Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ ЭМ СРС каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Электрэнергетика және технологиялық кешендердің электр жетегі кафедрасы

Малдыбаева т.С., Сарсенбаев е.А. Электр машиналары

Студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) әдістемелік нұсқаулар және тапсырмалар

(050718 мамандықтың студенттері үшін)

Алматы 2011

ӘОК 681.51.15

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: - Малдыбаева Т.С., Сарсенбаев Е.А. Электр машиналары. 050718 мамандығының студенттері үшін өздік жұмысына (СӨЖ) әдістемелік нұсқаулар және тапсырмалар. Алматы: ҚазҰТУ, 2011, 10 бет.

Студенттердің өздік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар, олардың оқылатын курстың жеке бөлімдері бойынша дайындықтарын жүйелеу үшін арналған. Өйткені есептеудің нақтылы мысалдарының шешімінсіз электр машиналарын мазмұндау студенттерге негізгі теориялық қағидаларды тереңдей игеруге және тәжірибелік есептеулерде дағдылануға мүмкіндік бермейді.

Әдістемелік нұсқауларда трансформаторлар мен асинхронды қозғалтқыштар теориясының сұрақтары қамтылған. Трансформаторлар мен асинхронды қозғалтқыштардың алмастыру сұлбаларының параметрлерін, негізгі сипаттамаларын, ПӘК-ін және т.б. анықтау мысалдарының шешімі бойынша әдістемелік нұсқаулар және тапсырмалар берілген.

Нұсқаулар маманның біліктіліктік мінездемесінің талаптарымен, ұйымдастырудың педагогика-психологиялық негіздерімен және оқу сабақтарының өткізілуімен сәйкестендіріле құрылған.

Кесте – 2. Әдебиеттер тізімі – 4

© ҚазҰТУ, 2011.

Кіріспе

Студенттің қабілеттілігінің дамуының маңызды негізгі әрқашан еңбек қызметі болып табылады. Студенттің оқу-еңбек қызметін басқару үшін үш шарт қойылады: оқу мақсаты, мазмұны, игеру.

Дүниеге көзқарастық бағыттың және дәрістегі мәселелік жағдайдың қойылуының ескерілуіне қарамастан студенттердің танып білу қызметі түгелдей тиімді емес.

Дәрістік курстың ерекшелігі осы тақырыптардың өзара қатынасына. Бір сабақты жіберу келесі материалдарды түсінбеуге және игермеуге әкеледі.

Ең жоғарғы деңгейде құрылған бағдарлама бойынша студенттердің өздік жұмысы береді.

Пікір-талас кезінде материалды игерудің тұрақты бақылаудың, курсты байланыс ролі орындайды. Студенттердің өздік жұмысы барлық деңгейлерде және оқудың барлық түрлерінде келешек инженерлерді дайындау дәрежесін арттырады.

1. Сөж №1 «трансформаторлар»

СӨЖ №1-де келесілерді орындау қажет:

  1. Трансформатордың анықтама бойынша кесте түрінде толық техникалық сипаттамасын келтіру;

  2. Номиналды режімде кернеу мен токтардың фазалық және сызықтық мәндерін анықтау, трансформация коэффициентін анықтау;

  3. Алмастыру сұлбасының параметрлерін, уақыт тұрақтысын есептеу, есептеудің нәтижесі бойынша алмастыру сұлбасын құру;

  4. және номиналь жүктемесі үшін ПӘК-ті анықтау. Оптималь жүктеме коэффициентін анықтау.

  5. Жүктемеге байланысты ПӘК-тің пайыздық өзгеруінің қисығын құру: ;

  6. Қуат коффициентерінің әртүрлі мәндерінде ( және ) жүктемеге байланысты кернеудің пайыздық өзгеруін есептеу және қисығын құру;

  7. Трансформатор осындай басқа трансформаторлармен параллель жұмыс істеуге қосылған. Жүктемелердің таратылуын және кездегі жіберілетін жүктемені анықтау.

а) трансформаторлардың біреуі тізбекке 5% қосылған, сондықтан оның трансформация коэффициенті 5%-ке үлкейтілген, ал басқасы номиналь кернеуге сәйкес тізбекке қосылған. Бұл жағдай үшін масштабта векторлық диаграмманы құру керек;

б) трансформаторлардың бірінің қысқаша тұйықталу кернеуі 2,2–ге тең, ҚТ номиналь кернеуінен.

Әр варианттың берілгендері 1-ші кестеде келтірілген. Вариант нөмірі сынақ кітапшасы шифрінің соңғы екі санының қосындысы бойынша алынады.

Кесте 1.

Вариант №

Трансформатор типі

1

ТД-10 000/35

2

ТД-40 000/35

3

ТМН-2 500/110

4

ТДН-10 000/110

5

ТРДН-25 000/110

6

ТРДН-40 000/110

7

ТРДЦН-80 000/110

8

ТДЦ-80 000/220

9

ТДЦ-200 000/220

10

ТДЦ-400 000/220

11

ТД-16 000/35

12

ТДЦ-80 000/110

13

ТМН-6 300/110

14

ТДН-16 000/110

15

ТРДН-32 000/110

16

ТРДН-63 000/110

17

ТРДЦН-125 000/220

18

ТДЦ-125 000/220

19

ТДЦ-250 000/220

20

ТДЦ-630 000/220