Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеф кітап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.22 Кб
Скачать

§ 51. Оқушылардың дене тәрбие бойынша кластан тыс жұмыстары

Оқушылардың дене тәрбие бойынша кыластан тыс жұмыстарында мектептің дене шынықтыру коллективинің жұмысы үлкен орын алады.

Дене шынықтыру коллективинің оқу-спорттық жұмысы жалпы дене дайындығы секциясы мен жеңіл атлетика, гимнастика,жүзу, шаңғы тебу, спорттық ойындар (волейбол, баскетбол, футбол және т. б.) спорт секцияларында өткізіледі. Қай жастағы балалар спорттын кай түрімен шұғылдана алатыны туралы көрсеткіштер төменде келтіріліп отыр.

Балалардың спорттық секцияларда шұғылдануға болатын жасы.

Спорттың түрлері

Балалардың жасы (жыл)

Спорттың түрлері

Балалардың жасы (жыл)

Мәнерлі сырғанау

7-8

Коньки

11-12

Теннис

8

Баскетбол

10-11

Стол теннисі

9

Волейбол

11

Акробатига

8-9

Сайысу

12

Жүзу

7-8

Футбол

12

Суға секіру

10

Кол добы

12-13

Көркем гимнастика

10-11

Хоккей

12-13

Жеңіл атлетика

10-11

Су полосы

13

Сорттық гимнастика

10-11

Велоспорт

Шаңғы спорты:

ұлдар

14

жарыс

10-11

қыздар

15

жекпе-жек

12

20.

Есу

13

секіру

12

21.

Бокс

14-15

слалом

10

22.

Қүрес

14-15

23.

Ату

13

24.

Штанга

15

Мектептік жарыстаға балалар 9-10 жастан, аудандық, қалалық жарыстарға 11-12 облыстық және өлкелік жарыстарға 13-14, одақтас республикалардың жарыстарына 15-16 жастан бастап қатыстырылады. Бүкіл одақтық жастар жарысына 16-18 жастағы спортсмендер қатыса алады.

Жалпы дене дайындығы секциясымен спорт секциялары оқушылардың денесінің жан-жақты дамуы, дене шынықтыру сабақтарындағы алған іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру міндеттерін шешеді. Бұл секцияларда оқушылар тандап алған спорт түрлерінің спорттық техникасын зерттейді, әрі жетілдіреді, ГТО комплексінің нормасын тапсыруға дайындалады.

Мектеп дене шынықтыру коллективинің спорттық секцияларында белгілі жасқа шыққан, дәрігірлік бақылаудан өтіп, денсауылғы жағынан спортпен айналысуға дәрігер рұқсат еткен әрбір оқушы шұғылдана алады.

Сорпттық сабақтар шұғылданушылардың жас, жыныс және жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ сабақ өтілетін орнынның жағдайын ескере отырып жүргізілуі керек спорт секцияларындағы топтарды ІІІ мен ІV, V мен VІ, VІІ мен VІІІ, ІХ мен Х кластар үшін өз алдына жеке жеке жасақтау керек.Топтағы адамның саны 25 тен астауы керек.

Сабақтың ұзақтығы III—IV класс оқушылары үшін —45—60,V—VI класс үшін — 90, ал жоғарғы класс оқушылары үшін 120 минутпен шектеледі. Спорттық секциялардағы сабақтар аптасына 2—3 реттен бүкіл жыл бойына ұдайы өткізіліп тұруы керек. Осының өзінде сабақтар оқушылардың мектепте жургізілетін жалпы дене дайындығы негізінен құрылуы қажет.

Таңдап алған спорт түрінен басқа оқушылар спорттың басқа, әсіресе таза ауада өткізілетін (жекіл атлетика, шанғы, коньки және т. б.) түрлерімен де шұғылдануы тиіс. Барлық спорт сабақтарын мүмкіндігінше таза ауада: тоғай, дала да, паркте, стадионда т.б. өткізу ұсынылады.

III—IV класс оқушылары үшін, сондай-ақ денсаулығын нығайту мен дене дамуын жақсартуды тілейтін ересек балалар үшін, мектепте жалпы дене данындығының арнайы секциясы құрылады. Бұл секцияда әлі арнайы спорттық секция таңдап үлгермеген оқушылар да уакытша шұғылдана алады.

Жалпы дене даярлығы секциясындағы сабақ не спорттың белгілі бір турі бойынша өтілетін сабақ түрінде (әр түрлі сабакта спорттын әр түрімен шұғылдану мүмкін), не бір сабақта спорттын бірнеше түрі (ауысып келіп) өтілетін қоспа сабақ түрінде жүргізіледі. Осындай әржақты сабақтардың негізінде шұғылданушылар ГТО комплексі нормасын тапсыруға мүмкіндік беретін жалпы дене дайындығына ие болады.

Спортпен шұғылданушы балалар күн режимін, жаттығулар мен жарыстардын жоспарын катаң сақтауға тиіс. Режимді жас спортсменнің дене дамуын, оның нерв жүйесінің жеке ерекшелігін, үлгірімін, еңбек және қоғамдық қызметін ескеріп жаттықтырушы (тренер), мұғалім және дәрігер бірлесіп отырып жасайды.

Тек осындай жағдайда ғана жаттығу мен жарыс кезінде спортсмендердін жұмысын біртіндеп ауырлатуға мүмкіндік туады.

Бұл олардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін аса маңызды.

Барлық спорт сабақтары кезінде теріні күту ерекше маңызға ие. Сабаққа оқушылар таза спорттық костюм киіп, сабын мен сүлгі ала келуі керек. Сабақтан кеін олар душқа түсуі немесе ең болмағанда жақсылап жуынуы керек. Гимнастикамен шұғылданушылардың ұолы ерекше күтімді қажет етеді. Сабақта снарядта жаттығулар жасаған кезде көбінесе қолда сүйел пайда болады. Бұлардың жарылып кетуі, ал кейде теріні елеулі түрде жарақаттауы, спорттық жарақаттар мен қолдың, іріңдеп магнезия жағу арқылы сүйелді болдырмауға болады. Жаттығудан соң қолды сабынмен пензамен әбден тазартып жуып, артынан глицерин жаққан жөн. Жаттығу алдында снарядтар жөнге келтіріледі.Ысқыш қағазбен тазартылып, құрғақ шүберекпен сүртіліп отырады.

Спорт залында немесе жаз кезінде алаңда спортпен шұғылдану үшін оқушыларға үстерңне тоқыма матадан жасалған майка немесе футболка (жылуды, ауаны жақсы өткізіп, терді тез жұтып, жақсы кептіреді), труси немесе жаттығу шалбарын және табаны тайғанақтамай башмақ кию ұсынылады.

Спорттық гимнастикамен шұғылдануға арналған ең қолайлы киім деп ұлдар үшін труси немесе гтһимнастикалық трико, жүзу трусиы плавка және жеңі шолақ майка, қыздар үшін трусиы мен майкасы біртұтас гимнастикалық костюм саналады. Башмақ арнайы гимнастикалық матадан немесе тығыз ақ матадан тігіледі.

Спорттың қыстық түрлерімен шүғылдануға арналған киімдер жеңіл болуға, қимылды бөгемейтін және жеткілікті жылу сақтайтындай қасиетке ие болуға тиіс. Шаңғышылар үшін жүн араластырып тоқыған трикотаж костюм қолайлы. Конькишілер үшін қолайлысы конькимен жүгіруге ыңғайлы тоқыма райтуз, кеудеше және құлақты жауып тұратын жүн құлақшын. Мұнымен қоса, жыныс органдарын қорғау керек (ұлдарға- жұмсақ қалың матадан фланель жасалған плавки, қыздарға –жылы трико мен бюстгальтер). Шаңғы, коньки, жеңіл атлетика және футболмен шұғылданушылардың аяқ киімдері ыңғайлы, мықты, серпінді, табаны тайғанамайтын, механикалық әсерлермен жақсы қорғап алатындай болуы керек. Спорттық ойындардың (волейбол, баскетбол, теннис) шұғылданушылармен үшін ең дәуір аяқ киімдер болып кедьлер, шолақ кедьлер немесе бұдыр резина табанды башмақтар есептелінеді.

Спортпен шұғылдануда мүмкін болатын жарақаттануды болдырмау үшін, мына шарттар сақталатын болуы керек: спортсмендерге міндетті тәртіпті сақтата отырып, сабақтар мен жұмыстарды жақсы ұйымдастыру; снарядтарда жаттығулар орындаған кезде тиісті сақтандырулармен сабак пен спорт ойындары кезінде қауіпсіздік техникасын сақтаумен қамтамасыз етіп, сабақтарды тек қана оқытушының басшылығымен өткізу; қажетті және дұрыс таңдалып алынған құрал-жабдық, мүлік, аяқ киім т.б. болуы; сабақ өткізгенде, әсіресе жылдың қысқы маусымында, метеорология жағдайларын ескеріп отыру; спортпен шұғылданушы оқушыларға үздіксіз тиісті дәрігерлік бақылау жасап отыру.

Оқушылардың дене тәрбиесі жұмысында мұғалімдердің басшылығымен жүргізілетін коллектив болып шана, шаңғы, коньки тебу, сондай-ақ жүзу бассейндеріне барып тұру, пионер лагері жағдайында балаларды шомылдыру және жүздіріп үйрету үлкен орын алады.

РСФСР Оқу министрлігі мектеп бойынша жалпы спорттық және туристік шараларды өткізу үшін арнайы күн бөлуге (айына 1 рет) нұсқау берді. Бұл денсаулық күндері (бір жылда 6-7 күн) дене шынықтыруға үгіттеу мен оны насихаттаудың жақсы түрі болып табылады, оқушылардың жақсылап дем алуы мен дене жағынан дамуына көмектеседі.

Денсаулық күндерін ұйымдастыру және өткізу үшін жауапкерлікті мектеп директорлары өз мойындарына алады, оның жоспарын да солар бекітеді. Бұл шараларға тікелей басшылықты осы жұмыс үшін арнайы тағайындалған мұғалімдер және оқушыларактивімен бірлесе отырып дене шынықтыру мұғалімдері жүзеге асырады. Класс жетекшілер мен тәрбиешілер өздеріне бекітіліп берілген кластарда тиісті жұмыстар жүргізеді.

Денсаулық күнінің мазмұны ауа райына, климат жағдайлары мен мектептің материалдық-техникалық базасына, сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктеріне иен қызы,уларына байланысты. Дене шынықтыру және спорт шараларына мектептің барлық оқушылары қатысуы тиіс. Денсаулық жағдайына байланысты босатылған оқушылар көмекші немесе төреші ретінде іске тартылады.

Дене шынықтыру мен спорт күнінің мазмұнына: спорттық ойындар мен көпшіліктің қимылдар және әскериленген ойындар; шаңғы , шана, коньки тебу, көпшіліктік кросс, спорттың әр түрі мен ГТО нормасы бойынша жарыстар; қимыл ойындары, допты нысанаға және алысқа дәл лақтыру бойынша өткізілетін ең қарапайым жарыстар; секіру, өрмелеу; көпшіліктік гимнастика ойнап шығулар т.б. кіреді.

Бұл шараларды жүзеге асыруда организмді жұмысқа бірте-бірте үйрету, ауыр және жеңіл сабақтарды кезектестіріп отыру, денеге түсетін ауырлықты азайта отырып, ұйымдасқан түрде аяқтау т.б. сияқты дене жаттығуларын ұйымдастыруға және жүргізуге қойылытын жалпы талаптарды сақтаған жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]