Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МШС finish.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

48. Оқпан айналасындағы қазбаларды қазудағы маркшейдерлік жұмыстар. Алдын ала ескертулер

Негізгі қазбаларға бағыт беруде келесі жобалық мәліметтер қолданылады:а) оқпаналбары қазбаларының және басқа кен қазбаларының сызбасы; б) бекітпелері және қимасы бір үлгілі учаскелердің көлденең тіліктері; в) әр қазбаның тасымалық жолдарының профильдері. г) оқпаналбарындағы қабылдау алаңы шегіндегі қат (пласт) табаны және төбелерінің вертикаль тіліктері.

36 сурет- Оқпан айналасындағы қазбалар сызылғысы.

Камера үңгілеуде бағыт беру үшін қолданатын мәліметтер: а) камера және кен қазбаларының камера орналастыру орнының сызбасы; б) вертикаль бойлық тіліктер, қазбалар осі бойымен (камера) және оларға шектесетін қазбалардың көлденең тіліктері.

Оқпан айналасындағы қазбаларды үңгілеуде бағыт берудің алды, жобалау полигонының жәй схемасын оқпаналбарының күрделі схемасымен қиыстыру. Оқпаналбарының жәй схемасы 36 суретте көрсетілген. Схемеда: оқпан центрі Ц, оқпан осі MN, түзусызықты учаскелердің ұзындығы, бұрылыс бұрыштары, дөңгелектеу радиусы, қазбалардың көлденең өлшемдері жеке учаскелерде қазбалардың көлбеуі.

Жобалық полигонды құрудың алдында, барлық қисықсызықты учаскелерде, жеке элементтердің сандық мәндері, дөңгелеу радиусы R, бұрышы, қисықтың ұзындығының өзара байланыстары тексеріледі. Жобалық полигонның схемасы, оқпан айналасындағы қазбалардың схемасы негізінде жасалады.

37- сурет. Қисықсызықты учаскедегі нүктелерді бөлу сызылғысы.

Полигон жобасын жасауда қазбалар сызылғысы, оқпан центрі және осі бастапқы мәліметтер болып келеді. Полигонда түзусызықты және қисықсызықты учаскелердің бастапқы және соңғы нүктелерін белгілейді. Қисықсызықты учаскелеріндегі дөңгелеу схемасында графикалық түрде ірі масштабпен немесе аналитикалық есептеулермен нүктелерді белгілейді. Соңғысында, дөңгелеу бұрышын , радиус R және қазбаның енін ескере отырып, ұзындығының ең жоғары шегіне (хорда) сәйкес келетін орталық бұрыш табылады. 37 суреттен

осыдан немесе .

бұрышын анықтағаннан кейін, берілген қисықсызықты учаскесінде байланысын қолдана отырып, п қабырғалар санын анықтаймыз, бұрышын ұлғайтуға шек қойылған.

Қабырғалар ұзындығын мына формуламен есептейді

Қисықтың бастапқы , соңғы және орталық және бұрыштарын келесі теңдеумен анықтайды

және

Жобалау полигоны тұйық пішінді болып келеді. Полигон бұрыштарының анықталу дұрыстығын нақтылық және теориялық қосындыларын салыстырумен тексеруге болады.

сыртқы бұрыштар үшін

ішкі бұрыштар үшін.

Полигон нүктелерінің координаталарын жер бетімен ортақ координаталар жүйесінде немесе шартты координаталар жүйесінде есептеуге болады.

Жобалық полигонда сандық мәнінің қиыспаушылығы жорамал шамадан артып кетсе, (сызылғы масштабы ескеріледі) есептеу кезінде немесе жобалық мәліметтердегі мүмкін қателерді айқындап, жою қажет. Жобалық полигонды ұштастыруда әдеттегі тәсілмен түзетпе енгізеді және оларды түзусызықты учаскелердің барынша үлкен жағына енгізеді, қазба тоғысын ұштастыру және дөңгелеу кезеңдері өзгеріссіз қалады.

Жобалық полигонды вертикаль жазықтықта (биіктігі бойынша) ұштастыруда, біріншіден өрескел қателер жібермеу үшін, жеке қабырғалардың жобалық профильдерін тексереді, содан кейін берілген көлбеулер мен ұзындықтары бойынша өсімшелері анықталады. Есептеу кезінде қателіктерді болдырмау үшін, полигонды ұштастыруды сызбада және вертикаль жазықтықта тексерумен бақылайды. Полигон ұштастырудың соңында: полигон бұрыштары, аралық ұзындықтар, полигон нүктелерінің координаталары және дирекциондық бұрыштары көрсетілген масштабы 1:200 немесе 1:500 сызылғы және таблица құрастырады.

Оқпан айналасындағы қазбалардың сызылғысында, жоғарыда айтылғандай жобалық өлшемдері қазбалардың осінен емес, қазбаларда төселетін рельс жолдарының осінен өлшенсе, полигон табанын жасағанда, қазбалар тармағында төселетін рельстің бұрау тілдері ескеріледі. Бұрау тілдерінің өзгеше нүктелері және жеке элементтердің шамалары арнайы сызбаларда (эпюрлер) беріледі. Осы элементтерді ескере отырып (бұрау центрі, рамалы рельстің басы мен аяғының центрге дейінгі арақашықтығы, айқыш (крестовина) центрі) полигонды және бұрау тілін натурада бөледі.

Рельс жолдарын дөңгелеуде төсеген кезде, түзусызықты учаскелердің қисықсызықтылар-мен тоғысуына ерекше көңіл бөледі. Қисықсызыққа өту кезінде ішкі рельстерді қисық дөңге-леуіне жылжытып, табанаралығын кеңейтеді және сыртқы рельстерді ішкілерге байланысты көтереді. Табанаралығын кеңейту және сыртқы рельстерді көтеру, қисыққа өту аралығында жасалады. Өтпелі қисықтарды бөлу мәліметтері жобада көрсетіледі.

49. Оқпаналбары қазбаларының табан жазықтығын бөлу.

50. Оқпаналбары қазбаларын кесу (рассечка) жұмыстары.

51. Оқпан албарында оқпан өсін (көтеру өсі) бөлу.

52. Оқпан албары қазбаларын трассалау.

53. Қазбаларды түйістіруде қарама-қарсы забойлармен үңгілеудегі маркшейдерлік жұмыстар туралы жалпы мәлімет.

54. Қазбаларды түйістірудегі маркшейдерлік түсіру жұмыстары.