Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsia_mu_1171_k_1241_sibi_bagdary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.14 Кб
Скачать

Жұмысты дамытуға басшылық жасау

Өзгерістерді басқару үшін бірлескен жұмыс

Іс-тәжірибеде тәжірибе (эксперимент) жасау

Деректерді жинау және пайдалану

8-тапсырма сіздің іс-әрекет жоспарыңызды дамытуға көмектеседі.

7-тақырып 8-тапсырма: Іс-әрекет жоспарын әзірлеу

Сіздің іс-әрекет жоспарыңыз әрқашанда уақытша мерзімді болады. Сіз мектеп жағдайында жоба қалай жүзеге асатындығын болжай алмайсыз және проблемалардың/мәселелердің пайда болуы мүмкін екендігіне дайын болуыңыз керек. Сіз жоба барысында туындайтын бастамалар мен түсінік бағыттың өзгеруіне әкелетінін байқауыңыз мүмкін. Сондықтан сіз жоспарды қайта қарау үшін және оны түзету қажеттілігіне қарай түзету үшін сақтауға міндеттісіз. Егер сіздің жоспарыңыз түбегейлі өзгерсе, онда сіз әріптестеріңізбен және қызығушылық білдірген тараптармен жаңа жоспар күшінде екеніне және оны басқалар қолдайтынына көз жеткізу үшін кеңесу керексіз.

2-кезең: Дамыту жобасын жүргізу (мектепте)

Шолу

Өз мектебіңіз жағдайында өткізілетін екінші кезеңде сіз дайындық кезеңінде әзірлеген дамыту жобасын өткізесіз. Осы сіз оқытуға басшылық жасаған және басқарған кезең сіздің іс-әрекет жоспарыңыздың элементтерін аяғына дейін жасау үшін басқалармен келісуді, мүмкіндігінше, қатысушыларды қамтамасыз етуді және сіздің жоспарыңызды қолданысқа енгізуді қамтиды.

5-қадам Жоспарды нақтылау үшін келісу және кеңесу

Барлығына өзіңіз қол жеткізуге ұмтылғаннан гөрі басқаларды өзіңізбен бірге әрекет етуге тартуыңыз жоспарыңызды мектепте жүзеге асыру барысында өте маңызды болып табылады. Ынтымақтастық негізінде өзгерістерді басқару қызметі әр түрлі мәнмәтіндерде қарастырылады.

Әріптестермен және қызығушылық білдіретін тараптармен кеңесу

Жеке даму және іс-әрекеттер жоспарларын жазудың түбегейлі мән-мағынасы қызығушылығы бар тараптармен, әлеуетті қатысушылармен және дамыту жөніндегі жұмысты қорғау және проблемаларды/мәселелерді жеңу үшін сізге қолдауы қажет тұлғалармен кеңесу мүмкіндігіне ие болу. Бұл көбіне жоспарды талқылау және оны талқылаудан кейін бекітуге дайын болу үшін жекелеген кісілермен және топтармен отырыс түрінде өтеді.

Әріптестерге және қызығушылық білдірген тараптарға кеңес беру

Кеңестерді бір реттік оқиға ретінде емес, бәрінен бұрын, үздіксіз үдерістің бастамасы ретінде қарастыру керек. Егер әріптестер мен басқалар іс-әрекет қойылған мақсаттарға қарсы келетіндей күрт өзгереді деп мазасыздана бастаса, дамыту жұмысы қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Командаларда жұмыс істеу

Мектептердің көпшілігінде, командалар мекеменің азды-көпті сипаты болып табылады. Бар командалар, сірә, бірлескен іс-әрекеттерді жоспарлау немесе баға сияқты барынша айқын мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

Мектеппен серіктестік қарым-қатынас орнату

Мұғалімдер дамыту жұмысын әріптестік қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында бірлесе бақылау, басшылық ету, жаттықтыру немесе басқа іс-әрекеттер үшін ұйымдастыруы мүмкін. Мысалы, ғылыми бөлім оқыту әдістері мен пән тақырыбы арасындағы байланысты зерттеу тәсілі ретінде көркемөнер бөлімімен бірге салыстырмалы зерттеу жүргізуге келісуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]