Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
д-рістер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.31 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Эмоция, сезім ұғымдары.

2. Стресс пен дистресс ұғымдарының ерекшеліктері.

3. Ерік, ерік түрлері.

4. Ерік сапалары.

6 Дәріс. Психологиядағы іс-әрекет мәселесі

1. Психологияда іс-әрекет туралы оқу ерекше орынға ие. Іс-әрекетті зерттеудің басталуы Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Гальперин П.Я., Рубинштейн С.Л есімдерімен байланысты.

Іс-әрекет бұл саналы түрде қойылған мақсатқа жетуге бағытталған және қоғамдым маңызды мақсаттарды құрумен немесе әлеуметтік тәжірибені игерумен байланысқан субъектінің іс-әрекетке белсенді қатынасының түрі [26].

Адам іс-әрекетінің түрлендіруші сипаты бар және қажеттілікті қарапайым қанағаттандырумен ғана тоқталып қалмайды, және де көп жағдайда қоғамның және жеке өзінің мақсаты мен талабына байланысты анықталады. Іс-әрекетте адамның жеке бас тұлғасы және сана-сезімі қалыптасады.

Адамдармен салыстырғанда жануарларға қоршаған орта талабына ағзаның биологиялық бейімделуі ретінде байқалатын тіршілік әрекеті ғана қолжетімді. Адамдарға табиғаттан саналы түрде даралануы, табиғат заңдылықтарын тану және оған саналы әсер ететін қасиеттер тән. Адам жеке тұлға ретінде алдына мақсат қояды, белсенділікке түрткі болатын уәждемелерді түсінеді. Материалдық және рухани мәдениеттерінің мәнін жасайды, қабілеттілігін арттырады, табиғатты сақтайды және шыңдайды, қоғам құрады, яғни табиғатта оның белсенділігінсіз іске аспайтын әрекеттерді жасайды.

Соңғы он мыңжылдықта болған тарихи прогресс адамдардың биологиялық шыңдалуынан емес, іс-әрекеттің пайда болуымен дамыды. Заманауи адам бірде-бір зат таза табиғи жолмен жасалмаған қоршаған ортада өмір сүреді. Мұндай заттар адамның қолымен және ақыл-парасатымен жасалғандықтан, оларды адам қабілетінің материалдық тұрғыда іске асты деуге болады. Оларды адам ақыл-парасатының жетістігі заттандырған. Тұтыну заттарын шыңдандыруды жалғастыра отырып, адамдар қабілеттелігімен қатар өз қажеттіліктерін жоғарылатқан. Материалдық және рухани мәдениеттерінің заттарымен байланыста болғандықтан, адамдардың қажеттілігі мәдени сипатқа ие болады. Бұл алдымен, танымдық (ғылыми және көркемдік), шығармашылық, адамгершілгін жетілдіру қажеттіліктері және т.б. [26].

Адам әрекетінің түрлері және әдістері жануарда жоқ күрделі қимылдау шеберлігімен және икемділігімен байланысты - саналы мақсатты бағытталған және ұйымдасқан оқуда игерілген шеберліктер мен икемділіктер. Жануарлардың жасайтын қимылдар жүйесі, ағзаның анатомиялық-физиологиялық құрылысымен шартталған. Адамның қол-аяғының қимылы сәйкес заттарды қолдану мәдениетіне байланысты түрленеді, яғни жасанды, аса жетілген және әлеуметтік шартталған болып қалады.

Әрекет бұл адамның әлеммен өзара қарым-қатынасының үрдісі, бірақ бұл үрдіс енжар емес, белсенді және саналы түрде реттемелі. Адам әрекеті сан алуан. Бұл - материалдық құндылық жасауға бағытталған еңбек, тұтас ұжымның (топтың) еңбегін ұйымдастыру, тәрбиелеу мен білім беру (педагогикалық іс-әрекет) және ғылыми-зерттеу, психологиялы-педагогикалық, инженерлік кәсіби іс-әрекет.

Қарым-қатынас адамның жеке даму үрдісінде пайда болатын әрекеттің бірінші түрі, одан кейін ойын, білім, еңбек. Қарым-қатынас адамдар арасында ақпарат алмасуға бағытталған әрекеттің түрі. Оның тағы да көздеген мақсаты өзара түсіністік, жеке және іскер қатынас орнату және өзара көмек көрсету. Қарым-қатынас тікелей және жанама, ауызша және таңбалы түрде болады. Тікелей қатынаста адамдар бір-бірімен өзара тікелей байланыста болады, бір-бірін біледі және көреді, көмекші құралдарынсыз ауызша және таңбалы түрдегі ақпараттармен алмасады. Жанама қатынаста адамдар арасында тікелей байланыс жоқ. Ақпаратпен алмасу басқа адамдар арқылы немесе жазба және ақпаратты жаңғырту құралдарымен жүзеге асады (газеттер, кітаптар, радио, телефон, факс,теледидар және т.б.) [26].

Ойын – ойын үрдісінің өзіне бағытталған және еңбек пен білімнің қолжетімді түрінде жүзеге асыратын әрекет. Ойын адамдар өмірінде үлкен мәнге ие. Балалар үшін жетілдіру маңызы жоғары, ал ересектерде қарым-қатынас құралы болып табылады. Үш жастан жеті жасқа дейінгі кезеңде ойын бала психикасына оң әсер тигізеді, сондықтан да бұл кезеңде баланың жетекші іс-әрекеті болып табылады. Эльконин Д.Б айтқандай, ойын өзінің ішкі мазмұны, пайда болуы және табиғаты бойынша әлеуметтік құрал. Ойынның сюжетін және мазмұнын балалар адамдардың әрекетінен және өзара қарым-қатынасынан алады. Балалардың ойынының мазмұны заттық қабылдаудан адамдар арасындағы қарым-қатынасқа дейін өзгереді, содан кейін адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ережені орындауға ауысады. Ойын әрекетінің даму шыңы нақты бекітілген ережемен және жасырын рөлмен анықталады [26].

Оқу – білім алуға, икемділікті, дағдыны дамытуға бағытталған әрекет. Оқу ұйымдасқан болуы мүмкін және арнайы білім беретін мекемелерде жүзеге асады. Ол ұйымдаспаған түрде басқа іс-әрекет түрлерінде қосымша жанама нәтижесі ретінде болуы мүмкін. Ересек адамдар арасында оқу, өз бетінше білім алу болып табылады. Оқу іс-әрекеті жеке тұлғаның психологиялық даму әдісі.

Еңбек – материалдық және рухани құндылықтарды жасауға бағытталған әрекет. Еңбек іс-әрекетінің басқалардан айырмашылығы ол қоғамдық мәні бар өнімді, нәтижені жасап шығару болып табылады. Еңбек өнімін жасауға қатысқанда, адам өндірістік қатынас жүйесіне түседі, еңбек іс-әрекетіне, еңбек уәждемесіне деген қарым-қатынасы қалыптасады. Адамды еңбек іс-әрекетінде жоғары көрсеткішке қол жеткізуге итермелейтін уәждемелер өндірістік қатынасқа тікелей тәуелді болады. Еңбек әрекетінде адамның қабілеттілігі, мінез-құлқы, жеке тұлғасы ашылады және қалыптасады. Өндіріс жеке тұлға алдына шығармашылық тәсілдеме арқылы шешілетін көптеген қиын мәселелер, жағдайлар туғызады. Осылайша, өндіріс жеке бас тұлғасының таным белсенділігіне дем береді, яғни адамды өз білімін, икемділігін, дағдысын шыңдауға мәжбүрлейді. Еңбек өнімділігіне әсер ететін шарттарды зерделеу бойынша зерттеу нәтижесінде адамға өндіріс үрдісінде селқос ықпал жоқ екені дәлелденді. Ғимаратты бояу, жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыстағы үзіліс және жұмыстағы әріптестермен қарым-қатынас - осының бәрі еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді, жұмысқа икемдейді, еңбекке күш жұмсалуын жеңілдетеді немесе қиындатады.

2. Іс-әрекет жеке бөліктерден тұратын жүйе. Леонтьев А.Н. келесі құрылымдық бөліктерді бөледі [26].

1. Іс-әрекет белгілі уәждемеге жауап беретін әрекеттер жүйесі. Уәждеме - іс-әрекетке себепші болатын қажетті зат. Уәждемелер алдымен субъекттің игілігі, басқа адамдардан түсіністік таба бермейтін бірегей және терең күйзеліс ретінде болуы мүмкін. Қажеттілік бұл адам ағзасының қандай да бір объективті мұқтаждылық жағдайы. Қажеттіліктерді уәждемелерден табуға болады. Уәждеме іс-әрекеттен туындайды. Уәждемеге қол жеткізу қажеттілікті қанағаттандыруға әкеледі. Уәждеме – бір іс-әрекетті басқа іс-әрекеттен ажырататын өзіне тән ерекше сапасын анықтайтын негіз. Уәждемелер болуы мүмкін:

- табысқа жетудегі ұмтылыс;

- сәтсіздіктен жалтару;

- агрессия (зиян келтіруге ұмтылу);

- басымдық жағдай (билікке ұмтылу);

- қауіп-қатерден қашу.

2. Дербес әрекеттер іс-әрекеттердің жасаушысы ретінде. Әрбір әрекет анық саналы аралық мақсатқа немесе нәтижеге жету үшін бағытталған. Бір уәждемеге әр түрлі әрекеттер арқылы жетуге болады. Мысалы, эстетикалық қажеттілік- уәждеме- өнер туындысымен, мәдениетпен ләзаттану- мұражайға барып, сурет сатып алуға болады.

Ең қарпапйым әрекеттер - заттық әрекеттер. Әрекеттер тек затқа ғана емес, қоршаған адамдарға да бағытталуы мүмкін. Сол кезде ғана олар құлық әрекеті болады: егер қоғамда бекітілген тәртіп ережесіне сәйкес болса қылық, қарама-қайшы болса теріс қылық.

Кез-келген әрекет үш бөліктен тұрады:

  • болжалды (іс-әрекет мақсатын, шартын, оған жету әдісін және жолын анықтау);

  • атқарушы (ортақ іс-әрекет мақсатын жүзеге асыруда қойылған әрекеттерді ретпен орындау);

  • бақылаушы (түзетуші – нақты емес, қателер, ауытқулар жөнінде кері ақпараттар негізінде болжалды және атқарушы іс-әрекеттеріне өзгертулер енгізу, нақтылау);

Әрекеттер түрі:

  • қимылдық, денені ұстап қалу және орнын аустыру мақсатымен;

  • ойлау, адамның мінез-құлқы басқарылады және ой мәселесі шешіледі;

  • естілім, оның көмегімен заттар мен құбылыстардың бүтін бейнесі қалыптасады;

  • имажитивті (кейіп) – шығармашылық үрдісіндегі елестету әрекеті;

  • мнемикалық, есте сақтау іс-әрекеттерінің құрамына кіреді.

  1. Операция – немесе іс-әрекетті жүзеге асыру әдісі, бұл әрекеттерді орындаудың техникалық әдісі. Бір операция әртүрлі іс-әрекеттердің құрылымына енуі мүмкін. Мысалы, оқу іс-әрекетін істегенде – әдебиет сабағына дайындала отырып, өлең жаттауға болады. Мнемикалық әрекеттерді жасай отырып – өлеңдерді жаттау және осылайша есте сақтауды дағдыландыру. Бір әрекет бірнеше операциялармен қатар орындалуы мүмкін. Мысалы, оратор сахнаға шығар алдында мәтінді жаттайды немесе мнемотехникалық әдістерді қолданады (мысалы, орын ауыстыру немесе кілт сөздер әдісі).

Операциялар әрекеттерді автоматтандыру жолымен және еліктеу көмегімен қалыптасады. Әрекеттерге қарағанда операциялар өте аз кездеседі. Әрекеттердің операциялық құрамы, оны орындау шарттарымен анықталады. Мысалы, асқа деген мұқтаждық яғни аштықты қанағаттандыратын уәждеме. Бұл уәждемені қанағаттандыру үшін мейрамханаға бару керек, мұны кеңістікте орын ауыстыру әрекеттерінің әр түрлі әдістермен жасауға болады: жаяу бару, көлікпен келу, қоғамдық көлікпен жету, қайықта жүзіп келу – барлығы да нақты жағдайға байланысты. Арақашықтыққа, көлік қызметіне төленетін ақшаның болуына, денсаулық жағдайына, уақыт шегіне байланысты.

4. Мақсат –адамның қажеттілігін іске асырады және аяқталған әрекеттің қорытындысының бейнесі ретінде болады. Іс-әрекет мақсаты оның объективті өмір сүретін нәтижесіне тәнті болу – көркем сурет, шыңдалған бұйым, дәлелденген теорема, ұйымдасқан шешім немесе т.б. Мақсаттар ақырғы және аралық болады. Ақырғы мақсатқа жету қажеттілікті қанағаттандырумен тең. Аралық мақсатқа адамның ақырғы мақсатына жету шарттары жатады.

Психологиялық іс-әрекет теориясының маңызды ережесі, сыртқы материалдық әрекет пен ішкі әрекеттің құрылымының тұтастығын мақұлдау болып табылады. Құрал ретінде жеке адам ойлап таппайтын, сол тұлғамен меңгерілетін таңбалар жүйесі қолданылады. Олардың тарихи-мәдени шығу тегі бар. Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Гальперин П.Я., Талызина Н.Ф. психологтарының зерттеуі бойынша, ой әрекеті басында сыртқы зат ретінде қалыптасады кейін ішкі жобаға ұласады. Сыртқы материалдық - сезімдік іс-әрекеттің түрлерін ішкі жобаға айналдыру интериоризация деп аталады. Бұл субъект дамуының негізгі арнасы.

Мысалы, бала санауды үйренеді. Басында ол таяқшаларды біртіндеп санай бастайды. Кейін таяқшалар қажетсіз болып қалады, себебі олармен заттық және сыртқы әрекетінен алыстаған, санау ой іс-әрекетіне айналады. Операциялау объектісінің нышандары: сөздер, сандар болады. Әртүрлі ой әрекеттерін қалыптастыру адамның тәжірибе деңгейінде жеткен ой іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Ой іс-әрекетін игеру - мақсатқа жетуге бағытталған сыртқы әрекетке кіріспес бұрын, адам бейнелерге және сөйлеу нышанына сүйене отырып, оймен іс-әрекетін жоспарлайды. Сыртқы әрекет ой іс-әрекетімен бағытталады және бақыланады. Ой іс-әрекетін сыртқы ортада заттармен әрекеттестіру түрінде жүзеге асыруды экстериоризация деп атайды.

Сонымен, іс-әрекет санамен белсенділік реттейтін, қажеттілікті туғызатын және әлем мен адамның өзін түсінуге және түрлендіруге бағытталған ерекше өзіндік әрекеттер.

3. Алдында айтылғандай, іс-әрекеттің ең маңызды бөлігі уәждеме. Адамға, басқа адамның белгілі бір түрде жасалған әрекетінің мән-мағынасын түсінуге ұмтылу тән қасиет. Уәждеме бұл тәртіпке энергетикалық импульс және бағыттылық беретін психикалық үрдістердің жинағы. Бұл іс-әрекеттің өзіндік түрін туғызатын, бағыттайтын, қолдайтын және тоқтатын психологиялық факторлар. Жеке тұлғаның уәждемелік ортасын қажеттіліктер (“неліктен?” деген сұраққа жауап) және уәждемелер (“не үшін?”, «неге» деген сұрақтың жауабы) құрайды.

“Уәждеме” термині “уәж” терминіне қарағанда кең мағынаға ие. Уәж- адамның қажеттілік жүйесінен туындаған және әртүрлі деңгейдегі саналы немесе бейсана әрекеттерді жасайтын мінез-құлық актісі. Уәждеме – адамның тәртібін, оның белсенділігін, бағыттылығын түсіндіретін психологиялық сипаттар себебінің жиынтығы [34].

Адамның кез-келген тәртібі әрекеті сыртқы және ішкі себептермен түсіндіріледі. Ішкі себептерді талдай отырып, уәж, қажеттіліктер, мақсат, ниет, қызығушылықты айтуға болады. Ал сыртқы себептерге болған жағдайдан туындаған ынтаны жатқызуға болады.

Уәждеме балама мінез-құлықты саралау негізінде үздіксіз шешім таңдау және қабылдау үрдісі.

Жеке тұлғаны белгілі бір түрде әрекет етуіне түрткі болатын уәждер саналы және бейсана болып бөлінеді. Саналы уәждер адамның өзінің пікіріне, көзқарасына, қағидасына, қызығушылығына, ниетіне сәйкес әрекет етуі және өзін-өзі ұстауы. Бейсана уәждер - бұл қайсыбір әрекетті жасауға түрткі болатын себепті адамның өзі түсіне алмауы, өзіне есеп бере алмауы. Оларға әуестік, гипноздық сендірулер, фрустрационды күй жатады. Уәждер әрекетке қатынасы бойынша сұрыпталады. Егер іс-әрекетті тудыратын уәждер онымен байланысты болмаса, оларды осы әрекетке қатысты сыртқы деп атайды. Егер уәждер іс-әрекетпен тікелей байланысты болса оларды ішкі деп атайды [35].

Адам іс-әрекетінің уәждемесінің негізгі сұрағы өз әрекетінің себепті түсіндірмесі болып табылады. Психологияда мұндай түсіндірмені себепті атрибуция деп атайды [34]. Каузальді атрибуция бұл субъекттің басқа адамдар тәртібінің себебін және уәждемесін тұлға аралық қабылдауын түсіну және осының негізінде олардың болашақ әрекеттерін болжау қабілеттілігін дамыту [34]. Себепті атрибуция құбылысын 1958 жылы Хайдер Ф. зерттей бастады. Себепті атрибуцияны зерттеу адам өз қылығын басқа адамның қылығын түсіндіргендей түсіндіре алмайтындығын дәлелдеді. Себепті атрибуцияның үрдістері логикалық ережелерге бағынбайды. Өз іс-әрекетінің сәтсіз нәтижелерін адам сыртқы себептермен, ал сәтті нәтижелерді ішкі факторлармен түсіндіреді. Келли Г. зерттеулері, адам әлемді тұрақты пайда когнитивті-бағалау түзілулерінің призмасы арқылы қабылдайтынын көрсетті. Мұндай түзілулерге қарама-қарсы бағаланатын түсініктер жатады (“мейірімді-қатыгез”, ”жақсы-жаман”). Әр адам оқиғаны және адамдарды қабылдағанда осы бағалау түсініктерін қолданады. Кейбір адамдарда оң пікір, ал кейбіреуінде теріс пікір басым болады.

Сәтсіздіктен жалтару және жетістікке жету уәждемелері адам уәждемелерінің маңызды салыстырмалы тәуелсіз уәждемелері болып есептеледі [36]. Осы уәждемелерге адамның тағдыры және қоғамдағы орны тәуелді. Жетістікке жетуге деген ынтасы күшті байқалған адамдар, уәждемесі жоқ немесе әлсіз болған адамдарға қарағанда өмірде көп табысқа жетеді. Психологияда әр түрлі іс-әрекет саласында жетістікке жету уәждемелер теориясы құрылды және егжей-тегжейлі жасалды. Бұл теорияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Макклелланд Д., Аткинсон Д. және неміс ғалымы Хекхаузен Х. Хекхаузен Х. айтуы бойынша, адам тәртібінің 2 негізгі түрі бар: сәтсіздіктен жалтару және жетістікке жету ынтасы. Көп адамдар бірінші түрмен өмір сүреді: «бір жағдай болып қалмаса екен», жазадан қорқады, сондықтан да өзінің шамасын шындап жүзеге асыра алмайды. Одан да қиындықтарды жеңіп жетістікке ұмтылатын қағидамен өмір сүрген жақсы - бұл адамға көп бақыт және қуаныш әкеледі, өз-өзін шыңдауына және шығармашылық мүмкіндігін ашуға мүмкіндік береді [34].

Жетістікке уәждемеленген адамдар, әдетте өз іс-әрекеттеріне оң мақсат қояды, оған қол жеткізу табыс ретінде бағаланады. Олар не болса да жетістіке жетуге тырысады, сондай іс-әрекет таңдайды, белсенді түрде қосылады, қойылған мақсатқа жету жолында іс-әрекет және амал таңдайды. Мұндай адамдар кез-келген жұмысқа кіріскенде жетістікке жететініне сенімді болады.

Сәтсіздіктен жалтаруға уәждемеленген адамдар өз-өзін басқаша ұстайды. Олардың іс-әрекетінің мақсаты – сәтсіздіктен жалтару, олардың барлық ойлары және әрекеттері осы мақсатқа бағынған. Мұндай адам өз-өзіне сенімсіз болады, жетістікке жету мүмкіндігіне сенбейді, сыннан қорқады. Ақырында ол жеңімпаз емес, жеңілген, жалпы айтқанда -өмірлік жолы болмайтын адам болады. Табысқа жетуге ұмтылған адам өз мүмкіндігін, жетістігін және сәтсіздігін дұрыс бағалауға қабілетті және әдетте мамандықты өзінің біліміне, икемділігіне және іскерлігіне байланысты таңдайды. Сәтсіздікке бет алған адамдардың кәсіби икемділігі сәйкес емес, өзін-өзі асыра немесе төмен бағалайды, әрекеттену деңгейі шынайы емес [34].

Іс-әрекетте жетістікке жетуге ұмтылған адам, кейбір мәселені шешудегі сәтсіздіктен кейін оған қызығушылығы тек артады, ал сәтсіздікке бет алған адамда- қызығушылық кемиді.

Тым төмен және тым жоғары деңгейдегі уәждемеде жұмыс сапасы нашарлайды. Ең жақсысы уәждеменің ортаңғы деңгейде болуы.

Табысқа жетуге ұмтылатындар өз жетістігін ішкі жеке тұлғалық қасиеттер (қабілеттілік, талап), сәтсіздікке ұмтылатындар – сыртқы қасиеттер (орындалатын мәселенің оңай және қиындығы, сәттілік) деп есептейді. Өзіне жоғары талап қоятындар өзіне жоғары талап қоймайтындарға қарағанда көбінесе жетістікке жетуге ұмтылады.

Бақылаудың интернальді (ішкі) локусы – әрекеттің себебін және жауапкершілікті адамның өзінен іздеу; бақылаудың экстернальді (сыртқы) локусы – адам өзінің өміріндегі бүкіл оқиғалар сыртқы факторларға, сыртқы жағдайларға, басқа адамдарға тәуелді деп есептейді, ал өзі болып жатқан жағдайға әсер етпейді және жауапты емес.

Нег.: 7 [387-465], 4 [145-165], 8 [435-511], 6 [93-126]

Қос.: 4 [187-246], 5 [15-33], 6 [45-66]

Бақылау сұрақтары:

1. Іс-әрекет ұғымына анықтама беріңіз.

2. Іс-әрекет құрылымының құрамдас элементтерін анықтаңыз.

3. Инженерлік іс-әрекетті зерттеу пәнін анықтаңыз.

4. Іс-әрекет тиімділігін не анықтайды?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]