Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеф кітап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.22 Кб
Скачать

71. Полиомиелит

Полиомиелит-ауыр жұқпалы ауру; оған көбінесе жұлынның нерв клеткаларының бүлінуі тән. Бұл аурудың қоздырғышы – физикалық және химиялық агенттердің әсеріне аса тұрақты келетін фильтрлі вирус. Ол сыртқы ортада, әсіресе, суда, сүтте және сүттен алынған продуктыларда ұзақ(3-6ай бойы) өмір сүре алады. Полиомиелит кезіндегі жұқпалы аурудың көзі – ауру адамдар мен вирустар тасушылар. Полиомиелитпен ауырған адам инкубациалық кезеңде және аурудың бүкіл барысында айналадағы адамдар үшін қауіпті болып табылады. Ол әсіресе аурудың алғашқы екі аптасында өте қауіпті болып табылады. Өйткені бұл кезде нәжістермен бірге орасан көп вирустар бөлініп шығады. Полиомиелиеттің қоздырғышы сондай-ақ аурулардың мұрын-жұтқыншақ қуысында болуы мүмкін. Алайда , ішекке қарағанда, ол мұнда едауір сирек және қысқа уақыт қана болады. Полиомиелиттің вирусы организзмге негізінен алғанда ас қорыту жолы арқылы, кейде тыныс алу жолдары арқылы да, енеді. Асқазан ішек каналына вирус тамақпен бірге(нанмен, жеміспен, овощпен) кір қолмен енеді. Тыныс алу жолдары арқылы жұқтыру аурумен өте жақын араласқан кезде болады. Семияда және балалар мекемелерінде адамдардың көп топталуы, сондай-ақ жеке бастың гигиенасы мен қоғамдық гигиенасының ережелерін сақтамау аурудың мүмкіндігін арттырады. Қаладағы сумен қамтамасыз ету жүйесі жұқпалы вирустардың су арқылы таралу мүмкіндіктерін толық дерлік болдырмайды. Жақсы жасалмаған құдықтардың суын пайдалану қауіпсіз емес. Өйткені вирус ағын суларда ұзақ сақталатындықтан, олармен бірге топырақ арқылы құдыққа өтіп кетуі мүмкін. Тоғандар мен су бассейндерінде шомылған кездегі ауру жұқтырудың мысалдары аз емес. Сондай- ақ сүт және басқа тамақтық продуктылар арқылы, күтім бұйымдаы, ойыншықтар арқылы жұқтыру жағдайлары да белгілі. Полиомиелит кезіндегі инкубациялық кезкң 10 күннен 14 күнге дейін созылады. Ауыру температураның көтерілуінен , жалпы сырқаттықтан , құсудан және кейде ішектің бұзылуынан басталады. Полиомиелитке тән нәрсе- терінің аса сезімталдығы: бала өзіне жолатпайды және сәл жақындасаңболды- айқай салады. Кейде терлегіштік байқалады және ардайым дерлік желке мен омыртқа жотасының сіресуі(күштенуі) байқалады, бала басын , кеудесін әзер бұрады. Аурудың бас кезінде ангина айтарлықтай жиі байқалады. Температура 4-10 күн жоғары болып тұрады да, одан кейін төмендейді. Температура төмендегеннен кейін ауру бірнеше күн бойы өзін жақсы сезінеді. Бірақ температураның қайтадан 1-2 күнге көтерілуі жиі кездеседі, содан соң паралич пайда болады. Паралич тез дамиды. Әдетте ол аяқты , кейде қолды, оқта-текте бір жақтағы немесе екі жақтағы аяқ пен қолды да зақымдайды: ауыр жағдайларда екі аяқ пен екі қол және кеуде зақымданады. Қабырғалардың аралығындағы еттер мен диафрагманың(көк еттердің) параличтері өте ауыр болады, тыныс та тарылады. Паралич кезеңі бір аптадан алты аптаға дейін созылады. Содан кейін қимылдар қайта қалпына келе бастайды; ол бірнеше аптаға және тіпті жылға созылуы мүмкін; кейде бұрын зақымданған еттердің барлығының қимылдары қайта қалпына келеді, бірақ тұрақты параличтердің қалып қоюы аз болмайды. Кейіннен зақымданған еттер азғындайды және деформацияланады; бұл жағдайда тек еттер ғана емес, сүйектер де, сондай-ақ буындарда ауырады. Аурудың диагнозын ерте қойса және дер кезінде емдесе, параличтен құтылуға болады. Полимиелиет кезіндегі эпидемияға қарсы аса маңызды шара- ауруларды және ауырғандығы күдік тудырушыларды ертерек оқшаулау. Полимиелит екендігі анық ауруларды міндетті түрде аурухананың арнаулы бөліміне ауырған сәттен бастап 40 күнге емделуге жатқызылады. Ауруханадан шыққаннан кейін аурудан жазылғандар үшін үйде қосымша 12 күн оқшаулау режимін белгілеген жөн. Аурумен жақын қатынаста болған 15 жасқа дейінгі балалрды, сондай-ақ балалар мекемелерінде жұмыс істейтін адамдарды ауру оқшауланған және дизинфекция жасалған кезден бастап 20 күнге карантинге алады. Каратиндегі балаларды күн сайын медициналық тексеруден өткізіп, температурасын өлшейді. Қазіргі кезде полимиелиттен сақтану үшін, бұл ауруды тудыратын вирустың өзгертілген жасанды тірі түрі қолданылады. Вакцина ең кішкентай балаларға тамшы түрінде, ал қалғандарға драже-конфет түрінде беріледі. Вакцинаның бүл түрін енгізгенде болатын иммунитет үш жылдай уақытқа созылады. Тірі вакцинамен егу енгізілгеннен кейін біздің елде полиомелиетпен ауру күрт азайды, ал аурудың ауыр жағдайлары мүлдем құрыды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]