Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МШС finish.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

9. Жобалық бұрыштарды жергілікті жерге көшіру.

10. Жобалық арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіру.

11.Бөлу элементтерін көшіру.

 ескере отырып S арақашықтығын салады. Тексеру үшін А және С нүктелерінің арақашықтықтары өлшенеді және олардың жазық жатысын есептелген мәндермен салыстырады.

3-сурет. Горизонталь бұрышты жобадан жер бетіндегі

орынына көшіру сызбасы

4-сурет. Нүктенің биіктігін аспаптың деңгейі арқылы көшіру

Жобалық белгіні көшіруде аспаптың горизонт тәсілін қолданады (4 сурет). Аспаптың горизонты Нгп мына формуламен есептеледі

Нг п = НА + а

Мұндағы НА- бастапқы репердің биіктігі; а – бастапқы репердегі рейкадан алынған есеп.

Аспаптың горизонтынан Нс нүктесінің жобалық белгісіне дейінгі арақашықтыққа сәйкес келетін b есебі рейкадан алынады.

b = Нг п с,

С нүктесін бекітетін рейканы істік (штырь) бойымен жылжытып , рейканың табанын b есебінде белгілейді.

Бөлу кезінде жүргізілетін барлық өлшемдер, бөлу журналына енгізіледі. Журналға бөлудің датасы, бастапқы белгілі шамалар, жобалық сызбалардың нөмірлері, бөлу элементтері жазылады. Бөлу сызбасында жұмысты орындаушы және учаскенің бастығы қолдары қойылады.

12. Бұрыштар мен арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіруге дайындау үшін алдын ала есептеулер.

13.15 Горизонталь жобалаудағы бөлу жұмыстары. Жалпы ескертулер.

Жоғары механикаландырған

шахталардың өндіріс алаңы, бір бірімен технологиялық байланысты, ірі

блокты құрылымдармен, ғимараттармен сипатталады. Құрылыс жұмыстары

басталмай тұрып, өндіріс алаңында, қабырғалары шахтаның оқпан осьтеріне

параллель болатын, тік бұрыштар жүйесімен құрылыс торларын құрады.

Құрылыс торларын құру, шахтаның оқпан осін, ғимараттарды, инженерлік

коммуникацияларды, көлік жолдарын, өндіріс алаңына жоғарғы дəлдікпен

көшіруге мүмкіндік береді.

Жобалау тобы, бас планның сызбаларына сүйене отырып, бөлу

жүйесінің жобасын дамытады. Тордың негізгі пункттерін тікбұрыштардың

төбелеріне, ал қосымша пункттерді негізгілерінің створына орналастырады

(15-сурет). Негізгі пункттердің қабырғаларының ұзындығы 80-350 метр

аралығында қабылданады; центрдің орналасу орны мен конструкциясы

табиғи қоршауға жəне құрылыс тұрғызылатын грунттың сипаттамасына

сəйкес болуы тиіс, жəне негізгі пункттің ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз

етуі керек. Негізгі жəне қосымша пункттер саны, бөлу жұмыстарын жоғары

дəлдікпен жүргізу қолайлығын қарастырады. Осьтердің бағытын торлар

қабырғалары бағытымен түйісетін пункт координаталарын аналитикалық

шартты жүйесінде анықталады. Жобаның түсіндірмесінде координаталар мен

биіктік жүйелері, бастапқы пункт, негізгі жəне қосымша пункт сызбалары,

торларды құру əдісі жəне техникалық өлшеу құралдары көрсетіледі. Жобаға

құрылысқа қажет смета - қаражат есебі тіркеледі.

14. Бөлуге арналған тірек торлар пункттері.

Бөлу жүйесінің бірінші пунктін көшіру маркшейдерлік тірек жүйесінен

басталады; бірінші пункттің, екі рет анықталған, орынының қателігі 0,2

метрден аспауы тиіс.

2–ші разрядты полигонометрия жүрісі құрылып, торларды

теңдестіргеннен кейін, негізгі пункттерді реттейді. Реттеу жұмыстары кезінде

абцисса мен ордината осьтеріне түзету енгізуді анықтайды, теңделген

координата пунктін жобалықтан шегеріп, осьтерге түзету енгізеді, металл

пластинаға сызылған пункттің төбесі анықталады, центрдің түзетілген орнын

белгілейді. Бөлу жұмыстары пункттерінің координаталары жобалау

мөлшерінен өзгешелігі шамалы пункттен бастаған ыңғайлы.

Негізгі пункттерді реттегеннен кейін, өлшеу бақылаулары жүргізіледі,

90° немесе 180° өлшенген бұрыштар ауытқуы 30² аспауы тиіс. Қосымша

пункттерді негізігі пункттердің үштігіне орналастырады, қосымша

пункттердің орнының үштіктен ауытқуы 5 мм аспауы тиіс.

Торлардың барлық пункттерінің биіктіктерін, IV класс нивелирлеу

жүргізу арқылы анықтайды.

Кішігірім шахта өндіріс алаңын салуда, технологиялық жабдықтар

жеке байланысы жоқ ғимараттарда орналастырса, арнайы бөлу торларын

салмауға рұқсат етіледі. Бұл кезде бөлу жұмыстары шахта оқпанының осінің

бойында орналасқан пункттерден жəне осы пункттермен байланысты

теодолиттік жүрістермен орындалады. Оқпаннан 300 метрден аспайтын

жерде орналасқан маркшейдерлік тірек жүйелерінен оқпан центрін жер

бетіндегі орынына екі қайтара көшіреді. Оқпан центрінің орны екі қайтара

анықтаудағы қателігі 0,2 метрден, бас осінің дирекциондық бұрышының

қателігі 2¢ аспауы керек. Бас оське перпендикуляр қосымша осін бөлуде

қателігі 30² аспауы тиіс. Осьтік пункттерді бөлу жұмыстарына қолдануға

ыңғайлы болатындай етіп орналастырады, көршілес пункттердің

арақашықтығы 50 м кем болмауы керек. Осьтердің əрқайсысын алты

пунктпен бекітеді, осьтік пукттерден оқпанның цетріне полигонометриялық

2 разряд жүрісін, техникалық нивелирлеу жүргізеді, пункттердің

координаталары мен биіктіктері анықталады.

Шахтаны жаңартып, қайта құру кезінде, төменде жатқан жаңа

горизонттарды кен өндіруге уақытында дайындау үшін, кей уақытта, бар

оқпанды тереңдетіп қана қоймай, жоғары өнімді көтергішпен жабдықталған,

қосымша шахта оқпаны қазылуы мүмкін. Бар шахтаның технологиялық

қондырғыларымен байланысты, жаңа оқпанның геометриялық элементтерін

жер бетіндегі орынына көшіру кезінде, оқпан центрінің орнын екі қайтара

анықтаудан кейін қателігі 0,2 метрден, бас осінің дирекциондық бұрышының

қателігі 2¢ аспауы тиіс. Бұл жағдайда жаңа оқпанның центрі мен остерін

шахтаны бағдарлауда қолданатын немесе бар шахтаның оқпанының осьтік

пунктінен, маркшейдерлік тірек жүйелерінен көшіреді (қысаң жағдайда

осьтік пункттерінің арақашықтығы 20 м дейін азайтуға рұқсат беріледі).

30

Өндіріс алаңының құрылысының барысында, оқпан осі бағытын

құрылыс жəне ғимараттар қабырғаларына бекітеді. Құрылыс соңында

сақталған бөлу жүйесінің пункттерін шахтаның маркшейдерлік қызмет

тобына тапсырады.