Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеф кітап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.22 Кб
Скачать

48 . Дене тәрбиесінің міндеттері

Мектептегі дене тәрбиесі оқушылардың ақыл - ой және дене қабілеттерінің дұрыс дамуына көмектеседі , ерік сапаларын қалыптастырады , күшін арттырып , денсаулығын нығайтады , организмін шынықтыру мен спорт саласындағы керекті дағдылармен қаруландырады .

Жоғарыда саналып өткен міндеттер негізінен дене шынықтыру сабақтарында жүзеге асатын мектептегі дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін дұрыс жолға қойған жағдайда ғана ойдағыдай шешіледі . Сондай - ақ , оқушыларға оқу сабақтары басталғанша ұдайы гимнастика жасатып , оқу күні мен өндірістік практика барысында дене шынықтыру минуттарын , үзІлістерді , ұзақ үзіліс кезінде серуен , дене шынықтыру шараларын ұйымдастыру да өте маңызды . Мұның бәрі балалардың денесінің дұрыс дамуына және оқу күні мен оқу аптасы бойынша олардың жұмысқа қабілеттіліктерінің сақталуына көмектеседі . Оның үстіне оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіне бұлардан басқа спорттық секциялар , дене шынықтыру жарыстары , аттракциондар , экскурсия мен жорықтар , ГТО комплексі т . б . бойынша жұмыс істеу тәрізді мектептен тыс жүргізілетін көпшіліктік дене шынықтыру жұмыстары да кіруі тиіс .

Әр мұғалім , әсіресе класс жетекшісі , оқушылардың дене тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлуі қажет , өйткені қимыл - әрекет балалар мен жас өспірімдер организмінің жетілуінің басты шарты болып саналады . Дене шынықтыру жаттығулары бұлшық ет жүйелерін қимылға келтіреді де , сол арқылы барлық қалған органдар мен жүйелердің де қызметтерін күшейтіп , организмдегі жалпы алмасу мен әрекеттік мүмкіндіктің артуына көмектеседі . Сондықтан да дене жаттығуларымен үнемі шұғылданып жүрген оқушылар дене жағынан жақсы жетілген , мектептегі үлгірімі жағынан ең озат , политехникалық оқыту кезіндегі еңбек операцияларын игеруі жағынан басқаларға қарағанда шапшаң келеді .

Дене шынықтыру жаттығулары табиғаттың табиғи күштерін ( күн , ауа , су ) барынша мол пайдалана отырып , тиісті гигиеналық жағдайларда өткізілген кезде ғана зор сауықтырғыш нәтижеге жетеді .

Дене шынықтыру жаттығулары өте қатаң мөлшерленіп , шұғылданушылардың жасы , жынысы , дене дайындығын есепке алып жасалуы және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс . Сабақтар біртіндеп қиындауы , қиын жаттығулар жеңіл жаттығулармен алмастырылып отырылуы керек . Бұлай етпеген жағдайда дене жаттығулары оқушылардың артық күш жұмсап , шаршауына әкеп соғуы мүмкін . Егер шұғылданушылардың қимыл үйлестігі бұзылып , көңіл күйі , ұйқысы нашарласа , тітіркенгіштік , бозарушылық , тынысы тарылу , жүрек маңының ауыруы және т . б . байқалғандай болса , сабақ уақытша тоқтатыла тұруы қажет .

Үздіксіз жүргізілген дәрігерлік бақылау ғана дене шынықтыру жаттығуларының оқушылар организміне жағымды әсерін қамтамасыз етуі мүмкін .

Дәрігерлік бақылаудың осы күнгі ұғымына дәрігерлік байқауға қоса , алдын - ала сақтандыру және емдеу жұмыстары , сабақ кезіндегі дәрігерлік - педагогикалық бақылаулар , жарыстар кезіндегі дәрігерлік қызмет көрсету , спорттық жарақаттардан сақтандырулар және сабақтар мен жарыстар өткізуге арналған бөлмелерді санитарлық - гигиеналық жағынан бақылаулар енеді .

Оқу жылының басында мектеп дәрігері әр оқушының дәл сол кездегі денсаулығы мен дене жағынан дайындығының күйін анықтау үшін , барлық оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізеді .

Тексеру кезінде дәрігер өкшесі аласа ( плоскостопие ) , омыртқасы қисайған , мүсіні бұзылған оқушыларға айырықша көңіл аударып , оларды осы ауытқулардан арылту үшін тиісті жаттығулар белгілейді . Дәрігерлік тексерулердің нәтижелері оқушылардың емделу карталарына жазылып қойылады .

Дәрігерлік тексерулердің нәтижелеріне сүйене отырып , дәрігер дене шынықтыру сабағымен оқушы программаға сай көлемде толық шұғылдана ала ма , жоқ па , ол үшін дене шынықтыру жаттығуларының қайсысы оған пайдалы , қайсысы жарамсыз және қанша мерзімге деген мәселелерді шешеді .

Жан - жақты жүргізілген дәрігерлік тексерудің деректері мен оқушылардың дене дайындығының дәрежесіне қарай дәрігер оларды негізгі , дайындық және арнаулы деп аталатын дәрігерлік топтарға бөледі . Негізгі топқа дене дамуы мен денсаулығында ауытқуы жоқ оқушылар және жүрек ауруынан құлан таза айығып кеткендер , қанының көрінісі көңілдегідей , дене дамуы кешеуілдеп қалмаған , әдеттегідей емес қайталама бронхиты , ас қабылдауға зияны жоқ қатпа , гастриты бар балалар жатады . Бұл топтағы сабақтың негізгі шарты - балалардың дене жаттығуларымен программа бойынша толық шұғылдануына , Б Г Т О мен Г Т О комплекс нормаларын тапсыруға , белгілі жас пен дене жақтан әзірлігіне қарай рұқсат етілетін спорт түрлерінің спорттық секцияларында жұмыс істеулеріне болады . Дайындық топқа денсаулық жағдайында жоғарыда көрсетілгендей ауытқулары бар , бірақ дене жақтан әзірлігінің дәрежесі жеткіліксіз оқушылар жатқызылады . Бұл топқа денсаулығында ерекше ауытқулар тудырмағанмен , ауырған кезде мектеп оқушысының дене жағынан әзірлігін нашарлатып кеткен кейбір жұқпалы аурулармен ( скарлатина , қызылша , грипп т . б . ) ауырып шыққан балалар да жатады . Дайындық топ пен негізгі топтың мектеп оқушылары сабақтарда бірге шұғылданады . Бірақ алғашқылары ( тиісті дене дайындығы болғанға дейін ) организмге , ішінара жүрек - қан тамыр , тыныс алу жүйелеріне , көтеріңкі талап қоятын жаттығулардан шектеле тұрады . Шаңғымен жүргенде және жүгіргенде олар үшін қашықтық қысқартылады . Күрделі жаттығуларды , әсіресе секірулерді орындаған кезде , олардың саны азайтылады . Шаршаудың алғашқы белгілері біліне бастасымен жасы кіші мектеп оқушыларын қозғалыс ойындарымен , ересектерінің тез жүгіру және қатты секірулерге байланысты спорттық сабақтармен әуестенуіне тежеу салынады . Арнаулы топқа денсаулық жағдайында едәуір ауытқулары бар , жалпы топтағы дене тәрбиесімен шұғылдануға жарамсыз мектеп оқушылары жатады . Бұлар - денсаулығындағы ауытқуларымен ( тірек - қозғалыс аппараттарының бұзылуы , жүрек - қан тамыр және тыныс алу системаларына зақым келу және т . б . ) дене дамуындағы кейін қалуы немесе ақаулары ұштасып келетін тым әлсіз балалар . Мұндай балалар сабақтың ерекше ұйымдастырылуын , қатаң мөлшерленген қимыл қызметін қажет етеді . Олар қалған барлық оқушылармен бірлікте таңертеңгі гимнастикамен , дене шынықтыру минуттарымен , ойындармен және дене жаттығуларымен шұғылдана алады . Бұларға қоса , дәрігерлердің ұсынысы бойынша , оларға емдік гимнастика да жасатқан жөн . Мұндай балаларға көп күш түсірмей , шана , шаңғы т . б . тепкен де пайдалы . Тәжірибеде жиі қолданылып жүргендей , дене шынықтыру сабағынан арнаулы топтағы мектеп оқушыларын мүлдем немесе жартылай босатып жіберу дұрыс емес . Дене шынықтыру сабағынан босатылған көптеген балалар өздерінің осы жағдайларын теріс пайдалана бастайды . Өздеріне ұнамаған кез - келген істен денсаулығын сылтау етіп бас тартады , бұл жалқаулыққа үйретеді . Арнаулы топ балаларымен сабақ жүргізгенде әр оқушының денсаулық дәрежесін ескере отырып , бірнеше шағын топқа бөлу қажет . Алайда бұлай бөлудің уақытша сипаты барын әр мұғалім білетін болуға тиіс . Мектеп оқушысының денсаулығы мен дене дайындығы жақсарған сайын дәрігер ( дәрігерлік тексеруден соң ) оны арнаулы топтан даярлық тобына , кейіннен негізгі топқа ауыстырып отыруы қажет . Жұқпалы аурулармен қатты ауырған , операция жасалынған , жарақаттанып қалған т . б . балалар мектеп дәрігері белгілеген мерзім ішінде дене шынықтыру сабақтарынан уақытша босатылады . Спорттық секцияларда шұғылданатын және жарыстарға қатысатын мектеп оқушылары үнемі мектептің диспансерлік есебінде болып , әр жарыстың алдында дәрігерлік байқаудан өтуі керек . Оның үстіне өздерінің шаршай беретіндігі жөнінде шағынатын оқушыларды , сондай - ақ үлгірімі немесе тәртібінің нашарлап кеткендігі туралы мұғалімдер шағым жасаған оқушыларды дәрігер қайталап тексереді . Әрбір дәрігерлік тексеруден кейін дәрігер класс жетекшісіне , дене шынықтыру , еңбек сабақтарының мұғалімдеріне тексерудің қорытындысы мен өзінің ұсыныстарын хабарлайды . Мұғалімдер де ,өз кезегінде , өз класы оқушыларының дәрігерлік картасымен үнемі танысып отыруға және олардың әрқайсысының денсаулығы жөнінде дәрігермен әңгімелесіп отыруға тиіс .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]