- •48 . Дене тәрбиесінің міндеттері
- •49 . Дене шынықтыру сабағы
- •§ 50. Гимнастиканың гигиеналықмаңызы
- •§ 51. Оқушылардың дене тәрбие бойынша кластан тыс жұмыстары
- •VIII мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы
- •§ 52. Тамақтанудың
- •§53. Тамақтық продуктылардың
- •§ 54. Мектеп оқушыларының тамақтану нормасы
- •§ 55. Мектеп оқушыларының тамақтану режимі.
- •§ 56. Тамақтық продуктыларға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар
- •57. Тамақ әзірлейтін бөлмелер мен ыдыс аяққа
- •58. Қызметкерлердің жеке басының гигиенасы.
- •59. Таңертеңгілік мектеп тамағы.
- •60. Күні ұзартылған топтағы балаларды тамақтандырудың ерекшеліктері.
- •61 Тамақтан улану және оны алдын алу жолдары.
- •70. Эпидемиялық гепатит. (Боткин ауруы)
- •71. Полиомиелит
- •72. Ішек құртының аурулары, гельминтоздар
- •73Грипп
- •76 . Тері аурулары .
- •§ 19. Мектеп жабдығына қойылатын негізгі талаптар....................................87 § 20. Мектеп оқушыларын партада дұрыс отырғызудың маңызы.................88
49 . Дене шынықтыру сабағы
Дене шынықтыру сабағы - мектептегі дене тәрбиесінің негізгі түрі .
Мектеп программасы бойынша барлық кластарда аптасына екі сағаттан сабақ өткізіледі . Дене шынықтыру сабақтарын парлап өткізу дұрыс деп саналмайды . Тек шаңғымен жаттығу сабақтарында ғана солай етуге болады . Дене шынықтыру сабақтары оқушыларды ой жұмысынан дене жұмысына ауыстырады , әрі олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірудің жақсы құралы қызметін атқарады . Дене шынықтыру сабақтарын ең жақсысы оқу күнінің орта тұсына қойған жөн . Дене шынықтыру сабақтарында сауықтыру , білім беру және тәрбие міндеттері шешілуге тиіс . Сабақтың жалпы қабылданған схемасы үш бөлімнен : кіріспе , негізгі және қорытындыдан тұрады . Сабақтың кіріспе бөлімі ( 5 - 7 минут ) дене шынықтыру сабағына оқушыларды ұйымдастыруды , барлық органдар мен жүйелердің қызметін күшейтуді мақсат етеді . Сабақтың бұл бөлімінде организмді сабақтың негізгі бөліміне дайындайтын сап түзеп жүру , жүгіру , секіру жаттығулары жүргізіледі . Сабақтың негізгі бөлімі ( 35 - 40 минут ) жылдамдық , күштілік , шыдамдылық , ептілік тәрізді негізгі дене қимыл сапаларын жасау және дамыту үшін қызмет етеді , қимыл - қозғалыс икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады . Сабақтың негізгі бөлімінде істелетін нәрселер - жүру , жүгіру , секіру , өрмелеу , лақтыру , гимнастикалық аспаптарда жаттығу , қозғалысты және спорттық ойындар . Сабақтың негізгі бөлімінде таңертеңгі гимнастика мен дене шынықтыру үзілістеріне арналған жаттығуларды үйретуге де болады . Сабақтың қорытынды бөлімі ( 3 - 5 минут ) организмді біршама тыныш күйге түсіру үшін және сабақтың нәтижесін қорытындылау үшін қолданылады . Сабақта денеге түсетін күштің шамасы жаттығулардың сипатына , олардың орындалу қарқынына , қайталау санына , жаттығулар арасындағы үзілістердің мөлшеріне т . б . тәуелді . Бір мезгілде көптеген бұлшық ет топтары қатысатын жаттығулар , мәселен жүрелеп отыру , секіру , шаңғымен жүру және т . б . жаттығулар денеге көп күш түсіреді . Көп күш түсіретін және орындалуы жағынан күрделі болып келетін жаттығулар сабақтың орта кезінде жүргізіледі , өйткені сабақтың басында оқушы қиын жаттығулар орындауға дайындалып үлгермейді де , сабақтың соңында шаршаңқырап қалады . Төменгі кластағы жаттығулар оларды орындаған кезде әртүрлі бұлшық ет топтары қатысатындай өзгермелі болып келуі керек . Жаттығу кезінде өте - мөте оқушылардың мүсіні мен тыныс алуына көңіл бөлінеді . Сабақ өткізгенде оқушылардың анатомиялық - физиологиялық , жыныстық ерекшеліктері , олардың сабаққа дайындығы ескерілуі қажет . Қыздар үшін күштілік , шыдамдылық , жылдамдық жаттығуларының нормасы азайтылады , сондай - ақ салбырау , өрмелеу және тырмысу жаттығулары да азайтылып , әлі толық кірігіп болмаған жанбас сүйектері тайып кетпес үшін , қатты жерге секірту жаттығулары жүргізілмейді . Жоғары кластың қыдарымен сабақ жүргізгенде қарынның бұлшық еттерін жетілдіруге көмектесетін жаттығулар , би элементтері пайдаланылатын көркем гимнастика түріндегі қимылдың ырғағы мен мәнерлілігіне арналған жаттығулар енгізілгені дұрыс . Жас өспірімдердің өз күштері мен мүмкіншіліктерін артық бағалауға бейім тұратынын ескеріп , олардың денесіне түсетін күшті қатаң мөлшерлеу және көп күш талап ететін жаттығуларды бермеу керек , бұл организмнің өсуі мен жүрек - қан тамыр , сүйек және басқа жүйелерінің қызмет күйіне қолайсыз әсер етуі мүмкін .
