Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеф кітап.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.22 Кб
Скачать

72. Ішек құртының аурулары, гельминтоздар

Ішек құрттары,немесе гельминттер(паразит құрттар) басқа тірі организмде тіршілік етуге бейімделген. Адам организмінде тіршілік ете алатын құрттардың табиғатта 100-ден астам түрі кездеседі; олар адамның тек ішегінде ғана емес, сонадай-ақ оның түрлі оргондарында: мида, бауырында, көз алмасында, еттерінде және т.б. болады. Адам организміне орнығып алып, ішек құрттары, әдетте, орасан зор зиян келтіреді. Ішек құрттары өздерінің ернімен сорғыштығымен неесе ерекше ілгектерімен ішектің қабырғаларына жабысып алып, оның кілегейлі қабығын зақымдайды. Соның нәтижесінде пайда болған жара арқылы қанға ауру тудыратын микробтар өтіп кетуі, сөйтіп түрліше аурулар тудыруы мүмкін. Ішек құрттарын жұқтырған балаларда асқазан-ішек аурулары, оның ішінде дизентерия мен іш сүзегі, жиі кездесетін және ауыр болатынын байқаулар көрсетті. Аскаридтер баланың ішегінің ішіне жиырылып алып, одан кейде ешнәрсені өткізбей қояды немесе жарым-жартылай ған өткізеді. Оның үстіне барлық ішек құрттары өзінің тіршілік процесінде улы заттар бөліп шығарады да, ол затттар қанға сіңіп, баланың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Ішек құрттарын жұқтырған балаларда жүрек айну, сілекей ағу жиі байқалады, кейде құсып тамаққа деген тәбеті нашарлайды. Іші толғақ сияқтанып ауырады,өтеді, кейде іші толып қалады. Баланың өңі бозарып, жүдейді,ашуланшақ болып кетеді, тынысшыз ұйықтайды. Онда бас ауруы, қан аздылық, жалпы әлсіздік пайда болуы мүмкін. Ішек құрттарын жұқтырған балаларда кейде ауыр нерв құбылыстары, құрысу және тіпті қояншыққа ұқсас ұстамалар болады. Кейбір жағдайларда балалар ішек құрттары болса да өздерін жақсы сезінеді және бір жерінің ауыратыны жайлы ештеңе де айтпайды, оның мықты организмі паразиттердің зиянды әсеріне ойдағыдай қарсы тұра алмай қалады. Ішек құрттарын дер кезінде алып тастау аурудың дамуына жол бермейді. Ішек құрттарын алып тастау үшін, ең алдымен балада қандай ішек құрттары бар екенін білу керек. Өйткені олардың түріне қарай емдеу әдістері белгіленеді. Баланың ішегінің ішіндегі құрттар онда тұқым салады, ол тұқымдар нәжістермен бірге шығады. Сондықтан мұндай ауру кезінде нәжістерді лабараториялық анализден өткізу керек. Ішек құрттарының барлығының шыққандығын анықтау үшін, көп реттерде емдеу аяқталғаннан кейін де нәжістерге анализ жасалады. Ішек құрттарының тұқымы тағы табылса, онда біраз уақыт өткеннен кейін қайта емделеді. Аскарид, власоглав, острица және ұсақ бунақ құрт ауруларын бала осы құрттардың тұқымдарының организмге түсуінен жұқтыруы мүмкін. Аскаридтер- ұзындығы 25-30 см-ге жететін ірі құрттар, олар жаңбыр құрттарына ұқсас қызғылт түсті болады. Кейде адамда бұл ішек құрттары көп болмайды(1-2), ал кейде олардың саны бірнеше он, тіпті бірнеше жүзге дейін жетеді. Әрбір аналық –аскарида күн сайын ішектің ішіне толып жатқан тұқым салады да, олар нәжіспен бірге сыртқа шығарылады. Егер тұқымдар ылғалы жеткілікті және жылы кезде (көктемнің аяғында, жазда немесе күздің басында)жерге түсетін болса, онда 1-1,5 айдан кейін тұқымдарда личинкалар дамиды. Бала тамақпен немесе сумен бірге мұнда йтұқымды жұтып қояды да, аскаридты жұқтырады. Жұқтыру кезінен бастап олардың өздері ересек тартып тұқым сала бастағанға дейін 2-3 ай шамасындай уақыт өтеді. Аскаридтер адамнық организмінде 1жылдай өмір сүреді, ал одан кейін өледі де , ішектен бөлініп шығады. Алайда ауруды жұқтырудың қайталану мүмкін, сондықтан балалардың аскаридтерден зардап шегуі бірнеше жылға созылады. Аскаридттер бар адам ауадағы, бала-бақшадағы немес е бақтағы топырақты ластауы мүмкін. Нәжіспен бірге сыртқа шыққан аскарид тұқымдары шаң-тозаңда жатып пісіп-жетіліп ауаға көтеріледі,сөйтіп шаң тозаңмен немесешыбындардың аяқтарымен бөлмелерге енеді. Аскаридтердің тұқымдары содан кеиін беті жабылмай ашық тұрған нанға, қантқа және басқада тамақтық заттарғақонады. Аскаридтерді әсіресе балалар оңай жұқтырады. Олар аулада, бақта немесе бақшадаойнап жүріп, қолдарын топырақпен немесе құммен ластайды, ал содан кейін қолын жумастан, тамақ жеуге кіріседі. Ішек құрттарының басқа бір түрі- власоглавты жұқтыру да дәл осындай жолмен болады.

Власоглавтар(жұмыр ішек құрты)- ұзындығы 3-5см, кішірек домалақ құрттар. Олар өздерінің түкті басымен ішектің ішкі бетіне жабысып алады және емдемейінше өздігінше ішектен сыртқа шықпайды; олардың организімде бар-жоғын тек нәжісті лаборатриялық анализден өткізу арқылы ғана білуге болады.

Баларарды аскаридтерді, власоглавтарды және басқа кейбір ішек құрттарын жұқтырудан сақтану үшін, жеке бастың гигенасы мен тұрғын үй гигенасының орындалуын қатаң қадағалау керек. Тамақ ішер алдында және дәретханығы барып шығысымен қол жуып отыру керек, тырнақты тықыртып алып тастаған жөн,әйтпесе оныны астына көбіне кір жиналып қалады.Овощтарды, жеместерді, жидектерді жеудін алдында мұқият жуып, ыстық сумен шаю керек.Ыстық судан ішек құрттарының тұқымдары тез өледі. Аулаларды, көшелерді, үйлерді таза ұстап, дымқылдап тазарту, сөйтіп шыбындардың тұқым салуына жол бермеу қажет. Балалар ойнайтын алаңдар мен құмдарға ерекше назар аудару керек.

Остирцалар (жылан құрт ) 4см шамасындай, кішкентай ақ құрттар. Олар балалардың ішектерінде ерекше жиі болады. Острицалардың ұрғашылары көтенішектің сыртына жорғалап шығып, оның айналасындағы терінің қатапарларына тұқым салады, бұл қатты қышытады. Әр бір острица 12000 мың шамасында тұқым салады. Острицалар көтенішектің сыртын айнала жорғалап жүріп, жыныс мұшелеріне де өтіп кетуі мүмкін. Қыздардың сырты жыныс мүшелерінің қышыған жері қасудан қабынуы ықтимал: қызарып, көп реттерде сілемей бөлініп шығады. Әр бір острица ішекте бір айдай тіршілік етіп,содан кейін өледі, бірақ бұған қарамастан, балалар кейде ол ауырудан бірнеше жыл зардап шегеді, өйткені оларды қайта қайта жұқтырап алады. Острицалардың тұқымында личинкалар өте тез өсіп жетіледі. Балалар қышған жерін қасимын деп, қолдарын острицалардын тұқымдарымен ластайды да, содан кейін оларды аузына алып барады.

Мынадай шарттарды орындаған кезде ғана острицаларды емдеу тиісті нәтиже береді: емдеудің жүйелі толық курсынан өту қажет, коллективтегі ауырған балалардың барлығын бір мезгілде емдеу керек, емдеу процесінде бір қатар профелактикалық шараларды жүзеге асыру керек, оларға мыналар жатады: а) балалардың астын күн сайын (таңертең және түнге қарай) жылы сумен сабындап жуып,көтенішектің аузына қалың етіп вазилин жағу керек; ә)балаға (жуынғанан кейін) түнге қарай таза, тығыз, ұзын іш киім кигізеді,оны таңаертең шешіп, ыстық өтекпен өтектеп немесе қайнаған ыстық суға салып сығып алу керек.б)балалардың бірінің острицасын екіншісіне жұқырмау үшін, үй жағдайында оларды бір төсекке жатқызбаған жөн; в) емдеудің әр бір курсының бірінші және соңғы күндері баланы ваннаға салып, сабындап жуу, іш киім мен простыняны, көрпе жастық тыстарын ауыстыру, аяқ киімді тазалап, еденді және мебельді таза дымқыл шүберекпен сүртіп шығу, ал үйді жинағанана кейін, шүберекті қайнатып алу. Тек жоғарыда аталған барлық шараларды орындаған кезде ғана баланың тез және толық сауығатынына сенуге болады. Жалпақтаспа құрттар- цистоздар. Барлық цистоздарға иелерін екі рет, ал кейде тіпті үш рет ауыстыру тән. Цистоздардың тұқымдары аралық иелеріне (ір қара малдың қаисыбір түрі немесе шашқаға) олдардың жеген қоректік заттарымен бірге барады. Тұқымннан шықан туынды аралық иесінде көпіршу стадиясынан өтіп, “Финна” деген атпен белгілі ұсақ бұршақ түрінде келеді. Таспақұрттар және олардың финналық формасы тек түрлі иелерінде ғана емес сондай ақ түрліше органдарғада орналасып алады: таспақұрттар тұріндеггі паразиттер тек ішекте ғана тіршілк етеді,ал финналар аралық иесінің барылық органдары мен ткандерінде тіршілік ете алады. Қара мал және шошқа буылдық цепеньдері немесе солиттерлер- басы кішкентай және жалпақ мүшелерден тұратын денесі ұзынтаспа құрттар. Сиыр буылтық цепенінің ұзындығы 6 -8 см, ал шошқа буылтық цепенінікі 2-4 м шамасында болады. Егер адам финналары бар етті шикі немесе шала піскен күйде жесе, онда оның ішектеріне барған финна басын бұрып алып, өзінің сорғыштарымен ішектің ішкі бетіне орнығып алады; Оның басынан цепеннің денесі өсе бастайды. Екі айдан кейін жыныстық жағынан жетіледі де оған тұқымға толы кішкене мүшелер бөлініп шығы бастайды. Егер бала ірі қара малдың финнасы бар етін жесе онда оның ішектерінде сиыр цепені, ал егер финасы бар шошқа етін жесе, шошқа цепені өрбиді. Шошқа цепені сиыр цепенінен қауіптірек, өйткені оның финалары баланың организімінде де, атап айтқанда, оның еттерінде, сондай ақ миында немесе көздерінде өрби алады, ал бұл соқырлықтың немесе ауыр нерв ұстамдарының себебі болу мүмкін.

Шошқа цепенінің тұқымдары баланың организіміне былғаныш тамақ,су немесе шаң тозаңмен бірге ене алады. Цепеньнің тұқымдарынан асқазанға ұрықтар түсіп, олар қанға сіңеді де қан арқылы түрі органдар мен тканьдерге барады. Жұғу басқа, ішкі, жолмен де болуы мүмкін. Жүрек айну неме құсу құбылыстары кезінде шошқа цепенінің болініп шыққан мүшелері адамның асқазанына ал одан қанға баруы мүмкін.

Трихинелла –ұзындығы 3-4мм кішкенне домалақ құрт. Оның личинкалары шошқа етінде де, кейде басқа да жануарлардың еттерінде, өмір сүреді. Егер бала трихинелдер жұққан етті жесе, онда оның ішектерінде 3-4 күннен кейін личинкалардан ересек трихинелдер өсіп шығады. Трихинелдің ұрғашылары ішектің ішкі қабатына енеді де, онда тірі личинкалар салады, ал бұлар қан арқылы етке тарайды. Трихинелдер қатты ауру тудырады, әдетте оған жоғары температура, беттің ісінуі, іштің, қол мен аяқтың ауруы қатарласа жүреді. Цепеньдер мен трихинелдер тудыратын аурулардан сақтану үшін, мал дәрігерінің санитарлық тексеруінен өткендігі жайлы таңбасы бар етті ғана жақсылап қайнатып немесе қуырып жеу қажет, балаларға шикі еттің немесе фарштың дәмін татып көруге рұқсат етпеу керек.

Жалпақ лентецті бала бұл құрттың личчинкаларымен бүлінген шала қуырылған немесе шала пісірілген балықты жеуден жұқтырады. Жалпақ лентец- адамның ең ұзын таспа паразит құрты. Оның денесі әдетте бір-бірінен ажырамайтын және өздігінен сыртқа шықпайтын кішкентай мүшелерден тұрады. Барлық денесінд(шортанда ала бұғада, таутан балықта және басқаларда )тіршілік ететін жалпақ лентецтің личинкалары ұзындығы 0,5 см-дей кішкентай ақ құрт тәрізді болады. Оларды балықтардың ішкі оргондары мен еттерінен, қабырғаларының маңынан және уылдырығынан көруге болады.

Эхинококтер- ұзындығы 0,5 см-джей, иттің ішінде тіршілік ететін ұсақ таспа құрттар. Бала итті күткенде немесе онымен ойнағанда, бұл құрттардың тұқымдары оның қолдарына жұғуы, ал одан кейін аузына түсуі мүмкін. Ішке жұтылған тұқымнан ұрық шығып, ол ішектің қабырғасы арқылы қанға өтеді және қанмен бірге кез келген мүшеге, көбінесе бауыр мен өкпеге, баруы мүмкін. Осының нәтижесінде қатты ауру тудыратын эхинококк көпіршіктері дамиды; бұл ауруға дер кезінде операция жасамаса, өлімге соқтыруы мүмкін. Итпен ойнағаннан кейін балаларды қолын жууын қадағалау қажет. Иттердің иелері итте құрттардың бар-жоғын тексеру үшін оқтын-оқтын ветеринарлық пунктке апарым тұруға тиіс, ал құрттар табыла қалса, ауру итті емдеу керек.

Балаларда ішек құрттарының бар жоғын анықтау үшін, балалар мекемелерінде оқтын-оқтын тексерулер жүргізіп тұрады. Ата-аналар мен тәрбиешілер дәрігердің тексеру кезінде де,емдеу кезінде де айтқан кеңестерінің барлығына аса мұқияттылықпен қараулары, сондай-ақ балаларды жұқпалы құрттардан сақтау жөніндегі нұсқауларды бұлжытпай орындаулары тиіс. Балалар мектептерде денсаулығын тексеруге көбіне тиісті мән бермейді, дәрігердің немесе тәрбиешінің нұмқауларын дер кезде орындамайды, сондықтан ішек құрттарының келтіретін зияндарын оларға түсіндіріп отыру қажет. Егер тексеру кезінде балада ішек құрттары бар екендігі анықталса, онда тәрбиешідер оларды емдеу ісінде дәрігерге көмектесулері-балалардың тағайындалған диетаны сақтауын және дәрі-дәрмекті уақытында қолдануын қадағалаулары тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]