- •1 Лекция. Кіріспе. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін
- •1. Бірлескен топтық жұмыс
- •1. Өзара позитивтік тәуелділік.
- •2. Бетпе-бет тұрғыдан өзара әрекеттесу.
- •3. Жеке жауапкершілік.
- •4. Тұлға аралық жұмыс дағдылары.
- •5. Топтың дамуы.
- •Бірлесе оқудың элементтері
- •Нәтижеге бағытталудың мақсаттары мен міндеттері
- •Мәдениет дегеніміз не?
- •Жағымды психологиялық орта орнату
- •1. Үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайсымен өзара сыйластыққа негізделген жеке қарым-қатынас орнатуға мүдделі болу.
- •2. Қарым-қатынаста қысымнан бас тартып, «жұмсақ» әдістерді қолдану.
- •3. Әрбір үйренуші мен бүкіл топ жұмысына көмек пен жәрдем жасау, қол ұшын беруге дайындық.
- •5. Жағымды (позитивтік) және конструктивистік көзқарас ұстану, ешкімді де, ешнәрсені де (өзгенің пікірі мен көзқарасы) сөкпеу, даттамау.
- •Жұмысқа әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру.
- •Шығармашылыққа негізделу, шығармашылық тұрғыдан қатысушылардың ашылуына мүмкіндік беру.
- •1. Оқудағы кедергілерді анықтау.
- •2.Оқудың аффективтік теориясы, оқушыларды ынталандыру.
- •Мотивация тудыру немесе қызығушылықты ояту
- •2. Үйренушілер талқыланатын тақырыпты кең ауқымды контексте қарастырады.
- •3. Үйренушілер белсенді болады.
- •4. Үйренушілер ізденіс, зерттеу және талдауға негізделген шығармашылық жұмыстарға жұмылады.
- •Мотивацияның ережелері
- •Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері
- •Сәттілікке бағытталу
- •1. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
- •2. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
- •1 Интербелсенді әдістеме - өзара әрекеттесу, әрекет арқылы үйрену/үйрету
- •Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
- •6 Лекция. Оқудағы кедергілер.
- •Неліктен оқушылар ашық тапсырмаларды аса күрделі деп санайды?
- •Неліктен бірлескен жұмыс маңызды?
- •Мұғалімдер оқушылармен қалайша жақсы қарым-қатынас орнатты?
- •Дарынды және талантты балалардың әлеуетін қалай анықтай аламыз?
- •Диалог – адамгершілікті иемденудің негізгі құралы
- •Диалог – адам өмірінің мәні мен мақсаты
- •Тұлға аралық қарым-қатынас мақсаттарын айқындайтын етістіктер
- •3.5 Диалог арқылы оқыту және ұстаздардың ынтасы
- •Тәжірибеде оқытуды басқару және көшбасшылық
- •Жұмысты дамытуға басшылық жасау
- •Әріптестермен және қызығушылық білдіретін тараптармен кеңесу
- •Командаларда жұмыс істеу
- •Мектеппен серіктестік қарым-қатынас орнату
- •Оқушылармен жұмыс
- •Кері байланыс тұрғысынан басқару іс-тәжірибесі
- •1.2 Бағалаудың мағыналары туралы
- •Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктері
- •«Бағалаудың алты қағидасы»
- •2. Бағалау тәсілдері
- •2.1 Тестілеу
- •1. Қысқа жауапты қажет ететін ашық тестер
- •Pisa тестері туралы
- •Оқушылар сіздің тізбектелген сабақтарыңыздың тақырыбына қатысты
Мотивацияның ережелері
1. Үйренушілерде білімге деген қажеттілік тудыру, оның беретін пайдасы туралы пікірлесу («Бұл маған не береді?Пайдасы қандай?»).
2. Әр үйренушінің білім игеру ісіне деген жеке жауапкершілігін қамтамасыздандыруға ұмтылу.
3. Үйренушілердің қызығушылығын тудырып, оны үнемі қолдап, қыздырып отыру керек.
4. Сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Әр сабақ прагматикалық (пайда тұрғысынан) сипат алуы керек.
5. Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап, қолдап отыру керек.
6. Үйренушілер бір-бірімен жарыспай, оларда өзімен-өзі жарысу сезімін қалыптастыруға ұмтылу керек.
7. Жүргізуші (мұғалім, оқытушы) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі керек.
8. Әр үйренушінің жеке мотивтерін айқындау (үйренушінің «Бұл тақырып мен үшін неліктен қызықты әрі пайдалы?», «Мен неліктен осы сабаққа белсене қатысудамын?», «Бұл сабақтан мен не аламын?» сияқты сұрақтарға жауаптары) .
9. Сабақ барысында тұлға аралық қатынастардың дамуына ықпал жасау.
10. Таңдауды әрқашан да үйренушілердің өздері жасаған жөн.
Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері
1. Қызықты бір оқиғаны сипаттап беріңіз.
2. Қандай да бір талқыланған мәселе бойынша үйренушілердің пікірін білу үшін олардың қол көтеріп, дауыс беруін (жақтап немесе қарсы шығып) сұраңыз.
3. Сұрақ қойыңыз.
4. Уәде беріңіз.
5. Үйренушілерді күлдіріңіз.
6. Даулы немесе басқалардың көзқарасына қарама-қарсы пікір айтыңыз.
7. Әдеттен тыс мәліметтер келтіріңіз.
8. Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдарды қолданыңыз.
Бұған тағы да екі тәсілді қосуға болады.
9. Өз өміріңізден немесе кәсіби тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.
10. Студенттердің шешімін қажет ететін проблемалық ситуацияны суреттеңіз.
Қызығушылық келесі әрекеттерден бәсеңдейді
Оқытушы өзін үйренушілерден тысқары ұстаса.
Оқытушы үйренушілерді бәлсенді (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап, оларды сол күйде қалдырса.
Оқытушы өз ұсыныстарының (идеяларының) үйренушілер үшін міндетті түрде қажетті болады деген ойы мен пікірі.
Оқытушының үйренушілерге сын айтуы, олардың кемшіліктерін бетіне басуы.
Студенттердің оқытушының қойған сұрақтарына жауап бере алмай, өздерін дым білмес ретінде сезінуі.
Ынталандыру
Ұстаз қойған сұраққа жауапты өзінің шәкіртінен білген кейіп танытады.
- Сіз одан неліктен сұрадыңыз? Бұл сұраққа өзіңіз де жауап бере алар едіңіз ғой?- деп таңырқағандарға ұстаз:
- Әзірше мен бұл сұраққа шәкіртімнен жақсы жауап бере аламын. Алайда мен одан кеңес сұраған себебім: шәкіртім басқалармен біліммен бөлісудің дәмін татсын дегенім. Бұл айла басқа тәсілдерден анағұрлым жақсы түрде шәкіртімді білімге ынталандырады,- деп жауап берген екен.
Сәттілікке бағытталу
Біз әдетте сәтсіздікке көп көңіл бөлетін сияқтымыз: қандай да бір іс жасамасақ та, алдымен жіберген қателерді назарға аламыз да, қол жеткізген сәттіліктерімізге жіті мән бермейміз. Бұл ұстанымның позитивтік көзқарасты дамытпайтындығы және өмірде де, жұмыста да жағымды нәтижелерге әкелмейтіндігі анық. Үйрену процесінде өз жұмысы мен әрекеттерінің сәтті шығуына ниеттелмеген шәкіртте өмірінің басқа да мезеттерінде (жұмыс орнында, жанұяда, қарым-қатынаста) өз ісінің ойдағыдай аяқталуына сенімі болмайды. Оның өз істері мен әрекеттерінің жағымсыз ғана нәтиже беретіндігіне әбден сеніп кетіп, өзін ылғи да «жолы болмайтындар» қатарына қосып жүруі де мүмкін.
Оқу процесінде сәттілікке ниеттелу керек және студенттерде аяққы нәтиженің ойдағыдай болатындығына сенім қалыптастыру қажет. Мәселен, қате жасағанда оған налымай, оны жібергені үшін үйренушіні жазаламай (төменгі баға қою, ескерту жасау, сөгу, т.б.), қатенің үйренуде алатын маңызды рөліне назар аударған жөн. Шындығына келсек, ешнәрсе жасамаған адам ғана қателеспейді, қате жасамай біз үйрене алмаймыз. Жазалаудың орнына жіберген қателерді талдап, дұрыс қорытынды шығарып, оларды болашақта қайталамаудың жолдарын қарастыру қажет.
Егер үйренушінің бойында өз ісінің ұтымды әрі игі нәтижелі болатындығы туралы сенім қалыптаспаса, оның үйренуге деген ықыласы мен ынтасының төменгі дәрежеде болуы хақ. Сол себепті де үйрену процесінде сәттілік жағдайын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөліп тұрған жөн.
Сәттілік жағдайын келесі түсініктерді басшылыққа алу арқылы қалыптастыруға болады:
- басты назарды жұмыстың сәтті шыққан жерлеріне аудару (мәселен, сабақ соңындағы кері байланыста студенттер «Өз жұмыстарыңыздың қандай жерлері сәтті болды деп ойлайсыздар?», «Қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер?» деген секілді сұрақтарға ауызша не жазбаша жауап береді);
- жіберген қателерді кемшілік ретінде қабылдамай, оларды үйренудің заңды көрінісі деп түсіну, қателерді түзетуді үйренушілердің өздеріне тапсыру;
- жазалау шараларын (мәселен, төмен баға қою, ескерту жасау) түзету әрекеттерімен алмастыру;
- «сөйлеу» ұғымын «әңгімелесу» ұғымымен алмастыру;
- әр үйренушіні дәрежесі тең тұлға ретінде сыйлау және оған ілтипат көрсету, студенттердің әрбір ниеті мен әрекетін қолпаштау, олардың сеніміне ие болуға ұмтылу, олармен жылы сөйлесу секілді «жұмсақ», «ұстамды», «сабырлы» қарым-қатынастық тәсілдерді қолдану;
- әр үйренушіні атқарған жұмыстарының қорытынды нәтижелерінің сәтті шығатындығына сендіру, оларды өздерінде жеңімпаз сезімін қалыптастыруға ынталандыру.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.
2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000.
3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психология и педагогика».-Москва, 2004. 4.М.Жұмабаев. «Педагогика».1991
Лекция 5. Әлеуметтік өзара іс-қимыл.
