Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МШС finish.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

Шахта салу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар..

Шахта құрылыс жұмыстарын жүргізуде келесі маркшейдерлік жұмыстар орындалады: жобалық сызулардың графикалық бөләгін және есептеу мәндерін тексеру; геометриялық элементтер жобаларын натураға көшіру; құрылыс элементтерінің , кен қазбаларының жобалық сәйкестіктерінің орындалуын бақылау ; құрылыс шөгінділерін бақылау ; өндіріс алаңын түсіру жұмыстары; кен қазбаларын түсіру және графикалық сызбаларды толтыру; қазба үңгілеу жұмыстарының көлемін анықтау.

Жоғарыда айтылған жұмыстарды құрылыс мекемесінің маркшейдерлік қызметі атқарады. Күрделі маркшейдерлік жұмыстар жүргізуде тапсырыс беруші, арнайы мамандандырылған мекемелермен шартқа отырады.

2. Шахта құрылысындағы маркшейдерлік жұмыстар туралы жалпы мәліметтер6

Шахта құрылысында маркшейдерлік істің мамандары көптеген əртүрлі

инженерлік мəселелерді шешеді.

Оларды орындалуына байланысты негізгі 3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа шахтаны салар алдында жобаның графикалық

құжаттарын жəне есептеулерінің мəндерін тексеруді; құрылыстың басында

өндіріс алаңын жобаға сəйкес горизонталь, не көлбеу жазықтықта тегістеуді;

жер бетіндегі құрылымдардың (көтергіш қондырғының комплексі,

ғимараттар, қоймалар, темір, тас жолдар, су құбырлары жəне т.т.) құрылыстарын қамтамасыз ететін маркшейдерлік жұмыстарды жатқызуға

болады.

Екінші топқа шахтаның оқпанын қазуды, оның қабырғаларын бекітуді

жəне ішін жабдықтауды қамтамасыз ететін маркшейдерлік жұмыстарды

жатқызуға болады.

Үшінші топқа жер астындағы қазбаларды қазу кезінде, олардың жобаға

сəйкес, вертикаль жəне горизонталь жазықтықтардағы бағыттарын

анықтауды жəне орындалған жұмыстардың нəтижелерін (бағыттарының,

биіктіктерінің жəне мөлшерлерінің жобаға сəйкестігін) бақылауды,

сараптауды қамтамасыз ететін маркшейдерлік жұмыстарды жатқызуға

болады.

Бірінші топтың жұмыстарын орындау кезінде маркшейдер

дайындалған жобамен танысып, графикалық құжаттарын жəне

есептеулерінің мəндерін тексеріп, сараптап, сапасын анықтайды. Қажет болса

жобаны дайындаған мекемемен байланысып, түзетулер енгізеді. Құрылыс

аймағындағы геодезиялық тірек жүйесін дамытып, құрылысты қамтамасыз

ететін маркшейдерлік жұмыстарға негіз дайындайды. Жобаға сəйкес, өндіріс

алаңының орынын, аумағын анықтайды жəне оны тегістеу, өндіріс алаңына

оқпанды, құрылымдарды, ғимараттарды көшіру, бөлу, олардың остерін,

центрлерін бекіту, көтергіш қондырғының коперінмашинасын жəне

оқпандағы көтеру жабдықтарын монтаждау жұмыстарын маркшейдерлік

қамтамасыз етеді.

Екінші топтың жұмыстарын орындау кезінде маркшейдер шахтаның

құрылысының дұрыстығын, яғни оның оқпандарының, ғимараттарының,

құрылымдарының жағдайларының жобаға сəйкестігін анықтауды, оқпанның

остерін оқпан ішіне көшіруді, оқпанның тіктігін, көлбеулігін, қабырғаларын

тұрақты бекітуді, жабдықтауды, яғни кермелерін, бағдарлаушы бағандарын

монтаждауды, оқпанның деформациясын бақылауды маркшейдерлік

қамтамасыз етеді.

Үшінші топтың жұмыстарын орындау кезінде маркшейдер жер

астындағы қазбалардың жағдайларының жобаға сəйкестігін, тау-кен

жұмыстарының бұрынғы ескі қазбалардың, өрт ошақтарының, сулы

горизонттардың, т.т. маңындағы (аймағындағы) жағдайларын, шектерін

анықтауды маркшейдерлік қамтамасыз етеді.

Шахта құрылысы, көптеген жағдайларда ескі шахталарды қалпына

келтіру кезінде, жер бетіндегі жəне жер астындағы маркшейдерлік жұмыстар

міндетті түрде жобада келтірілген жұмысты ұйымдастыруға арналған

ережелерге сəйкес ретпен орындалады. Бірақ, кейде, құрылыстың дамып,

қарқынының өсуіне байланысты, маркшейдерлік жұмыстар жер бетінде, жер

астында жəне оқпанда қатар келуі мүмкін. Сондықтан құрылысқа зыяны

тимес үшін, маркшейдерлік жұмыстарды ұйымдастыруға көңіл бөлген дұрыс.

Құрылыс жұмыстарын маркшейдерлік қамтамасыз етумен қатар

маркшейдерлік құжаттарды дайындау жəне апталық, айлық, жылдық есептер

беру де маркшейдердің міндеті. Маркшейдерлік құжаттарға далалық өлшеу

кітапшалары, есептеу кестелері, формулярлары, абристер, схемалар, көшіру,

8

бөлу жұмыстарына қажет əртүрлі есептеулер, орындалған жұмыстардың

сызбалары, пландары жəне əртүрлі графиктер жатады.

Жалпы маркшейдерлік құжаттардың ішінде, жер астындағы

қазбаларды қазу кезінде орындалған геологиялық түсірістердің құжаттары

əжептеуір орын алады. Оларға оқпанның геологиялық қимасы, қазбалардағы

тау жыныстарының геологиялық суреттемелері, қазбалардың кен қоры

арқылы өткен жерлерінің толық суреттемесі, сулы аймақтардың

суреттемелері, т. т. кіреді.

Нəтижесінде, есеп беру кезеңінде, орындалған жұмыстардың көлемін,

яғни қазылған казбалардың, қабырғалары бекітілген қазбалардың, өндірілген

пайдалы қазбаның жəне басқа жұмыстардың мөлшерін анықтауға арналған

тау-кен қазбаларында жүргізілген бақылау өлшеулерінің маркшейдерлік

құжаттардың ішіндегі орыны ерекше.

3.Шахта салу кезіндегі маркшейдердің міндеттері.

а) маркшейдерлік-геодезиялық жəне топографиялық құжаттарды

жинастыру, құрылыс аймағындағы тірек жүйесінің (триангуляция,

полигонометрия, аналитикалық) пункттерінің орналасуымен танысу;

б) құрылыс жобасының маркшейдердің қатысуымен орындалатын

бөлімдерімен танысу;

в) маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстардың жобасын дайындау жəне

бекіту

4. Шахта салу кезіндегі жобалау құжаттары.

Кен кәсіпорнын жобалау келесі тәртіппен орындалады.

Кен өндірісінің өркендеу схемасы бойынша технико-экономикалық негіз, салу жұмыстарын жобалау, жаңарту немесе кен өндірісін ұлғайтудың есептеу бағасы өткізіледі. Технико-экономикалық негізі (ТЭО) анықталған аймақта өндіріс алаңын салу жоспарланады. Техникалық тапсырыстың бекітілуімен оның күрделілігіне байланысты салу жұмыстарының жоспарлау сметасы бір немесе екі сатыда есептеледі. Бірінші сатыда жұмыс жоспары сметасы есептеледі, екінші сатыда- жұмыс құжаттарының сметалық мәліметтері есепке алынады.

Жобалық – смета құжаттары ( СНиП 1.02.01 -85 ) және басқа нормативтік құжаттармен бекітіледі.

Жобалық-смета құжаттарының жоспарына (бірінші сатыда ): бірнеше кітапшадан тұратын сызбалар мен сызба көшірмелері, түсіндірмелер, сметалық құжаттар, жоспардың төлқұжаты және конспектілер кіреді.

Түсіндірме жазбалары бірнеше тараудан тұрады, солардың ішіндегі негізгі тарауы: жалпы тарау, геологиялық , технологиялық , энергетикалық , негізгі құрылыс және көлік жоспары, еңбекті ғылыми ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі , технико-экономикалық бөлімі, табиғатты қорғау. Осылардың ең үлкен бөлігі- технологиялық бөлік , ол жоспарлау негізінің алымдылығын , жұмыс мерзімін және кен өндірісінің жұмыс тәртібін қарастырады. Технологиялық бөлімде: шахта алабын ашу сызылғысы, оқпандар саны, қималар, ашу қазбаларының бекітпелерінің түрлері қоршауды қорғау әдісі, жұмыс горизонтының абсолюттік биіктігі, шахта алаңын ашу сызбалары,оқпаналбары, оқпан қималары қарастырылған. Бұл бөлімнің дербес бөлігі шахта алаңын дайындау сызылғыларын негіздеу, қазба жүйелері, тазалап алу жұмыстарын механикаландыруға арналған. Кен қазу жұмыстарының қосымша сызбасында, қазбаларды дайындау графигі, тазалап алу жұмыстарын ұйымдастыру графигі көрсетілген. Арнайы бөлімдерде көтергіш қондырғылар мен жерастылық көліктің түрлері және параметрлерінің есептері мен негіздемелері берілген; желдету, қауіпсіздік техникасы, ғимараттар мен құрылыстарды қорғау, шахта алабын және сутөкпелер және т. б. мәселелер жеке (бөлім) тарау болып шығарылған.

Құрылысқа арналған тарауда ғимараттар мен құрылыстардың сәулет-құрылыстың шешімдерінің сипаттамалары мен негіздемелері, құрылыс салу алаңы жөнінде мәліметтер бар. Сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, желдетуді ұйымдастыру мәселелері мен алаң ішілік және сыртқы коммуникациялар торабының, негізгі құрылыс жоспарларының сызбалары көрсетілген.

Бас жоспар мен көлікке қатысты бөлімде шахтаның бүкіл өнеркәсіптік алаңдарының сипаттамасы, олардың тіке және көлденең жоспарлауы, жүру-өту жолдары, су бұру нұсқаулары, қоршау мен көгалдандыру жобалары берілген.

Осы тарауда ауданның көлік жүйесін ескере отырып пайдаланатын көлік түрін негіздейді, аудан жоспарының, бас жоспардың, кіріс жолдар мен теміржол станцияларының жоспарлары мен бейіндерінің сызбаларын әзірлейді.

Түсіндірме жазбаның маңызды бөлімі негізгі техникалық шешімдері мен технологиялық жүйелілігін анықтап беретін құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) болып саналады. Құрылыс алаңында уақытша салынытын ғимараттарды, құрылыстар мен коммуникацияларды орналастыруға арналған құрылыстың бас жоспары (ҚҰЖ) құрамды бөлігі болып табылады. Жоба бекітілгеннен кейін ҚҰЖ негізінде жұмысты жүргізу жобалары (ЖЖЖ) даярланады.

Бекітілген құрылыс жобасына сүйене отырып, орындалатын жұмыс құжаттамасына (жобаның екінші сатысы) мыналар кіреді: жұмыс сызбалары; құрылыс және монтаж жұмыстары көлемінің ведомісі; қажетті материалдар ведомісі; құрал-жабдықтар спецификациясы; сметалық құжаттамалар; ғимараттар мен құрылыстардың құрылыстық жұмыс сызбалары төлқұжаттары ерекшеклік ведомістері.