- •48 . Дене тәрбиесінің міндеттері
- •49 . Дене шынықтыру сабағы
- •§ 50. Гимнастиканың гигиеналықмаңызы
- •§ 51. Оқушылардың дене тәрбие бойынша кластан тыс жұмыстары
- •VIII мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы
- •§ 52. Тамақтанудың
- •§53. Тамақтық продуктылардың
- •§ 54. Мектеп оқушыларының тамақтану нормасы
- •§ 55. Мектеп оқушыларының тамақтану режимі.
- •§ 56. Тамақтық продуктыларға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар
- •57. Тамақ әзірлейтін бөлмелер мен ыдыс аяққа
- •58. Қызметкерлердің жеке басының гигиенасы.
- •59. Таңертеңгілік мектеп тамағы.
- •60. Күні ұзартылған топтағы балаларды тамақтандырудың ерекшеліктері.
- •61 Тамақтан улану және оны алдын алу жолдары.
- •70. Эпидемиялық гепатит. (Боткин ауруы)
- •71. Полиомиелит
- •72. Ішек құртының аурулары, гельминтоздар
- •73Грипп
- •76 . Тері аурулары .
- •§ 19. Мектеп жабдығына қойылатын негізгі талаптар....................................87 § 20. Мектеп оқушыларын партада дұрыс отырғызудың маңызы.................88
§ 50. Гимнастиканың гигиеналықмаңызы
Дұрыс ұйымдастырылған таңертенгі гнмнастиканың оқушылар үшін ерекше гигиеналық және тәрбиелік мәш оар. Ол ми қабығын ұйқыдан кейінгі тежелуден арылтып, сергітеді, мектеп оқушысының күні бойы неғұрлым өнімді оқу-еңбек қызметіменшұғылдануына көмектеседі.
Таңертенгі гимнастиканың тәрбиелік мәні де орасан зор. Төсектен шапшан тұру, одантез жаттығуға, одан кейін су процедураларына ауысу өте үлкен ерік күшін керек етеді. Таңертенгі гимнастиканы үзбей орындайтын оқушы үшін ол алға қойған мақсаттарын іске асыруда ерік пен табандылықты біртіндеп қалыптастыратын пайдалы әдетке айналады. Оқушылар өздернін уақыттарын дәлме-дәл мөлшерлеуге үйренеді.
Таңертеңгі гимнастика үшін қажетті нәрсенің бәрі: кілемше, спорт киімі, шылапшын, губка, сүлгі және т.б. түнде дайындап қойылуы керек.
Жаттығуларды желдетілген бөлмеде жеңіл киіммен: ұл балалар трусынмен, кыз балалар труси және майкамен; егер шынықтыру аулада жүргізілсе, онда костюм киіп (күн суықта) орындау керек. Таңертенгі гимнастнканы қыстын күні аулада өткізуге I—II класс оқушылары үшін температура — 6°С, III—IV кластар үшін — 10°С, V—X кластар үшін — 15°С-ден төмен болмаған жағдайда рұксат етіледі. Бұл жағдайда балалар шаңғы тебуге арналған костюмдерін киюге тиіс.
Жаттығулардың комплексі әрқайсысы 4—6 рет қайталанып орындалатын 5—8 жаттығудан құралуы қажет. 10—15 күн өткен соң, бұл комплекс бұдан гөрі күрделірек комплекспен ауыстырылады. Жаттығулардыңқиындығы шынықтырудың орта кезіне карай арта түсіп, одан кейін, соңынан қарай біртіндеп бәсендей береді.
Жаттығуларды таңдап алуда және оларды жүргізуде оқушылардың жасы, жынысы, дене дайындығы және денсаулығының күйі ескеріледі. Денсаулығы нашарлаған балалар үшін, комплексі күшін біртіндеп арттыру керек.
Мектептің оқытушылары, әсіресе класс жетекшілері, оқушының күн режимінде таңертеңгі гимнастиканың болуын насихаттауда оқушылармен де, олардың ата-аналарымен де өте үлкен жұмыс жүргізуі керек. Осы мақсатпен таңертеңгі гимнастиканың маңызы жөнінде әңгімелер өткізу, оларды қалай орындау туралы кеңестер беру, оқушылардың жаттығу комплекстері құрастыруына көмектесу керек.
Мектепте сабақ басталғанға дейінгі гимнастика. Сабақ басталардың дәл алдында барлық кластың оқушылары бірнеше дене шынықтыру жаттығуларын орындауы керек, бұл олардың сабақта жұмысқа қызу кірісіп кетуіне және бүкіл оқу күні бойы жұмысқа қабілеттілігін жақсы сақтауға көмектеседі Мектепте сабақбалталғанға дейінгі гимнастика барлык оқушылар үшін міндетті. Өзге, өзіне ғана тән, болғандықтан оны үйдегі таңертенгі гимнастикамен ауыстыруға болмайды.
Егер ауа райы мен ауаның тепературасы мүмкіндік берсе (10сС-таң төмен болмаса) сабақ алдындағы гимнастиканы мектеп жанындағы участокта өткізген жақсы; егер мүмкіндік болмаған жағдайда, оны өткізетін бөлмелер (зал, калидор, класс) өте жақсы желдетілген болуы керек .
Дене шынықтыру мұғалімі мектеп дәрігірімен бірлесе отырып, әр бір жас тобы: І және ІІ , ІІІ және IV, V және VІ, VІІ және VІІІ, ІХ және Х кластар үшін жеке гимнастика комплексте құрастырады
Әр жастық топқа арналған комплекстердің ауыр-жеңілдігі, жаттығулардың күрделілігі, олардың қайталану саны, сондай-ақтұтастай алғандағы гимнастиканың жалпы ұзақтығымен байланысты. Ол төменгі класс оқушылары үшін 5—8, орталау клас-8-10, жоғары класта 15—20 мииуттан аспауға тиіс.
Жаттығуларды музыкамен орындаған жақсы.
Гимнастнканы ұйымдастырғанда және өткізгенде мұғалімдер дене шынықтыру активін (бұған дене шынықтыру жетекшісі және арнайы бөлінген оқушылар кіреді) даярлаудын сапасына, сондан-ақ комплскстердін уақтылы ауыстырылып (олар әр 2—3 аптадан соң ауыстырылады) тұруына зер салуы қажет. Оқу күнінін кестесі бойынша бірінші сабаққа келетін мұғалімдер гимнастиканы ұйымдастыруда және өткізуде дене шынықтыру активіне көмектеседі: оқушылардын мүсінін, дұрыс дем алуын (орындалатын кимылдың сипатына сай терен, ырғақты) кадағалап,оқушылар орындайтын қимылдын дұрыс және ширак болуынакөңіл аударды.
Дене шынықтыру минуттары мен үзілістері. Мектептегі оқужұмысы балалар мен жас өспірімдерді бірте-бірте шаршауға және олардын зейіні мен жұмысқа қабілеттілігінің әлсіреуіне алып келеді. Егер осындай шаршау кезінде оқушыларды аз уакытқа әрекеттің басқа түріне (мысалы, оларға бірнеше дене жаттығуларын орындауды ұсыну) ауыстыра койса, олардыңжұмысқа қабілеттілігі тез қалпына келеді. Осы мақсатпен сабақ арасында, сондай-ақ сабақтың өзінде де оқушылар бірнеше дене жаттығуларын орындайтын дене шынықтыру минуттарын немесе үзілістерін енгізу ұсынылады.
Дене шынықтыру минуттары I—IV класс оқушыларымен тікелей сабақ үстінде, көпшілік оқушылардың шаршауының алғашқы белгісі көріне бастаған кезде, жүзеге асырылады. Ұзақтығы 1-2 минутқа созылатын дене шынықтыру минуты комплексіне кеуде, қол және аяқ бұлшық еттеріне жұмыс істететін 3 жаттығу еңгізіледі. Кластағы жаттығуларды оқушылар партада отырып немесе оның жанында түрегеп тұрыпорындайды.
V-Х класс оқушыларымен ұзақтығы да едәуір(5—6 минут), әрі жаттығуларынын саны да көп (7—8) шынықтыру үзілістерін өткізген дұрысырақ болады. V—VI класс оқушыларымен дене шынықтыру үзілісі үшінші немесе төртінші сабақтың ортасы немесе соңында өткізіледі.
Дене шынықтыру үзілісі кезінде оқушылар (жағалары мен белдіктерін босатып) парталар қатарларының арасына шығып тізіледі. Кезекшілер бұл кезде желдеткіштерді немесе терезелерді ашып кояды.
Дене шынықтыру үзілістерінің жаттығулары бұған дейін өтілген сабақтын сипатын ескере отырып таңдап алынады. Комплекстіңқұрамына: 1) колдарын кимылдатып, бір орында жүру; 2) терең дем алып, керілу жаттығулары; 3) жүрелеп отыру; 4) иық пен қолға арналған жаттығулар; 5) тұлабойды бұру және еңкейіп-шалқаю; 6) кординация мен зейін жаттығулары т.б. енгізіледі. Комплекс денеге түсетін күш 1-ден 3-жаттығуға дейін біртіндеп артатын, ал 4-денбастап кемитін етіп құрылады. Бұл оқушылардың үзілістен кейін бірден қозу күйінде емес, біршама тыныш күнде оқу жұмысына кірісуін қамтамасыз етеді. Егер дене шынықтыру үзілісі сабақ сонынан өткізілетін болса, онда комплекстің ауырлығы арттырылуы мүмкін. Мұндай жаттығулардан оқушылардыңқозғыштығы тым артып кетеді деп қауіптенудің қажеті жоқ, өйткені бұдан кейін сабақтар арасындағы үзіліс жалғасады.
Музыкамен сүйемелденген дене шынықтыру үзілістері үлкен нәтиже береді, ол сабақтың эмоциялылығын арттырады. Дене шынықтыру минуттары мен үзілістерін мұғалімдер немесе дайындығы бар оқушылар өткізуі керек. Музыкамен сүйемелденген бүкіл жаттығулар комплексін магнитофон лентасына жазып алып, белгіленген уақытта мектеп радиоторабы арқылы кластарда беріп тұру өте ыңғайлы. 2—3 аптадан кейін жаттығулардың комплексін ауыстырып, жаттығулардың өзін күрделендіріп отырған жөн.
Ұзак үзілістегі дене шынықтыру шаралары оқушылардың белсенді дем алуының бір түрі болып есептеледі. Олар оқушылар ақыл-ойының шаршауын азайтады. Дене шынықтыру шаралары оларды ашық ауада өткізгенде, аса зор нәтиже береді. Сабақ орны барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға тиіс.
Ұзақ үзілістегі дене шынықтыру шаралары аптасына 2-3рет өткізіледі. Ойындар мен дене шынықтыру әрекеттері балалардың жасы мен қызығуларын ескере отырып таңдалынып алынады. Үзіліс кезіндегі жақсылап демалу оқушыларға «еріксіз таңылмауға» тиіс, әрі оқушылардың оған қатысуы міндетті де емес. Кезекші мұғалімдер мен дене шынықтыру активі басқарып өткізетін коллектиптік ойындардан басқа оқушылар өздерінің қалаулары бойынша, өз беттерімен шұғылдану үшін, түрлі ойындар мен спорттың түрлерін таңдап ала алады.
Оқытушылар оқушылардың тым ыстықтап, шаршап және кызынып кетпеуіне көңіл оударуы тиіс.Сабақтың басталу кезіне қарай оқушылардың тынышталуы үшін ойындармен ермектік әрекеттер өздерінің денеге түсіретін салмақ-күші жағынан, өзілістің соңына қарай азайтыла беруі қажет. Ойындар мен ермектік әрекеттер үзілістің айақталына 5 минут қалғанда тоқтатылу керек.
