Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеф кітап.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.22 Кб
Скачать

76 . Тері аурулары .

Балалардың тері аурулары түрліше себептерден болуы мүмкін . Бала неғұрлым жас болса , онда тері аурулары да соғұрлым оңай пайда болады , әрі ауыр түрде өтеді . Бұл балалардың терісінің нәзік және жарақаттанғыш келетініне , ал организмнің түрліше зиянды әсерлеге , оның ішінде микробтың әсерлеріне , қарсы тұруы әлі мардымсыз болатынына байланысты . Нерв системасының , ішкі секреция бездерінің , ал олай болса , тұтас алынған букіл зат алмасу процестерінің реттеушілік ыкпалының жеткіліксіз болуы төменгі жастағы балалардың тері ауруларының көбінесе айрықша өтуін тудырады, ал олардын терісінде қан тамырлары мен лимфалық тамырлардың көп болуы оныңреакциясын едәуір күшейте түседі.

Тері ауруларының бір тобы тері кабаты дамуының туа болатын кемшіліктеріне байланысты, әрі дұрыс мүйізденбеу процесі, теріде көпіршіктердің түзілуі және басқа да зақымданулар түрінде көрінеді. Олардың екінші бір тобы тек жұқпалы аурулардың (кызылшаның, скарлатинаның, ұшпа шешектің, қызамықтың) немесе жұқпайтын аурулардың (нерв, эндокрин, асказан-ішек ауруларының) бір белгісі ғана болып табылады. Бұл жағдайда баланың терісінде бөртпе, теміреткі, есекжем, кышыма және т.б түрінде бір жерге шоғырланған немесе бытыраңқы жаралар пайда болады. Қейбір балалардың терісінде жаралар не белгілі бір тамақтың түрін, не болмаса кейбір иістерді якн дәрі-дәрмектерді ұнатпауға байланысты пайда болады. Әрбір мұндай жағдайда теріні зақымдайтын себепті тауыл, оны жоюға әрекет жасау керек. Егер бала организм үшін манызды бір тамақтық заттан немесе айналадағы ортаға тараған иістен жиренетін болса, онда баланы әлгі зат немесе иіске сактықпен, әрі біртіндеп үйреткен жөн. Теріге механикалық, химиялық,жылу факторларының, сондай-ақсәулелі энергияның әсер етуі нәтижесінде де тері аурулары пайда болуы мүмкін.

Терінің кез келген жарақаты оған ірің, таз және басқа аурулар қоздырғыштарының қосылуынан асқынып кетуі мүмкін. Бірқатар жағдайларда терінің іріңді, таз, іш вирусты аурулары өз бетінше пайда болады. Балалардыңдамыл алмай қимы лдағыштығы және үй жануарларымен ойнауға бейімділігі көп жағдайда тері кабаттарыныңзақымдануына әкеп соғады, соныңнәтижесінде жоғарыда аталған ауру коздырғыш микробтардың теріге енуі үшін жол ашылады. Бұл әсіресе гигиналык жағдайлар нашар жерлерде немесе өздерінің терісін дұрыс кутуге гигиеналық жағынан дағдыланбаған балаларда оңай болады. Ірікдеу, таз және вирус ауруларының көпшілігі жұкпалы болатынын, сондықтан олар баладан балаға да, жануарлардан балаға да тез беріле алатынын есте сақтау керек.

Іріңдейтін аурулар.Әсіресе участокта, бақта, бақшада ойнағанда немесе жұмыс істеген кезде балалардың терісі онай кірлейді. Шаң-тазаң, кір және оларда болатын іріндетуші микробтар (стафилококк жане стрептококк) терінің сайлары мен қатпарларына, кедір-бұдыр жерлеріне еніп алады. Кір көп жағдайда терідегі нерв ұштарын тітіркендіріп, қышытады және қасыткызады; терінің тырналған және сызат түскен жері сияқты қасылған жері арқылы да іріндетуші микробтар терінің ішіне енеді де, көп жағдайда іріндейтін аурулар тудырады. Тері неғұрлым аз жарақаттанса және кірлесе, онда іріндегіш аурулар солғурлым сирек болады. Бала неғурлым аз болса, оның организмнің қарсылық білдіруі неғұрлым төмен болса, оның терісі микробтардың зиянды әсеріне соғұрлым берілгіш келеді. Сондықтан іріңдейтін аурулар, әсіресе түрліше жұқпалы аурулар мен басқа да қатты аурулар: эксудаттық диатез, диабет, қан аздылық, созылмалы асқазан-ішек аурулары кезңінде немесе олардан кейін жиі пайда болады. Дененің қатты ысуы, суыы, сондай-ақ тар, қолайсыз, әсіресе кір киім тері ауруларының тууына жағдай жасайды. Аурудың жарасынан бір тамшы іріңнің дені сау баланың терісіне түсуі соңғысында да әлгі ауруды тудырады. Іріңдейтін аурулвр түрліше- формада өтуі мумкін: балаларда оның мынадай түрлері әсіресе жиі кездеседИ м п ет и г о. Іріңдейтін микроб енген жерде, көбінесе дененің ашық жерлерінде: езуде, құлақтың түбінде, тырнақ ұясының айналасында алғашында қызыл дақ немесе ісік пайда болады, ал содан кейін үлкендігі түйреуіштің басындай көпіршіктен он он тиындықтың мөлшеріндей көпіршіктерге дейін шығады. Көп ұзамай көпіршіктер іріңді жараға айналады; іріңі кепкенде жараның беті қызғылт сары тусті жұқа қабықшамен жабылады. Оның жанынан жаңа көпіршіктер мен жаңа қабықшалар пайда болады. Ауру тек терінің бір жерінен екінші жеріне ғана емес, сондай-ақ бір баладан екінші балаға да тез ауысады; сондықтан ауруды басқа балалардан бөліп, аурудың сүлгісін, ыдысын, салфеткасын жеке сақтау керек. Ауру пайдаланған ойыншықтар мен заттарды ыстық сумен сабындап жуу қажет, ал қайнатса одан да жақсы. Жууға болмайтын ойыншықтарды ауруға беруге болмайды. Ауруды емдеу тек дәрігердің нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі.

Ф у р у н к у л (шиқан) түк қапшықтарының және оның айналасындағы тканьнің қабынуы, ол 3-5 күннің ішінде орман жаңғағындай және одан да үлкен мөлшерга жетеді. Фурункул шыққан жердегі тері қызарып жұқарады, жарылғаннан кейін ортасында өлі ткань және жара болады да, жазылғанда орнында тыртық қалады. Егер фурункулдың дамуының бастапқы сатысында қажетті шаралар қолданса ( оған таза иктиол, қарамай дәрі жағып, таңып тастаса, дәрігердің нұсқауы бойынша физотерапия және т.б. жолмен емдесе), фурункулдің тарап кетуі мүмкін, сонда тырнақ қалмайды.

К а р б у н к у л – қатар тұрған бірнеше түк қапшықтарының іріңдеуі. Бұл жағдайда сол жерге жақын орналасқан тері астындағы майлы тканьдердің улкен участогы қабынады. Баланың жалпы күйі қатты нашарлайды. Жалпы сырқаттық, бас ауруы, жоғары температура байқалады. Ауру кейде ір айдан артық уақытқа созылады және карбункул бетке шыққан кезде әсіресе қауіпті болады.

Г и д р о а д е н и т – тер бездерінің, көбінесе қолтық астына орналасқан бездердің, қабынуы. Бұл аурудың нәтижесінде бүкіл организмнің күйі нашарлайды. Қайталануға бейімі бар, көбінесе бала көп терлейтін кезде пайда болады.

Іріндейтін аурулар кезінде компрес қолданбаған жөн, өйткені теріні жұмсарта отырып, компресс іріңді жараның үлкеюіне жағдай жасайды; дәл осы себептерге байланысты ваннаға және душқа түсуге де болмайды. Терінің сау жерлерінің барлығын күн сайын жартылай су қосқан спиртпен немесе арақпен сүртіп отыру керек; қасыған кезде іріндетуші микробтарды бір жерден екінші жерге жұқтырмау үшін, ауру балалардың тырнағын тұқырта алып, оған бес процентті иод тұнбасын жағу қажет.

Іріңді ауру кезінде шоколад, бал, воренье, конет, ащы және сүрленген тамақтар жеуге болмайды. Іріңдейтін аурулармен күрескенде организмнің жалпы қарсылық білдіру қабілетін арттыру қажет.

Сапалық тамақ, витаминдердің жеткілікті мөлшерде болуы, дұрыс режим, дененің аса ысып және суып кетумен күресу, терінің және киімнің тазалығы іріндейтін аурулардан сақтандырады.

Терінің ұсақ-түйек жарақаттарын: жарылған, тырналған, сызаттанған, қабыршықтанған жерлерін дереу сумен жауып, иод тұнбасынмен, брилллиант көбігімен немесе Новиков сұйықтығымен дезинфекцилау керек. Егер жарада қан болса, онда қанды жуып, жараланған жерге дезинфекциялаушы ерітіндіні жаққаннан кейін, жараны лейкопластрмен немесе БФ-6 желімімен (синтентикалық қарамайдың зарарсыздандырылған спирт ерітіндісімен) желімдеп қою керек.

Таз аурулары. Бірқатар тері аурулары саңырау құлақ деп аталатын микроорганизмдердің терігтүсуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл ауру қоздырғыштар адамның және жануарлардың терісіне еніп алып, көп жағдайларда тек теріні ғана емес, сондай-ақ түктер мен тырнақтарды да зақымдайды. Таз аурулары ауру жануардан немесе адамнан, сондай-ақ ауру адам пайдаланған нәрселер: бас киім, қолғап, іш киім, ойыншық, кітап, тарақ, қайшы, шаш алатын машинка және т. б. арқылы да жұғады.

Таз ауруларының жұғуына терінің тырналуы, жаралануы, жарылуы және басқа да жарақаттары жағдай жасайды.

Таз ауруларының бірнеше түрлерін айыруға боолады.

Т р и х о ф и т и я. Бұл ауруды көп жағдайда «құрғақ теміреткі» деп айтады.

Аурудың көздері- ауру адам немесе ол пайдаланған заттар. Кейде адамдар оны жануарлардан (жылқы, қара малдан, иттен) жұқтырады. Бұл аурумен негізінен балалар, көбінесе 4 жастан 15 жасқа дейінгі ер балалар, ауырады. Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше күннен біржарым айға дейін созылады. Ауру кезінде тегіс тері де, бастың шашты жері де және тырнақтарда зақымдануы мүмкін. Беттің, мойынның немесе қолдың терілерінде шеттері айқын көрінетін қышитын қатпарлы табақшалар немесе қызғылт-қызыл түсті дөңгелек таңбалар

Пайда болады. Бұл таңбалардың сыртына қарай жайыла өсіп, өзара қосылып кетуге бейімі бар. Олардың кері дамуы ортасынан басталады да, түлеумен аяқталады. Бастың шашты жеріне теріне де, шашты да зақымдайды. Таз саңырауқұлағы түкті қапшықтарға еріп, шаштың ішіне өтіп кетеді. Шаш жылтырлығынан айырылып, шаң басқан сияқты күңгірт тартады, терінің сыртына тек 1 – 2 см ғана шығып, оңай сынады. Бастың шашты қабыршықтар басып кетеді. Тырнақ зақымдалған кезде оның ішкі қабатына сұрғылт немесе сарғылт түсті таңбалар пайда болып, олар бүкіл тырнаққа таралады. Тырнақ жылтырынан айырылады, сынғыш келеді, шеттері оңай оырылады. Терінің, шаштың және тырнақтың зақмданған бөліктерін микроскоппен зерттеу оларда таз саңырауқұлақтарының шоғыры бар екенін көрсетеді. Дер кезінде және дұрыс емдесе, трихофитин толық кетеді, ал зақымданған жерлерге қайтадан шаш шығады.

Таз қотыр немесе фавус. Бұл ауру көбінесе Араб Шығысында ұдайы бас киім киіп жүретін халықтарда жиі кездеседі. Бұрын ол Патшалық Россияның шығыс аймақтарында: Өзбекстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда және т.б тараған еді. бұл аурулардың ауылдық жерлерінде көбінесе семьяларды түгелімен ауыратын да, әсіресе балаларға қиын болушы еді. таз қотыр – жұқпалы ауру., емдемесе ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Таз қотыр ауру адамдармен немесе жануарлармен (итпен, қоянмен, тауықпен, үйрекпен) ұзақ уақыт аралас – құралас болудың нәтижесінде жұғады. Ахорион – шенлейна саңырауқұлағы негізінен алғанда бастың шашты бөлігін зақымдайды, ал тегіс теріде және тырнақтарда сирек кездеседі, және мүлдем бетімен жіберген жағдайларда лимфалық түйіндерді, тері астындағы май клеткаларын, асқазанды, ішектерді және басқа органдар мен системаларды зақымдауы мүмкін. Бастың шашты бөліктерінің таз қотырмен зақымданған жерінде сабан түсті сары жаралар байқалады, олардың ортасы табақ тәрізді ішіне қарай ойықтау болады. Бұл жаралар бір – бірімен біріге отырып, астыңғы жағы қабыныпжатқан тұтасқан қабыршақтарға айналады; ол қабыршақтар кейіннен тыртық болып бітеді. Зақымданған участоктағы шаштар жылтырынан айырылып, күл іріңдес болады, оңай жұлынады, бірақ трихофитин кезіндегідей сынбайды. Дер кезінде және дұрыс емдесе, ауру тез кетеді, ал түсіп қалған шаштардың орнына жаңа шаштар шығады. Алайда шаштар тыртығы жоқ жерлерге ғана шығады. Тыртықтардың орнына шаш шықпайды; ал аурудың бетімен жіберілген түрлері тұрақты, әрі көлемі аумақты таздыққа соқтыруы мүмкін.

Трихофитиямен немесе таз қотырмен ауырғандығы алғаш белгі берісімен ақ (шаштың көптеп түсуі және тақырдың пайда бола бастауы, теріде дөңгелек қызғылт таңбалардың пайда болуы, тырнақтардың ауыруы) баланы басқа балалардан бөліп,дәрігерге көрсеткен жөн. Егер таз ауруымен ауырғандығы расталса дәрігер ол аурумен жақын қатынаста болған барлық балалармен ересектерді мұқият қарап шығуға міндетті. Мұндай жолмен анықталған ауруларды оқшаулау, сонымен қатар емдеген жөн. Аурулар болған уйлер , сондай – ақ олардың заттары мұқият химиялық дезинфекциядан өткізіледі.

Тегіс теріні үш – бес проценттік йод тұнбасымен немесе дезинфекциялаушы май дәрімен емдеуге болады.Бастың шашты бөлігі зақымдалған жағдайда, емдеу нәтижелі болу үшін , алдымен шашты түгелімен алып тастау қажет.Рентгенмен немесе басқа айрықша пластрь жапсыру арқылы алады. Айтылған құралдардың әсерінен шаш біртіндеп түгел түседі. Шаштың түсу кезеңі айналадағы адамдарға таз саңырауқұлағын жұқтыратын аса қауіпті кезең болып табылады.Сондықтан емдеудің және сауықтырудың бұл және бұдан кейінгі кезеңдерінде аурулар басына телпек киіп жүруге немесе жақсы жуылатын матадан жасалған орамал тартуға тиіс. Ауру баланың барлық түскен шаштарын мұқият жинап алып, өртеп жіберу керек. Телпекті орамалды күн сайын қайнатып алып отыру қажет. Аурулардың іш киімдері, бас киімдері, ойыншықтары жеке сақталады және үнемі дезинфекцияланып тұрады.Ауырған кезде аурулар пайдаланған тарақтар мен баскиімдерді олар жазылғаннан кейін өртеп жібереді.Шаш түскеннен кейін емдеу кезінде баланың басын күн сайын немесе күн ара сабынмен немесе жөкемен жуып отыру керек. Бұл жағдайда жұмыс істеуші қызметкерлер аса сақ болуға, қолдарының терісінде жырылған, сызат түскен және жараланған жердің болмауын қадағалауға тиіс, өйткені олар арқылы саңырауқұлақтар терігк оп- оңай өтіп кете алады.Ауруды күту жұмыстарын резина қолғап киип орындап, соңынан қолғаптарды қайнатып алып отыру қажет. Қолғапты шешкенен кейін қолды сабындап жуу қажет, ал одан соң корбол қышқылының сегіз проценттік ерітіндісімен немесе сулеманың 1:1000 қатынасындай ерітіндісімен шаю қажет.

Аурудан жазылған балаларды саңырау құлақ микроптары жоқ екендігін дәлелдейтін үш қайтара алынған теріс анализден кейін ғана балалар колективіне жіберуге болады. Алайда бала дәрігердің тұрақты бақылауында болуға, әрі басына шаш шыға бастағанынша телпек киіп немесе орамал тартып жүруі тиіс.

Басқа тері ауруларының алдын алудағы сияқты , таз ауруының алдыналудада қолды, денені киімді таза ұстаудың тырнақты үнемі алып жүрудің зор маңызы бар. Басқалардың бас киімін, орамалын, тарағын жөкесн, шұлығын жіне т.б. пайдалануға болмайды. Тарақты, қайшыны шаш алатын машинканы егер бүкіл калективтегі балалар пайдаланатын болса, онда олар пайдаланған сайын дезинфекцияланып отырады.

Бұралқы жануарлар мен балалардың ойнауына үзілді – кесілді тиым салу керек. Үй жануарларын олар үшін арнайы бөлген белгілі бір жерде ұстап,олардың денсаулығын ветеринарға ұдайы тексертіп отырған жөн.Жанкуарлармен ойнағаннан кейін балалар қолдарын мұқият жууға тиіс.

Бала тұрған үйде таз аурулары жоқ екендігі жайлы анықтама мәкелмейінше, оны бальалар колективіне жіберуге болиайды.

Эпидермофития.Жоғары класс оқушылары мен ересектерде кейде эпидермофитияны-ідетте аяқтың табан терісі мен тыпнақтарын зақымдайтын таз ауруларын-байқауға болады.Бұл ауру жағдайында аяқтың саусақтары аралығында ойылу, дымқылданып түлеу байқалады, табанның терісіне көпіршік тәрізденген бөртпелер шығады. Мұның бәрі иподермиямен асқынуы мүмкін. Эпидермофития кезінде тырнақтар қалыңдап,сарғаяды,сынады. Кейбір жағдайларда ауру қолдың басы мен тыпнақтарына ауысуы мүмкін.Ауру ұзаққа созылып, аяқ әсіресе көп терлейтін немесе балалар ашық су қоймасына жиі-жиі суға түсуі салдарынан аяқтары ұзақ уақыт дымқыл болатын жаз кезінде асқынады.Эпидермофия моншаларда,басснейндерде,душтарда,басқалардың шұлығын ,носкиін,аяқ киімін пайдалынған кезде жұғады.Ауру ұзаққа созылады.Терінің зақымданған жерлеріне генцианвиолеттің немесе брилиант көгінің спирт немесе су ерітіндісін жағып отыру керек. Тырнақтарға йод тұнбасынығ екі-үш проценттік ерітіндісін жаққан жөн.Носкилерді, шұлықтарды күн сайын ауыстырып, мұқият қайнатып отыру керек. Аурудығ тууына және ұзаққа созылуына жағдай жасайтын аяқтың қатты терлеуі кезінде оны марганец қышқылды калийдің ерітіндісін және емен қабығының ерітіндісін құйған ваннаға күн сайын салып отыру қажет.Ваннадан кейін аяқтың саусақтары арасындағы терісіне, шұлыққа, носкиге, аяқ киімге бор қышқылының,уротропиннің ,күйдірілген ашутастың және тальктың ұнтағын көп етіп себу керек.Резина аяқ киім, сондай-ақ ұлтаны резинадан және микропористен жасалған аяқ киім киюге, капрон шұлық немесе носки киюге болмайды.Жазда жиі-жиі жалаң аяқ жүрген жөн.

Қышыма-қолдың, аяқтың, ал кейде кеуденің де, терісінің үстіңгі қабатының астына қышыма кенесінің еніп кетуі салдарынан болатын ауру.Қышыма кенесі тіпті жай көзбен қарағанның өзінде ақ-сары түсті кішкентай нүкте түрінде көрінеді.Қышыма аурумен жақын қатынас жасағанда, оның киімі, көрпе-жастығы, ойыншықтары арқылы жұғуы мүмкін. Кененің түрлері иттермен мысықтарда кездеседі, сондықтан бұлардың өзі жұқтырушылар бола алады. Терінің үстіңгі қабатының астын кененің ұрықтанған ұрғашысы шиырлайды да оз өмірінде үш-төрт күнде пісіп жетілетін 50мың тұқым салады. Тұқымнан өсіп шыққан кене личинкалары теріні тесіп, оның сыртына шығады. Личинкалар тістегенде тері қышиды, ал оны қасығанда теріге көп жағдайда екінші инфекция,көбінесе стафилококк енеді.Қышыма кенесі үшін ең қолайлы орын-қолдың басы және буындардың бүгілетін жері,әсіресе саусақтардың арасы сияқты терісі ең нәзік,жұқа жер-лер.Қышымаға тән белгілер-қышыма жолдары;ол жолды зақымдаған теріге йод тұнбасын немесе метилен синькасын жағу арқылы табу оңай;түнде кененің қызметі жандана түсетін қараңғы кезде,күшейтетін қышу;қышыма пиодермиясы,яғни қышымаға іріңді жұқпалы аурудың қосылуы.Қышымамен ауырған адам дереу айналадағы адамдардан оқшаулануға тиіс.Бұл аурумен ауырған адамдардың және адамдардың және жануарлар-дың барлығын дер кезінде емдеу үшін, оны жұқтырған көзді табудың маңызы зор.Аурулардың іш киімдері мен көрпе,жастық тыстары қайнатыла-ды,ал көрпесі,матрацы, жастығы мен сырт киімі химиялық дизинфекциядан өткізіледі немесе 10-12 күн бойы желдетіледі.Аурулар толық емделіп жазылғаннан кейін ғана коллективке жіберіледі.

77.Құтыру

Құтыру-фильтрлі вирус пайда ететін ауыр жұқпалы ауру.Құтыру жабайы және үй жануарларынан,сирек те болса құстардан және адамдардан,көбінесе-ақ (барлық аурулардың 90%ке дейіні)иттерден жұғады.Вирус аурудың сілекейінде және миында болады,ал оның сілекейінен вирусты аурудың ал-ғашқы белгілері пайда болғаннан екі апта бұрын-ақ байқауға болады.Жұғу ауру жануардың сілекейінің тістеген немесе жай сызат түскен жерге,жараға немесе сау сау адамның кілегейлі қабығына тамуынан болады.Итте аурудвң алғашқы белгілері оны жұқтырғаннан кейін 4-6 аптадан соң,тіпті одан да кеш пайда болады.Жануар меңірейіп,қараңғы бұрышта жатыпалады,шақырғанға самарқау келеді,әдет алған тамағын жемейді,содан кейін онда тынышсыз-дану пайда болып,жеуге болмайтын заттарды жұта бастайды.Параличтің салдарынан жануардың жағы салбырап,тілі салақтайды,сілекейі шұбырады, жүргенде тәлтіректеп,ургенде дауысы қарлығып шығады.Осындай күйде ит көбіне үйден кетіп қалады,үрместен бас салып,қарсы келген адамды немесе жануарды қабады.Ауырғаннан 6-8 күн өткенде жануар өледі.Адамда аурудың инкубациялық кезкені 30-50 күнге созылады.Осы мерзімнің ішінде құтыру вирусы орталық нерв системасына жетеді,сөйтіп мидың зақымдануына байланысты аурудың алғашқы белгілері пайда болады:галлюцинациялы қозу,сілекейдің шұбыруы,ет спазмасы,құрыспа және одан кейін өлім.Жануарлардың тістеуінен көбінесе балалар азап көреді.Құтыру вирусы жұққан адамға Пастер ұсынған егуді жасау арқылы ауруды болдырмауға болады.

разима

Әдебиеттер тізімі

Антропова М. В и Сальникова Г. П. Школа и охрана здоровья учащихся. М., изд-во АПН РСФСР, 1958. Антропова М. В., Михайлова Л. В., Сальникова Г. П. И усищева Ц. Л. Гигиена труда учащихся общеобразовательной школы. М., изд-во АПН РСФСР, 1960. Арнольди А. И. (ред). Гигиена труда подростка. М., изд-во «Медицина», 1965. Большакова М. Д. Гигиена детей и подростков. М., изд-во «Медицина», 1966. Большакова М. Д. И Голфельд А. Я. Руководство для школьных врачей. М., Медгиз, 1946. Будагян Ф. Е. Вопросы гигиены питания. М ., Медгиз,1946. Громбах С. М.(ред). Руководство по гигиене детей и подросков. М., изд-во. «Медицина».1964. Громбах С. М. И Сапожникова Р. Г.(ред). Гигиена политехнического обучения. М., Госмедиздат, 1963. Кардаш И. Б., Кореневская Е. И., Лещинский Д. С. Охрана здоровья учащихся. Минск , 1962. Калюжный Д. Н. (ред). Пособие для школьных врачей и учительей. Киев , Госмедиздат УССР,1964. Маршак М. Е. Физиологические основы закаливания организма человека. Л., изд-во «Медицина», 1965. Минх Л. А. Методы гигиенического исследование, М., М едгиз, 1961. Протусевич Ю. М. Умственное утомление школьника. М., изд-во «Медицина», 1964 Рейслер А. В. Гигиена питания. М., Медгиз, 1957. Саркизов-Серазини И. М. Основы закаливание. М., изд-во «Медицина», 1964. Советов С. Е. Анатомо-физиологические особенности и индивидуальная гигиена детей и подростков. М., изд-во АПН РСФСР, 1948. Советов С. Е. И и Сердюковская Г. Н. Гигиенические основы проектирования, строительства и оборудования школ и детских дошкольных учереждений. М., Медгиз, 1962. Янкелевич Е. И. Физическое воспитание школьника. М., Медгиз, 1958.

Мазмұны

Кіріспе. Мектеп гигенасы пәні,оның маңызы және педагогикамен байланысы ..........................................................................................................3

І Мектеп оқушысы организімінің даму ерекшелігі және гигенасы

§ 1. Мектеп оқушысы организімінің анатомиялық-физологиялық ерекшеліктері.........................................................................................................7 § 2. Нерв системасы және сезім органдары.......................................................14

§ 3. Сүйек және ет системалары.........................................................................23 § 4. Қан және жүрек-тамыр системасы..............................................................32 § 5. Тыныс алу органдары..................................................................................34 § 7. Ас қорыту органдары...................................................................................40 § 8. Ішкі секреция бездері...................................................................................43

ІІ Сыртқы ортаның табиғи факторларының гигеналық маңызы және оларды мектеп оқушыларыншынықтыру үшін пайдалану. § 9. Ауаның,күннің, топырақтың және судың гигеналық маңызы...................................................................................................................50 § 10. Мектеп оқушыларын шынықтыру....................................................... ....54 § 11. Баланың киімі мен аяқ киіміне қойылатын талаптар...............................63

ІІІ Мектептің жер участогына, үйіне және мектептегі санитарлық-техникалық құрылыстарға қойылатын гигеналық талаптар

§ 12. Қалада және селолық жердегі мектеп орналасатын жерлер................................................................................................................. .67 § 13. Мектептің жер участогы......................................................................... 68 § 14. Мектеп үйі...............................................................................................71 § 15. Мектеп үйіндегі ауа режимі...................................................................74 § 16. Мектеп үйіндегі жарық режимі..............................................................78 § 17. Мектептегі сумен жабдықтау.................................................................84 § 18. Мектепті жылыту.....................................................................................85

ІV.Мектеп жабдығына және оқу құралдарына қойылатын гигеналық талаптар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]