Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Даму генетикасы экзамен шпор 100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.22 Кб
Скачать

1. Даму генетикасының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.

2. Даму генетикасының мақсаты мен міндеттерін айтып түсіндіріңіз.

3. ДНҚ молекуласының құрылымын сипаттаңыз

4. ДНҚ молекуласының клеткада қатталу механизмі (сипаттаңыз).

5. рРНҚ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.

6. аРНҚ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.

7. тРНҚ молекуласының құрылымы және оның негізгі қызметі туралы түсінігіңіз.

8. Генетикалық код туралы түсінік.

9. Drosophila melanogaster шыбынының биологиясы мен морфологиясын сипаттаңыз.

10. Дрозофиланың кейбір мутантты линияларына сипаттама беріңіз.

11. Дрозофиланың даму циклін сипаттаңыз.

12. Дрозофиланың даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

13. Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы туралы

ойларыңыз.

14. Дрозофила дамуының гендік бақылануы. Аналық гендерге сипаттама беріңіз.

15. Дамудағы гендер сегментациясының рөліне сипаттама беріңіз.

16. Гомеозистік гендердің ашылуы және олардың дамудағы рөлін сипаттаңыз.

17. Дрозофиладағы мобильді генетикалық элементтер туралы ойларыңыз.

18. Молекулалы-генетикалық деңгейдегі детерминация және дифференцировка туралы

ойларыңыз.

19. Клетканың генетикалық бағдарланған өлімі (апоптоз) туралы түсінігіңіз.

20. Апоптоз процесін бақылайтын негізгі гендерге сипаттама беріңіз.

21. Апоптоз процесінің молекулалық механизмдері туралы түсінігіңіз.

22. Мутация, жалпы сипаттама беріңіз.

23. Мутацияның түрлеріне қысқаша тоқталыңыз.

24. Дрозофила шыбынындағы белгілі летальды гендерге сипаттама беріңіз.

25. Ісік дамуының генетикалық тұрғыдан бақылануы бойынша түсінігіңіз.

26. Сүтқоректілердегі мейоз процесіне жалпы сипаттама беріңіз.

27. Сперматогенез процесіне жалпы сипаттама беріңіз.

28. Онтогенез процесі. Жалпы сипаттама беріңіз.

29. Жеке және тарихи даму арасындағы ерекшеліктерге тоқталыңыз.

30. Жеке дамудың генетикалық тұрғыдан бақылануының жалпы заңдылықтары туралы

ойларыңыз.

1. Даму генетикасының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.

Даму генеткиасы дегеніміз – организммнің жеке дамуы кезінде тұқым қуалаушылық ақпараттардың жүзеге асуын зерттейтін ғылым болып табылады. Даму генетикасы бастапқы қалыптасу уақытында феногенетика деп аталынған. Негізінен эмбриоология мен генетика ғылымдарымен байланыстыра отырып даму тарихын түсіндіре аламыз. Жалпы, даму генетикасының даму тарихы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан. Даму генетикасының қалыптасу тарихына тоқталатын болсақ, 4 негізгі сатыға бөлуге болады.

1-саты – Сипаттау кезеңі (ХХ ғасырдың 20-30 жылдары) Ол неміс зоологы В. Хеккер – сүтқоректілердегі қалыпты және мутантты ұрықтарының гистологиялық айырмашылықтары байқалатын эмбриогенез кезеңдері – фенокритикалық фазаларды ажыратуынан бастау алған. Сонымен қатар, ол осы бағытты феногенетика деп атаған. Осы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары аралығында әр түрлі организмдер, мысалы, адамдар, егеуқұйрықтар, тышқандар мен өсімдіктер - онтогенезінің тұқымқуалайтын бұзылыстары туралы көптеген материалдар жинақталған болатын.

2-саты – Тәжірибелік (ХХ ғасырдың 30-40жылдары) Бұл кезеңде үлкен тәжірибелік материалдар онтогенез генетикасының негізгі принциптерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

  1. Дамушы организмнің гетерогенизациясы (регионализациясы) негізі ретінде гендердің дифференциальды белсенділік принципі – А. Вейсман клеткалық бөләнудің екі типін ажыратады – олар, теңтұқымқуалайтын және теңтұқымқуаламайтын. Жыныс клеткалары яғни, ұрық жолы клеткалары толық детерминант (биафоралар) жиынтықтарынан тұрады, ал басқа әр текті клеткалар керісінше әр түрлі детерминанттар үйлестіктерінен тұрады деп түсіндірген болатын. Зерттеуінің дәлелдемесі ретінде – Т. Бовери аскаридаға жасаған тәжірибелерін алған. Ол жерде генетикалық материалдардың соматикалық клеткаларда диминуция бақыланады. Бірақ, диминуция құбылысы – жергілікті жағдай, ол өте сирек кездеседі, ал былайша, барлық клеткалар тек жалғыз зиготадан дамып жетіледі. Ол қалай жүзеге асады деген сұраққа Т. Морган жауап берген. Т. Морган: көпклеткалы организм дамушы ұрығының клеткалары әр түрлі бөліктерінде орналасқан, және олардың дифференцировкасының әр уақыттарында әр түрлі гендер функционалданады екен. Нәтижесінде, олар ең алдымен химиялық, содан кейін морфологиялық өзгешелік қасиетке ие болады. Р. Гольдшмидт: барлық клеткаларда барлық гендер бірдей жұмыс істейді, бірақ гендер өнімдері ұрықтың іртүрлі аймақтарында әр түрлі тағдырды бастан кешіреді, нәтижесінде әр клеткаларда гендердің дифференциалданбаған белсенділіктері байқалады, ал дифференциалданған функционалдылығы – олардың өнімдерінде байқалады екен.

  2. Ұрықтың аймаққа бөлінуі яғни, регионализациясында ядролық – цитоплазмалық қатынасын бастаушы рөлі принципі. Ядроның әртүрлі бөліктерінде әртүрлі цитопалзма орналасатыны белгілі. Және осы тұрғыда Морган мен Шмидттің пікірінше- тұқым қуалау ақпаратының көрінуіне цитоплазма жауапты екен. Морган – әртүрлі активті гендерден тұратын әртүрлі цитоплазмаға әртүрлі ядролар түседі. Ұрықтың әртүрлі бөлігінде әртүрлі гендер жұмыс істейді.Шмидт- ұрықтың әртүрлі бөлігінде ген өнімінің әртүрі қызмет атқарады, себебі олардың цитоплазмасында әртүрлі заттар болады. Ол заттар ген өнімдерінің қызметін арттырады немесе басып отырады. Мысалы, насекомдарда полярлық плазмасы РНҚ-ның өте көп мөлшерінен тұрады, ол жыныс клеткаларын а бастама береді екен, егер оны сәулелендірсе – насеком стерильді болып қалады екен, егер оны алмастырса – трансдетерминация (жыныс клеткалары дененің бақа аймақтарынан дамиды екен) жүреді.

  3. Онтогенез процесінде гендердің өзара әсерлесуінің рөлі принципі. Бір белгінің дамуына(реализация) өте көп гендер қатысады. Гендердің қарым-қатынасының кейбір феномендері: экспрессивтілік – белгі деңгейін көрсететін геннің көріну деңгейі; пенетранттылық – мутация белгісі көрінген организмдердің пайыздық қатынасы.

3-саты – Биохимиялық (ХХ ғасырдың 40-60жылдары) Ж. Браше мен Б. Кедровский жаңалықтарының ашылуымен басталады, ол – дамудағы нуклеин қышқылдарының рөлі (РНҚның белсенді жинақталуы белоктардың белсенді түрде жинақталуна әкеледі) ДНҚ құрылымы мен рөлінің ашылуы, сондай-ақ биологияның орталық догмасының ДНҚ-РНҚ-БЕЛОК пайда болуы, гендердің дифференциалды белсенділігі туралы тәжірибелердің жинақталуына әкелді. Американдық генетик К. Маркет изоферменттерді ашып(ферменттердің көптеген фракциялары), жеке дамуда гендердің белсенділігін толығымен анықтауға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар онымен Л.И.Корочкин,О.Л.Серов,Ю.П.Алтухов айналысқан болатын.

4-саты – Молекулярлы- генетикалық (60 жылдардан қазіргі уақытқа дейін)

Молекулярлық биология мен гендік инженерия әдістерін кеңінен қолданумен сипатталып, соынмен қатар, тұқымқуалаушылық ақпараттың реализациясының белгілі бір нақты жолдарының түзілуін сипаттады. Жеке гендерді бөліп алу, олардың экспрессиясының заңдылықтарын анализдеу, регуляторлық зоналарын анықтау мүмкін болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]