- •Мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2. Лекция сабақтарының конспектісі
- •1 Дәріс. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері
- •Нақты іс-әрекет:
- •2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •3 Дәріс. Тұлға психологиясы
- •4 Дәріс. Таным процестерінің психологиялық ерекшеліктері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Дәріс. Адамның эмоциялық-еріктік сферасы ерекшеліктері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Дәріс. Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •7 Дәріс. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
- •8 Дәріс. Кәсіби өзіндік сананы тәрбиелеу және оның қалыптасуы
- •9 Дәріс. Қарым-қатынас іс-әрекет формасы ретінде.
- •10 Дәріс. Қақтығыстың психологиялық ерекшеліктері
- •11 Дәріс. Педагогикалық әсер ету психологиясы
- •12 Дәріс. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері.
- •13 Дәріс. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
- •14 Дәрiс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •21Ғасырдың барлық менеджерлері шартты түрде категорияларға бөлінеді:
- •15 Дәріс. Инженерлік қызметтегі басқарудың әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •Зейін -психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нәрсеге бағытталуын және шоғырлануын айтамыз, зейіннің негізгі қасиеттеріне тұрақтылық, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы және көлемі жатады.
- •Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады.
13 Дәріс. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
Әр адам өзінің уақытын белгілі жұмыста немесе оқу ғимаратында, қонақта, спорттық секция сабағында, темір жол вагонының купесінде жол серіктестігінің арасында. Адамдар топтасып отбасылық өмір сүріп, балаларын тәрбиелейді, еңбектенеді және демалады. Сонымен қатар басқа адамдармен белгілі байланысқа түсіп, бір-біріне көмектеседі немесе бәсекелестікке түседі, қарым-қатынаста болады. Адамдар топта бәрі бірдей психикалық жағдайға түсіп және де бұл олардың жігерлігін артырады.
Топ –бұл қоғамдар қатынастар жүйесі ұжым мүшелері бір-бірімен қатынасқа түсіп қызмет көрсетеді және бірігеді. Әрі қарай психалогиялық мінезді топтар пайда болады, әр түрлі белгілерге бөлінеді өзіндік еркешеліктері болады, жәй адамдардың тобына қарағанда өзгеше, біршама жалғасқан күнелту ортақ мақсат және әркекет есебінен мақсаттары бір болуы мүмкін. Топтың лауызымды адамдары топтық қысымы және топ мүшелерінің мінез-құлқына әсер ететін әдет-ғұрпы болады. Үлкен (макро) және кіші (микро) топтарға бөлінеді. Үлкен топ мемлекеттер ұлттар партиялармен ұсынылады кәсіптік эканомикалық діни, мәдини, білім беретін, жосы бойынша және жыныстық делгілермен бөлінеді. Макро топтар рационалды толық бағыттағы әрекет топтық пікір аз қолданылады, бақылау жоғарыдан төмен қарай іске асырылады, саясатқа конформизм, топтың активті бөлігімен өткізіледі. Қоғам әсері тура өткізіледі және көптеген әдеуметтік топтар кіші топтар болады, кіші топтың әрекеті мақсатымен бағытталмайды топтық пікір ол әрдайым бақылау факторының әрекеті. Топтық нормадағы конформизм деп аталады.
Р.Бейз, Дж.Хоманс, К.Холландер және Р.Миллс зерттеулері шағын топтар үлкен топтардан тек саны ғана емес, сапалы педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларымен ерекшеленетінін көрсетті. Шағын топтар: әрекеттің бағытталмаған топтың мақсаттары, бақылаудың үнемі әрекет ету факторына топтың мінездеме, топтың нормаларға конформизмдігі. Психолог Б.Такменмен ұсынылған шағын топтың даму моделі екі негізгі сфераның бөлінуіне, немесе өлшеміне, топтың өмір сүру қызметіне негізделген – топтың құрылым дамуы, топтың тапсырмаларды шешумен байланыстылығы. Шағын топтың дамуының келесі психологиялық механизмін ерекше корсетуге болады – топ арасындағы қара қайшылықта рұқсат, «психологиялық алдау», «идиосинкразисиялық несие».
Кіші топ түсінігінде құрамының аздығы, мүшелері толық әлеуметтік психалогиялық жігерлікпен байланысқан және тура жеке қатынаста болады, ол топтың нормамен топтық процесстер арасындағы экономикалық қатынастан шығыуы негіз болады. Топтағы адамдардың саны әртүрлі болады екі немесе оданда көп болуы мүмкін. Кіші топтың жоғары шекарасы сапалы белгісі арқылы анықталады, ол 20-30 адамнан аспайды. Кіші топтың оптималды көлемі қос әрекет орындалуына тәуелді және ол 5-12 адам болуы мүмкін, кіші топ алдында көрсетілген көрсеткіштердей адамдарды бастап алып жүреді. (Отбасы, достары, бірге оқыған достары, өндірістік ұжым) Басқаша айтқанда кіші топ деп әрқайсысның бәрімен жеке қатынаста болуы. Толығымен адамдардың қандай да бір жұмыспен айналысуы, және бір-бірімен тура қарым- қатынаста болуын көрсетеді. Бұнда адам жеке қалыптасады ол білімді өмірге дағдыланады, кіші топ түрлерін қарастырыайық. Шартты және номиналды- бұл топ адамдарды қосатын ешқандай кіші топқа жатпайтын (жас инженер кадрларына баспана қажет етеді). Номиналды топқа қарама-қарсы топқа нақты топты көрсетеді. Олар шынымен өзара түсінікпен қосылған адамдар, толығымен кіші топ анықтамасына жауап береді.
Табиғи топ қоғам қажеттілігінен өз-өзінен пайда болады. Бұдан басқа зертханалық топ тәжірбиелік топтар пайда болады (ғылыми зерттуе мақсатымен жүргізілген). Табиғи топ формальды және ресми болып бөлінеді –ресми белгіленген шеңберді және ұйымдастырушы шеңберінен тыс (мысалы студенттік топ ресми кіші топ, формальді емес жастар қосылысы ресми емес топпен салыстырғанда) әрекеттер пайда болады. Барлық табиғи топтар әлсіз дамитын және тез дамитын болып бөлінеді, әлсіз дамитын кіші топтарда психалогиялық қарым-қатынас толық емес. Екіншісінде әлеукметтік психологиялық міндеттемелерге толық жауап береді .
Кең мағынада коллективтің басты белгісі – қоғамның игілігі үшін бағытталған мүшелерде тіршіліктің жалпы мақсаттары болуы. Осы топ шегінде шығарылған коллективтің тіршілігінің мақсаты топ ішіндегі тәуелділік қатынастарын құрады. Мұнда коллектив маңызы осында, ал қызмет мақсатын өз ішінде тұйықтап қоғам мақсатынан бөліп тастаса, ол енді коллектив бола алмайды, тек өзіне маңызды корпарацияға айналады. Кең мағынада коллектив ұғымы олардың мүшелерінің жоғары деңгейде ұйымдасуы, психологиялық бірігуімен сипатталатын белгілі топтарда қолданылады. Коллективтер өзіндік түрлері бойынша (мемлекеттік, араластық, жеке); маңыздылығы бойынша (бастапқы, екіншілей) әрекет ету уақыты (тұрақты, уақытша); байланыс түрі бойынша (түйіскен, түйіскен емес) тіршілік сипаты бойынша (өндірістік, ғылыми, оқу) бөлінеді. Осыған сәйкес, коллектив – бұл әр қашан адамдар тобынан тұрады. Әрбір коллектив үлкен бөлім бөлшегі; бөлім - өндірістік бригада немесе оқу тобының бөлігі, ал олар - өнеркәсіп немесе университет ұжымының бөлімі.
«Өндірістік ұжым» термині белгіленген топ адамдарының сипаттамасында қолданылады, өнеркәсіпті өндіріс сферасын қалыптастырады. Өндірістік ұжым негізі қасиеті және өзіндік дамуында анықталған сатыдан өтеді: барлық ұжым мүшелері психологиялық бір бірімен қарым қатынаста болады; олар әр инженер немесе жұмыскердің мінезін және жүріс-тұрысын жақсы біледі; барлық ұжым мүшелері ортақ мақсат, жұмыстық және профессионалды қызығушылықтарын (олардың жүріс-тұрысын анықтайтын) байланыстырады; ішкі ұжымда топтық, әлеуметтік – психологиялық және кәсіби норма және топтық қатынас пайда болады (жұмыскердің қарым-қатынасын реттейтін).
Үлкен әлеуметтік топтардың түрлері: ұзақ уақыт (класстар, ұлттар) және ұзақ уақыт емес (митингтер, аудитория, қалың топ) болады; ұйымдастырушы топтың сипаты бойынша стихиялы пайда болуы мен саналы ұйымдастыру болып бөлінеді және де шартты және нақты топтар деп атауға болады. Үлкен социалды топтар ашық және жабық та болады, психика сферасы – когнитивті, мотивациялы қажеттілік, аффективті, қайратты басқармалы болып бөлінеді. Үлкен әлеуметтік топтың психикалық жіктелуі – психикалық қоғамның тұрақты оқулығы. Оған әлеуметтік мінез, әдет-ғұрып, дәстүр жатады. Топтың әлеуметтік мінезі, мәдениет, белгілер жүйесі, символдар, дағдылар, әдет-ғұрыптары арқылы анықталады.
Ол әлеуметтік процесінен болатын бағыт алу, бағалану, әлеуметтік тұрмыс әсерлесуі шарттарынан пайда болады. Толығымен әлеуметтік топтың психологиялық өзгешелігі халық, кластар, басқада әлеуметтік топ, жеке адамдардың материалды және рухани, өндірістік, қоғамдық, тұрмыстық және отбасылы – тұрмыстық сферасымен өмір сүру жиынтықтары.
Қалың топ деп көбіне адамдар тобының жиналуы келесі белгіге сәйкес болды: көпшілік (аз топта қалың топтың типті психологиялық феномені қиындық өтеді), жоғарғы қарым-қатынас (басқа адаммен жақын болуы), эмоционалды қозушылық (динамикалық, ұстамсыз жағдай, қозулы күйі, қайғыру), ұйымдаспаған немесе стихиялы. Қалың топтың белсенділік дәрежесіне қарай пассивті, активті және агрессивті түрімен айырмашалағы болады. Қалың топ қорқу себебімен байланысқан, адамдардың өміріне қауіпті немесе нормалды құрылған, құтқарушы және дүрбелең болып бөлінеді.
Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тіл табысып, олардың күнделікті мұқтаждықтары мен талап-тілектеріне жете мән беріп, оларға жете назар аударып отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіпорындар мен ұжымдардағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу екендігін өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өнімділігін арттыруы, олардың шығарған өнімдеріне саналы түрде жауапкершілікпен қарауы, ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отырғандығы мәлім. Еңбек ұжымындағы адамдардың өнімді еңбегі мен қоғамдық санасын көтеру тек сол ұжымдағы адамдардың өзара қатынасына басшылық ететін жетекші кадрлардың іскерлігі мен әрбір адамның жан дүниесінің сырына бойлай қарап, оларға қамқорлық жасауларына тәуелді. Екіншіден, іскер адамдардың әлеуметтік белсенділігі мен қоғамдық санасын өрістету үшін әрбір жұмысшы мен техниктің, ұжым жетекшісі мен олардың мүшелерінің арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен жоспарланған істерді жүзеге асыру үшін әрбір адамның даралық мінез-құлқын да жете білуді талап етеді. Мұндай талап әлеуметтік психологияда ерекше орын алатын мәселелердің бірі – адам факторын үнемі ескеріп, ондай ерекшеліктермен санасып отыруды қажет етеді.
«Өндірістік ұжым» термині өндіріс сферасындығы қалыптасатын, тиісті адамдар тобы сипаттау үшін қолданылады. Ол стереотип сияқты феномендерде шығады (Майерс, 1997).
Инженердің жеке тұлғасына ұжымдық саналы әрекет, сонымен қатар стихиялы әрекет әсер етеді. Стихиялы әрекет кезенінде үлкен әсерді психикалық болмыс-эмоциясын (қызмет үшін қалыпты жағдай адамдар денсаулығында көрсетіледі, жұмысқа қызығушылықты және белсенділікті жоғарлатады), көніл-күйді (оптимизм, жұмысқа қанағаттану, еркіндік) және сезімді (зерделік, моральді, эстетикалық) көрсетеді.
Психологиялық әсер ету – бұл психикалық күй, сезім, ой әрекеттері және психологиялық құралдар көмегімен басқа адамдардың мінез-кұлықтары: вербальды, паралингвисті немесе вербальды емес (сөзбен байланысты, қоршаған орта, интонация, сөздегі пауза, даусы және жылдамдығы). Психологиялық әсер ету өзінің мотивтерін және басқа адамдар көмегімен қажеттілектерді қанағаттандыруға мақсатқа алған.
Ұжым мүшелері арасында рухани, адамгершілік, психологиялық басқа да қасиеттерінің алмасуының арқасында әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасады.
Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты дегеніміз – ұжым мүшелерінің нақты психологиясының мазмұнын және бағытын, олардың құндылық бағдарлары мен өзара байланыстарын көрсететін әлеуметтік және рухани – экономикалық күй.
Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатын құраушы екі түрлі факторлар тобын бөліп көрсетуге болады: 1) макроорта факторлары; 2) микроорта факторлары.
Бірінші топқа - әртүрлі меншік формалары кіретін өндірістік қатынастар жатады. Жоғары билік немесе экономикалық органдар шаруашылық басшылықты жүзеге асыра отырып, өндірістік ұжымдарды басқару міндетін атқарады. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты олар өздері қожалық етіп, сырттан араласу азайды, ал мемлекеттік емес еңбек ұжымдарында бұл тіпті болмауы керек.
Қазақстан және басқа да ТМД мемлекеттері бастан кешіріп отырған өтпелі кезең, өндірістік ұжымдарға қарама-қайшы ″макроәсерлер″ әкелуде.
Өндіріске шет елдік капиталдың енуіне еңбеккерлердің бір бөлігі қарсы, кейбіреулері шет елдік инвесторға жұмыс істегісі келмейді.
Микроорта факторларының ішінен келесі топтарды айырады:
1.Нақты өндірістік жағдайды анықтайтын тікелек материалдық техникалық орта, оған еңбек жағдайлары мен ұйымдастырылуы кіреді.
2. Ұжым мүшелерінің өндіріс барысындағы қарым-қатынас формалары.
3. Ресми құрылым көбіне ресми емес құрылыммен толықтырылады. Бұл – еңбеккерлер арасындағы әртүрлі қарым-қатынас формалары: достық, жолдастық т. б.
Қазақстанның бір топ өндірістік кәсіп орындарында өткізілген анкеталық сұрау бойынша 28-37% жауап берушілер өз еңбегінде ұжымдағы достық қатынастар қызықтырады деп жауап берген.
Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты анықтайтын маңызды факторлардың бірі – басқару тәсілі. Шешімдердің қалай қабылданатынына байланысты негізгі үш басқару тәсілі анықталады: авторитарлық, демократиялық және либералдық.
Әлеуметтік–психологиялық тұтастық пен еңбеккерлердің ұжымға психологиялық қосылуын арттыру – кәсіпорындарда көптеген инженерлер атқаратын басшылық жұмыстың маңызды бөлігі болуы тиіс.
Ұжымда жақсы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыруда басқару стилі ғана емес, ұжымдағы тұлғалар арасындағы ауыз бірлік те өте маңызды. Бұл жерде жеке тұлғаның ерекшеліктері емес олардың бірлігі, бірін-бірі толықтыра білуі маңызды.
Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат. Әлеуметтік-псикологиялық климат (ӘПК) адамдардың бір-бірін қабылдау, біріне-бірі сезінетін сезімдер, бірін-бірі бағалау мен бір-бірі туралы ойлар мен айтылған сөздерге деген реакциялардан құралатын спецификалық құбылыс. Ол ұжым мүшелерінің жағдайларына әсер етпей қоймайды. Әсіресе:
ортақ шешімдерді жасау, қабылдауға
ортақ қызметтегі өнімділікке жетуге өз әсерін тигізеді. Осылайша ӘПК дегеніміз – дара құндылықтар мен бағсар негізінде қалыптасатын және адамдардың бір-біріне, еңбек пен ұйымға деген қатынасынан көрінетін, топта басымдылықта болатын, тұрақты психологиялық күй.
ӘПК жағымды және жағымсыз бола алады. Жағымды ӘПК белгілері:
сенімділік пен бір-біріне деген талаптылық;
ақ ниетті іскерлік сын;
ұжым мүшелерінің оның мәселелері мен оларды шешудегі жалпы жағдайды түсінуге керекті ақпараттардың болуы.
бүкіл ұжымдық мәселелерді шешуде адамның өз пікірін білдіру бостандығы;
фирма адамы болғанына қанағаттанушылық;
өзге адам пікіріне сабырлы болу;
өзара көмек пен эмоционалды белсенділіктің жоғары дәрежесі;
әр қызметшінің топ жұмысы жағдайына жауапкершілік білдіруі.
Нег.: 7 [349-387], 4 [528-601], 6 [157-189]
Қос.: 5 [148-187], 6 [205-301]
Бақылау сұрақтары:
Топ, топтың түрлері.
Өндірістік ұжым ұғымы.
Үлкен топтар.
Бұқаралық құбылысты басқару ерекшеліктері.
Шағын топ ерекшеліктері.
Өндірістік ұжымның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері.
