- •1. Даму генетикасының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •2.Даму генетикасының мақсаты мен міндеттерін айтып түсіндіріңіз.
- •3. Днқ молекуласыныңқұрылымынсипаттаңыз
- •4.Днқ молекуласының клеткада қатталу механизмі (сипаттаңыз).
- •5. РРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі.
- •6. АРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •7. ТРнқ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.
- •8. Генетикалық код туралы түсінік.
- •9.Drosophila melanogaster шыбынының биологиясы мен морфологиясы.
- •10. Дрозофиланың кейбір мутантты линияларына сипаттама беріңіз.
- •11. Дрозофиланың даму циклін сипаттаңыз
- •12. Дрозофиланың даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •13. Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы туралы ойларыңыз.
- •14. Дрозофила дамуының гендік бақылануы. Аналық гендерге сипаттама беріңіз.
- •15. Дамудағы гендер сегментациясының рөліне сипаттама беріңіз.
- •16. Гомеозистік гендердің ашылуы және олардың дамудағы рөлін сипаттаңыз.
- •17. Дрозофиладағы мобильді
- •18.Молекулалы-генетикалық деңгейдегі детерминация және дифференцировка туралы ойларыңыз.
- •1.Трансплантация- клеткалардың өздерінің қалай көрсетеінін анықтауға болады.
- •19. Клетканың генетикалық бағдарланған өлімі (апоптоз) туралы түсінігіңіз.
- •22. Мутация, жалпы сипаттама беріңіз.
- •23. Мутацияныңтүрлерінеқысқашатоқталыңыз.
- •25. Ісік дамуының генетикалық тұрғыдан бақылануы бойынша түсінігіңіз
- •26. Сүтқоректілердегі мейоз процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •27. Сперматогенез процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •28. Онтогенез процесі. Жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Жеке және тарихи даму арасындағы ерекшеліктерге тоқталыңыз.
- •30.Жеке дамудың генетикалық тұрғыдан бақылануының жалпы заңдылықтары туралы ойларыңыз.
27. Сперматогенез процесіне жалпы сипаттама беріңіз.
Аталық жыныс кл-ы сперматозоидтар д.а. сперматозоидтың бас жағында ядро мен акросома орналасқан. Хромосомалар ядроның ішінде орналасады. Хромосомалар ұрпаққа берілетін тұқым қуалайтын белгілерді тасымалдайды. Акросомада жұмыртқа кл-ң қабықшаларын ерітетін фермент гиалуронидаза болады, ал ол фермент ұрықтану кезінде жұмыртқаның қабықшаларын ерітіп сперматозоидтың жұмыртқаға енуіне жағдай тудырады. Спернматозоидтың мойнында 1-ші центриоль орналасқан. Центриольдің екіншісі микротүтікшелерді өсіреді де сперматозоидтың құйрығын құрайды. Сперматозоидтың аралық бөлігінде митохондриялар орналасқан. Митохондриялар энергия көзі қызметін атқаратын заттарды өндіреді. Сперматозоидтар өте ұқсас болады, олар құйрығын толқынды қимылдату арқылы қозғалады. сперматозоидтың көлемі микрометрмен өлшенеді, мыс., бұқанікі – 65 мкм, торғайдікі – 200 мкм, адамдікі – 53 мкм. Ал саны миллиондап өлшенеді. Адамда 1 текше сантиметр сперма сұйығында – 60-100 млн. сперматозоидтар болады.
Сперматозоидтардың реотаксис қасиеті бар. Реотаксис дегеніміз сұйықтың ағуына қарсы қозғалу. Сперматозоидтар аталық жыныс бездерінде дамиды. Сонымен қатар аталық бездерінде жыныс гормондары да түзіледі. Аталық бездердің сыртында тығыз дәнекер ұлпалардан тұратын қабықшасы болады. Бездің ішкі жағын тығыз тығыз дәнекер ұлпадан тұратын перделер кішкене бөліктерге бөлген. олардың әрқайсыс иректелген шәует түтікшелерімен толтырылған. Түтікшелердің арасында борпылдақ дәнекер ұлпа орналасқан. Иректелген шәует түтікшелерінің қабырғаларының сырты дәнекер ұлпасынан тұрады, ал ішкі жағы эпителий кл-н құралған. Ол Сертоли кл-ы. Сертоли кл-ң арасында жас жетілмеген жыныс кл-ы сперматогоиялар орналасқан. Түтікшелердің көлденең кесіндісін қарағанда жыныс кл-ң дамуының әртүрлі кезеңдерін көруге болады. Жетілген жыныс кл-ы, яғни сперматозоидтар түтікшенің ортасында жинақталады.
Борпылдақ дәнекер ұлпасында (иректелген түтікшеледің арасында) Лейдиг кл-ы (эндокриноциттер) болады. Олар аталық жыныс гормоны – тестостеронды өндіреді. Сперматозоидтардың дамуын сперматогенез деп атайды. Сперматогенез 4 кезеңге бөлінеді: 1. көбею; 2. өсу; 3. жетілу; 4. қалыптасу; Сперматогенездің алғашқы жыныс клеткалары сперматогониялар депи аталады. Олар иректелген түтікшенің ең шетінде жатады. Сперматогониялар өзінің көбею кезеңінде митозбен бөлінеді, мұның өзі олардың санын айтарлықтай көбейтуге әкеліп соқтырады; Өсу кезеңінде жыныстық кл-р бөлінбейді, өсуін күшейтеді, сперматогониялар 1-ші реттік сперматоциттерге айналады. Өсу кезеңінде олардың ядорларында күрделі өзгерістер болады, ол мейозды дайындауға әсер етеді; Жетілу кезеңінде клеткалар мейоз жолымен бөлінеді. Мейоздың 1-ші бөлінуі 2-ші реттік сперматоцитті құрады. 2-ші бөлінуінен кейін сперматидалар құрылады, Мейоз бөлінуі нәтижесінде хромосомалардың саны екі есе азаяды. Сондықтан сперматиданың ядросы гаплоидты болады; Қалыптасу н/е спермиогенез кезеңінде сперматидалар сперматозоидтарға айналады. клеткалардың ядролары тығыздалады да, олар кл-ң бір шетіне орналасады. Оған қарама-қарсы болып центриольдер шығады. 1-ші проксимальді центриоль сперматозоидтың мойнына қалады. Дистальдік центриольдан құйрықтың жіпшесі өсе бастайды. Гольджи аппараты кл-ң ұш жағынан акросоманы құруға қатысады. Сперматозоид құйрығының лық бөліміне митохондриялар жиналып митохондриялық спиральді құрайды. Осы өзгерістердің
нәтижесінде сперматидадан ерекше кл-а сперматозоид қалыптасады.
