Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеф кітап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.22 Кб
Скачать

VIII мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы

§ 52. Тамақтанудың

физиологиялық маңызы және

мектеп оқушылары организміндегі

зат алмасу ерекшеліктері

Тамақтану адамның калыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.

Тиімді тамақтану екі негізгі міндет атқаруға тиіс. Біріншіден, ол баланың туған сәтінен бастап, оның қалыпты өсуі және дамуы ушін қажетті құрылыс материалдарымен организмді қамтамасыз етуі керек. Бұлар, негізінен, белок, май, минералдық заттар. Екіншіден, тамақтану организмнің энергиялық шығынын толтыруға керекті оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететіндей қоректік заттар жеткізіп тұруы керек, бұлар-углеводтар, майлар және ішінара белоктар. Қоректік заттардың барлығы да организмдегі болып жататын күллі процестерге катысып отырады.

Мектеп оқушысының тамақтануы мынандай негізгі гигиеналық талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

  1. Тамақтың құрамында организм үшін қажетті белок, май, липоид, углевод, минералдық зат, витамин, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық ара катынаста болуға міндетті.

  2. Тамақ алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық, жұмыртқа, нан, жарма, овощ, жеміс, жидек т.б. продуктылар енуі қажет.

  3. Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары болмау керек.

  4. Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет.

  5. Тамақ көлемі жағынан да, калориясы жағынан да жеткілікті болуға, яғни адамның тою сезімін тудыратындай, әрі организмнің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуға тиіс.

Тамақтану – зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Организмге үздіксіз қоректік эаттар келіп тұрмай және одан керексіз, зиянды өнімдер бөлініп шығарылып отырылмай тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сөйтіп, зат алмасу тіршіліктің ажырамас белгісі болып табылады.

Организмге келіп түсетін қоректік заттар күрделі өзгерістерге ұшырайды және содан кейін барып организмнің клеткалары мен ткандеріне пайдаланылады. Тамақты сіңірудің және одан жаңа клеткалар мен ткандерді жасаудың осы күрделі процесін ассимиляция деп атайды. Организм клеткалары мен ткандерінің құрамына енетін органикалық заттардың тіршілік процестері үшін энергия шығара отырып ыдырауын диссимиляция деп атайды.

Ассимиляция мен диссимиляция бір-бірінен бөлінбейтін, әрі орталық нерв жүйесімен реттеліп жін басқарылып отыратын зат пен энергия алмасудың біртұтас процесін құрайды. Зат пен энергия алмасуының негізіне организмінің қалыпты тіршілік қызметі үшін қажетті энергия бөліп шығаратын қышқылдандыру-қалпына келтіру реакциялары жатады.

Бала организміндегі зат алмасудың улкендер организміндегі зат алмасудан айырмашылығы сол: бала организмінде ассимиляция процестері диссимиляция процестерінен басым, ал зат алмасу неғұрлым жылдам жүреді.Осыған орай балаларды тамақтандырғанда, тамақ тек олардың организмінің энергия шығынын қалпына келтіріп қана қоймай, организмнің өсуімен қалыпты дамуын қамтамасыз ете отырып, жаңа клеткалар мен ткандер құрастыруға да қажетті материалдар жеткізіп беріп отырады.

Тамақтанудан 12 сағат өткеннен кейінгі, ауаның температурасы 20°С кезінде адамның толық тыныштық жағдайында жұмсайтын ең аз энергиясын негізгі алмасу деп атайды. Басқа кез келген жағдайда: қимыл, жұмыс, сөйлеу, ас қорытылу т.б. кезінде адамның энергия шығыны молаяды, ол негізгі алмасумен бірлесе отырып жалпы алмасуды құратырады. Орындалатын жұмыс неғұрлым қарқынды болған сайын, организмнің энергия шығыны соғұрлым мол, зат алмасуы да күштірек болады.

Тамақтық заттардың потенциалдық энергиясын , зат пен энергия алмасуын жылу бірлігі килограмм-калория (ккал), немесе үлкен калориямен өрнектейді. Үлкен калория дегеніміз 1 л суды 1°С-ге жылытуға қажет жылу мөлшері.

Тамақтық энергиялық мүмкіндігі оның қүрамына байланысты. Ең күшті потенциалдық энергия майда болады, бұл мына мәліметтерден көрінеді: 1 г май жанғанда 9,3 ккал, 1 г белок жанғанда 4,1 ккал және 1 г углевод жанғанда 4,1 ккал жылу бөлінеді.

Мектеп жасындағы балалардың жылу мен энергия бөліп шығаруы ересектерге қарағанда жоғары. Мысалы, дененің 1 кг салмағына орта есеппен тәулігіне ересек адамдарға 40 – 42 ккал, 14-16 жасар балаларға 50-52 ккал, ал 9-11 жасар балаларға 70-72 ккал талар етіледі. Тамақтың жалпы мөлшерінің шамамен 5-10 процентін құрайтын сіңірілмейтін бөлігі нәжіс құрамына кіріп, организмнен шығарылып тасталып отырады.

Тамақтың толық қорытылуы 3-6 сағаттан кейін аяқталады.Тамақты сіңіруге және ас қорыту процесіне тұтастай алғанада қоректік продуктылардың қосылуы, олардың даярлану сапасы, ас қорыту шырындарының белсенділік дәрежесі, тамақтану режимінің сақталуы, организмнің жекелік және жас ерекшеліктері әсер етеді. Жануарлардан алынған тамақтық заттардың орта есеппен 95%-і өсімдіктен алынғандардың 80%-і ал аралас тамақтардың 82-90 %-і бойға сіңіп отырады.

СССР Медицина ғылымдары академиясының Тамақ институты белок, май және углеводтардың оптималды қатынасын 1 : 1 : 4 етіп белгіленген, яғни мектеп оқушысы углеводтарды белок пен майға қарағанды 4 есе артық қабылдауға тиіс.

Адамдағы зат алмасу дұрыс жүру үшін белок, май, углевод минералдық заттар және су, сондай-ақ жеткілікті мөлшерде барлық витаминдер болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]