- •1 Лекция. Кіріспе. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін
- •1. Бірлескен топтық жұмыс
- •1. Өзара позитивтік тәуелділік.
- •2. Бетпе-бет тұрғыдан өзара әрекеттесу.
- •3. Жеке жауапкершілік.
- •4. Тұлға аралық жұмыс дағдылары.
- •5. Топтың дамуы.
- •Бірлесе оқудың элементтері
- •Нәтижеге бағытталудың мақсаттары мен міндеттері
- •Мәдениет дегеніміз не?
- •Жағымды психологиялық орта орнату
- •1. Үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайсымен өзара сыйластыққа негізделген жеке қарым-қатынас орнатуға мүдделі болу.
- •2. Қарым-қатынаста қысымнан бас тартып, «жұмсақ» әдістерді қолдану.
- •3. Әрбір үйренуші мен бүкіл топ жұмысына көмек пен жәрдем жасау, қол ұшын беруге дайындық.
- •5. Жағымды (позитивтік) және конструктивистік көзқарас ұстану, ешкімді де, ешнәрсені де (өзгенің пікірі мен көзқарасы) сөкпеу, даттамау.
- •Жұмысқа әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру.
- •Шығармашылыққа негізделу, шығармашылық тұрғыдан қатысушылардың ашылуына мүмкіндік беру.
- •1. Оқудағы кедергілерді анықтау.
- •2.Оқудың аффективтік теориясы, оқушыларды ынталандыру.
- •Мотивация тудыру немесе қызығушылықты ояту
- •2. Үйренушілер талқыланатын тақырыпты кең ауқымды контексте қарастырады.
- •3. Үйренушілер белсенді болады.
- •4. Үйренушілер ізденіс, зерттеу және талдауға негізделген шығармашылық жұмыстарға жұмылады.
- •Мотивацияның ережелері
- •Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері
- •Сәттілікке бағытталу
- •1. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
- •2. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
- •1 Интербелсенді әдістеме - өзара әрекеттесу, әрекет арқылы үйрену/үйрету
- •Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
- •6 Лекция. Оқудағы кедергілер.
- •Неліктен оқушылар ашық тапсырмаларды аса күрделі деп санайды?
- •Неліктен бірлескен жұмыс маңызды?
- •Мұғалімдер оқушылармен қалайша жақсы қарым-қатынас орнатты?
- •Дарынды және талантты балалардың әлеуетін қалай анықтай аламыз?
- •Диалог – адамгершілікті иемденудің негізгі құралы
- •Диалог – адам өмірінің мәні мен мақсаты
- •Тұлға аралық қарым-қатынас мақсаттарын айқындайтын етістіктер
- •3.5 Диалог арқылы оқыту және ұстаздардың ынтасы
- •Тәжірибеде оқытуды басқару және көшбасшылық
- •Жұмысты дамытуға басшылық жасау
- •Әріптестермен және қызығушылық білдіретін тараптармен кеңесу
- •Командаларда жұмыс істеу
- •Мектеппен серіктестік қарым-қатынас орнату
- •Оқушылармен жұмыс
- •Кері байланыс тұрғысынан басқару іс-тәжірибесі
- •1.2 Бағалаудың мағыналары туралы
- •Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктері
- •«Бағалаудың алты қағидасы»
- •2. Бағалау тәсілдері
- •2.1 Тестілеу
- •1. Қысқа жауапты қажет ететін ашық тестер
- •Pisa тестері туралы
- •Оқушылар сіздің тізбектелген сабақтарыңыздың тақырыбына қатысты
Неліктен оқушылар ашық тапсырмаларды аса күрделі деп санайды?
Оқушылар ашық тапсырмаларды күрделі (мысалы, гуманитарлық ғылым саласында шешім қабылдауды талап ететін жаттығулар, ғылыми эксперименттер және математика саласындағы проблемаларды шешуге бағытталған тапсырмалар) деп санады, себебі мұндай тапсырмалар оларға өз идеяларын зерттеуде және дамытуда көбірек еркіндік береді. Мысалы, география пәнінен «Сауда» тақырыбындағы ойында оқушылар әр елді білдіретін топтарға бөлінді. Әр елге олардың экономикалық дамуына қарай әр түрлі ресурстар бөлінген болатын. Қажетті өнімді шығару үшін басқа елдермен сауда-саттық жүргізу қажет болды. Бұл ойын кезінде мұғалім нақты әлемдік сауда-саттыққа еліктеу үшін квоталар мен жеңілдіктер енгізе отырып, Дүниежүзілік банк рөлін орындады.
Жоғары дәрежелі ойлау дағдылары ашық тапсырмаларды қалайша күрделі етеді?
Сабақта жүргізілген бақылау көрсеткендей, ашық тапсырмалар шынымен де күрделі болуы үшін олар жоғары дәрежелі ойлау дағдыларын қамтуы тиіс – оқушылар қолданар алдында ақпаратты талдап, мәлімдемені немесе әрекетті негіздеп, немесе ақпаратты бағалауға тиіс. Мысалы, неміс тілі сабағында оқушылар әр түрлі тіркестер жазылған домино алды, олардан оқушылар өз сөйлемдерін құрастыруы тиіс. Оларға кім ең ұзын сөйлем құрастыра алатынын көру үшін бірнеше сөйлемдерді бірге топтастыруға немесе сабақтастыруға ұсыныс жасалды.
Күрделілік деңгейі төмендеу сабақтың мысалы ретінде оқушыларға кітаптар мен Ғаламтордағы ақпаратты қолдана отырып, Антрактидаға экспедицияны жоспарлап, содан кейін ол бойынша есеп жазуға ұсынылды. Егер оларға бұл ақпаратты экспедиция неліктен сәтсіз аяқталғанын шешу үшін қолдануға тура келген болса, оқушылар жобаны анағұрлым күрделірек деп санар еді.
Неліктен бірлескен жұмыс маңызды?
Барлық тапсырмалардың ішінен оқушылар бірлесе жұмыс істеуді (мүмкіндігінше қабілеттілік деңгейі бірдей қатарластарымен) талап ететін тапсырмаларды ең күрделі деп санады. Оларға жай ғана «дұрыс жауап» бергеннен гөрі, ойын дауыстап айтуға және идеяларға эксперимент жүргізуге тура келгенде қиын тиді. Жоғарыда аталған ағылшын тілі сабағында оқушылар неліктен Макбет кісі өлтіргіш болғанын дәлелдейтін аргументті табу үшін топтарда жұмыс істеді. Тапсырманы орындау барысында мұғалім әр топқа барып, мынадай сұрақтар қойды: «Егер ….., қалай болар еді?» және «Иә, бірақ сіз … туралы ойладыңыз ба?». Оқушылар бұл тапсырманы аса күрделі әрі тиімді деп санады, себебі топтық жұмыс әртүрлі идеялармен алмасуға негіз болды.
Мұғалімдер оқушылармен қалайша жақсы қарым-қатынас орнатты?
Оқушылар күрделі тапсырмаларды орындаған кезде олардың мұғалімдері:
• оқушыларды сыйлаған және олармен әңгімелесуден рақат алған жағдайда ;
• өз пәнін жақсы көрген жағдайда;
• тәртіпті және пән бойынша жақсы білімі болған жағдайда;
• жақсы жоспарланған және мақсатқа бағытталған сабақтар өткізген жағдайда;
• өзін еркін және ашық ұстаған жағдайда;
• шекараларды нақты белгілеп, анықтаған жағдайда өздерін сенімді сезінді.
Күрделі тапсырмаларды әр сабақта қолдану қажет пе?
Оқушылар өз мүмкіндіктерін әр сабақта көбірек қолданғысы келмейтінін айтты. Күрделі тапсырмаларды орындау олардың білімдерін және сабаққа қанағаттану деңгейін арттырғанына қарамастан, егер әр сабақ күрделі жүктемелерге бағытталған болса, олар өздерін қатты шаршағандай және оларды толығымен орындай алмайтындай сезінер еді.
Бұл зерттеу қалайша әзірленді?
Кэролин мұғалімдер оқушылардың толық әлеуетін анықтау үшін қандай стратегияны қолданатынын білу үшін бұл жылы MIDYIS және SAT тестілеу нәтижесі бойынша топтың аса қабілетті оқушылары деп анықталған 9-сыныптың тоғыз оқушысынан сұхбат алды және төрт сабақта (математика, шет тілі, ағылшын және АКТ) бақылау жүргізді.
Бұл зерттеулердің сізге және сіздің оқушыларыңызға қандай пайдасы бар?
Кэролин зерттеуі оқытудың өнімділігін арттыру үшін ашық тапсырмаларды қолдану қажеттігін қарастыруды еске түсіреді. Сонымен қатар зерттеу көрсетіп отырғандай, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беріліп, қарама-қайшы идеяларға
эксперимент жасау үшін қолайлы жағдай тудыруда көмек көрсету арқылы тапсырманың күрделілік деңгейін арттыруға болады.
Сіз оқушыларға ұсынған ашық тапсырмалар күрделі ақпаратты өңдеуге және талдауға бағытталған жоғары дәрежелі ойлау дағдыларын қамтитындығына көз жеткізу үшін тағы не істей аласыз? Сіз әріптестеріңізбен өзіңіздің осы мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін әр түрлі тәсілдер туралы идеяларыңызбен бөлісе аласыз ба?
Топтарда олардың әлеуетін және қатысуға қызығушылығын анықтауға себеп болатын жұмыс істеу үшін жоспар әзірлей аласыз ба? Қабілеттері ұқсас және әртүрлі құрдастарымен топта жұмыс істейтін дарынды және талантты оқушылардың нәтижелеріне мониторинг жүргізу пайдалы деп санайсыз ба?
Сіз оқушыларға олармен жұмыс істеген ұнайтындығын және олардың пікірлерін бағалайтындығыңызды көрсете отырып, эксперименттер үшін өздерін ашық сезінуге көмектесу үшін не істей аласыз?
Оқушыларға кеңес беру сіздің және олардың оқуларының алға басуы үшін пайдалы болады ма?
Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға жетіп қалуы, бірақ басқасында аздап «ақсауы» мүмкін.
Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылық, бұл зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талант – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырады. Кейбір зерттеушілер өз бетімен қараудың маңыздылығын екі санатпен қарастырады: дарындылық қанша дегенмен олардың пікірінше қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік аффективке және т.б.) көбірек жатады, ал талант түрлі саладағы неғұрлым жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады дейді. Талантты кейде кемеліне жету және ұлы жетістіктермен байланыстырады, бірақ кейде ол көптеген құзыретті субъектілердің аздаған санына ғана тиесілі болып қалады.
Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:
орта қабілеттіліктен жоғары;
тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;
шығармашылықтың жоғары деңгейі.
Қорытынды
Қазіргі уақытта дарынды және таланттыларды моноаспектілік аясында (мысалы, жоғары IQ) қарастырудан бас тартып, көпаспектілік пайдасына қарай ауысу үрдісі қалыптасуда, ол ерекше қабілеттердің кең ауқымын көздейді.
Қабілет пен қасиетке қатысын анықтайтын мәдени құндылықтар дарындылық пен таланттың кез келген тұжырымдамасының маңызды құрамы болып табылады.
Бағдарламаның рәсімі мен мазмұнын анықтау мультимәдени келешектің тең дәрежесін қамтуға тиіс.
Әлеуметтік, эмоционалдық және ынталандыру факторлары дарындылық пен таланттың маңызды аспектілері тұрғысынан қарастырылады.
Оқуға қызығушылық және тілдік дағды сияқты мінез-құлық сипаттамалары, сондай-ақ абстрактілі ойлау дағдылары, білімнің жоғары деңгейі, білімге құштарлық пен ынта дарынды және талантты оқушыларды табуда өте пайдалы болмақ.
Әлеуетті анықтау және оның тиімділігін көрсету неғұрлым маңызды.
Қабілеттілік әлеуетін іске асыруда оқушыларға құзырлы көмек көрсету үшін мұғалімдерге бай әрі көпаспектілі тәжірибе қажет.
Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылардың оқу үлгерімі артқан сайын, олардың академиялық жетістіктері ресми тіркеліп, ол баланың таланттарын көрсететін портфолиоға қосылуы мүмкін. Оқыту және оқу тәжірибесінде белгілі бір жастағы балалардан көріне бермейтін ойлаудың барынша толысқан түрі кездеседі, немесе күнделікті оқы мәнмәтінінде қолданылмайтын, әдетте оқудан тыс кездері көрініс табатын, назар аударуды талап ететін оқушының зияткерлік дарыны, жоғары әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері кездеседі. Оқушының дарындылық және таланттылық ауқымын анықтауға көмектесу үшін баланың мінез-құлқының сипаттамалары енгізілген бақылау үлгілері жасалды, мысалы: «өте әсершілдік танытады, өз пікірін білдіреді» немесе «өзіндік әзілі бар».
Мұғалімдер дарынды және талантты оқушыларды қалай анықтайды?
Білім беру саласын жетілдіру зерттеулері жөніндегі АҚШ офисі (1993) мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:
талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;
мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Бейімділігі:
оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті жетістіктерін анықтау;
ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану.
Таланты:
оқушылардың жетістігі үшін түйінді маңызы бар ынталандыруды шұғылдық және эмоционалдық тұрғысынан бағалау.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Мұғалімдердің дарынды балалардың мінез-құлқын ұғыну сипаты олардың осы проблемаларды түсіну және ол үшін қам жеу дәрежесін көрсетеді. Мәселен, кейбір мұғалімдер дарынды балалардың әдеттен тыс идеялар ұсынуға бейімділіктерін ынталандырады, ал кейбіреулері – мұндай мінезді тәртіпбұзушылық деп санайды. Кейбір мұғалімдер дарынды балалардың кездейсоқ шешімдерге күмәнмен қарау бейімділігін қош көреді, ал кейбіреулері – мұны сыйламаушылық деп біледі. Кей кездері онша қолайсыз тәртіп көңіл қалғандықтың нышаны болуы ықтимал. Әдетте ақпаратты тез игеріп алатын оқушылар негізгі қағидаттарды жеңіл аңғарады, олар зияткерлік тапсырмаларды жақсы көреді және де жекелеген оқу кезеңін айналып өтеді, сондықтан егер бағдарламаның сол тапсырмаларын және сыныптағы басқа оқушылармен бірдей жылдамдықта орындау қажет болған жағдайда, олардың іштері пысады, сосын олар алаңдай бастайды. Мұндай оқушылар «сыныптың күлдіргішіне» айналып, сабақтың өту тәртібін бұзады, немесе өзінің бойындағы оқуға деген ықыласын басады. Сондықтан мұндай оқушыларды проблемалық субъектілер ретінде қарамай, мұғалім оқушылардың дарындылығы мен таланты тұрғысынан осындай жағымсыз тәртіптің шығу себебін анықтап, оларға сәйкес келетін жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылуы маңызды.
