында маңызды рөл атқарады. Қалыпты пісіп жетілген аРНҚ-ның ұзындығы бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін нуклеотидтерден құралады. Ең ұзын аРНҚ +РНҚлы вирустарда байқалған, мысалы, пикарновирустарда, алайда АРНҚ олардың барлық геномын құраушы болып табылатынын есте сақтаған жөн. ДНҚ –ны кейде белоктарды дайындау кескіндерімен салыстырады. Осы инженерилік-өндірістік аналогты дамыта отырып, егер ДНҚ – зауыт директорының сейфінде сақтауда тұрған белоктарды дайындаудағы толық кескін жиынтығы болса, аРНҚ – құрастыру цехына берілген, кескіннің уақытша жұмыстық көшірмесі деп айтуымызға болады. Пісіп жетілген аРНҚ сәйкес белокта, аминқышқылдарының тізбегі туралы ақпараттар кодталған, негізгі нуклеотидтер тізбегімен қатар, рибосомалармен бақыланатын трансляцияға қажетті кодталмайтын тізбектер қатарларынан да тұрады.
7. ТРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
Транспорттық РНҚ – негізгі қызметі аминқышқылдарын белок биосинтезі өтетін жерге тасымалдау болып табылатын рибонуклеинқышқылы болып табылады. Қалыпты ұзындығы 73 тен 93 нуклеотид және өлшемі шамамен 5нм. тРНҚ сонымен қатар, полипептидті тізбекті өсіруге қатысып, аРНҚ кодонына қосылып, жаңа пептидті байланыстың түзілуіне қажетті конформация кешенін қамтамасыз етеді. Әрбір аминқышқылы үшін өзінің тРНҚ болады. тРНҚ біртізбекті РНК болып табылады., алайда функциональдық формасында *беде жапырағы* конформациясына ие. Оның 4 бөлігін ажыратады,ол бөліктер әр түрлі қызмет атқарады. Бірінші бөлігі-акцепторлы *бұтағы*,ол екі комплементарлы байланысқан соңғы бөліктерінен құралған. Ол 7 жұп негізден тұрады. Бұл бұтақтың 3-соңы біршама ұзындау. Ол бос ОН тобы бар ЦЦА тізбегімен аяқталатын, біртізбекті аймақ түзеді. Осы соңына транспортталатын аминқышқылы келіп қосылады. Қалған үш бөліктері комплементарлы жұпталған нуклеотид тізбектерін құрайды, олар ілмек түзетін жұпталмаған аймақтармен аяқталады. Орта бөлігі 5 жұп нуклеотидтерден және ілмегі ортасында антикодоннан тұрады. Аминқышқылы молекуланың 3* соңына әрбір тРНҚ-ға тән аминоацил – тРНҚ-синтетаза ферментімен ковалентті байланысады. С аймағында антикодон орналасады, ол аминқышқылына сәйкес келеді.
тРНҚ прокариоттарда кәдімгі РНҚ полимераза арқылы, ал эукариоттарда РНҚ полимераза ІІІ арқылы синтезделеді. тРНҚ гендерінің транскриптері көп стадиялы процессингке ұшырайды, ол соңында тРНҚ-ға пространсттік құрылымның түзілуіне әкеледі. тРНҚ процессингі 5 негізгі этаптардан тұрады:
5*лидерлі нуклеотидті тізбектің жойылуы;
3*соңғы тізбектің жойылуы;
3*соңына ССА тізбегінің қосылуы;
Интрондардың кесілуі;
Жеке нуклеотидтердің модификациясы.
Эукариотық тРНҚ пісіп жетілуінің аяқталуы цитоплазмаға ауысуы керек, ол жерде олар белок биосинтезіне қатысады. тРНҚ транспорты Ran тәуелді жолдармен транспорт факторы экспортиннің t қатысуымен жүзеге асады.
