Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsia_mu_1171_k_1241_sibi_bagdary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.14 Кб
Скачать

Оқушылармен жұмыс

Оқушылар пікірі топ орталығы немесе оқушыларды зерттеушілер рөліне белсенді тарту арқылы қолданылуы мүмкін. Олар үдеріске басшылар ретінде машықтанып тартылуы мүкін.

Осы кезеңде өзіңіздің дамыту жөніндегі жұмысыңызға басқаларды қалай тартқаныңызға баға бере отырып, 9-тапсырманы өткізу пайдалы болар еді. Осыдан кейін, егер бұл өз мақсаттарыңызға жетуге қызмет етсе, сіз бірлескен жұмысты бұдан әрі жүргізу жоспарын жасай аласыз.

7-тақырып 9-тапсырма: Басқаларды дамыту жөніндегі жұмысқа тарту

6-қадам Сауалнамаға негізделген даму жөніндегі жұмысқа басшылық жасау

Оқытуды басқару мен жүргізудің ойдағыдай болуы өте сирек. Мұғалімдер құрылған жоспардың барлық элементтерінің іс-әрекет барысында қолданылуын қиындататын сауалнамаға негізделген дамыту жөніндегі жұмысты жүргізуде бірқатар қиындықтарға кездеседі. Оның орнына оларға жаңа тәсілдер жоспарын жасауға тура келеді. 10-тапсырма сізге өзіңіздің жеке қиындықтарыңызды анықтауға және оларды жеңу тәсілдерін білуге көмектеседі.

7-тақырып 10-тапсырма: Қиындықтарды жеңу

Кез келген дамыту жұмысындағы ең маңыздысы дамыту жұмысы кезінде пайдаланылатын деректер қоры болып табылады. Дамыту жөніндегі жұмыстың бағытын жеткізу үшін оқушыдан кері байланысты қолданатын мұғалімнің төменде берілген үлгісін қарастырыңыз.

Кері байланыс тұрғысынан басқару іс-тәжірибесі

Ширли Вэлентайн қоғамды өз оқушыларының білім алуына тартқысы келді. Ол оқушылар егде адамдармен мүмкіндігінше көбірек араласса, өте жақсы азаматтар болады деп ойлады. Ол бұл туралы өзін осы жұмысқа жігерлендірген мектеп директорымен сөйлесті.

Бірінші кезең жергілікті қоғам куәгерін 6-шы Жылдық сабаққа қатысуға шақыру болды. Куәгер 1928 жылы туылған қарт/егде әйел болып шықты. Оқушыларға оның жасы туралы алдын ала айтылып, уақыт шәкілі жасалды. Балалар сол қарт/егде әйелдің туылған жылынан бастап уақыт шәкіліндегі (шкала времени) шешуші оқиғаларды толтыру үшін негізгі мектеп көздерін және интернетті пайдаланып, бірге шағын топтарда жұмыс істеді. Әрбір топ уақыттың ерекше аралығына екпін түсіре отырып, келген қонаққа сұрақтар дайындады. Балалар жазбалар жазып алды да, қонақ кеткеннен кейін, карточкаларға қысқаша хабарламалар жазды. Оқушылар оларды шәкілге (шкала) фотосуреттермен және басқа да табылған бейнелермен бірге жапсырып қойды. Олар, мысалы, қонақ әйел антибиотик ойлап табылғанға дейін медбике болғанын және карболканы гигиеналық мақсатта пайдаланғанын білді.

Ширли ата-аналар арасында түсініктемелерге арналған сауалнаманы толтыруды сұрады, ол сауалнамада мынадай сұрақтар болды: Сіздің балаңыз қонақ әйел қатысқан сабақ туралы сізге айтты ма? Сіздің балаңыз осы кездесуден не білді деп ойлайсыз? Мұғалім оқушыларға түсініктемелерін парақтарға жазып, тақтаға ілулерін сұрады. Осыдан кейін Ширли сынып алдында түсініктемелерді оқыды, ал егер де балалар сол не өзге түсініктемелермен келіспеген жағдайда қол көтерулерін сұрады. Ширли айтылған пікірлер туралы ой қозғады. Пікірлердің барлығы жағымды болды, бірақ оқушылардың көбі уақыт аралықтарына қыстырылған карточкаларда не жазылғанын түсіне алмағандарын айтты. Карточкаларға жазбалар жазған оқушылар көп нәрсені білді, бірақ ұжым ретінде білетін нәрселер туралы біле алмады.

Ширли сабаққа қонақты екінші рет шақырған кезде, оның оқушылары жұп-жұппен жұмыс істеді және ол жаңа кезеңді тапсырмаға енгізді. Қонақ кеткеннен кейін, сынып қонақ туралы не білгендерін талқылауға кірісті, содан кейін тарихи уақыттың осы кезеңдері туралы өздерін сенімді сезінетін оқушыларға бекітіп берілген тапсырмаларды жаза бастады. Сосын жұптарға карточкаларға жазылған ақпарат берілді, сондай-ақ сол ақпарат барынша ауқымды болатындай тәсілмен компьютерлерді қолдануға рұқсат етілді. Оқушылардың жұптары интернет материалдарын басшылыққа ала отырып, тарихтағы өз бөлігін кеңейте алды, мысалы, қонақ ауруханаларда «карболканы» пайдаланғандары туралы айтқан кезде, оқушылар осындай ақпаратты іздеп, «карбол сабыны таскөмір шайырынан жасалған және екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін техникалық дүкендерде сатылған. Ол әлі де сол кездегіні еске түсіретін, ескі үлгідегі заттарды тұтынғысы келетін адамдар үшін интернет арқылы қолжетімді» деген хабарламаны тапты.

Бұл тарихтың сапасын және ол туралы елесті күрт өзгертті. Басқа оқушыларға соңғы материалды көрсетілім ретінде оқып шығу ұсынылды.

Сіз де заттардың қалай өзгергенін немесе дамығанын көрсету үшін деректер жинай аласыз. Содан кейін осы деректерді басқаларға өз жұмысыңыздың әсерін көрсету үшін пайдалануға болады. Сіз жинаған деректер, сондай-ақ оларды жинақтау тәсілі сіздің бастапқы мақсатыңызбен үйлесуі өте маңызды. 11-тапсырма сізге дамыту жөніндегі жұмысыңызда өзіңізге қолдау көрсететін деректер жинау тәсілін қалай таңдау керектігі туралы кейбір ұсыныстарды береді.

7-тақырып 11-тапсырма: Деректер жинауды жоспарлау

Сауалнама сізге өзіңіздің жеке оқытуыңызды бағалауға және өзіңіздің жеке түсінігіңізді дамытуға көмектеседі, бірақ егер де сіз шынымен де мектебіңізде оқыту мен үйренуді нығайатындай жақсартқыңыз келсе, сіз өзіңіз пайдаланатын деректердің маңызды мәні бар екеніне көз жеткізуіңіз қажет. Өз жұмысыңыздың әсерін барынша арттыру үшін, сіз кәсіби мәнмәтінде толғаныстар мен талқылауларды ынталандыру үшін айғақты пайдалана аласыз, сондай-ақ әріптестеріңіз жағдайды қалай қабылдайтынына әсер ете аласыз.

Лекция 15.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]